"Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 32350 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 269 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20611 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ өзге де ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ өзге де ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ өзге де ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ өзге де ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Минералды шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ өзге де ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
Инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 19 сәуірдегі
№ 264 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
шикізат тауарларынан бағалы
металдарды өнеркәсіптік
алудың экономикалық
орындылығы (орынсыздығы)
және мүмкіндігі (мүмкін
еместігі) туралы қорытынды
беру" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарттың электрондық көшірмесі. Бұл ретте, егер құжаттың электрондық көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар – тауарларды иелену (сатып алу) заңдылығын растайтын электрондық құжат көшірмесі немесе делдалдық шарт;
4) сыртқы сауда электрондық шартың (келісімшартың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшалар және (немесе) толықтырулар, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де электрондық құжат көшірмесі. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, электрондық келісімшарт (шарт, келісім) көшірмеге көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және куәландырған аудармасы (көрсетілетін қызметті алушының лауазымы мен күнін, қолы мен мөрімен (болған жағдайда) қоса беріледі;
5) аккредиттелген сынақ зертханасы берген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы электрондық құжат көшірмесі;
6) бағалы металдар өндірісінің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың болуы туралы уәкілетті органның электрондық растау көшірмесін жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағында құрамында бағалы
металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеудің
экономикалық орынсыздығы
немесе мүмкін еместігі туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарттың электрондық көшірмесі. Бұл ретте, егер құжаттың электрондық көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар – тауарларды иелену (сатып алу) заңдылығын растайтын электрондық құжат көшірмесі немесе делдалдық шарт;
4) сыртқы сауда электрондық шартың (келісімшартың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшалар және (немесе) толықтырулар, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де электрондық құжат көшірмесі. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, электрондық келісімшарт (шарт, келісім) көшірмеге көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және куәландырған аудармасы (көрсетілетін қызметті алушының лауазымы мен күнін, қолы мен мөрімен (болған жағдайда) қоса беріледі;
5) аккредиттелген сынақ зертханасы берген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы электрондық құжат көшірмесі;
6) бағалы металдар өндірісінің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың болуы туралы уәкілетті органның электрондық растау көшірмесін жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  бұйрығына
3-қосымша
  "Экспорты лицензияның
негізінде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды
(олардан жасалған бұйымдары
қоспағанда), бағалы
металдардың сынықтарын және
қалдықтарын Еуразиялық
экономикалық одаққа
кірмейтін елдерге
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкету кезінде
мемлекеттік бақылау
және құнын бағалау актісін
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Кеден одағына кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес электрондық құжаттар көсірмесін;
3) қызмет түріне электрондық хабарлама көшірмесін;
4) тауарларды иелену (сатып алу) заңдылығын растайтын электрондық құжаттың (құжаттар) көшірмесін немесе делдалдық шарттың көшірмесін;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты іске асырудан бас тартқанын растайтын электрондық құжаттың көшірмесін (тазартылған алтын әкетілген жағдайда);
6) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген электрондық құжаттың көшірмесін;
7) әкетуге арналған қорытындының электрондық көшірмесі, тазартылған бағалы металдарды әкетуден басқа.
8) қайта өңдеуге арналған қорытындының электрондық көшірмесі (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда).

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы –www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  бұйрығына
4-қосымша
  "Экспорты лицензияның
негізінде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды
(олардан жасалған бұйымдарды
қоспағанда), бағалы
металдардың сынықтарын және
қалдықтарын Еуразиялық
экономикалық одаққа
кірмейтін елдерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелу кезінде
мемлекеттік бақылау актісін
беру" мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорты лицензия (лицензиясыз) негізінде жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезіндегі мемлекеттік бақылау актісі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) электрондық сыртқы сауда шартының (келісімшарт) көшірмесін, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда - Тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесін;
3) тауарлардың толық ассортиментін, саны мен массасын көрсете отырып, құрамында бағалы металдар бар тауарларға арналған электрондық ерекшеліктің көшірмесін;
4) зергерлік бұйымдар мен шеберлердің алтын және күміс істерін, басқа да бұйымдар мен олардың бөліктерін қоспағанда, тауардағы бағалы металдардың құрамы туралы электрондық құжаттың көшірмесін;
5) қызмет түріне электрондық хабарламаның көшірмесін жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайлары мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  бұйрығына
5-қосымша
  "Минералдық шикізатты
кедендік аумақтан тыс қайта
өңдеудің кедендік рәсімімен
орналастыруға қорытынды
(рұқсат беру құжатын) беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті.

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен минералды шикізатты орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) электрондық шарт (келісімшарт) көшірмесі, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын электрондық өзге де құжат көшірмесі;
3) минералдық шикізатты иелену заңдылығын куәландыратын электрондық құжаттардың көшірмесін жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайлары мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады