"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-паториоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 мамырда № 32425 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-паториоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 2 мамырдағы
№ 393 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "28" қыркүйектегі
№ 552 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдениет саласында маманданатын мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге ТАРИФТЕР

      1. Ұлттық әскери-патриоттық орталығы:

Р/с №

Көрсетілетін қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің құны, теңге

1.

Бейне түсірілімді жүргізу:

бір академиялық сағат



ғылыми-танымдық

20 000


деректі фильм

30 000


көркем фильм

150 000


клип

70 000


бейнеролик

20 000

2.

Іс-шараларды өткізу үшін "Атриум" залын жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет

1 сағат

50 000

1 іс-шара

150 000

3.

Іс-шараларды өткізу үшін "Салтанат залын" жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет

1 сағат

50 000

1 іс-шара

250 000

4.

Іс-шараларды өткізу үшін "Конференц залын" жалға беру бойынша көрсетілетін қызмет

1 сағат

25 000

1 іс-шара

100 000

5.

Іс-шараларды өткізу үшін кинозалды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызмет

1 сағат

20 000

1 ауысым

100 000

      2. Орталық ансамбль

Р/с №

Концерттік ұжым

Сахнадағы әртіс саны

1 концерттік нөмірдің құны, теңге

1 концерттік іс-шараның құны (5-6 сағат), теңге

1.

Би тобы (толық құрам)

16

100 000

500 000

2.

Би тобы (орташа құрам)

10

60 000

300 000

3.

Би тобы (шағын құрам)

6

50 000

200 000

4.

Эстрадалық-симфониялық оркестр

35

150 000

700 000

5.

Шекті аспаптар квартеті

4

50 000

100 000

6.

Фольклорлық-этнографиялық топ

12

100 000

300 000

7.

Жеке орындаушы (аспапшы)

1

30 000

150 000

8.

Жеке орындаушы (вокалист)

1

30 000

150 000

9.

Хор

20

100 000

300 000

10.

Орталық ансамбльдің толық құрамда өнер көрсетуі (Эстрадалық-симфониялық ұжым, фольклорлық-этнографиялық топ, би тобы, шекті аспаптар квартеті, жеке орындаушы – вокалист, аспапшы, хор)

70

700 000

1 500 000

      3. Филиалдың эстрадалық-би тобы

Р/с №

Концерттік ұжым

Сахнадағы әртіс саны

1 концерттік нөмірдің құны, теңге

1 концерттік іс-шараның құны (5-6 сағат), теңге

1.

Би тобы (толық құрам)

6

50 000

600 000

2.

Жеке орындаушы (аспапшы)

1

30 000

150 000

3.

Жеке орындаушы (вокалист)

1

30 000

150 000

4.

Толық құрамдағы эстрадалық-би тобының өнер көрсетуі

24

100 000

250 000

      4. Репетиторлық көрсетілетін қызмет

Р/с №

Көрсетілетін қызмет атауы

Оқушы саны (топтағы)

1 сабақ құны (академиялық сағат), теңге

1.

Вокалдық өнерге үйрету

1

4000

2.

Гитарада ойнауға үйрету

1

4000

3.

Домбырада ойнауға үйрету

1

3500

4.

Фортепианода ойнауға үйрету

1

7000

5.

Саксафонда ойнауға үйрету

1

4000

6.

Скрипкада ойнауға үйрету

1

3000

7.

Баянда ойнауға үйрету

1

7000

8.

Хореографияға үйрету

1

4000

      5. Орталық әскери оркестр

Р/с №

Көрсетілетін қызмет атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің құны, теңге

1.

Орталық әскери оркестрінің өнер көрсетуі

1 сағат

400 000

2.

Іс-шараларды өткізу үшін концерт залын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызмет

1 сағат

100 000

1 іс-шара

200 000

3.

Іс-шараларды өткізу үшін филиалдың концерт залын ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызмет

1 сағат

100 000

1 іс-шара

200 000

4.

Жарық жабдығын жалға алу

1 күнтізбелік күн

100 000

5.

LED экранын жалға алу

1 күнтізбелік күн

200 000

6.

Жеке құрамды, техниканы және қару-жарақты тарта отырып, кино түсіру процесін ұйымдастыру

1 сағат

500 000

1 күн түсіру

5 000 000

      6. Филиалдың әскери оркестрі

Р/с №

Концерттік ұжым

Саны

1 концерттік нөмірдің құны, теңге

Концерттік іс-шараның 1 сағаттағы құны, теңге

1.

Әскери оркестрдің өнер көрсетуі

21

100 000

250 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады