Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32410 болып тіркелді

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 24 сәуірдегі
№ 100 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына түсетін адамдармен келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасына және докторантурасына түсетін адамдармен келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратурасына және докторантурасына түсетін адамдармен келісімшарт жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін айқындайды.

2-тарау. Келісімшартты жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі

      2. Академияға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін магистратураға және докторантураға оқуға түскен адамдармен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келісімшарт жасалады.

      Келісімшартқа Академия ректоры, магистратураға немесе докторантураға оқуға қабылданған құқық қорғау органының қызметкері қол қояды.

      3. Келісімшарт үш данада қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады, бір данасы оқу ісіне қосылады, екіншісі қызметкерге беріледі, үшіншісі қызметкерді оқуға жіберген құқық қорғау органына жіберіледі. Келісімшарттардың әрқайсысы бірдей заңды күшке ие.

      4. Келісімшарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      5. Келісімшарт мерзімінен бұрын:

      1) Академиядан шығарылған кезде;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияның магистрант немесе докторантты денсаулық жағдайы бойынша қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп тануы;

      3) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 5), 6), 8), 9), 11), 12), 12-1), 13), 14), 15), 15-1, 16), 17), 19) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайларда бұзылады.

      6. Келісімшарт мерзімін бұрын бұзған магистранттар мен докторанттар, осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасын және "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының негізінде жұмыстан босатылған кезді қоспағанда, сондай-ақ докторантурада оқуды бітіргеннен кейін үш жыл ішінде диссертациялық кеңесте докторлық диссертацияны қорғамаған қызметкерлер мемлекетке оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын, стипендия төлеуді және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген өзге де шығыстарды өтейді. Ұсталатын сома Академияда болған әрбір толық ай үшін пропорционалды түрде есептеледі.

      7. Оқудан шығарылған магистранттар мен докторанттардан, Академияны бітірген және құқық қорғау органдарында үздіксіз кемінде үш жыл жұмыс істемеген, сондай-ақ докторантурада оқуды бітіргеннен кейін үш жыл ішінде диссертациялық кеңесте докторлық диссертацияны қорғамаған қызметкерлерге бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтету туралы талаптарды Академия жүзеге асырады.

      8. Тараптар Келісімшартта көрсетілген өз міндеттемелерін толық орындағаннан кейін, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда, Келісімшарт өз қолданысын тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясының
магистратурасына және
докторантурасына түсетін
адамдармен келісімшартты
жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу
және тоқтату қағидаларына
қосымша

      Нысан Форма

Келісімшарт

      20__ жылғы "__" __________

      Осы Келісімшарт ___________________________________________________________

      мекенжайында орналасқан (мемлекеттік тіркеу туралы _________________ № __________ анықтама, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген_____________________________ № ____________ лицензия), бұдан әрі "Академия" деп аталатын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Жарғы негізінде әрекет ететін, Академия ректоры __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, сыныптық шені / арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      __________________________________________________________________________

      атынан бір тараптан және екінші тараптан бұдан әрі "магистрант/докторант" (қажеттісінің астын сызу) деп аталатын, құқық қорғау органының қызметкері

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымы, сыныптық шені/арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      __________________________________________________________________________

      арасында төмендегілер туралы жасалды:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. Академия күндізгі оқыту нысаны /қашықтан оқыту бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистрантты/докторантты оқытуды ұйымдастыру бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайды.

      Білім беру бағдарламасының (кадрларды даярлау бағытының) коды мен атауы:

      __________________________________________________________________________

      Мерзімі ___________________________________________________________________

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2. Академия:

      1) конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына сай/Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен белгіленетін қабылдау жоспарына сәйкес магистрантты/докторантты қабылдауға;

      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес магистрантты/докторантты оқытуды қамтамасыз етуге;

      3) күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын (қашықтан оқитын білім алушылардан басқа) магистрантқа/докторантқа оқуға жіберілгенге дейін атқарған (уақытша атқарылмайтын) соңғы штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде стипендия, сондай-ақ сыныптық шені немесе арнаулы атағы үшiн қосымша ақы төлеуге міндетті.

      3. Академия:

      1) магистранттан/докторанттан осы Келісімшартқа, Ішкі тәртіп қағидаларына және Академия Жарғысына сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап етуге;

      2) магистранттардың/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау нысанын анықтауға;

      3) магистрантты/докторантты өз еркі бойынша, академиялық үлгерімі, академиялық адалдық қағидаттарын, Ішкі тәртіп қағидаларының және Академия Жарғысының талаптарын және осы Келісімшарттың шарттарын бұзғаны үшін оқудан шығаруға;

      4) Академияны бітірген және құқық қорғау органында үш жыл жұмыс істемеген құқық қорғау органының қызметкері туралы ақпарат сұратуға құқылы.

      4. Магистрант / докторант:

      1) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;

      2) академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға және Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғы мен Ішкі тәртіп қағидаларын және осы Келісімшарттың шарттарын орындауға;

      3) магистратурада/докторантурада оқу кезеңінде Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген магисранттың/докторанттың жеке жұмыс жоспарын орындауға;

      4) отбасы жағдайы, тұрғылықты жері, телефоны өзгерген кезде жоғарыда көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Академияның бейіндік институтының қызметкеріне бұл туралы хабарлауға;

      5) докторантурада оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде диссертациялық кеңесте докторлық диссертацияны қорғауға;

      6) оқуды аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында үздіксіз кемінде үш жыл жұмыс істеуге;

      7) Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін оқуға, стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген өзге де шығындарды мемлекетке өтеуге;

      8) оқу аяқталғаннан кейін жылына кемінде бір рет Келісімшарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін жұмыс орнынан Академияға анықтама ұсынуға міндетті.

      5. Магистрант / докторант:

      1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында Академияның материалдық-техникалық жарақтандырылуын пайдалануға;

      2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Академия басылымдарына ұсынуға;

      3) кез келген нысанда жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Осы Келісімшартта көзделмеген жағдайларда, тараптардың өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін олар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапты болады.

      7. Магистрант/докторант мемлекеттік тапсырыс бойынша/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілеген қабылдау жоспарына сәйкес оқу құқығынан ол оқудан шығарылған немесе ауыстырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылғанда айырылады.

      8. Осы Келісімшарттың 4-тармағының 5) немесе 6) тармақшаларын орындамағаны үшін магистрант/докторант оқуға, стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген өзге де шығындарды мемлекетке өтейді.

      9. Магистратурадан/докторантурадан академиялық үлгермегені, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларын және Жарғысын бұзғаны үшін шығарылған жағдайда магистрант/докторант (қашықтан оқитын білім алушылардан басқа) оқуға, стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген өзге де шығындарды мемлекетке өтейді.

      Ұстауға жататын сома Академияда болған әрбір толық айға пропорционалды есептеледі.

      10. Магистратурадан/докторантурадан кейін құқық қорғау органдарынан шығарыла отырып, өз еркімен шығарылған жағдайларда магистрант/докторант (қашықтан оқитын білім алушылардан басқа) оқуға, стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде бөлінген өзге де шығындарды мемлекетке өтейді. Ұстауға жататын сома Академияда болған әрбір толық айға пропорционалды есептеледі.

4-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      11. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тараптар тікелей қарайды.

      12. Тараптардың келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешілмеген мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібімен шешіледі.

5-тарау. Форс-мажор

      13. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс іс-әрекеттері сияқты форс-мажорлық жағдай туындаған кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және Келісімшартты жасаудан кейін пайда болған басқа да кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды.

      14. Форс-мажорлық жағдайға сүйенетін Тарап форс-мажорлық жағдай туындаған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа жазбаша түрде туындаған жағдай туралы хабарлауға міндетті, бұған қоса екінші Тараптың талабы бойынша уәкілетті орган берген куәландырушы құжат ұсынылуы тиіс. Хабарлама жағдайдың сипаты туралы деректерден, сондай-ақ мүмкіндігінше Тараптардың осы Келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына және міндеттемелерін орындау мерзіміне олардың әсерін бағалауды қамтуы тиіс.

      Көрсетілген жағдайлардың әрекеттері тоқталғаннан кейін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде бұл туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұл ретте осы Келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау ұсынылатын мерзім көрсетілуі тиіс.

      15. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдарларының әрекет ету мерзіміне сәйкестендіріле отырып ауыстырылады.

6-тарау. Келісімшарттың қолданылу мерзімі, шарттарды өзгерту тәртібі және оны бұзу

      16. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқу аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдарында үш жыл үздіксіз қызмет атқару уақыты өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.

      17. Осы Келісімшарттың шарттары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.

      18. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік/орыс тілдерінде үш данада жасалады. Бір данасы Академияда қалады, екінші данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тіркеу үшін тиісті құқық қорғау органына жіберіледі, үшінші данасы магистрантқа/докторантқа беріледі.

Магистрант/докторант

Академия

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Академия ректоры _________________

жеке басын куәландыратын құжаттың №
_________________________________ _________________________ берген ___________________________________
Қолданыс мерзімі ______________________
__________________________________

_______________________________
(Академияның заңды мекенжайы)

ЖСН ____________________________

БСК __________________________

Тұрғылықты жері _______________ _______________________________

БСН___________________________

Телефоны _________________________

Қолы __________________________

Электрондық пошта


Қолы __________________________






      Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензиямен, Ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым

      ________________________________

      (магистранттың/докторанттың қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады