Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының м.а. 2022 жылғы 31 наурыздағы № ҚР ДСМ -32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27594 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы Н. Садвакасов

  Бұйрығына қосымша

Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 104-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленген және мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин (бұдан әрі – шектеу шаралары) – инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

      3) электрондық ақпараттық ресурстар (бұдан әрі - ақпараттық ресурс) – электрондық жеткізгіште және ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын электрондық-цифрлық нысандағы деректер.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 20.04.2023 № 76 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мониторингтік топтарды құру тәртібі

      3. Шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік топтарды (бұдан әрі – МТ) Кодекстің 104-бабының 6-1-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті атқарушы органдар құрады.

      4. МТ жетекшісі МТ қызметін үйлестіруді, мониторинг жүргізуді тағайындау туралы актілерді тіркеуді, мониторинг жүргізуді тіркеуге арналған ақпараттық ресурста оны жүргізу нәтижелері бойынша мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мониторинг жүргізу тәртібі

      5. МТ жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық тәртіпті, инфекциялық аурулардың таралу қаупінің алдын алуға байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу шараларын сақтауына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

      6. Мониторингке жататын жеке және заңды тұлғалардың тізбесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі эпидемиологиялық ахуал және жеке (заңды) тұлғалардың өтініштері және (немесе) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары ескеріле отырып айқындалады.

      7. МТ жетекшісі күнделікті негізде осы Тәртіптің 8-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың тізімін қалыптастырады.

      8. Мониторинг жүргізу алдында МТ жетекшісі:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаға мониторинг жүргізуді тағайындау туралы акт жасауды;

      2) тиісті деректерді (мониторингтік топтың құрамы, мониторингке жататын аумақтың учаскесі, олар болған кезде жеке және заңды тұлғаның деректемелері, мониторинг жүргізу мерзімі, шектеу шараларын бұзудың ықтимал тәуекелдері туралы өзге де мәліметтер) толтыру арқылы мониторинг жүргізуді тіркеуге арналған ақпараттық ресурста мониторинг жүргізуді тағайындау туралы актіні тіркеуді жүзеге асырады;

      9. Жеке және заңды тұлғаларға мониторинг жүргізу мониторинг жүргізуді тағайындау туралы акт тіркелген сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.

      10. Мониторингке жататын жеке және заңды тұлғаға барған кезде МТ мүшелері жеке және заңды тұлғаға не оның өкіліне танысу үшін мониторинг жүргізуді тағайындау туралы актіні ұсынады.

      Жеке және заңды тұлғаға мониторинг жүргізуді тағайындау туралы актінің бірегей нөмірі бойынша ақпараттық ресурста мониторинг жүргізудің тіркелгеніне көз жеткізу мүмкіндігі түсіндіріледі.

      11. МТ Кодекстің 38-бабында көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде лауазымды адамдардың құзыретіне сәйкес белгіленген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мониторинг жүргізеді, атап айтқанда:

      1) қызметті шектеуге қойылатын талаптарды сақтау (жұмыс режимі);

      2) салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптарды сақтау;

      3) келушілер санының лимитін сақтау;

      4) әлеуметтік қашықтықты сақтау;

      5) бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, медициналық немесе мата маскаларды тағу.

      12. МТ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына араласпай және заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмей, жеке және заңды тұлғаларға мониторинг жүргізеді.

      13. Шектеу шараларын бұзу белгілері анықталған кезде МТ фото және бейнеақпарат арқылы кезде түсіру күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фактілерді не оларды жеке және заңды тұлғаға бере отырып, кейіннен фото және бейнеақпаратты Кодекстің 104-бабының 6-1-тармағында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы мемлекеттік органға жібере отырып, оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректерді (мекенжай тақтайшасы, объектінің маңдайшасы) тіркейді.

      14. Фото және бейнеақпараттарды жинау және өңдеу дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнама нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      15. Мониторинг жүргізу аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде мониторингті тіркеуге арналған ақпараттық ресурсқа МТ жетекшісі немесе мүшесі оның нәтижелері (әрбір мониторинг объектісі бойынша деректерді толтыра отырып) және қабылданған шаралар туралы ақпарат енгізеді.

  Мониторингтік топтарды
құру және мониторинг
жүргізу тәртібіне
1-қосымша

      Нысан

Мониторингті жүргізуді тағайындау актісі № ______

      20__ жыл " "_______

      1. Өңір (Облыс)________________________________________________
2. Мониторингке жататын жеке және заңды тұлғаның деректемелері:
________________________________________________________________________________
(бар болған жағдайда объектінің жеке сәйкестендіру нөмері / бизнес сәйкестендіру нөмері,
объектінің атауы, мекенжайы, бар болған жағдайда телефон нөмірі)
3. Мониторингтік топтың құрамы:

Мониторингті топтардың мүшелері

Лауазымы

1.



2.



      4. Мониторинг жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық тәртіпті, инфекциялық аурулардың
таралу қаупінің алдын алуға байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы және
санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтауы
тұрғысынан жүзеге асырылады.

      5. Мониторинг мәні: "Мониторингтік топтар құру және мониторинг жүргізу тәртібін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 20__ жылғы " "___ № ____ бұйрығымен
бекітілген.
Объектіге мониторингті:
1) объектінің қызметін шектеуге қойылатын талаптарды сақтау (жұмыс режимі);
2) отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, ас беру) және адамдар көп жиналатын өзге
де іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптарды сақтау;
3) келушілер санының лимитін сақтау;
4) әлеуметтік қашықтықты сақтау;
5) медициналық немесе мата маскалар тағу.
6. Өткізу мерзімі: мониторинг жүргізуді тағайындау туралы акт тіркелген сәттен бастап 24
сағат ішінде.
7. Мониторинг жүргізуді тағайындау туралы актімен таныстым:
______________________________________________________________________________
(басшы (өкіл), тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде), күні)
8. Мониторингті топтың жетекшісі:
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде), қолы, күні)



      QR-кодты сканерлеп, осы мониторингтің ақпараттық ресурста шынымен тіркелгеніне көз
жеткізуге, сондай-ақ мониторингтік топ мүшелерінің тізімін және мониторингтік топ
тексеруге құқылы талаптарды көруге болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады