БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 473 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 69 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17787 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет – ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице – министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. |
__________Т. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
__________Д. Қыдырәлі |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6 тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бұйрықтарымен әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) - мерзімді баспа басылымдары, ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар, интернет-ресурстар;
2) болмашы бұзушылық - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, оларды сақтамау халықтың өміріне және денсаулығына қауіп төндіру алғышарттарын тудырмайтын, бірақ өз қызметін жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілері (объектілері) үшін міндетті болып табылатын бір расталған өтініш пен шағымның болуы;
3) елеулі бұзушылық - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне туындаған қауіптің алғышарттарын жасайтын талаптардың бұзылуы, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты екі расталған шағым мен өтініштің болуы;
4) өрескел бұзышылық - бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған норманың сақталмауына байланысты талаптардың бұзылуы (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді), сондай-ақ адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптардың бұзылуы, бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты үш және одан да астам расталған шағымның немесе мен өтініштің болуы;
5) тәуекел - бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі - объективті өлшемшарттар) - тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына байланысты іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілері (объектілері) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тексеру парағы - бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;
10) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
11) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
12) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар жөніндегі бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар жөніндегі мемлекеттік органдар бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
4. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
5. Объективті өлшемшарттарды айқындау тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.
6. Тәуекелді айқындау мынадай өлшемшарттардың бірін ескере отырып, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын саланың ерекшелігіне қарай жүзеге асырылады:
1) объектінің қауіптілік (күрделілік) деңгейі;
2) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ықтимал теріс салдарлар ауырлығының ауқымы;
3) адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі.
Барлық ықтимал тәуекелдерге талдау жүргізгеннен кейін бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің үш дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.
7. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары тарату туралы заңнамасының сақталуына тәуекелді айқындау бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне бақылау субъектілердің (объектілердің) заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсiлдермен еркiн ақпарат алу және тарату құқықтарына, сөз бен шығармашылық бостандығына, жеке басының, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігіне конституциялық кепілдіктерді қамтамасыз етпеумен байланысты қызметімен зиян келтіру ықтималдығына қарай жүзеге асырылады.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне мерзімді баспа басылымдарының иелері, тәуекелдің орташа дәрежесіне ақпараттық агенттіктердің, желілік басылымдардың иелері, тәуекелдің төмен дәрежесіне интернет-ресурстардың иелері жатады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
8. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
9. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көзі:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.
10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган бағалауға жататын субъективті өлшемшарттарды қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
11. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарды айқындау бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы саланың ерекшелігін ескере отырып бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.
Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.
12. Осы Өлшемшарттардың 4-тарауына сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Мерзімді баспасөз басылымдары, ақпараттық агенттіктер, желілік басылымдар және интернет-ресурстар меншік иелерінің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі осы Өлшемшарттарға 1 және 2-қосымшаларда келтірілген.
14. Бақылау субъектілері (объектілері), бұқаралық ақпарат құралдары саласында жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда ақпараттық жүйені қолдана отырып ауыстырылады:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісін (объектісін) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған болса.
15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.
Жеңілдететін индикаторларға:
1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы.
Бұл ретте бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босатуды реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар олар бойынша деректер жеңілдететін индикаторларда көрсетілген тәсілдермен алынған талаптар бөлігінде жүзеге асырады.
4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
16. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC, мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – осы Өлшемшартардың 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
17. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
18. Осы Өлшемшартардың 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi,
n – көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшартардың 12-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
19. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Өлшемшарттардың 16-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
5-тарау. Қорытынды ережелер
20. Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен артық болмауы тиіс.
21. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
22. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің неғұрлым жоғары көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Мерзімді баспасөз басылымдары меншік иелерінің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі
р/с № | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығуы | болмашы |
2. | Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілмеген тілде таратылуы | елеулі |
3. | Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату | елеулі |
4. | Интернет желісі арқылы таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға тарату. | өрескел |
5. | Этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамалау | өрескел |
6. | Темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жарнамалау | өрескел |
7. | Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалау | өрескел |
8. | Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыру | өрескел |
9. | Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау | өрескел |
10. | Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату | өрескел |
11. | Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату | өрескел |
12. | Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану) | өрескел |
13. | Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы тарату | елеулі |
14. | Бейәдеп және жасырын жарнаманы тарату | елеулі |
15. | Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалану | елеулі |
16. | Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтыла отырып, әлеуметтік жарнамаларды тарату | елеулі |
17. | Басылымның тақырыптық бағытын көрсете отырып, жазылым бойынша мерзімді баспа басылымдарын тарату | болмашы |
18. | Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға | елеулі |
19. | Қазақстан Республикасының аумағында мерзімді баспасөз басылымдарында (балалар мен діни басылымдарды қоспағанда) газеттердің бірінші және соңғы беттерінде; журналдардың, альманахтардың, бюллетеньдердің, оларға қосымшалардың беттерінде және мұқабаларында өндірілген тауар белгісінің және (немесе) шараптың атауының жарнамасын тарату; салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі әлеуметтік жарнаманы сүйемелдеусіз, жарнаманың көлемі көлемі (кеңістігі) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар таңбасы жарнамасының және (немесе) шараптың атауының жарнамалық алаңының (кеңістігінің) көлеміне тең | елеулі |
20. |
Мерзімді баспасөз басылымдарында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар белгісінің және (немесе) шараптың атауының жарнамасын тарату: | өрескел |
21. | Мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегiн даналарының электрондық-цифрлық нысандарын ұсынбау | болмашы |
22. | Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес, пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларда, шетелдік жеке және заңды тұлғаларда болуы | өрескел |
Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Ақпараттық агенттіктердің, желілік басылымдардың және интернет-ресурстардың меншік иелерінің қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы субъектілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі
р/с № | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1. | Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен шығуы | болмашы |
2. | Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабар таратудың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату | елеулі |
3. | Этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді жарнамалау | өрескел |
4. | Темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жарнамалау | өрескел |
5. | Электрондық казиноны және интернет-казиноны жарнамалау | өрескел |
6. | Жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыру | өрескел |
7. | Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалау | өрескел |
8. | Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, соның ішінде құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату | өрескел |
9. | Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату | өрескел |
10. | Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған мәліметтерді қамтитын, интернет-ресурста пайдаланушылар орналастыратын ақпаратты қоса алғанда, оқырман хаттарын бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерін көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, Интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану) | өрескел |
11. | Мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі), жосықсыз бәсекелестік жағдайларды қоспағанда, жосықсыз және анық емес жарнаманы тарату | елеулі |
12. | Бейәдеп және жасырын жарнаманы тарату | елеулі |
13. | Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату үшін жарнаманы пайдалану | елеулі |
14. | Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, демеушілер, өмірлік қиын жағдайда жүрген немесе емделуге мұқтаж, өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілу мақсатындағы жеке тұлғалар туралы айту, сондай-ақ әлеуметтік жарнамада, егер осы жарнаманың мазмұны қайырымдылық немесе өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, әлеуметтік бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы ақпаратпен тікелей байланысты болса, осындай коммерциялық емес ұйымдар туралы айту жағдайларды қоспағанда, дараландыру құралдары туралы, жеке және заңды тұлғалар туралы айтыла отырып, әлеуметтік жарнамаларды тарату | елеулі |
15. | Әлеуметтік жарнаманы және кәмелетке толмағандарға арналған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ кәмелетке толмағандардың физикалық, психикалық денсаулығы мен адамгершілігіне зиянды әсер етуге алып келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын қоспағанда, кәмелетке толмағандардың бейнелерін жарнамада көрнекі немесе дыбыстық пайдалануға | елеулі |
16 | Осы саладағы қызметтерді жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары меншік иесінің - заңды тұлғаның (үлес,пай) 20 пайыздан жоғары акциялар азаматтық емес тұлғаларда, шетелдік жеке және заңды тұлғаларда болуы | өрескел |
17 | Қазақстан Республикасы аумағында желілік басылымдар меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының болуы | өрескел |