Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 мамырда № 32430 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптары бекітілсін.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2023 жылғы
27 сәуірдегі № 21 Қаулыға
қосымша

Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптары

      1. Осы Қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу талаптары (бұдан әрі – Талаптар) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес пайданы айқындау күнгі жағдай бойынша қаржылық есептілігінде мемлекет қаражаты бар екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі – банк) қолданылады.

      2. Талаптардың мақсаттары үшін банктің қаржылық есептілігіндегі мемлекет қаражаты (бұдан әрі – мемлекет қаражаты) деп банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалпына келтіру үшін мемлекет бюджетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы қаражатын пайдалана отырып орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген және олар бойынша бастапқы танудан кіріс бар банктің салымдар, облигациялар, қарыздар бойынша міндеттемелері (бұдан әрі – борыш құралдары) және (немесе) борыш құралы пайыздық мөлшерлемесінің, сомасының, түрінің және (немесе) мерзімінің өзгеруін қоса алғанда, міндеттемелер талаптарының өзгеруі түсініледі.

      Мемлекет қаражатына банктің экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпкерлік субъектілерін және (немесе) ипотекалық кредиттеуді қолдау және (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру мақсатында мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы қаражатын пайдалана отырып орналастырылған, сатып алынған немесе банкке берілген борыш құралдары бойынша міндеттемелері енгізілмейді.

      3. Мемлекет қаражатын пайдаланудан түсетін мынадай кірістерді банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялары және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерге бөлуге болмайды, сондай-ақ меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізу үшін пайдаланылмайды:

      1) мемлекет қаражаты бойынша танылған амортизацияланбаған дисконт;

      2) мемлекет қаражатының есебінен резервтер (провизиялар) қалыптастырылған банк активтерінің тізбесіне енгізілген қарыздар, шартты міндеттемелер, қаржы лизингі шарттары және дебиторлық берешек бойынша құрылған, олар бойынша үстеме қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) есептемегенде шарттар бойынша таратылған резервтердің (провизиялардың) сомасы;

      3) әділ құны бойынша бағаланатын, бұрын құнсызданған активтерді, оның ішінде бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растау болған, мемлекет қаражатының есебінен теріс қайта бағалау жүзеге асырылған банк активтерінің тізбесіне енгізілген сатып алынған немесе құрылған қаржы активтерін, олар бойынша теріс қайта бағалауды есепке алмағанда, әрбір актив бойынша оң қайта бағалау сомасы;

      4) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) қалпына келтіру үшін мемлекет қаражаты пайдаланылатын (пайдаланылған) басқа банктің акцияларын сатып алуға және (немесе) олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылуына байланысты туындаған, банктің қаржылық есептілігінде көрсетілген оң әсер сомасы.

      4. Мынадай талаптар сақталған жағдайда, банк жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу туралы және (немесе) банктің меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізуі туралы шешім қабылдайды:

      1) жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есептеу, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу үшін банк пайда мөлшерін есептеген жылдың басындағы жағдай бойынша банк есептейтін меншікті капиталдың оң қалдығының болуы.

      Меншікті капиталдың оң қалдығы деп амортизацияланбаған дисконт шегерілгеннен кейін банктің қаржылық есептілігіне сәйкес банктің меншікті капиталының оң мәні түсініледі.

      Дисконт – банктің мемлекет қаражатын алудан түскен табысты тану нәтижесінде туындаған, кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы бойынша міндеттемелерін шегергендегі, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық міндеттемені бастапқы тану және (немесе) өзгерту сәтінде банк қаржылық есептілікте мойындаған мемлекет қаражатының номиналды және әділ құны арасындағы айырма;

      2) мемлекет қаражатын банктің меншікті капиталындағы дисконттың үлесіне тепе-тең, бірақ жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша төленетін дивидендтер сомасының немесе банктің меншікті акцияларын кері сатып алу сомасының кемінде 10 (он) пайызы және 66 (алпыс алты) пайызынан аспайтын мөлшерде мерзімінен бұрын қайтаруды:

      мемлекет қаражатын беру талаптары оны мерзімінен бұрын қайтару мүмкіндігін көздеген жағдайларда, банктің уәкілетті органы жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтерді есептеу және (немесе) банктің меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей;

      мемлекет қаражатын беру талаптары оны мерзімінен бұрын қайтаруды көздемеген жағдайларда, банктің уәкілетті органы жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтер есептеу және (немесе) банктің меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде борыш құралын ұстаушының және (немесе) кредитордың банктің борыш құралын ұстаушыға және (немесе) кредиторға бағытталған мемлекет қаражатын мерзімінен бұрын қайтару туралы ұсынысына келісімін алған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде осы тармақшада көзделген мөлшерде қамтамасыз ету.

      3) жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлуді, дивидендтер есептеуді және (немесе) меншікті акцияларды кері сатып алуды банк Талаптардың 3-тармағында көрсетілген мемлекет қаражатын пайдаланудан түскен кірістерді шегере отырып (бұдан әрі – шегерімдер) жүзеге асырады.

      Банктің пайданы бөлу туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы кезеңдегі таза пайдаға қатысты шегерімдерді банк ұқсас кезең үшін қолданады.

      Талаптардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтер есептеу туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы кезең аяқталған күні қалыптасқан мөлшерде қолданылатын шегерімді қоспағанда, өткен жылдардың бөлінбеген пайдасына қатысты шегерімдерді банк мемлекет қаражаты берілген сәттен бастап мемлекет қаражаты берілген сәттен бастап банк жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтер есептеу туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы кезең аяқталғанға дейінгі кезеңге қолданады.

      Талаптардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, банктің меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күні қалыптасқан мөлшерде қолданылатын шегерімді қоспағанда, меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу кезінде шегерімдер банк мемлекет қаражаты берілген сәттен бастап банк меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезең үшін қолданады.

      Банктің Талаптардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мемлекет қаражатын пайдаланудан түсетін кірістерді айқындауы мүмкін болмаған кезде:

      пайда банк жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтер есептеу туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы кезең аяқталған күні қалыптасқан мемлекет қаражаты бойынша амортизацияланбаған дисконт мөлшеріне азаяды;

      кері сатып алу үшін қолжетімді сома банктің меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы банк шешім қабылдаған күні қалыптасқан мемлекет қаражаты бойынша амортизацияланбаған дисконт мөлшеріне азаяды;

      4) Талаптарға сәйкес банктің пайда мөлшерін және (немесе) меншікті акцияларын кері сатып алу сомасын айқындау жөніндегі банк есеп айырысуларының сәйкестігін растайтын, сондай-ақ Талаптардың 5-тармағында көзделген ақпаратты қамтитын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10875 болып тіркелген "Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келетін тәуелсіз аудиторлық ұйымның жеке есебінің (бұдан әрі – Аудиторлық ұйымның есебі) болуы.

      5. Аудиторлық ұйымның есебін дайындау үшін банк аудиторлық ұйымға ұсынатын ақпарат мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) банк туралы мәліметтер;

      2) ақпаратты дайындау қағидаттары мен мақсаттарының сипаты, сондай-ақ пайданы есептеу әдіснамасы;

      3) Талаптардың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес банк есептеген меншікті капиталдың оң қалдығы туралы мәліметтер;

      4) банктің жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есептеуі және (немесе) меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізуі үшін қолжетімді, Талаптардың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес түзетілген банк пайдасының мөлшері туралы мәліметтер;

      5) пайда бөлінетін кезеңдегі және (немесе) пайданы бөлу және (немесе) банктің меншікті акцияларын кері сатып алуды жүргізуі туралы банк шешім қабылданған күннің алдындағы кезең аяқталған күнгі жағдай бойынша мемлекет қаражатының мөлшері және мемлекет қаражаты бойынша банк таныған амортизацияланбаған дисконттың сомасы туралы мәліметтер;

      6) мемлекет қаражаты берілген сәттен бастап банк жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есептеу туралы шешім қабылдаған және (немесе) банк меншікті акцияларды кері сатып алу жүргізген күнге дейінгі кезең үшін мемлекет қаражатының есебінен резервтер (провизиялар) қалыптастырылған банк активтерінің тізбесіне енгізілген қарыздар, шартты міндеттемелер, қаржы лизингі шарттары және дебиторлық берешек бойынша құрылған провизияларды (резервтерді) банктің таратуы туралы мәліметтер;

      7) мемлекет қаражаты берілген сәттен бастап банк жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтер есептеу туралы шешім қабылдаған және (немесе) банк меншікті акцияларды кері сатып алу жүргізген күнге дейінгі кезеңдегі банктің әділ құны бойынша бағаланатын бұрын құнсызданған, оның ішінде бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растау болған сатып алынған немесе құрылған, мемлекет қаражаты есебінен теріс қайта бағалау жүзеге асырылған банк активтерінің тізбесіне енгізілген активтерді қайта бағалау бойынша мәліметтер;

      8) қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және (немесе) қалыпқа келтіру үшін мемлекет қаражаты пайдаланылатын (пайдаланылған) басқа банктің акцияларын сатып алуға және (немесе) олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылуына байланысты туындаған, пайда бөлінетін кезеңде қаржылық есептілікте көрсетілген әсер туралы мәліметтер;

      9) жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтер есептеуге жұмсалатын банк пайдасының мөлшері туралы, сондай-ақ меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізу сомасы туралы мәліметтер;

      10) мемлекет қаражатын мерзімінен бұрын қайтару мөлшері туралы мәліметтер.

      Аудиторлық ұйымның есебінде оған қол қойылған күн, аудиторлық ұйым басшысының және (немесе) аудиторлық ұйым Аудиторлық ұйымның есебіне қол қоюға уәкілеттік берген өзге адамның қолы және аудиторлық ұйымның нақты орналасқан жері де қамтылады.

      Банктің аудиторлық ұйыммен жасасқан шартының талаптарында банкті аудиторлық ұйымға берген ақпараттың дәйектігі мен толықтығы және есептеулердің дұрыстығы үшін жауапкершіліктен босататын ережелердің болуына жол берілмейді.

      6. Жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша пайданы бөлу, дивидендтерді есептеу туралы және (немесе) банктің меншікті акцияларды кері сатып алуды жүргізуі туралы шешімді банк Талаптарға сәйкес дербес қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады