"Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының міндетуші атқарушының 2022 жылғы 31 наурыздағы № ҚР ДСМ-32 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 32345 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының м.а. 2022 жылғы 31 наурыздағы № ҚР ДСМ -32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27594 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мониторингтік топтар құру және мониторинг жүргізу тәртібінің 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электрондық ақпараттық ресурстар (бұдан әрі - ақпараттық ресурс) – электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын электрондық-цифрлық нысандағы деректер.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық - эпидемиологиялық
бақылау комитетінің төрағасы
Н. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады