Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 мамырда № 32420 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық инспекцияларына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 158 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10898 болып тіркелген):

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-қосымша осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:

      24-тармақ алып тасталсын.

      3. "Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кіреберіс жолдардың, көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының, тиеу-түсіру алаңдары мен өткелдердің су өткізбейтін, жууға және дезинфекциялауға қолайлы және атмосфералық, еріген және жуынды суларды кәрізге не септикке не тазарту құрылыстарының меншікті жүйелеріне оңай ағызатын қатты жабыны болуы тиіс." ;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өндіріс объектіcінің аумағына (аумағынан) кірген (шыққан) кезде ауа райының кез келген жағдайында кіретін және шығатын көлік құралдарын дезинфекциялау қамтамасыз етіледі.

      Өндіріс объектісінің персоналы кіретін (шығатын) жерлерде дезинфекциялаушы кілемшесі бар санитариялық өткізу бөлігі көзделеді. Өндіріс объектісінде дезинфекциялаушы тосқауылдарға, кілемшелерге Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркелген дезинфекциялаушы құралдардың уақтылы құйылуына өзіндік бақылау жүзеге асырылады.";

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Объектілердің күрделі ғимараттары орталықтандырылған суық сумен және ыстық сумен жабдықтау, су бұру жүйелерімен жабдықталады. Ауыз су Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" санитариялық қағидаларында белгіленген ауыз суға қойылатын сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдаланылады. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті су көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары үшін тасып әкелінген суды пайдалануға рұқсат етіледі.

      Объектінің жуынатын үй-жайларында орталықтандырылған жылы сумен жабдықтау болмаған кезде су қыздырғыштар орнатылады. Сарқынды суды жинау үшін кәріз жүйесі болмаған жағдайда, қақпағы бар су өткізбейтін шұңқырлар орнатуға рұқсат етіледі. Шұңқырлар судың жиналғанына қарай тазаланады.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Сауда аймағында сауда орындары болады. Азық-түлік тауарларының саудасы жүзеге асырылатын орындарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бекітілген Ішкі сауда қағидаларына сәйкес азық-түліктік емес ілеспе тауарларды өткізуге және қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетуге рұқсат етіледі.

      Тамақ өнімдерін өткізу арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.".

      4. "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21364 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларында:

      "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрiнiң кейбiр
бұйрықтарына өзгерістер енгізу
туралы тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 7-1/69 бұйрығына
1-қосымша

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Жануарлар ауруларын емдеу және олардың профилактикасы бойынша препараттар шығару үшін мыналардың болуы:
1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсірінділерін дайындайтын үй-жайлардың;
2) өндірістік үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің);
3) виварияның;
4) изоляторлардың;
5) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің;
6) температураны және ылғалдылықты (қажет болған жағдайда) тіркейтін датчиктермен жабдықталған термостаттық бөлменің;
7) зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құралдарды стерильдеуге және микробтық өсірінділерді, залалданған материалды және басқа да биологиялық қалдықтарды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) арналған автоклавтың;
8) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің;
9) буып-түюге арналған үй-жайдың;
10) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының;
11) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің;
12) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы.

Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынады.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алады.

2.

Жануарлар ауруларын диагностикалау бойынша препараттар шығару үшін:
1) қосалқы материалдарды, химиялық ерітінділерді, қоректік орталарды, жасушалардың өсірінділерін дайындайтын үй-жайлардың;
2) өндіріс бойынша үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің);
3) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің;
4) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің;
5) буып-түюге арналған үй-жайдың;
6) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының;
7) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің;
8) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы.

Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе осы шарттар бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда жалға алу немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмелері; Бұйрыққа сәйкес берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытынды.

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынады.
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінен алады.

3.

Фармакологиялық белсенділігі бар препараттар шығару үшін:
1) ветеринариялық препаратты өндіретін үй-жайлардың (цехтың, бөлімнің);
2) өндірушінің өндірістік бақылау бөлімшелерінің;
3) ыдыстарды жуу және дайындау үшін жуу бөлмесінің;
4) буып-түюге арналған үй-жайдың;
5) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайының;
6) стационарлық коммуникациялардың – өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және суық сумен жабдықтаудың, электрмен жабдықтаудың және кәріздің;
7) өндіріс қалдықтарын және сарқынды суларды залалсыздандыру жүйесінің болуы.

4.

Жануарлардың өнімділігін арттыруға арналған препараттар шығару үшін:

5.

Дезинфекциялауға, дератизациялауға, дезинсекциялауға арналған препараттар шығару үшін:

6.

Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн аспаптармен және жабдықтармен (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт) жабдықталған аккредиттелген сынақ зертханасының не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

7.

Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.
Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

      Ескертпе:

      * Өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру таңбасының бедерлері – Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары үшін;

      ** Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген құралдар "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертханаларда калибрлеуден өтеді.

  Ветеринариялық мақсаттағы
препараттарды өндіру бойынша
ветеринария саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары
мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптарға және технологиялық жабдық жиынтығының нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:

      Ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі және берілген күні

      __________________________________________________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

      2. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтарының болуы, өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн аспаптармен және жабдықтармен (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт) жабдықталған аккредиттелген сынақ зертханасының не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы:

      1) Өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары:

      меншік құқығын растайтын құжат немесе заңды құқықтарды растайтын құжат

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      өлшеу құралдарының атауы және қысқаша сипаттамасы__________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      өлшеу құралдарының мақсаты________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      шығарылған жылы және өндіруші ел __________________________________________

      зауыттық нөмірі және түгендеу күні ___________________________________________

      техникалық паспорт нөмірі __________________________________________________

      2) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарына, қосалқы материалдарға, жабдыққа дайындаушы зауыттардың пайдалану паспорттарынан алынған мәліметтер:

      бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтың атауы және қысқаша сипаттамасы_____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      паспорттың нөмірі__________________________________________________________

      паспорттың берілген күні____________________________________________________

      паспортты берген орган _____________________________________________________

      жабдықтың мақсаты_________________________________________________________

      3) өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар:

      сертификаттар нөмірлері_____________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________________

      сертификаттарды берген орган ____________________________________________

      сертификаттардың қолданылу мерзімі ______________бастап _____________дейін

      Ескертпе:

      * өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру таңбасының бедерлері – Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшеу құралдары үшін;

      ** Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген құралдар "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертханаларда калибрлеуден өтеді.

      4) сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарттар туралы мәліметтер:

      сынақ зертханасын аккредиттеу аттестатының нөмірі_____________________________

      берілген күні_______________________________________________________________

      аккредиттеу аттестатын берген орган __________________________________________

      құжаттың қолданылу мерзімі _______________бастап ______________дейін

      аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарттың нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      шарттың жасалған күні______________________________________________________

      шарттың қолданылу мерзімі ____________ бастап ____________ дейін______________

      3. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен және өндірістік бақылаумен тікелей айналысатын бөлімшелерде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

      Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

      1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

      жоғарғы оқу орнының атауы__________________________________________________

      мамандық және біліктілік ____________________________________________________

      лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы дипломның нөмірі

      __________________________________________________________________________

      дипломның берілген күні ____________________________________________________

      2) маманданудан/біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер:

      маманданудан/біліктілікті арттырудан өткен мекеменің атауы ____________________

      __________________________________________________________________________

      пән_______________________________________________________________________

      сертификаттың нөмірі _______________________________________________________

      сертификаттың берілген күні_________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрiнiң өзгерістер
енгізілетін кейбiр
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
"Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға арналған
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
3-қосымша

Ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

      1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптарға және технологиялық жабдық жиынтығының нормативтеріне сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды туралы мәліметтер:

      ветеринариялық-санитариялық қорытындының нөмірі мен берілген күні

      __________________________________________________________________________

      сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

      2. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары, өндірілетін ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін құрал-жабдықтармен (өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары, көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптары, қосалқы материалдар мен жабдық, "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе) салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар, сондай-ақ сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген сынақ зертханамен жасалған шарт) жабдықталған аккредиттелген зертхананың не көрсетілген зертханалары бар ұйымдармен сынақ жұмыстарын (көрсетілетін қызметтерді) орындау туралы шарттың болуы:

      1) өлшеу құралдарының типін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсатында сынақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары:

      меншік құқығын растайтын құжат немесе заңды құқықтарды растайтын құжат

      __________________________________________________________________________

      өлшеу құралдарының атауы және қысқаша сипаттамасы __________________________

      __________________________________________________________________________

      өлшеу құралдарының мақсаты________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      шығарылған жылы және шығарылған елі _______________________________________

      зауыттық нөмірі және түгендеудің күні ________________________________________

      техникалық паспорттың нөмірі _______________________________________________

      2) көрсетілетін қызметті алушының қолымен расталған бақылау аспаптарына, қосалқы материалдарға, жабдықтарға дайындаушы зауыттардың пайдалану паспорттарынан алынған мәліметтер: бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың атауы және қысқаша сипаттамасы_____________________________________________________________

      паспорт нөмірі_____________________________________________________________

      паспорттың берілген күні____________________________________________________

      паспорт берген орган ________________________________________________________

      жабдықтың мақсаты_________________________________________________________

      3) өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру туралы сертификаттар және (немесе)

      салыстырып тексеру таңбасының бедерлері* және/немесе өлшем құралдарын калибрлеу** туралы сертификаттар:

      сертификаттардың нөмірлері_________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      сертификаттарды берген орган _______________________________________________

      сертификаттардың қолданылу мерзімі _____бастап ______дейін____________________

      Еспертпе:

      * өлшеу құралдарындағы салыстырып тексеру таңбасының бедерлері – Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшеу құралдары үшін;

      ** Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген құралдар "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертханаларда калибрлеуден өтеді.

      4) сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты не аккредиттелген зертханамен жасалған шарттар туралы мәліметтер:

      сынақ зертханасын аккредиттеу аттестатының нөмірі_____________________________

      берілген күні_______________________________________________________________

      аккредиттеу аттестатын берген орган __________________________________________

      құжаттың қолданылу мерзімі _______ бастап _________ дейін_____________________

      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмірі ___________________________

      __________________________________________________________________________

      Шарттың жасалған күні______________________________________________________

      шарттың қолданылу мерзімі ______ бастап ________ дейін________________________

      3. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамының: ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімі бар мамандардың (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандардың; ветеринариялық препараттар өндірумен тікелей айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі жұмыскерінің мамандық бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіру және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

      Жеке тұлғалар үшін: "ветеринариялық медицина", "ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің және (немесе) "ветеринария" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (колледж) білімнің, мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің, соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа да түрлерінің болуы.

      1) техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

      жоғарғы оқу орнының атауы_________________________________________________

      мамандық және біліктілік ___________________________________________________

      лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары/орта білімі туралы

      дипломның нөмірі __________________________________________________________

      дипломның берілген күні ____________________________________________________

      2) маманданудан/біліктілікті арттырудан өткені туралы мәліметтер:

      маманданудан/біліктілікті арттырудан өткен мекеменің атауы_____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      пән_______________________________________________________________________

      сертификаттың нөмірі _______________________________________________________

      сертификаттың берілген күні_________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады