"Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 мамырда № 32479 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Астықтың резервтік қорын сақтау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22952 болып тіркелген) бекітілген "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарында жүзеге асырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Астықтың резервтік қорының сандық және сапалық жай-күйін бақылау Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады