Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын және біліктілік талаптарын, уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 мамырда № 32413 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.10.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары және біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 294 бұйрығына
1-қосымша

Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары және біліктілік талаптары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидалары және біліктілік талаптары (бұдан әрі-Қағидалар) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі- Заң) 8-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру және біліктілік талаптарын, сондай-ақ "Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары – осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;

      2) техникалық көмек – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын, қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды жөндеу, дайындау, жинау, тестілеу, жаңғырту және оларға өзге де техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет, оның ішінде консультациялар, нұсқау, оқыту, жұмыс тәжірибесімен және дағдылармен алмасу;

      3) уәкілетті орган – өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде – салааралық үйлестіруді мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) эксаумақтық делдалдық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын, бір үшінші елден басқа үшінші елге қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды сату, сатып алу жөніндегі мәмілеге алып келетін келіссөздер немесе тікелей әрекеттер жөніндегі қызмет, сондай-ақ делдалдың иелігіндегі немесе оның бақылауындағы қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарларды бір үшінші елден басқа үшінші елге сату, сатып алу, тасымалдау;

      5. Эксаумақтық делдалдық қызметтерге және техникалық көмек көрсетуге рұқсат 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.

      Эксаумақтық делдалдық қызметтерге және техникалық көмек көрсетуге арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат беру үшін негіз болып табылатын құжаттардың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

      6. Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат алуға міндетті, егер:

      1) тауар әскери мақсаттағы болып табылады;

      2) Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғаларын уәкілетті орган немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органдары эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;

      3) Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауға негіз бар.

      7. Берілген рұқсаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбесі "Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде бұдан әрі-негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал) жібереді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      11. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және "Тауарларды бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге сұрау салуды жібереді.

      Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде сұрау салу жіберілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

      Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

      Жауапты орындаушы тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салумен бір мезгілде Заңның 7-бабының 1-тармағында сәйкес бекітілген уәкілетті органның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарына сұрау салуды жібереді.

      Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы алынған ақпарат негізінде тәуекелдерді бағалауды 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Техникалық көмек көрсетуге рұқсат алуға өтінішті қарау кезінде жауапты орындаушы тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салумен бір мезгілде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған алушы елдің кепілдік міндеттемесін оның түпнұсқалығын тексеруді растауды алу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы техникалық көмекке рұқсат алуға құжаттар ұсынылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге салыстыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқасын ұсынады.

      Заңның 29-бабы 1-тармағының негізінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына қатысты қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін және Негізгі талаптардың тізбесінде жазылған негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе өтініште көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайы бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі Мемлекеттік қызмет көрсету. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      14. Тәуекелдерді бағалау, біліктілік талаптарына сәйкестік және алушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексеру нәтижелері негізінде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға тиіс:

      1) көрсетілетін қызметті беруші-тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Эксаумақтық делдалдық
қызметтер немесе техникалық
көмек көрсетуге рұқсаттар
беру қағидаларына
1-қосымша

"Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі



"Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат беру;
2) техникалық көмек көрсетуге рұқсат беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат беру кезінде - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;
техникалық көмек көрсетуге рұқсат беру кезінде - импорттаушы елдің түпкілікті пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалығын тексеру растамасын алу қажет болған жағдайды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде. Мұндай жағдайда рұқсат осындай растауды алғаннан кейін беріледі;

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1)Эксаумақтық делдалдық қызмет көрсетуге рұқсат;
2)техникалық көмек көрсетуге рұқсат;
3) мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал-техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Келіп түскен өтініштерді тіркеу дүйсенбіден жұманы қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 17.00-ден кейін түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсат алу үшін:
1) осы Негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға (1-нысан) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының электрондық көшірмесі (келісімшарт), оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат, оның негізінде қызмет жүзеге асырылады. (Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімінің күні болмаған жағдайда, оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат болмаған жағдайда, жазбаша түрде көрсетілген келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың жарамдылығын растауды ұсыну қажет мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған нысанда (келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
Берілген көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректерді нысанда тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Техникалық көмек көрсетуге рұқсат алу үшін:
1) осы Негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға (2-нысан) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының электрондық көшірмесі (келісімшарт), оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат, оның негізінде қызмет жүзеге асырылады. (Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімінің күні болмаған жағдайда, оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжат болмаған жағдайда, жазбаша түрде көрсетілген келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың жарамдылығын растауды ұсыну қажет мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған нысанда (келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжаттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
3) осы Негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес техникалық көмек көрсететін адамдар туралы ақпараттың электрондық көшірмесі;
4)Мыналарды:
көрсетілетін қызметтің атауы;
сыртқы сауда келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі мен күні;
техникалық көмектің мақсаты;
өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органының келісімінсіз үшінші елдерге өнімнің (білімнің, ақпараттың) кері экспортына жол бермеуді көрсете отырып, түпкілікті пайдаланушы сертификаты, халықаралық импорттық сертификат немесе алушы елдің құзыретті органы берген өзге де кепілдік құжаты

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алса;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіру немесе нұқсан келтіру қатері туындаған жағдайларда;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін бұзу;
8) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру кезінде теріс шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады;
9) егер өтініш берушіге қатысты рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде сот тәртібімен Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса;
10) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіне тән тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе өтініш беруші онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан осы тармақтың негізінде босатылса, сот осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер 3), 4), 9), 10) және 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің немесе 36-бабының;
11) Егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің және Еуропалық Одақтың санкциялары қолданылған болса;
12) егер өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің және Еуропалық Одақтың санкцияларын бұзса;
13) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
14) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
16) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) портал.

  "Эксаумақтық делдалдық
қызметтер немесе техникалық
көмек көрсетуге рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
  тізбесіне
1-қосымша

      1-нысан

Эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге рұқсаттар алу үшін өтініш

1. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, БСН/ЖСН) :

2. Ел және экспорттаушының толық атауы (мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) :

3. Жүк алушы шет елде (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) : бар болған жағдайда

4. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы):
бар болған жағдайда

5. Рұқсатқа сұрау үшін негіз ( шарт, келісім-шарт, келісім немесе өзге де құжат):

6. Өнімнің атауы (сипаттамасы, маркасы, моделі):

7. Қызмет сипаттамасы:

8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

9. Өлшем бірлігі:

10. Саны:

11. Келісім-шарт валютасы:

12. Құны:


14. Осымен мыналар расталады: өтініш беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімін береді; қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) жоқ; барлық қоса беріліп отырған құжаттар анық және жарамды болып табылады. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынуға жауапкершілік туралы хабардармын.

15. Өтініш берушіден: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _______________ лауазымы ______________
күні _______________

16. Рұқсаттың ерекше жағдайлары:

      2-нысан

Техникалық көмек көрсету рұқсаттар алу үшін өтініш

1. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, БСН/ЖСН)

2. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

3. Рұқсат беру үшін негіз (шарт, келісім-шарт, келісім немесе өзге құжат және күні)

3. Көрсетілетін қызмет мерзімі:

4. Көрсетілетін қызмет сипаттамасы:


5. Келісім-шарт валютасы:

6. Құны:

7. Осымен мыналар расталады: өтініш беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімін береді; қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) жоқ; барлық қоса беріліп отырған құжаттар анық және жарамды болып табылады. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынуға жауапкершілік туралы хабардармын.

8. Өтініш берушінің:
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ______________
лауазымы ______________
күні _______________

9. Рұқсаттың ерекше шарттары

  "Эксаумақтық делдалдық
қызметтер немесе техникалық
көмек көрсетуге рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне
2-қосымша

Техникалық көмек көрсететін адамдар туралы ақпарат

Тегі, Аты, Әкесінің аты

Лауазымы

1



2



3



  Эксаумақтық делдалдық
қызметтер немесе техникалық
көмек көрсетуге рұқсаттар
беру мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму комитеті"


Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Комитет индустриального развития"

Астана қ.


г. Астана




Нөмірі: [Нөмірі құжаттың]


берілген Күні: [берілген Күні] жылы






[ұйымның атауы, заңды мекенжайы, БСН/ЖСН]

 
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

"Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Сіздің өтінішіңізді [жыл күні] № [кіріс құжатының нөмірі] қарағаннан кейін мынаны хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі]


      [Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда)]

  Эксаумақтық делдалдық
қызметтер немесе техникалық
көмек көрсетуге рұқсаттар
беру мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру кезінде қойылатын біліктілік талаптары

№ р/с

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

ескерту

1

2

3

4

Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру кезінде

1

Өтініш берушінің рұқсат алу туралы ниетін растаудың болуы

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш


2

Тараптардың эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге қызметті жүзеге асыруға ниетін растаудың болуы

Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімі оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен болмаған жағдайда, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат болған жағдайда, жазбаша нысанда көрсетілген келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың жарамдылығын растауды ұсыну қажет мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған (келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күнін немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжатты көрсете отырып);

Сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) қолданылу мерзімі оған барлық қосымшалармен және (немесе) толықтырулармен болмаған жағдайда, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат болған жағдайда, жазбаша нысанда көрсетілген келісімшарттың (шарттың) немесе тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың жарамдылығын растауды ұсыну қажет мәмілеге қатысушылардың мөрімен және қолымен расталған (келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күнін немесе тараптардың ниетін растайтын өзге де құжатты көрсете отырып);

Техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру кезінде қосымша құжаттар

3

Техникалық көмек көрсететін адамдар туралы ақпараттың болуы

Техникалық көмек көрсететін адамдар туралы ақпарат;


4

Алушы елдің өзіндік ерекшелігі бар тауарларды тек мәлімделген мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бартауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органының келісімінсіз өзіндік ерекшелігі бар тауарларды кері экспорттауға немесе үшінші елдерге беруге жол бермеу туралы міндеттемесінің болуы.

Түпкілікті пайдаланушы сертификаты, халықаралық импорттық сертификат немесе алушы елдің құзыретті органы берген өзге де кепілдік құжаты:
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың атауы;
сыртқы сауда келісімшартының (шартының) немесе өзге де иеліктен шығару құжатының нөмірі мен күні;
көрсетілетін қызметтің мақсаты;
Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органының келісімінсіз өзіндік ерекшелігі бар тауарларды үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу.


  Эксаумақтық делдалдық
қызметтер немесе техникалық
көмек көрсетуге рұқсаттар
беру мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      1-нысан

Эксаумақтық делдалдық қызмет көрсетуге рұқсат

1. Өтініш беруші (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, БСН/ЖСН) :

2. Ел және экспорттаушының толық атауы (ел, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) :

3. Жүк алушы шет елде (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) : бар болған жағдайда

4. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы):
бар болған жағдайда

5. Рұқсат беру үшін негіз (шарт, келісім-шарт, келісім немесе өзге де құжат және күні):

6. Өнімнің атауы (сипаттамасы, маркасы, моделі):

7. Көрсетілетін қызметтің сипаттамасы:

8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

9. Өлшем бірлігі:

10. Саны:

11. Келісім-шарт валютасы:

12. Құны:

13. Осымен мыналар расталады: өтініш беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімін береді; қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) жоқ; барлық қоса беріліп отырған құжаттар анық және жарамды болып табылады. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынуға жауапкершілік туралы хабардармын.

14. Өтініш берушінің: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_______________ лауазымы ______________
күні _______________

15. Рұсқаттың ерекше жағдайлары:

      2-нысаны

Рұқсаттар техникалық көмек көрсету

1. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық поштасының мекенжайы, БСН/ЖСН)

2. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

3. Рұқсат беру үшін негіз (шарт, келісім-шарт, келісім немесе өзге де құжат және күні)

4. Көрсетілетін қызмет мерзімі:

5. Көрсетілетін қызмет сипаттамасы:


6. Келісім-шарт валютасы:

7. Құны:

8. Осымен мыналар расталады: өтініш беруші ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімін береді; қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) жоқ; барлық қоса беріліп отырған құжаттар анық және жарамды болып табылады. Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынуға жауапкершілік туралы хабардармын.

9. Өтініш берушінің:
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ______________
лауазымы ______________
күні _______________

10. Рұқсаттың ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 294 бұйрығына
2-қосымша

Уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу қағидалары

      1. Осы Уәкілетті органның эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын хабардар ету және олардың тізімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Уәкілетті орган эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарлармен техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары туралы өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан ақпарат алған кезде және мұндай эксаумақтық делдалдық қызметтердің немесе техникалық көмектің нәтижелері жаппай қырып-жою қаруын және (немесе) құралдарды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін жеткізу, қару-жарақ пен әскери техниканы не терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау кезінде, осындай ақпаратты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының осындай жеке және заңды тұлғаларына тиісті хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) жібереді.

      3. Хабарлама телефонограммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен, оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабарламаның бағытын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Егер өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының ақпаратында көрсетілген мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмаса, хабарлама заңды мекенжай бойынша немесе оның жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға жолданған хабарлама оның тіркелген және (немесе) нақты орналасқан жері бойынша жіберіледі.

      4. Хабарлама:

      1) жеке тұлғаға немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біреуіне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабарламаға тапсырыс хатпен қолхат беру арқылы хабарлама табыс етілген.

      Заңды тұлғаға жолданған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылғаны туралы хабарламаға өзінің тегі, аты-жөні және лауазымы көрсетіле отырып қол қояды;

      2) хабарламаның (хабарламаның) тиісінше жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге тәсілмен жіберген жағдайларда тиісті түрде жеткізілген және сенімді болып саналады.

      5. Адресат хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізетін немесе тапсыратын адам хабарламада тиісті белгі жасайды, ол уәкілетті органға қайтарылады. Уәкілетті орган мұндай хабарламаны тиісті түрде жеткізілген деп санауға құқылы.

      6. Заңның 14 және 15-баптарының негізінде қосарланған және (немесе) әскери мақсаттағы тауарлармен экстерриториялық делдалдық қызмет немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары экстерриториялық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге не хабарламаны алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде осындай эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету ниетінен бас тарту туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

      7. Заңның 8-бабы 9) тармақшасының негізінде уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізімін жүргізеді.

      Тізімге эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары енгізіледі.

  Уәкілетті органның эксаумақтық
делдалдық қызметтер немесе
техникалық көмек көрсететін
Қазақстан Республикасының
жеке және заңды тұлғаларын
хабардар ету және оалардың
тізімін жүргізу қағидаларына
қосымша

Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізімі

Заңды тұлғаның атауы/ Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

Уәкілетті адам

Мекенжайы

Байланыс (нөмірі, телефона,мекенжайы, эл. пошта)

Заңды

Нақты






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады