Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 32353 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 21 сәуірдегі
№ 366 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік авиация әуеайлағында әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып табылады, оның қызмет мәні әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету болып табылады.

      3. Мекеме әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету процесінде оның экипажымен әуе кемелерін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және поштаны қабылдауды, жөнелтуді және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, осы мақсаттар үшін меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде қажетті құрылыстары мен жабдығы, арнайы даярланған жеке құрамы бар.

      4. Мекеме өз күшімен не шарттық негізде тиісті мамандарды (ұйымдарды) тарта отырып, әуе кемелеріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, әуеайлақты пайдалануды жүзеге асырады.

2-тарау. Қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібі

      5. Жеке және заңды тұлғаларға әуежайлық қызмет саласындағы қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.

      6. Мекеме әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету кезінде ақылы негізде мынадай қызмет түрлерін:

      1) ұшу-қону жолағын, басқару жолағын ұсынуды;

      2) ұшу алаңын күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етуді;

      3) ұшуды жарық-техникалық қамтамасыз етуді;

      4) мекеменің жауапкершілік аймағында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз етуді;

      5) әуеайлақ ауданында ұшуды авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз етуді;

      6) ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарымен көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.

      7. Ақша қаражатын қабылдау қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы" (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘҚК БҚБ) республикалық мемлекеттік мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызметтің ҚБШ-сы) аудару арқылы жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде өткізуден түсетін ақша ҚР ҚК ӘҚК БҚБ иелігінде қалады, ақылы көрсетілетін қызметтердің ҚБШ-сына аударылады және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес жұмсалады.

      9. ҚР ҚК ӘҚК БҚБ өз иелігінде қалатын көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынатын ақша есебінен операцияларды жүргізу үшін жыл сайын ақша түсімі мен шығысы жоспарын жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.

      10. Ақылы көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін қаражат:

      1) әуеайлақты жөндеу үшін құрылыс материалдарын сатып алуға;

      2) ұшуды жерүсті қамтамасыз ету және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары техникасын сатып алуға;

      3) әуеайлақ техникасын жөндеу және радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

      4) әуеайлаққа арналған тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға;

      5) әуеайлақты күтіп-ұстау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

      6) қызметтерді көрсетуге тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      7) оқытып-үйрету семинарларын, тренингтерді, конференцияларды өткізуге, сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыруға;

      8) банк қызметтерін төлеуге;

      9) іссапар шығысын төлеуге;

      10) өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады