"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 666 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12049 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 18 мамырдағы № 83 Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
3) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) динамикалық байқау - пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
5) жедел медициналық жәрдем - өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;
6) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;
7) жоспарлы медициналық көмек – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
8) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
9) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;
10) медициналық мақсаттағы бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
11) медициналық көмек көрсету бірінші деңгейі – медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
12) медициналық көмек көрсету екінші деңгейі – амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың, оның ішінде бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
13) медициналық көмек көрсету үшінші деңгейі – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бастапқы және қайталама мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі.
14) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қамтитын халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
15) медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ) – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
16) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
17) пациент – медициналық көмек көрсетуді талап ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық қызметтерді тұтынушы болып табылатын (болған) жеке тұлға;
18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
19) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
3. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына:
1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;
2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін, құрамында урологиялық бөлімшелері (төсектер) және (немесе) хирургиялық бөлімшелер құрамында төсектері бар денсаулық сақтау ұйымдары, ғылыми ұйымдар жатады.
4. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:
1) урологиялық және андрологиялық аурулардың профилактикасы мен ерте диагностикасына, мүгедектік пен олардан болатын өлімнің профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
2) медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, заманауи технологиялар мен диагностика мен емдеу әдістерін, оның ішінде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген ЖТМҚ қолдана отырып, урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
5. Халыққа урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
6. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
7. Урологиялық және андрологиялық көмек:
1) ТМККК шеңберінде ("Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес);
2) МӘМС жүйесінде ("Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес);
3) ақылы негізде "Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21559 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
8. Урологиялық және андрологиялық көмек амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, үйде, шұғыл және жоспарлы нысандарда, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
2-тарау. Урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Амбулаториялық жағдайда урологиялық және андрологиялық көмек көрсету тәртібі
9. Амбулаториялық жағдайда урологиялық және андрологиялық көмек:
бірінші деңгейде МСАК мамандары;
екінші деңгейде аудандық, ауданаралық, қалалық емханалардың (бұдан әрі – емхана) урологиялық кабинеттері, көп бейінді қалалық және (немесе) облыстық ауруханалардың консультациялық-диагностикалық орталықтары құрамындағы ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтары (бұдан әрі – ЕД және ОҰО), ғылыми ұйымының құрамындағы ерлер денсаулығы мен отбасылық ұзақ өмір сүру орталығымен көрсетіледі.
10. Бірінші деңгейде МСАК маманы:
1) урологиялық және андрологиялық аурулардың шағымдары мен симптомдары бар пациенттер жүгінген кезде КХ-ға сәйкес диагностикалық зерттеулерді тағайындайды және диагнозды нақтылау және консультациялық-диагностикалық көмек алу үшін екінші деңгейде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының (аудандық және (немесе) қалалық емхананың) "урология (ересектер, балалар)" (бұдан әрі –уролог) мамандығы бойынша бейінді маманына жібереді;
2) КХ және урологтың ұсынымдарына сәйкес урологиялық және андрологиялық аурулардың белгіленген диагнозы бар пациенттерге медициналық манипуляциялар жүргізеді және динамикалық байқауды жүзеге асырады;
3) көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызуға жібереді.
11. Медициналық көмек көрсетудің бірінші деңгейінде урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттер "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
12. Емхананың урологы, штаттарда болмаған жағдайда хирург:
1) дифференциалды диагностика, диагноз қою мақсатында КХ-ға сәйкес пациентке диагностикалық зерттеулер тағайындайды;
2) көрсетілімдер бойынша көпбейінді қалалық және (немесе) облыстық көпбейінді аурухананың консультациялық-диагностикалық орталығының урологына жібереді;
3) мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда ЖТМҚ қолдана отырып, шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызуға жібереді;
4) мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда ЖТМҚ қолдана отырып, жоспарлы емдеуге жатқызуға жібереді;
5) андрологиялық патологиясы бар пациенттер (еркектік бедеулігі, эректильді дисфункция, қуық асты безінің аурулары) анықталған кезде ЕД және ОҰО-ға жібереді;
6) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ – 198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрық) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беру, еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізеді.
13. Емхананың урологы және (немесе) хирургы:
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР – ДСМ -175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі- № ҚР-ДСМ -175/2020 бұйрық) сәйкес есепке алу және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21879 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрық) сәйкес есеп құжаттаманы рәсімдейді және жүргізеді;
операциядан кейінгі кезеңде стационардан шығарылған пациенттерге бақылау жүргізеді;
КХ-ға сәйкес урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге динамикалық (диспансерлік) байқау жүзеге асырады;
"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) сәйкес қатерлі ісікке дейінгі және қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау скринингті ұйымдастыру бойынша үйлестіруді және басшылықты жүзеге асырады.
14. ЕД және ОҰО облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың көпсалалы ауруханаларының құрамында құрылады.
ЕД және ОҰО басшысымен мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі бар уролог және (немесе) андролог дәрігер тағайындалады.
15. ЕД және ОҰО штаттарында эндокринолог, кардиолог, дерматовенеролог, зертханашы дәрігер, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, медициналық психолог, орта және кіші медициналық персонал лауазымдары көзделген.
16. ЕД және ОҰО құрылымында мынадай бөлімшелер көзделеді:
мамандар дәрігерлерінің кабинеттері,
уродинамикалық зерттеулер кабинеті,
ЭКГ және велоэргометрия кабинеті,
ультрадыбыстық диагностика кабинеті,
физиотерапия кабинеті,
емшаралық кабинет,
пенилді манипуляциялар кабинеті,
материал алуға және тік ішекті манипуляциялауға арналған кабинет.
ЭКГ және велоэргометрия кабинетін және УДЗ-диагностика кабинетін құру мүмкіндігі болмаған жағдайда пациент аурухананың консультатиялық-диагностикалық орталығының функционалдық және УДЗ диагностика бөлімшелеріне жіберіледі.
17. ЕД және ОҰО міндеттері:
1) мамандандырылған көмекті ұйымдастыру және көрсету;
2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық қарап-тексерулерді ұйымдастыру;
3) репродуктивтік және жыныстық денсаулықты сақтау, қауіпсіз ана мен әке болу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы, отбасы ішілік қарым-қатынастың психологиялық проблемалары, медициналық-генетикалық консультация беру, отбасын жоспарлау, салауатты өмір салты мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
4) аралас мамандықтағы пациенттер мен дәрігерлерді жыныстық сала ауруларының профилактикасы дағдыларына және онкологиялық сақтық пен өмір сапасын арттыруға үйрету;
5) уроандрологиялық аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шаралар;
6) репродуктивтік және эректильді дисфункциясы бар, жасырын интеркурренттік патологиясы бар, еркектік жыныс саласының түрлі аурулары бар (оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге) профилактикалық көмек көрсету;
7) уроандрологиялық патологиясы, сондай-ақ обыралды және обыр аурулары анықталған пациенттерді динамикалық байқау;
8) бедеуліктен, эректильді дисфункциядан, созылмалы простатиттің кейбір түрлерінен, аденома мен простата обырының бастапқы сатыларынан, еңбау бауының варикозды кеңеюінен, крипторхизмнен, гипоспадиядан, Пейрони ауруынан, приапизмнен, бірінші және екінші гипогонадизмнен және басқалардан зардап шегетін пациенттерге консультациялық-диагностикалық және емдік көмек көрсету, оның ішінде қашықтықтан қызмет көрсету;
9) уроандрологиялық пациенттердің профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мәселелері бойынша, еркектік репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медицина персоналының кәсіптік даярлығын арттыруда медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік, үйлестіру және консультациялық көмекті жүзеге асыру.
10) андрологиялық және интеркурренттік аурулардың таралуы туралы деректерге статистикалық мониторингті, жүйелеуді және талдауды жүзеге асыру болып табылады.
18. ЕД және ОҰО бейінді маманы:
1) диагнозды, дифференциалды диагностиканы нақтылау мақсатында пациентке диагностикалық зерттеулер тағайындайды;
2) жоспарлы тәртіппен және шұғыл көрсетілімдер бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде ЖТМҚ қолдана отырып және стационарлық жағдайларда емдеуге жатқызуға жібереді;
3) мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, оның ішінде стационарды алмастыратын жағдайларда ЖТМҚ қолдана отырып, емдеуге жатқызуға жібереді;
4) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама береді,:
5) оның ішінде:
күрделі жағдайларда ғылыми ұйымның құрамындағы ерлер денсаулығы және отбасалық ұзақ өмір орталығына диагнозды қою және (немесе) анықтау үшін;
көрсетілімдер бойынша "урология", "андрология" бейіні бойынша медициналық көмек көрсететін ғылыми ұйымға жібереді.
2-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
19. Стационарды алмастыратын жағдайларда урологиялық және андрологиялық көмек тәулік бойы медициналық байқау мен емдеуді қажет етпейтін және медициналық көмек көрсетудің екінші деңгейінде төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеуді көздейтін жағдайларда көрсетіледі.
20. Стационарды алмастыратын жағдайларда урологиялық және андрологиялық көмек амбулаториялық және (немесе) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері және урологтың консультациялық қорытындысы бар бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша "урология (ересектер, балалар)", "андрология" бейіндер бойынша медициналық көмекті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың күндізгі стационарларында көрсетіледі және:
1) дәрігердің қарауп-тексеруі, көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультацияларын;
2) КХ-ға сәйкес диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық, аспаптық және патологиялық-анатомиялық (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);
3) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар жүргізу арқылы күндізгі стационарға жіберуге себеп болған негізгі ауруды емдеуді;
4) "Қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын номенклатураны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) сәйкес қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз етуді;
5) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беруді қамтиды.
21. Күндізгі стационардағы жағдай нашарлаған кезде пациентке шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент емдеуді жалғастыру үшін тәулік бойы стационарға жіберіледі.
22. Стационарды алмастыратын жағдайларда бақылауды талап етпейтін жағдайды және емдеуді жалғастыру қажеттілігін жақсарту кезінде пациент үйде одан әрі емдеуге жіберіледі.
3-параграф. Стационарлық жағдайда урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
23. Тәулік бойы медициналық байқауды, емдеуді, күтімді, сондай-ақ тамақтанатын төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда урологиялық және андрологиялық көмек бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша жоспарлы тәртіппен және медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлерінде жолдаманың болуына қарамастан шұғыл тәртіппен көрсетіледі.
Емдеуге жатқызу "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
24. Аудандық, ауданаралық және қалалық ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінің құрамында урологиялық және андрологиялық көмек көрсету үшін "урология (ересектер, балалар)" бейіні бойынша төсектер ашылады.
Көпбейінді қалалық және (немесе) облыстық ауруханалардың құрамына "ересек урологиясы", "андрология" бейіні бойынша төсектер орналастырылатын урологиялық бөлімшелер кіреді.
Көпбейінді қалалық және облыстық балалар ауруханаларының құрамына урологиялық бөлімшелер кіреді, онда "Балалар урологиясы" бейіні бойынша төсектер ашылады.
Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін ғылыми ұйымдардың құрамында "ересектер урологиясы", "андрология", "балалар урологиясы" бейіндері бойынша бөлімшелер ашылады.
25. Географиялық қолжетімділікті, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды, халықтың медициналық көмекті тұтыну көлемін, жедел араласу қаупінің дәрежесін ескере отырып, стационарлық жағдайларда урологиялық және андрологиялық көмек өңірлендірудің мынадай деңгейлері бойынша көрсетіледі:
бірінші деңгейде – аудандық, нөмірлі аудандық ауруханалар;
екінші деңгейде – көп бейінді орталық аудандық және (немесе) қалалық ауруханалар;
үшінші деңгейде – көпбейінді қалалық және облыстық ауруханалар, көпбейінді қалалық балалар және облыстық балалар ауруханалары;
төртінші деңгейде – республикалық ғылыми ұйымдар.
26. Өңірдегі урологиялық және андрологиялық қызметін үйлестіруді үшінші деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымы, республика бойынша – төртінші деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.
27. Стационарлық жағдайда урологиялық және андрологиялық көмек:
1) дәрігердің күнделікті қарап-тексеруін,
2) бөлімше меңгерушісінің келіп түскен кезде және кейіннен қажеттілік бойынша қарап-тексеруін;
3) бейінді мамандардың консультациялары (көрсетілімдер болған кезде);
4) КХ-ға сәйкес диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық, аспаптық және патологиялық-анатомиялық (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер) ;
5) емдеуге жатқызуға себеп болған негізгі ауруды емдеуді;
6) № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрыққа сәйкес қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз етуді;
7) № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе анықтама беруді қамтиды.
28. Үшінші деңгейдегі стационарлық жағдайларда урологиялық және андрологиялық көмекті денсаулық сақтау ұйымының жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге сәйкестігі туралы қорытындысы бар денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
Пациенттерді үшінші деңгейде көмек алу үшін жіберу "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
4-параграф. Үйде урологиялық және андрологиялық көмек көрсету тәртібі
29. Үйде урологиялық және андрологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмекті МСАК мамандары шақырған, белсенді патронаж жасаған, үйде емдеуді ұйымдастырған кезде (үйде стационар) көрсетеді.
30. МСАК маманы үйде көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен емдеуді түзетеді, қажет болған жағдайда КХ басшылыққа ала отырып, бейінді мамандардың көрсеткіштері бойынша қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулер мен консультациялар тағайындайды.
3-тарау. Шұғыл және жоспарлы нысандарда урологиялық және андрологиялық көмек көрсету тәртібі
31. Шұғыл медициналық көмек урологиялық және андрологиялық аурулар кезінде денсаулыққа елеулі зиянның алдын алу және (немесе) өмірге қауіп төндіруді жою үшін шұғыл медициналық араласуды талап ететін жағдайлар кезінде:
амбулаториялық жағдайда пациенттің жүгінген жері бойынша медицина қызметкерімен;
шақыруға қызмет көрсететін жедел жәрдем бригадасымен,
стационарлық жағдайда бірінші және екінші деңгейдегі мамандардың, жедел медициналық жәрдем мамандарының жолдамасы бойынша немесе өздігінен жүгіну бойынша көрсетіледі.
32. Пациенттің орналасқан жері бойынша бейінді маман болмаған кезде "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес медициналық авиацияны тарта отырып, медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлерінің мамандарын жеткізу немесе пациентті екінші және үшінші деңгейлерде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тасымалдау жүзеге асырылады.
33. Жоспарлы нысанда урологиялық және андрологиялық аурулар кезінде медициналық көмек пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда және жағдайларда көрсетіледі, оны көрсетуді кейінге қалдыру белгілі бір уақытқа пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайды.
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат саны
1. Амбулаториялық жағдайда (емхана) урологиялық және андрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының урологиялық кабинетінде 10 мың тұрғынға кемінде 0,5 уролог лауазымы белгіленеді.
Урологтың 1 (бір) лауазымына мейіргердің 1 (бір) лауазымы белгіленеді.
2. Қалалық және (немесе) облыстық көпбейінді аурухананың ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталығында:
1 меңгеруші лауазымы;
100 мың тұрғынға кемінде 1 уролог лауазымы;
урологтың 1 (бір) лауазымына мейіргердің 1 (бір) лауазымы белгіленеді;
кемінде 0,5 эндокринолог лауазымы;
кемінде 0,5 кардиолог лауазымы;
дерматовенерологтың кемінде 1 лауазымы;
кемінде 0,5 медициналық психолог лауазымы;
уродинамикалық зерттеулер кабинетінің 1мейіргер лауазымы,
ЭКГ және велоэргометрия кабинетінің 1 мейіргер лауазымы;
УДЗ диагностика кабинетінің 1 мейіргер лауазымы ;
емшара кабинетінің1 мейіргер лауазымы;
пенилді манипуляцияларға арналған кабинетінің 1 мейіргер лауазымы;
материалды алуға және ректалды манипуляцияларға арналған кабинеттің 1 мейіргер лауазымы;
Көп бейінді қалалық және (немесе) облыстық), көп бейінді қалалық және (немесе) облыстық балалар ауруханасының урологиялық бөлімшесінде ғылыми ұйым:
15 төсекке уролог-дәрігердің кемінде 1 (бір) лауазымы;
20 төсекке 1 (бір) тәулік бойғы постқа кемінде 3 (үш) мейіргер лауазымы белгіленеді;
асханада жұмыс істеу үшін кемінде 1 (бір) кіші медицина персоналының лауазымы;
Таңу мейіргердің лауазымы 20 төсекке кемінде 1 (бір) лауазым, 20 төсекке кемінде емшара мейіргердің 1 (бір) лауазым есебінен белгіленеді.
Қазақстан Республикасында урологиялық және андрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Урологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру
Емхананың уролог кабинеті | саны |
Стерилді құралды сақтауға арналған камера | 1 |
Урологиялық кресло | 1 |
Уролог құралдарының жиынтығы | 2 |
Жылжымалы медициналық шам | 1 |
Жылжымалы аспаптық үстел | 1 |
Урометр | 1 |
Цистоуретроскоп | 1 |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Жалпы дәрігерлік жиынтық | 1 |
Дәрігерлік қабылдау жиынтық | 1 |
Ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталығын жарақтандырудың ең аз тізбесі
Жабдықтар менмедициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы | саңы |
Уролог/андролог кабинеті | |
Стерильді құралды сақтауға арналған камера | 1 |
Амбулаториялық көмекке арналған шағын урологиялық (хирургиялық) жиынтық | 2 |
Негатоскоп | 1 |
Цистоскопиялық жиынтық | 1 |
Жылжымалы медициналық шам | 1 |
Таңу үстелі | 1 |
Жылжымалы аспаптық үстел | 1 |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Медициналық кушетка | 1 |
Медициналық қарап-тексеру креслосы | 1 |
Өлшеу таспасы | 1 |
Бүйрек тәрізді науа | 1 |
Емшара кабинеті | |
Жылжымалы медициналық шам | 1 |
Медициналық тоңазытқыш | 1 |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Медициналық кушетка | 1 |
Медициналық тексеру креслосы | 1 |
Медициналық экран | 1 |
Бүйрек тәрізді науа | 2 |
Бикс ұстағыш | 2 |
Зарарсыздандыру қорабы | 2 |
Стерильді құралға арналған үстел | 1 |
Жылжымалы аспаптық үстел | 1 |
Кезек күттірмейтін керек-жарақтар қоабдишасы | 1 |
Уродинамикалық зерттеулер кабинеті | |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Дәрігердің медициналық үстелі | 1 |
Медициналық дәрігердің орындығы | 1 |
Медициналық кушетка | 1 |
Мейіргер үстелі | 1 |
Пациенттің үстелі | 1 |
Медициналық керме | 1 |
Уродинамикалық жүйе | 1 |
Пенилді манипуляциялар кабинеті | |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Медициналық кушетка | 1 |
Пациенттің үстелі | 1 |
Медициналық керме | 1 |
Көрнекі көруге арналған теледидар | 1 |
Бейне ойнатқыш | |
Материал алуға және ректалды манипуляцияларға арналған кабинет | |
---|---|
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Медициналық кушетка | 1 |
Медициналық керме | 1 |
Аспаптық жылжымалы үстел | 1 |
Ултрадыбыстык диагностикалық кабинеті | |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Медициналық кушетка | 1 |
Медициналық керме | 1 |
Үстел аспаптық жылжымалы | 1 |
Ултрадыбыстық диагностикалық аппарат | 1 |
Стационарлық жағдайда урологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру | |
Операция алдындағы | 1 |
Қоларба зімбілі | 1 |
Урологтың қолын жууға арналған қондырғы | 2 |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Операциялық бөлме (зал) | |
Жоғары жиілікті электрохирургияға арналған аппарат | 1 |
Ингаляциялық анестезияға арналған аппарат | 1 |
Жылжымалы рентгендік диагностикалық аппарат | 1 |
Аспиратор | 1 |
Дефибриллятор | 1 |
Дәрілік заттардың диспенсері | 1 |
Стерильді құралды сақтауға арналған Камера | 1 |
Оттегі концентраторы | 1 |
Ларингоскоп | 1 |
Пациентті бақылау мониторы | 1 |
Қиын интубация жинағы | 1 |
Үлкен хирургиялық құралдар жинағы | 1 |
Трахеостомияға арналған құралдар жинағы | 1 |
Бейнеэндоскопиялық бағана жиынтығы (урологиялық операцияларға) | 1 |
Қуық асты безінің трансуректалды резекциясына арналған аппарат | 1 |
Липотрипсия аппараты | 1 |
Негатоскоп | 1 |
Жылжымалы хирургиялық шам | 1 |
Стационарлық хирургиялық шам | 1 |
Әмбебап жұмыс үстелі | 1 |
Электрокоагулятор | 1 |
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш | 1 |
Анестезиолог үстелі | 1 |
Стерильді материалдарға арналған үстел | 1 |
Медициналық орындық | 1 |
Көпфункционалды медициналық арба1 | 1 |
А және Б тобы дәрі-дәрмектеріне арналған шкаф | 1 |
Шыны дәрі-дәрмектерге арналған шкаф | 1 |
Ұзақ уақыт сұйықтық құюна арналған штатив | 1 |