"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-3-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісімнің нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Жұмағали |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2023 жылғы 11 мамырдағы № 153 бұйрығына 1-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс– қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 24-3-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құпия ақпарат – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлау немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдем көрсету мақсатында, адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпарат көрсетілген ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, оның жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру үшін маңызы бар (кейіннен болған) өзге де жәрдемдесу;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
4) уәкілетті мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексеруді және алдын алуды және оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапқа тартуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, әскери полиция органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру қызметі.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім (бұдан әрі – жария етпеу туралы келісім) осы келісімді жасасқан адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында адамның өзі жұмыскері болып табылатын (болған) мемлекеттік органның не ұйымның жоғары тұрған басшысына және (немесе) басшылығына (бұдан әрі – басшы) және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуі үшін негіз болып табылады.
2 тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібі
4. Адам басшыға жүгінген кезде, мемлекеттік органда немесе ол жұмыскері болып табылатын ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу туралы ақпарат жария етілмеген жағдайда, жарияламау туралы келісім жасалғаннан кейін басшыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу ниеті туралы ескертеді.
Басшы өтініш берген сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адаммен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасасады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы келіп түскен хабарлама бойынша шаралар қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, басшы мен уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы арасында осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасалады.
5. Адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген кезде уәкілетті мемлекеттік орган көрсетілген адаммен, оның ниеті болған кезде, оны жария етпеу туралы келісім жасасады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адам мен уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайтын уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы арасында осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасалғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы уәкілетті мемлекеттік органның өзге лауазымды адамдарына немесе прокурорға қылмыстық істі одан әрі тергеп-тексеру үшін берген кезде оларды осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде және 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адаммен жасасқан жария етпеу туралы келісімнің бар екендігі туралы жазбаша хабардар етеді.
7. Басшы келісім комиссиясының немесе алқалы органның отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамымен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша келісім комиссиясының немесе алқалы органның отырысы басталғанға дейін, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы келісім комиссиясының немесе алқалы органның отырысына келмеген жағдайда жария етпеу туралы келісім жасасады, осы келісім келісу комиссиясы шешімінің немесе алқалы орган отырысының хаттамасының көшірмесін беру сәтінде жасалады.
8. Адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға осындай өтініш туралы құқықты іске асыру үшін жүгінген кезде, ол оны тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесуімен байланысты деп есептеген жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарды қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде, осы мәселелерді бұрын келісу комиссиясы немесе алқалы орган Заңның 24-2-бабында көзделген тәртіппен қарамаған жағдайда, Заңның 24-4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құпия ақпаратты беруге жазбаша келісім негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша осы тұлғамен жария етпеу туралы келісім жасасады.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның Заңының 24-4-бабы 2-тармағында көзделген хабарламасы келіп түскен мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы, егер бұрын осы адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында жария етпеу туралы келісім жасалған болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адаммен осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша жария етпеу туралы келісім жасасады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2023 жылғы 11 мамырдағы № 153 бұйрығына 2-қосымша |
1-нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім
_________________ "___" __________ 20 __ жыл
(елді мекен)
______________________________________________________________, бір тараптан
(мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
_______________________________________________________ негізінде әрекет етуші
(жарғы/ереже / бұйрық № __ "__" _______ 20__жыл/басқа)
___________________________________________________ атынан, бұдан әрі "Басшы"
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
деп аталатын, және _________________________________________________________
(мемлекеттік орган/ұйым жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
екінші тараптан, бұдан әрі "Жұмыскер" деп аталатын, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 22-бабы 1-тармағының 26) тармақшасының және 23-бабы 2-тармағының 29) тармақшасының, 24-бабының 1, 2 және 4-тармақтарының, 2) тармақшасының ережелерін орындау үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-баптары мен 24-3-бабының 2-тармақтары төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:
Шарттың мәні
1.1. Осы Келісіммен Тараптар осы Келісімнің 2.1. және 2.2. – тармақтарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, ____________________________________________________
(Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)
__________________________________________________________________________
туралы хабарлау немесе _____________________________________________________
(жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)
__________________________________________________________________________
мақсатында Жұмыскердің Басшыға жүгінуі туралы ақпаратты
(бұдан әрі – құпия ақпарат) жария етпеуге кепілдік береді.
Тараптардың Міндеттемелері
2.1. Жұмыскер:
1) осы Келісім жасалғаннан кейін мемлекеттік органда не ол жұмыс істейтін ұйымда дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты және (немесе) мемлекеттік органда не ол жұмыс істейтін ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты басшыға дереу хабарлауға;
2) Басшыға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпарат бермеуге;
3) құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге, мыналарды:
Жұмыскер хабарлаған не жумыскер осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар мен соттардың лауазымды адамдарын қоспағанда;
Жұмыскерге біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда;
4) уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде немесе осы Келісімнің 1.1.-тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап ұйымның келісу комиссиясына (ол болған кезде) жеке еңбек дауын қарау туралы өтініш берген жағдайда, жеке еңбек дауының алдағы қаралатыны туралы Басшыны келісім комиссиясы келісім комиссиясына өтініш берген күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
5) арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары, тәртіптік жауаптылығы жоқ ұйымдарда немесе уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде немесе Жұмыскерді жұмыстан шығару (атқаратын лауазымынан босату) немесе басқа лауазымға ауыстыру мәселелері қаралған жағдайда, осы Келісімнің 1.1.-тармағында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оларға өзге де жәрдемдесу, бұл туралы Басшыны оның тәртіптік жауапкершілігін немесе аталған мәселелерді қарау туралы белгілі болған күні хабардар етуге;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты жеке немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланбауға;
7) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) бөгде адамдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған Басшыға дереу хабарлауға міндеттенеді
2.2. Басшы:
1) Жұмыскерден дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жатпайтын ақпарат беруді талап етпеу;
2) дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамымен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған жағдайда, Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органға дереу беруге;
3) құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге, мыналарды:
Жұмыскер хабарлаған немесе Жұмыскер осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың мен соттардың лауазымды адамдарын қоспағанда;
осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісім комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе _______________________________________ (мемлекеттік органның/ұйымның атауы) өзге алқалы органының мүшелерін қоспағанда; келісу комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе ______________________________________ өзге алқалы органының отырысына шақырылған (мемлекеттік органның/ұйымның атауы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда;
4) келісім комиссиясы тарапы Жұмыскер болып табылатын жеке еңбек дауын (ол болған жағдайда) уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде немесе ол 1.1-тармақта көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсеткен сәттен бастап қараған жағдайда келісу комиссиясының мүшелерін осы Келісімнің бар екендігі туралы жұмыскер келісу комиссиясына өтініш берген күннен кешіктірмей хабардар етуге;
5) арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ келісу комиссиялары, тәртіптік жауаптылығы жоқ ұйымдарда немесе уәкілетті мемлекеттік органдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарламасын қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде немесе жұмыскерді жұмыстан шығару (атқаратын лауазымынан босату) немесе басқа лауазымға ауыстыру мәселелері қаралған жағдайда 1.1-тармақта көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оларға өзге де жәрдем көрсету осы Келісімнің бар екендігі туралы тәртіптік комиссияның немесе мемлекеттік органның өзге алқалы органының не ұйымның мүшелерін тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның мүшелеріне Жұмыскерге қатысты материалдарды жібергенге дейін хабардар етуге;
6) келісу комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе ___________________________________________________________ өзге алқалы органының (мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамының құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісімге қол қоюын қамтамасыз етуге;
7) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты жеке мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде пайдаланбауға;
8) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге
9) бөгде адамдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.
Қорытынды ережелер
3.1. Осы Келісімге қол қою арқылы Жұмысткер мен Басшы құпия ақпаратты жария еткені үшін, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілгенін растайды.
3.2. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Жұмыскер мен Жұмыскер жұмыс істейтін мемлекеттік орган/ұйым арасындағы еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде, ал еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін – мерзімсіз қолданылады.
3.3. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.
Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қойған қолдары
Басшы: |
Жұмыскер: |
Осы Келісімнің
данасын алды: _________________________ /___________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні: 20____ жылғы "___" __________
2-нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім
_________________ "___" __________ 20 __ жыл
(елді мекен)
_________________________________________________________________________,
(мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
_____________________________________, ____________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (ереже / бұйрық № _ "__" _______ 20__жыл/басқа)
негізінде әрекет етуші бір тараптан, бұдан әрі "Лауазымды адам" деп аталатын және
____________________________________, _____________________________________
(мемлекеттік органның/ұйымның атауы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________________ негізінде әрекет етеді,
(жарғы/ереже/бұйрық № __ "__" _______ 20__жыл / басқа)
_____________________________________________ жұмыс көрсету туралы ақпаратты
(мемлекеттік орган/ұйым жұмыскерінің тегі, аты-жөні)
жария етпеу туралы келісім жасасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу, екінші жағынан, бұдан әрі "Мемлекеттік органның/ұйымның өкілі" деп аталатын, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2 және 4-тармақтарының, 24-1-бабы 2) тармақшасының мен 24-3-бабы 3 тармақшасының ережелерін орындау үшін төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:
Шарттың мәні
1.1. Осы Келісімнің 2.1. және 2.2. – тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда,
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік орган/ұйым жұмыскерінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
(бұдан әрі – жұмыскер) жұмыс істейтін ұйымда _________________________________
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)
туралы хабарлау немесе ____________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)
__________________________________________________________________________
мақсатында Жұмыскердің Басшыға жүгінуі туралы ақпаратты (бұдан әрі – құпия
ақпарат) жария етпеуге кепілдік береді.
Тараптардың міндеттемелері
2.1. Мемлекеттік органның/ұйымның өкілі:
1) осы Келісім жасалғаннан кейін Лауазымды адамға дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты дереу беруге;
2) Лауазымды адамға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпарат бермеуге;
3) Жұмыскер хабарлаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың мен соттардың лауазымды адамдарын қоспағанда, Жұмыскерден алынған құпия ақпаратты, сондай-ақ дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге не Жұмыскер осы іс бойынша өзге де көмек көрсетуге;
4) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) Жұмыскерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты жеке мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде пайдаланбауға;
5) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) Лауазымды адамға жүгінуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жеке мүддесі үшін немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдаланбауға;
7) бөгде адамдар Жұмыскердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы Лауазымды адамға дереу хабарлауға міндетті.
2.2. Лауазымды тұлға міндеттенеді:
1) құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге, мыналарды:
Жұмыскер хабарлаған немесе Жұмыскер осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және судьяларды қоспағанда;
Жұмыскерге біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның келісу
комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе Жұмыскері болып табылатын
__________________________________________ өзге алқалы органының отырысына
(мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
шақырылған лауазымды адамдарын қоспағанда;
2) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;
3) дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) жұмыскерден алынған және мемлекеттік органның/ұйымның өкілі лауазымды адамға берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты жеке мүдделері немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс.
Қорытынды ережелер
3.1. Осы Келісімге қол қою арқылы мемлекеттік органның/ұйымның өкілі және Лауазымды адам құпия ақпаратты жария еткені үшін, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілгенін растайды.
3.2. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
3.3. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.
Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қойған қолдары
Лауазымды адам: |
Мемлекеттік органның/ұйымның өкілі: |
Осы Келісімнің данасын алды: _______________________ /_______________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні: 20____ жылғы "___" __________
3-нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім
__________________ "___" __________ 20 __ жыл
(елді мекен)
_____________________________________, бұдан әрі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
іс-қимылға жәрдемдесетін (көрсеткен) адам" деп аталатын сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылға жәрдемдесуге ниетті, бір жағынан және _________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның атауы)
______________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(ереже/бұйрық № ___ "__" _______ 20__жыл/басқа)
____________________________________ атынан, екінші жағынан "Лауазымды адам"
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
деп аталады, бұдан әрі бірлесіп аталған Тараптар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1, 2 және 4-тармақтарының, 24-1-бабы 2) тармақшасының және 24-3-бабы 2-тармағының ережелерін орындау үшін, төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:
Шарттың мәні
1.1. Осы Келісіммен Тараптар осы Келісімнің 2.1. және 2.2. – тармақтарында көзделген
жағдайларды қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін
(көрсеткен) адамның _______________________________________________________
__________________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)
туралы хабарлау немесе _____________________________________________________
__________________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдемдесу мақсатында, Лауазымды
адамға өтініші туралы ақпаратты (бұдан әрі – құпия ақпарат) жария етпеуге кепілдік
береді.
Тараптардың міндеттемелері
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам (бұдан әрі – Адам), міндеттенеді:
1) осы Келісім жасалғаннан кейін Лауазымды адамға дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған ақпаратты дереу хабарлауға міндетті;
2) Лауазымды адамға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы көрінеу жалған ақпарат бермеуге
3) құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге, мыналарды:
адам хабарлаған не адам осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының мен судьяларын қоспағанда;
адамға біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы өзіне белгілі болған ақпаратты жеке немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланбау;
5) Лауазымды адамға жүгінуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жеке мүддесі үшін немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдаланбау;
6) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;
7) Адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуге байланысты құпия ақпаратты немесе өзге де мәліметтерді бөгде адамдар алуға тырысқан жағдайда, бұл туралы Лауазымды адамға дереу хабарлауға міндетті.
2.2. Лауазымды тұлға міндеттенеді:
1) құпия ақпаратты басқа адамдарға жария етпеуге, мыналарды:
Адам хабарлаған не Адам осы іс бойынша өзге де жәрдем көрсеткен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының мен судьяларын қоспағанда;
Адамға біржолғы ақшалай сыйақы төлеуді жүзеге асыруға қатысатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органның және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдарын қоспағанда;
2) осы Келісімнің сақталуын қамтамасыз етуге;
3) дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты және (немесе) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жәрдем көрсетуге бағытталған, Адамнан алынған ақпаратты жеке мүдделері немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс.
Қорытынды ережелер
3.1. Осы Келісімге қол қою арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) Адам және Лауазымды адам құпия ақпаратты жария еткені үшін олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы ескертілгенін растайды.
3.2. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
3.3. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.
Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам: |
Лауазымды адам: |
Осы Келісімнің
данасын алды: ________________________ /___________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні: 20____ жылғы "___" __________
4-нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім
Мен, _____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________ басшысы/өзге
алқалы органының мүшесі/келісім комиссиясының, тәртіптік комиссияның немесе
__________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның/ұйымның атауы)
өзге алқалы органының отырысына шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілі / басқа бола отырып,
__________________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
өтініші туралы ақпаратты жария етпеуге міндеттенемін жоғары тұрған басшыға және (немесе)
_____________________________________________________________ басшылығына/
(жұмыскері болып табылатын мемлекеттік органның / ұйымның атауы)
__________________________________________________________________________
(уәкілетті мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың мәні)
туралы хабарлау немесе ____________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрсетілген өзге де жәрдемнің мәні)
мақсатында (бұдан әрі-құпия ақпарат);
құпия ақпаратты жария еткені үшін мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатыным туралы ескертілгенімді растаймын.
Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан бірдей заңды күші бар мемлекеттік не орыс тілінде екі данада жасалды.
Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары
1 тарап: |
2 тарап: |
Осы Келісімнің
данасын алды: ____________________ /___________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні: 20____ жылғы "___" __________