"Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Индекстік бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Тамабек |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 мамырдағы № 176 бұйрығымен бекітілген |
Индекстік бағалау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Индекстік бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және индекстік бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тұқымдық құндылық – асыл тұқымды жануардың селекцияланатын белгілерінің деңгейі және оларды ұрпағына беру мүмкіндігі;
2) асыл тұқымдық орталық – асыл тұқымды тұқымдық жануарларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен, асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алумен, жинақтаумен, сатып алумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын заңды тұлға;
3) бонитер (сыныптаушы) – бонитирлеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке тұлға;
4) жеке селекциялық индекс – нақты селекцияланатын белгінің стандартты ауытқу үлесінде көрсетілген асыл тұқымдық құндылық мәні;
5) индекстік бағалау – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын, селекцияланатын белгілері бойынша жануардың асыл тұқымдық құндылығы деңгейін айқындау әдісі;
6) оператор – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына айрықша құқықты растайтын құжаты немесе "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жасалған айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарты бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорын сүйемелдеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы бейініндегі ұйым;
7) республикалық палата – асыл тұқымды жануарларды өсіруді және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіру және қорғау үшін құрылатын және әрекет ететін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым;
8) селекцияланатын белгілер – мақсатты селекция жүргізілетін жануарлардың сандық және сапалық көрсеткіштері;
9) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры (бұдан әрі – САТЖАҚ) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, жануарлардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және арттыру үшін, сондай-ақ асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды жануарлар және селекциялық процеске тартылатын жануарлар туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.
3. Асыл тұқымды құндылығын индекстік бағалауға "Асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 3-3/1084 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12897 болып тіркелген) сәйкес асыл тұқымды мал ретінде тіркелген өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағыттарындағы ірі қара мал, сондай-ақ шошқалар жатады.
4. Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағыттарындағы ірі қара малдың, сондай-ақ шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалауды "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету тәртібін бекіту туралы" Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 2 шешімімен бекітілген мүше мемлекеттерде жүргізілетін асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты талдамалық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мекемелерінің (ұйымдарының) тізбесіне кіретін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейіндегі ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) жүргізеді.
5. Асыл тұқымдық құндылықты индекстік бағалау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі республикалық палатасы/шошқа шаруашылығы мен ғылыми ұйым арасында жасалатын шарт негізінде жүргізіледі.
2-тарау. Индекстік бағалау жүргізу тәртібі
1-параграф. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау
6. Сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығына индекстік бағалау жүргізу кезінде сиырлардың сүт өнімділігі мен дене бітімінің типі ескеріледі.
7. Сиырлардың сүт өнімділігі бірінші лактация аяқталғаннан кейін мынадай селекцияланатын белгілер бойынша айқындалады: сауылған сүт мөлшері (килограмм (бұдан әрі – кг)); сүттегі май мөлшері (пайыз (бұдан әрі – %)); сүт майының мөлшері (кг); сүттегі ақуыз мөлшері ( % ); сүт ақуызының мөлшері (кг); лактацияның 305 (үш жүз бес) күнінде соматикалық жасушалар саны (мың текше сантиметр).
8. Лактация кезінде сиырлардың сүт өнімділігі мен сүт сапасының деңгейін бағалау жүйелі түрде жүргізілетін бақыланатын сауындар нәтижелерін жалпылау арқылы жүргізіледі.
9. Бақыланатын сауындар нәтижелері және әрбір жануар бойынша сүттің сапалы құрамы САТЖАҚ-қа енгізіледі.
10. Алғаш бұзаулайтын сиырларды дене бітімінің типі бойынша бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы сиырлардың селекцияланатын сыртқы белгілерін бағалау шәкіліне сәйкес лактацияның 30-150 (отыз-жүз елу) күнінде жүргізіледі.
11. Алғаш бұзаулайтын сиырларды дене бітімінің типі бойынша бағалау нәтижелері САТЖАҚ-қа енгізіледі.
12. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылық индекстерін есептеу үшін республикалық палата тиісті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей селекцияланатын белгілері бойынша әрбір сиыр бойынша мәліметтерді ғылыми ұйымға жібереді.
13. Ғылыми ұйым селекцияланатын белгілері бойынша әрбір сиыр бойынша мәліметтердің толықтығына талдау жүргізеді және асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалауға жататын жануарлардың тізімін қалыптастырады.
14. Егер нақты сиыр бойынша лактацияның 3 (үш) және одан да көп айында өнімділік бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, ол бойынша асыл тұқымдық құндылықты есептеу жүргізілмейді.
15. Егер нақты сиыр бойынша сырт бітімі белгісін балдық шәкіл бойынша бағалау жөнінде мәліметтер болмаса, онда осы сырт бітімі белгісі үшін балл нөлге теңестіріледі.
16. Сиырлардың асыл тұқымдық құндылығын селекцияланатын белгілер бойынша индекстік бағалауды "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 149 шешімімен (бұдан әрі – № 149 шешім) бекітілген Өнімділіктің сүтті бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес ғылыми ұйым жүргізеді.
17. Сиырлардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау қорытындылары бойынша мынадай жеке селекциялық индекстер белгіленеді: сауылған сүт индексі; сүттегі май құрамының индексі; сүттегі май мөлшерінің индексі; сүттегі ақуыз құрамының индексі; сүт ақуызы мөлшерінің индексі; соматикалық жасушалар индексі; ортақ түр индексі; желін индексі; аяқ-қол индексі.
18. Сиырлардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау нәтижелері республикалық палатаға жіберіледі.
19. Республикалық палата индекстік бағалау жүргізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бағаланған жануарлардың сәйкестендіру нөмірлеріне сәйкес САТЖАҚ-қа енгізу үшін сиырлардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау нәтижелерін операторға береді.
2-параграф. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау
20. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалауға сиырлар, енесінен айырғаннан кейін қашарлар мен бұқашықтар жатады.
21. Сиырлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау мынадай селекцияланатын белгілер бойынша айқындалады: 365 (үш жүз алпыс бес) күнге түзетілген тірідей салмақ; бұзаулау жеңілдігі; сүттілік.
22. Қашарлар мен бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау мынадай селекцияланатын белгілер бойынша айқындалады: туған кездегі нақты тірідей салмағы; 205 (екі жүз бес) күндік жасқа түзетілген енесінен айырған кездегі тірідей салмағы; 365 (үш жүз алпыс бес) күндік жасқа түзетілген бір жастағы тірідей салмағы.
23. Селекцияланатын белгілерді жинау үшін бонитерлер (сыныптаушы) тамыздан қазан айлары аралығында сиырлардың, сондай-ақ ағымдағы жылы туылған 6 (алты) айлық жастағы қашарлар мен бұқашықтардың тірідей салмағын, конституциясын және сырт бітімін бағалауды жүргізеді. Наурыздан сәуір айлары аралығында бонитерлер (сыныптаушы) өткен жылы туылған қашарлар мен бұқашықтардың тірідей салмағын бағалауды жүргізеді.
24. Сиырларды конституциясы және сырт бітімі бойынша бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті бағыттарындағы сиырлардың конституциясы мен сырт бітімін бағалау шәкілі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте баллдық баға төмендейтін конституция мен сырт бітімінің кемшіліктері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ескеріледі.
25. Қашарлардың және бұқашықтардың дене бітімін ортақ түрі мен дамуы бойынша бағалау 5 (бес) балдық шәкіл бойынша жүргізіледі: өте жақсы – 5 (бес) балл; жақсы – 4 (төрт) балл; қанағаттанарлық – 3 (үш) балл; қанағаттанарлықсыз – 2 (екі) балл. Бағаны 0,5 (нөл бүтін оннан бес) балл қосу арқылы нақтылауға жол беріледі.
26. Сиырлардың, бұқашықтардың және қашарлардың тірідей салмақтарының нәтижелерін және сырт бітімдерінің белгілерін бағалау бағалау күнін көрсете отырып, бонитер (сыныптаушы) САТЖАҚ-қа енгізеді.
27. Сиырларды бұзаулау жеңілдігі бойынша бағалауды шаруашылық жұмыскерлері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сиырлардың бұзаулау жеңілдігін бағалау шәкілі бойынша анықтайды, кейін нәтижелерді САТЖАҚ-қа енгізеді.
28. Өнімділіктің етті бағытындағы сиырлардың, қашарлар мен бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау үшін республикалық палата тиісті жылдың 1 (бірінші) қарашасынан кешіктірмей селекцияланатын белгілері бойынша мәліметтерді ғылыми ұйымға жібереді.
29. Ғылыми ұйым әрбір сиыр, қашар және бұқашық бойынша мәліметтердің толықтығына талдау жүргізеді және асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалауға жататын жануарлардың тізімін қалыптастырады.
30. Егер нақты сиыр, қашар және нақты бұқашық бойынша 22 және 23-тармақтарда көрсетілген мәліметтер болмаса, ол бойынша асыл тұқымдық құндылықты есептеу жүргізілмейді.
31. Қашарлардың және бұқашықтардың 205 (екі жүз бес) күндік жасқа түзетілген, енесіне айырған кездегі тірідей салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ТТс – қашардың немесе бұқашықтың 205 (екі жүз бес) күндік жасқа түзетілген, енесінен айырған кездегі тірідей салмағы;
С₈ – қашардың немесе бұқашықтың енесінен айырған кездегі нақты тірідей салмағы;
Ст – қашардың немесе бұқашықтың туылған кездегі нақты тірідей салмағы;
Өж – қашардың немесе бұқашықтың енесінен айырған кездегі жасы;
205 (екі жүз бес) – қашардың немесе бұқашықтың тірідей салмағын 205 (екі жүз бес) күндік жасқа түзетудің сандық көрсеткіші.
32. Қашарлар мен бұқашықтардың 365 (үш жүз алпыс бес) күндік жасқа түзетілген тірідей салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ТС₁₂ – 365 (үш жүз алпыс бес) күндік жасқа түзетілген қашардың немесе бұқашықтың тірідей салмағы;
С₁₂ – қашардың немесе бұқашықтың өлшеу кезіндегі нақты тірідей салмағы;
С₈ – қашардың немесе бұқашықтың енесінен айырған кездегі нақты тірідей салмағы;
Ж₁₂ – қашардың немесе бұқашықтың өлшеу кезіндегі жасы;
Ж₈ – қашардың немесе бұқашықтың енесінен айырған кездегі жасы;
160 (жүз алпыс) – 365 (үш жүз алпыс бесінші) және 205 (екі жүз бесінші) күн арасындағы айырмашылықтың сандық көрсеткіші;
ТС₈ – қашардың немесе бұқашықтың 205 (екі жүз бес) күндік жасқа түзетілген тірідей салмағы.
33. Өнімділіктің етті бағытындағы сиырлардың, қашарлар мен бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау № 149 шешіммен бекітілген Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес ғылыми ұйымда жүргізіледі.
34. Сиырлардың, қашарлар мен бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау қорытындылары бойынша мынадай жеке селекциялық индекстер белгіленеді:
сиырлар үшін: бұзаулау жеңілдігі индексі; сүттілік индексі; 365 күнге түзетілген тірідей салмақ индексі;
бұқашықтар мен қашарлар үшін: туылған кездегі тірідей салмақ индексі; тиісінше 205 және 365 күнге түзетілген, енесінен айырған кездегі және бір жастағы тірідей салмақ индекстері.
35. Сиырлардың, қашарлар мен бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау нәтижелері республикалық палатаға жіберіледі.
36. Республикалық палата индекстік бағалау жүргізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сиырлардың, қашарлар мен бұқашықтардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау нәтижелерін бағаланған жануарлардың сәйкестендіру нөмірлеріне сәйкес САТЖАҚ-қа енгізу үшін операторға береді.
3-параграф. Шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау
37. Селекция мақсаты үшін торайларды бірінші іріктеп алу енесі мен атасының асыл тұқымдық құндылығы индекстерін, сондай-ақ олардың өнімділігін ескере отырып, мегежіннен айыру күнінде (өсіріп жеткізуге ауыстыру кезінде) көзбен шолып бағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Тұқым-тегі индексі мынадай формула бойынша есептеледі:
Ти=(Аи+Еи)х0,5,
мұнда:
Ти –тұқым-тегі индексі;
Аи – атасының селекциялық индексі;
Еи – енесінің селекциялық индексі.
38. Емшек саны 12-ден (6/6) кем торайларды іріктеп алуға жол берілмейді.
39. Өсіруге ауыстырған кезде (мал басын толықтыратын жас төлдер тобына) жас төлдер жеке өлшеуге жатады, өлшеу нәтижелері туралы мәліметтер САТЖАҚ-қа енгізіледі.
40. Жас төлді өсірудің соңғы кезеңінде қайта-қайта өлшейді және тексеріп-қарайды, бұл ретте сырт бітімі кемістігінің бар болуына ерекше назар аударылады.
41. Тірідей салмағы 90-110 (тоқсан-жүз он) кг жеткен кезде, жас қабандар мен жас шошқалар өз өнімділігі бойынша бағаланады. Өлшеулер мен өлшемдердің нәтижелері туралы мәліметтер САТЖАҚ-қа енгізіледі.
42. Өз өнімділігінің фенотиптік көрсеткіштерін бағалау, индекстік бағалау және сырт бітімін аталық ізбен бағалау нәтижелері бойынша өз табынын толықтыру үшін ең жақсы нәтиже көрсеткен жас шошқалар мен жас қабандар іріктеп алынады. Қалған басы (өсуінде және дамуында кемістігі бар ауру жануарларды қоспағанда) өткізіледі.
43. Жас төлдердің өз өнімділігі көрсеткіштеріне мынадай селекцияланатын белгілер жатады:
100 (жүз) кг тірідей салмаққа жету жасы (күндер);
туылғаннан бастап 100 (жүз) кг тірідей салмаққа жеткенге дейінгі тірідей салмағының орташа тәуліктік өсімі;
бақыланатын өсірудегі тірідей салмақтың орташа тәуліктік өсімі (грамм (бұдан әрі – г));
бақыланатын өсіру станцияларымен немесе сынақ пункттерімен жарақтандырылған шаруашылықтар үшін – тірідей салмақтың 30-дан 100 кг – ға дейінгі 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындары;
дененің ұзындығы (сантиметр (бұдан әрі – см));
қыртыс майының қалыңдығы (миллиметр (бұдан әрі – мм));
ең ұзын арқа бұлшықетінің биіктігі (тереңдігі) (мм).
44. Өз өнімділіктің нақты көрсеткіштерін 100 (жүз) кг қайта есептеу 90-110 (тоқсан-жүз он) кг тірідей салмаққа жеткенде жүзеге асырылады. 90 (тоқсан) кг-дан төмен және 110 (жүз он) кг-дан жоғары тірідей салмақта қайта есептеу жүргізілмейді және өлшеулер асыл тұқымдық құндылықты есептеуде қолданылмайды.
45. 100 (жүз) кг тірідей салмаққа жету жасын анықтау үшін шошқаларды 500 (бес жүз) кг-ға дейін өлшеу шегі және 0,5 (нөл бүтін оннан бес) кг-дан аспайтын өлшеу қателігі бар таразыларда өлшеу жүзеге асырылады.
46. 100 (жүз) кг тірідей салмаққа жету жасы формула бойынша есептеледі:
мұнда:
X – 100 (жүз) кг тірідей салмаққа жету жасы (күндер);
В – соңғы өлшеу күніндегі нақты жасы (күндер);
М – соңғы өлшеген күні жануардың нақты тірідей салмағы (кг);
П – өсірудегі тірідей салмақтың орташа тәуліктік өсімі (г);
Алынған нәтиже бүтін санға дейін дөңгелектенеді.
47. Туылғаннан бастап 100 кг тірідей салмаққа жеткенге дейінгі тірідей салмақтың орташа тәуліктік өсімі жануарларды 90-110 кг тірідей салмаққа жеткенге дейін қайта-қайта өлшеу жолымен мал басын толықтыратын жас төлдерде (шошқалар мен қабандарда) анықталады және формула бойынша есептеледі:
С = (m2- п) х1000,
мұнда:
С – туылғаннан бастап 100 (жүз) кг (г) тірідей салмаққа жеткенге дейінгі тірідей салмақтың орташа тәуліктік өсімі;
m2 – соңғы өлшеу кезіндегі жануардың тірідей салмағы (кг) (90 (тоқсан) мен 110 (жүз он) кг аралығында);
п – соңғы өлшеу кезіндегі жануардың жасы (күндер);
1000 – граммен қайта есептеу коэффициенті.
48. Өсірудегі тірідей салмақтың орташа тәуліктік өсімі г-ға дейінгі дәлдікпен формула бойынша есептеледі:
Ө = ( m2 –m1)/(n2—n1),
мұнда:
Ө – өсірудегі тірідей салмақтың орташа тәуліктік өсімі (г);
m2 – бағалау жүргізілген күні жануардың тірідей салмағы (90 (тоқсан)-нан 110 (жүз он) кг дейін) (кг);
m1 – өсіруге қойған күні жануардың тірідей салмағы (кг);
n2 – бағалау жүргізілген күні жануардың жасы (90 (тоқсан)-нан 110 (жүз он) кг дейін) (күндер);
n1 – өсіруге қойған күні жануардың жасы (күндер).
49. 30 (отыз) кг-нан 100 (жүз) кг дейінгі тірідей салмақтың 1 (бір) кг өсімге жұмсалатын азық шығындары бақылау кезеңінде жануарларды азықтандыруға арналған құрғақ азықты өлшеу шегі 10 (он) кг-ға дейінгі және өлшеу қателігі 0,05 (нөл бүтін жүзден бес) кг аспайтын таразыларда күн сайын өлшеу жолымен сынақтардың бірінші күнінен соңғы күніне дейін айқындалады.
50. Жануарларды азықтандыру тәулігіне кемінде 2 (екі) рет жүзеге асырылады, бұл ретте азық қалдықтары мен ысырабына жол берілмейді.
51. Бақылау кезеңінде тірідей салмақтың 1 (бір) кг өсіміне арналған азық шығындары формула бойынша есептеледі:
Х2 = К / Х1,
мұнда:
Х2 – 30 (отыз) кг-нан 100 (жүз) кг-ға дейін бақыланатын өсіру кезінде тірідей салмақтың 1 (бір) кг өсіміне жұмсалатын азық шығындары;
К – бақылау кезеңінде желінген құрғақ азықтың салмағы (кг);
X1 –бақылау кезеңінде тірідей салмақтың өсімі (кг).
Алынған нәтиже 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) кг дәлдікпен бекітіледі.
52. Дененің ұзындығы желке жалынан бастап құйрықтың ұшына дейін арқасының ортаңғы сызығымен болат өлшеуіш таспамен өлшенеді, 1 (бір) см бөліну құнымен.
53. Дененің ұзындығы нақты тірідей салмақтың стандартты 100 (жүз) кг шамасынан ауытқуына байланысты дененің нақты ұзындығын азайтатын немесе арттыратын 1 (бір) кг тірідей салмаққа түзету коэффициентін ескере отырып, формула бойынша есептеледі:
Ұ100 — Ұн + 0,35 х (100 — С),
мұнда:
Ұ100 – дененің ұзындығы (см);
Ұн – дененің нақты ұзындығы (см);
С – соңғы өлшеу күні жануардың нақты тірідей салмағы (кг);
0,35 – түзету коэффициенті.
54. Қыртыс майының қалыңдығы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қыртыс майының қалыңдығын және ең ұзын арқа бұлшықетінің биіктігін (тереңдігін) ультрадыбыстық өлшеуге арналған нүктелердің орналасуының анатомиялық схемасы бойынша 2 нүктеде (P1, P2) қателігі 1 мм-ден аспайтын (Piglog-105 немесе ұқсастығы) шошқалардың ет сапасын ультрадыбыстық зерттеу құралының көмегімен тірі шошқаларда айқындалады.
55. P1 және P2 нүктелеріндегі қыртыс майының қалыңдығы нақты тірідей салмақтың стандартты 100 кг шамасынан ауытқуына байланысты қыртыс майының нақты қалыңдығын азайтатын немесе арттыратын 1 кг тірідей салмаққа түзету коэффициентін ескере отырып, формула бойынша есептеледі:
Қp1,p2 = ҚнР1,р2+ 0,15 х (100 - С),
мұнда:
Қp1, Р2 – P1 және P2 (мм) нүктелеріндегі қыртыс майының қалыңдығы;
Қн p1, Р2 – P1 және Р2 (мм) нүктелеріндегі қыртыс майының нақты қалыңдығы;
С – соңғы өлшеу күні жануардың нақты тірідей салмағы (кг);
0,15 – түзету коэффициенті.
56. Ең ұзын арқа бұлшықетінің биіктігі (тереңдігі) осы Қағидаларға 5-қосымшада көзделген Р2 нүктесінде қателігі 1 мм-ден аспайтын (Piglog-105 немесе аналогы) шошқалардың ет сапасын ультрадыбыстық зерттеу құралының көмегімен тірі шошқаларда айқындалады.
57. Арқа бұлшықетінің ең ұзын биіктігі (тереңдігі) нақты тірідей салмақтың стандартты 100 кг шамасынан ауытқуына байланысты арқа бұлшықетінің ең ұзын нақты биіктігін (тереңдігін) азайтатын немесе арттыратын 1 кг тірідей салмаққа түзету коэффициентін ескере отырып, формула бойынша есептеледі:
Б = Бн+0,25 х (100-С ),
мұнда:
Б – арқа бұлшықетінің ең ұзын биіктігі (тереңдігі) (мм);
Бн – арқа бұлшықетінің ең ұзын нақты биіктігі (тереңдігі) (мм);
С – соңғы өлшеу күні жануардың нақты тірідей салмағы (кг);
0,25 – түзету коэффициенті.
58. Мал басын толықтыратын жас шошқалар мен жас қабандардың сырт бітімі көзбен көріп бағаланады. Кратерлік емшек кемінде 12 (6/6) болатын, сырт бітімінің кемістігі (алдыңғы аяқтарының қойылуы қатты икс тәрізіді, жауырын сыртында немесе белінде дененің оқыс ұстап қалатын, арқасының салбыраңқы болуы, тұмсығының қисықтығы, тістеуі дұрыс емес) бар жануарлар бағалауға жатпайды және табыннан шығарылады.
59. Мегежіндер :
1) өз өнімділігі;
2) өсімді молайту сапасы бойынша бағаланады.
60. Тексерілетін мегежіндердің өсімді молайту сапасы бірінші торайлау бойынша, ал негізгілер – барлық торайлау бойынша орташа есеппен (біріншісін қоса алғанда) мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:
көптөлділік (бас);
енесінен айыру кезіндегі торайлардың саны (бас);
енесінен айыру кезіндегі ұяның салмағы 30 (отыз) күнде (кг).
61. Көптөлділік туылған тірі торайлардың (оның ішінде әлсіздердің) санымен анықталады.
62. Есенінен айыру кезіндегі ұяның салмағы 30 (отыз) күнде осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес ұяның салмағын енесінен айыру кезіндегі ұяның салмағына 30 (отыз) күнде қайта есептеу үшін түзету коэффициенттерін қолдана отырып, ұяның нақты салмағын торайлаудан кейін 21-45 (жиырма бірінші қырық бесінші) күнге түзету жолымен айқындалады және 1 (бір) кг дейінгі дәлдікпен бекітіледі.
63. Қабандар:
өз өнімділігі (төл басын толықтыратын қабандар сатысында алынған бағалау);
өсімді молайту сапасы (барлық ұрғашы туыстары (енесі, ұрғашы төлдер) туралы мәліметтер негізінде алынған бағалау);
ұрықтандыру қабілеті бойынша бағаланады.
64. Қабанның ұрықтандыру қабілеті формула бойынша есептеледі:
мұнда:
ҚҰқ – қабанның ұрықтандыру қабілеті;
Құ – қабан (қабанның ұрығымен) ұрықтандырған мегежіннің торайланған саны;
А – қабан (қабанның ұрығымен) ұрықтандырған іш тастаған мегежіндердің саны;
Б – буаздылықтың екінші кезеңінде жарамсыз деп танылған, қабан (қабанның ұрығымен) ұрықтандырған мегежіннің саны;
Ұм – қабан (қабанның ұрығымен) ұрықтандырған мегежіндер саны.
65. Шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау үшін республикалық палата жылына кемінде 1 (бір) рет тиісті жылдың 1 (бірінші) қарашасынан кешіктірмей селекцияланатын белгілер бойынша мәліметтерді ғылыми ұйымға жібереді.
66. Ғылыми ұйым әрбір шошқа бойынша мәліметтердің толықтығына талдау жүргізеді және асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалауға жататын жануарлардың тізімін қалыптастырады.
67. Шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалауды ғылыми ұйым № 149 шешіммен бекітілген Шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізеді.
68. Шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау нәтижелері республикалық палатаға жіберіледі.
69. Республикалық палата индекстік бағалау жүргізілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын индекстік бағалау нәтижелерін операторға бағаланған жануарлардың сәйкестендіру нөмірлеріне сәйкес САТЖАҚ-қа енгізу үшін береді.
Индекстік бағалау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы сиырлардың селекцияланатын сыртқы белгілерін бағалау шәкілі
1. Дене бітімінің типі | ||
Өте құрғақ, сүйектері жалпақ | 9 | |
Сүтті типі, үшбұрыш көрсетілген, қабырғалары тегіс, жақсы көрінеді, қиғаш | 8 | |
Белгілердің айқындылығының орташа көрсеткіштері | 5-7 | |
Қабырғалар нашар көрінеді, дөңгелек, олардың бұрышы түзуге жақын | 3-4 | |
Етті типі, сүйектері дөңгелектенген, бұлшық еттері айқын, шоқтығы мен қабырғалары көрінбейді | 1-2 | |
2. Дене бітімінің мықтылығы | ||
Алдыңғы аяқтардың жоғарғы бөлігінің ішкі жақтары арасындағы қашықтық. Өте кең және күшті | 9 | |
Кең және күшті | 7 | |
Орташа | 5 | |
Тар | 3 | |
Өте тар және әлсіз | 1 | |
3. Бойы (құйымшақтан) | ||
Өте жоғары | 9 | |
Жоғары | 7 | |
Орташа | 5 | |
Төмен | 3 | |
Өте төмен | 1 | |
4. Дененің тереңдігі | ||
Өте терең | 9 | |
Терең | 7 | |
Орташа | 5 | |
Қысқа | 3 | |
Өте қысқа | 1 | |
5. Құйымшақтың (жамбастың) көлбеуі | ||
Артқы жағы салбыраған (10 сантиметр (бұдан әрі – см) және одан да көп) | 9 | |
Қиғаш құйымшақ (7-8 см) | 7 | |
Орташа және мінсіз көлбеу (3-4 см) | 5 | |
Тегіс, көлбеу бұрышы жоқ (0 см) | 3 | |
Бұрышы қарама-қарсы, арты көтеріңкі | 1 | |
6. Артының ені | ||
Өте кең | 9 | |
Кең | 7 | |
Орташа | 5 | |
Тар | 3 | |
Өте тар | 1 | |
7. Артқы аяқтардың қойылуы (бүйірінен көрініс) | ||
Өте қылыш тәрізді, бұрышы 134º-тан аз (бұдан әрі - º) | 9 | |
Қылыш тәрізді (орақ тәрізді) | 7 | |
Мінсіз иілу, бұрышы 147 º | 5 | |
Шағын иілу | 3 | |
Шораяқты, бұрышы 160 º-ден асады | 1 | |
8. Артқы аяқтардың қойылуы (артқы көрініс) | ||
Тік | 9 | |
Өте аз бұрылыс бар | 7 | |
Шағын бұрылыс бар | 5 | |
Орташа бұрылыс бар | 3 | |
Тірсегінің ішке қарай қатты бұрылуы | 1 | |
9. Тірсегінің көрінісі | ||
Аяқтары тегіс, тірсегінің буыны құрғақ | 9 | |
Тірсегінің буыны құрғақ | 7 | |
Тірсегінің буыны орташа қалыңдау | 5 | |
Тірсегінің буыны қалыңдау | 3 | |
Аяқтар цилиндр тәрізді, тірсегінің буыны қатты қалыңдау | 1 | |
10. Тұяқ бұрышы | ||
Дөңбек келген (50 º астам) | 9 | |
Оңтайлы (45о), өкшенің биіктігі 2 см-ден асады | 6 | |
Оңтайлыдан (40 º) төмен | 5 | |
Тегіс (35 º) | 3 | |
Үшкір (30 º-ден аз) | 1 | |
11. Желіннің тереңдігі | ||
Өте жоғары (таяз) (13 см-ден астам) | 9 | |
Жоғары (10 см) | 7 | |
Желіннің оңтайлы тереңдігі (5 см) | 5 | |
Тірсек буынның деңгейінде (0 см) | 3 | |
Терең, тірсек буынынан төмен (4 см немесе одан да көп) | 1 | |
12. Желіннің алдыңғы бөлігін бекіту | ||
Оңтайлы, бұрышы 170 º-ден асады | 9 | |
Күшті, бұрышы 150 º және одан жоғары | 7 | |
Орташа, бұрышы шамамен 130 º | 5 | |
Әлсіз, бұрышы 110 º | 3 | |
Өте әлсіз, бұрышы 90 º және одан аз | 1 | |
13. Орталық желін байламы | ||
Желін атызы өте қатты , желіннің негізі ойыс (-6 см) | 9 | |
Желін атызы қатты, желіннің негізі ойыс (- 4-5 см) | 7 | |
Ортаңғы, атызы айқын көрінбейді, желіннің негізі ойыс (- 1-2 см) | 5 | |
Желін атызы әлсіз, желіннің негізі дөңес (0- + 0,5 см) | 3 | |
Желін атызы өте әлсіз, желіннің негізі дөңес (+1 см) | 1 | |
14. Желіннің артқы жағының орналасу биіктігі | ||
Өте жоғары орналасу (21 см және одан аз) | 9 | |
Жоғары орналасу (24-25 см) | 7 | |
Орташа биіктікті орналасу (28-29 см) | 5 | |
Төмен орналасу (32-33 см) | 3 | |
Өте төмен орналасу (36 см немесе одан да көп) | 1 | |
15. Желіннің артқы жағының ені | ||
Өте кең – пішіні тікбұрышты (16,5 см) | 9 | |
Кең (16,5 см) | 7 | |
Орташа енді – пішіні трапеция (14 см) | 5 | |
Ені шағын (11,5 см) | 3 | |
Ені өте кішкентай – пішіні үшбұрышты (11,5 см) | 1 | |
16. Алдыңғы емшектердің орналасуы | ||
Өте жақын | 9 | |
Сәл жақын | 7 | |
Емшек ортасында орналасқан | 5 | |
Сәл кең | 3 | |
Өте кең | 1 | |
17. Артқы емшектердің орналасуы | ||
Тар (ішке) | 9 | |
Сәл жақын | 7 | |
Ортасында | 5 | |
Сәл кең | 3 | |
Өте кең (сыртқа) | 1 | |
18. Артқы емшектердің ұзындығы | ||
Өте ұзын (9 см немесе одан да көп) | 9 | |
Ұзын (7 см) | 7 | |
Оңтайлы (5 см) | 5 | |
Қысқа (3 см) | 3 | |
Өте қысқа (1 см) | 1 |
Индекстік бағалау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Өнімділіктің етті бағыттарындағы сиырлардың конституциясы мен сырт бітімін бағалау шәкілі
Р/с № | Көрсеткіш | Жоғары балмен бағалауға қойылатын талаптар | Ең жоғары балл | Коэффициент | Балл сомасы |
1. | Жалпы түрі, бұлшық еттің дамуы және сыртқы дене бітімі | Пропорционалды дене бітімі, кең және дөңгелек дене, бұлшықеті жақсы дамыған және күшті, бірақ қаңқасы дөрекі емес. Сырт бітімінде ақаулардың болмауы | 5 | 3 | 15 |
2. | Желін | Жеткілікті дамыған, пішіні дұрыс | 5 | 2 | 10 |
3. | Аяқтар | Дұрыс қойылған, сау, тұяқтары мықты | 5 | 1 | 5 |
Индекстік бағалау жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Балдық баға төмендейтін конституция мен сырт бітімінің кемшіліктері
Р/с № | Жануардың дене бітімінің жаратылысы және жалпы дамуы | Кемшіліктер тізбесі |
1. | Жалпы дамуы | Жетілмеген, дене бітісі үйлесімді емес, сүйек бітімі дөрекі немесе нәзік, жоғары аяқты (тұқымға тән емес), бұлшық еті осал дамыған, тар денелі, аталық бездердің дамымауы, тұқымның түрі нашар көрінеді. |
2. | Сырт бітімінің жаратылысы: | |
бас және мойын |
Басы ауыр, дөрекі, тұқымға тән емес; | |
кеуде | Кеудесі терең емес, жіңішке, жаурының арты ойқы, бұлшықеттері нашар дамыған, кеуде қуысы аз, кеуде сүйегінің алдыға қарай шығып тұратын ұшы белгіленбеген. | |
шоқтық, арқа, белі | Шоқтығы тар, үшкір; арқасы және белі тар, бұлшық еттері нашар; арқасы салбыр немесе құныс, белі қысаң (жұмсақ). | |
саны | Малдың саны мен санның ішкі жақтарының бұлшық еттері нашар дамыған. | |
құйымшақ | Қысқа, салбыраңқы, төбе тәріздес, бұлшықеттері нашар; бөкесі сүйір, құйрығы жоғары немесе тым төмен орналасқан. | |
желін | Жеткілікті дамымаған, пішіні дұрыс емес. | |
аяқтары | Дұрыс қойылмаған, артқы жағы қылыш тәрізді, алдыңғы және артқы буындары жақын орналасқан (х тәрізді), тұяқ мүйізі әлсіз. |
Индекстік бағалау жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Сиырлардың бұзаулау жеңілдігін бағалау шәкілі
Бұзаулау жеңілдігіне сипаттама | Сипаттама | Балл, (код) |
Өздігінен бұзаулау | Сиыр (бірінші бұзаулау) басқа біреудің көмегінсіз бұзаулады | 1 |
Жеңіл бұзаулау | Мамандандырылған құралды қолданбай | 2 |
Ауыр бұзаулау | Мамандандырылған құралды қолдану арқылы | 3 |
Іштегі төлдің дұрыс жатпауы | Бұзаулағанда көмек қажет | 4 |
Хирургиялық араласу | Хирургиялық араласу қажет | 5 |
Индекстік бағалау жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
Қыртыс майының қалыңдығын және ең ұзын арқа бұлшықетінің биіктігін (тереңдігін) ультрадыбыстық өлшеуге арналған нүктелердің орналасуының анатомиялық схемасы
Р1 – нүкте бел омыртқасының үшінші және төртінші омыртқаларының арасында (дененің дорзальдік жағында) ортаңғы арқа сызығынан 7 сантиметр (бұдан әр – см) қашықтықта орналасқан. Осы нүктеде қыртыс майының қалыңдығы ғана өлшенеді.
Р2 – нүкте артқы ортаңғы сызықтан 7 см қашықтықта үшінші-төртінші қабырға деңгейінде (дененің дорзальдік жағында) орналасқан. Осы нүктеде қыртыс майының қалыңдығы мен ең ұзын арқа бұлшықетінің биіктігі (тереңдігі) дәйекті түрде өлшенеді.
Индекстік бағалау жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
Ұяның салмағын енесінен айыру кезіндегі ұяның салмағына 30 (отыз) күнде қайта есептеу үшін түзету коэффициенттері
Өлшеу кезіндегі жас, күндер | Коэффициент | Өлшеу кезіндегі жас, күндер | Коэффициент | Өлшеу кезіндегі жас, күндер | Коэффициент |
21 | 1,47 | 35 | 0,86 | 49 | 0,54 |
22 | 1,40 | 36 | 0,82 | 50 | 0,52 |
23 | 1,32 | 37 | 0,79 | 51 | 0,51 |
24 | 1,26 | 38 | 0,76 | 52 | 0,50 |
25 | 1,20 | 39 | 0,73 | 53 | 0,48 |
26 | 1,15 | 40 | 0,70 | 54 | 0,47 |
27 | 1,14 | 41 | 0,68 | 55 | 0,46 |
28 | 1,07 | 42 | 0,66 | 56 | 0,45 |
29 | 1,04 | 43 | 0,64 | 57 | 0,44 |
30 | 1,00 | 44 | 0,62 | 58 | 0,42 |
31 | 0,97 | 45 | 0,60 | 59 | 0,41 |
32 | 0,94 | 46 | 0,58 | 60 | 0,40 |
33 | 0,91 | 47 | 0,57 | 61 | 0,39 |
34 | 0,88 | 48 | 0,55 | 62 | 0,38 |