Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 мамырда № 32496 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы мониторингі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 355 бұйрығына
1 қосымша

Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары туралы

      1. Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру Қағидалары және біліктілік талаптары (бұдан әрі – қағидалар) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық реэкспортына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) эксаумақтық кері экспорт – Қазақстан Республикасында өндірілген, қайта өңдеуге ұшырамаған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды басқа шет мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;

      2) шетелдік тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтық құқық қабілеттілігі шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын заңды тұлғалар;

      3) өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар.

      4. Эксаумақтық кері экспорт шетелдік тұлғалармен эксаумақтық кері экспорт рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидалардың 1-қосымшада баяндалған.

2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші шетелдік тұлғалардың не уәкілетті өкілдің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы көрсетеді:

      1) Мемлекеттік корпорацияға;

      2) "Электрондық үкімет" веб-порталына www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - портал).

      7. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды эксаумақтық кері экспорттауға рұқсат 1 (бір) жыл мерзімге, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жүргізілетін тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде беріледі. Рұқсаттың қолданылу мерзімі лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттардың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.

      8. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдау және беру күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексеру не шетелдік құзыретті органдардан немесе ұйымдардан ақпаратты растау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызметті қараудың және көрсетудің жалпы мерзімі - 30 (отыз) жұмыс күні ішінде. Бұл жағдайда рұқсат көрсетілетін қызметті беруші осындай растауды немесе ақпаратты алғаннан кейін беріледі.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      12. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толықтығы жағдайда, осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының, немесе онын міндетін атқарушы тұлғаның, электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі-дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жібереді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы уәкілетті органның "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында көзделген тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салуды жібереді (келесі – Ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру қағидалары).

      Өзіндің ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде ақпаратты ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 283 қаулысында айқындалған тәртіппен жібереді.

      Өзіндің ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы алынған ақпарат негізінде тәуекелдерді бағалауды 5 жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      14. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салумен бір мезгілде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін оның түпнұсқалығына тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді (бұдан әрі-растау).

      Заңның 29-бабының негізінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан өзіндің ерекшелігі бар тауарларды бақылау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

      15. Жүргізілген тәуекелдерді бағалау және импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексеру нәтижелері негізінде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіндің ерекшелігі бар тауарларды эксаумақтық кері экспорттауға рұқсат мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері осы Қағиданың 1-қосымшасында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алуы:

      1) Мемлекеттік корпорация - қолма-қол;

      2) портал - электрондық.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының, Жоғары тұрған мемлекеттік органның атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      19. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса не шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25 бабының 2 тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Өзіндік ерекшелігі бар
тауарлардың эксаумақтық кері
экспортына рұқсат беру
қағидаларына
1-қосымша

"Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексеру не шетелдік құзыретті органдардан немесе ұйымдардан ақпаратты растау жағдайларын қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күні ішінде. Бұл жағдайда рұқсат көрсетілетін қызметті беруші осындай растауды немесе ақпаратты алғаннан кейін беріледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация - дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, кодекске сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Келіп түскен өтініштерді тіркеу дүйсенбіден жұманы қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 17.00-ден кейін түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) "өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) "өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысаны;
3) импорттаушы елдің алушы елдің құзыретті органы берген импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарды мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оның өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органының келісімінсіз үшінші елдерге оның эксаумақтық кері экспортына жол бермеу туралы кепілдік міндеттемесі;
4) сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - Тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат;
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір беті көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылуға не құжаттардың көшірмелері тігілуге және олардың соңғы парақтары көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылуға тиіс;
2. Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш осы "өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) "өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысаны;
3) импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарды мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оның үшінші елдерге эксаумақтық кері экспортына жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің электрондық көшірмесі Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының келісімі;
4) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - Тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіру немесе нұқсан келтіру қатері туындаған жағдайларда;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін бұзу;
8) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру кезінде теріс шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады;
9) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылса;
10) егер рұқсат алуға өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш берушіге қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылса немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде өтініш беруші қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылса;
11) егер өтініш берушіге соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары қолданылса;
12) егер өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын бұзса, жүзеге асырылады;
13) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
14) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
16) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - www.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.mііd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.
3) портал - www.egov.kz, ww.elicense.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды эксаумақтық
кері экспорттауға рұқсат беру"
қағидаларына қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
1-қосымша

      нысан

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды эксаумақтық кері экспорттауға рұқсат алу үшін өтініш

1. Кімге____________________________________________________________________________ ____
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

2. Кімнен _________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды (нақты) мекенжайы, телефоны)

3. Жөнелтуші ел:

4. Алушы ел:

5. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны))

6. Рұқсатқа сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. Өзіндік ерекшелігі бар тауардың атауы:

8. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауардың коды:

10. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісім шарт валютасы:

13. Құны:

9. Бақылау тізімдері бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауардың коды:

11. Саны:

14. Басшы ________ _________________________________
қолы (аты-жөні (боланға жағдайда)
М.О.(боланға жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

15. Уәкілетті орган
___________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы))
Өтініш
20__жылғы "____" _________________ қарауға қабылданды

16. Рұқсаттың ерекше шарттары

      * Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берілген жағдайда ғана мөрмен куәландырылады қолы.

  "Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды эксаумақтық кері
экспорттауға рұқсат беру"
қағидаларына қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
2 - қосымша

      нысан

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды аумақтан тыс қайта экспорттауға рұқсат алу үшін мәліметтер нысаны *

      1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) № және күні - заңды тұлға үшін: _______________________;

      2. жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты берген мемлекеттік органның №, күні, атауы:___________;

      3. өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің № және берілген күні - жеке кәсіпкер үшін:

      ____________________________________________________________________;

      4. Қазақстан Республикасынан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттауға әкетуге бұрын берілген рұқсат құжаты бойынша ақпарат: № өзіндік ерекшелігі бар тауарларды экспорттауға лицензия; берілген күні

      (күн / ай / жыл) __________________________________________________. *

      шетелдік заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші уәкілетті органға өтініш берушінің заңды тұлғасын - заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) - жеке кәсіпкер үшін.

  Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды эксаумақтық
кері экспорттауға рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша

      нысан

  (Тегі, аты, әкесінің аты
болған жағдайда
(бұдан әрі – аты-жөні),
немесе ұйымның атауы
көрсетілетін қызметті алушы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбағаныңызға байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады (Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) Мемлекеттік қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісімен, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ________________________________________________________....

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды. Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), (бұдан әрі – Т. А. Ә.)

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т. А. Ә._____________

      Телефон _______________________

      Алды: ______________________

      Көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. / қолы

      "___" _________ 20__ жыл

  Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды эксаумақтық
кері экспорттауға рұқсат
беру қағидаларына
3 - қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті



 

Комитет индустриального развития Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

Астана қ.


г. Астана

Нөмір:[Құжаттың нөмірі]


Берілген күні:
[Берілген күні] жылы



[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің[күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. [Бас тарту негіздемесі]




[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

  Өзіндік ерекшелігі бар
тауарларды эксаумақтық
кері экспорттауға рұқсат
беру қағидаларына
4 - қосымша

      нысан

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды эксаумақтық кері экспорттауға рұқсат

1. Рұқсат №

2. Өтініш білдіруші (заңды (тұрғылықты) мекен-жайы, телефон):

3. Жөнелтуші ел:

4. Алушы ел:

5. Соңғы пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны)):

6. Рұқсатты сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. Өзіндік ерекшелігі бар тауардың атауы:

8. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауардың коды:

10. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісім шарттың валютасы

13. Құны:

9. Бақылау тізімдері бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауардың коды:

11. Саны:

14 Келісілді:

15. Уәкілетті орган _____________________________________________
(құзырлы органның толық атауы)
Басшы (уәкілетті тұлға) ________________________________________
(аты-жөні (болған кезде)
_____________________қолы
Берілген күні: ____жылғы "___" _________ _________
Қолдану мерзімі: ____ жылғы "___" _________ _________

16. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

17. Рұқсаттың ерекше шарттары

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 355 бұйрығына
2 қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған тізбесі

      1. "Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген).

      2. "Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 502 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14047 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2, 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16901 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өнеркәсіп және экспорттық бақылау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 964 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18146 болып тіркелген).

      5. "Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 395 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20979 болып тіркелген).

      6. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 321 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23280 болып тіркелген).

      7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 13 мамырдағы № 268 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28106 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады