"Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 427 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 сәуірде № 32384 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16514 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық төлеушілер, оның ішінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Электрондық өзара іс-қимыл форматы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген, "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы қағидаларына сәйкес жасалған уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) мен банктің АЖ-нің интеграциясын іске асыру бойынша келісіммен айқындалады (бұдан әрі – Келісім).";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жаңартылған Ақпарат rnn-banks@kgd.minfin.gov.k электрондық таратуға автоматты түрде күн сайын жұмыс күндері Астана қаласы уақыты бойынша сағат 08.00, қазіргі Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ағымдағы күннің Астана қаласы уақыты бойынша сағат 00.00 - 01.00-дегі жағдай бойынша осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес жіберіледі.

      Салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушілер туралы жаңартылған тізімді, ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтерді уәкілетті орган күнделікті Астана уақыты бойынша сағат 08.00, ftp://ftp.salyk.kz серверінде, BVU_spisok папкасына орналастырады.

      6. rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz таратуға қосылуға тиісті банкінің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесі) банк уәкілетті органға Ақпараттың бастапқы түсірілімін алғаны туралы сұрау салу жолдаған кезде ұсынады және қабылдау-өткізу актісінде көрсетеді.

      Rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz таратылымына банктің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау үшін банк уәкілетті органға банктің электрондық мекенжайын (электрондық мекенжайлар тізбесін) енгізу, өзгерту немесе алып тастау қажеттігі туралы ресми хатты табыс етеді.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осындай жағдайларда уәкілетті орган 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz электрондық таратуға техникалық проблемалардың туындағаны туралы хабарлама жібереді.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) rnn-banks@kgd.minfin.gov.kz таратылуына жіберген Ақпараттың және уәкілетті органның sftp серверінде орналастырылған ҚҚС төлеушілер туралы мәліметтердің және тізімнің негізінде күн сайын жұмыс күндері банктің жұмыс күні басталғанға дейін салық төлеушілердің тіркеу деректерінің жаңартылуының;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады