"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 366 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 1163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қазанда № 35251 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 366 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32353 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуежайлық қызмет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мекеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері тізбесіне сәйкес әуежайлық қызмет саласында қызметтерді көрсету кезінде ақылы негізде қызмет түрлерін жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады