БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бағдарламалық қамтылымның тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымға айрықша құқық немесе Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымның айрықша мүліктік құқықтарын мынадай тұлғалардың біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/ларына немесе заңды тұлғасына тиесілі айрықша құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне пайдалану құқығы;
2) ҚР СТ ISO/IEC 15408-3-2017 "Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары. 3-бөлім. Қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" (бұдан әрі – ҚР СТ ISO/IEC 15408-3) сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бағдарламалық қамтылым үшін 4-інші сенім деңгейінен төмен емес орындау немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18795 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына (бұдан әрі – Ақпараттық қауіпсіздік талаптары) сәйкестігіне сынау нәтижелері бойынша актінің (бұдан әрі – сынау актісі) болуы.
11. Электрондық өнеркәсіптің тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық немесе өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын келесі тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне не бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының жеке тұлғасына/тұлғасына немесе заңды тұлғасына тиесілі бүкіл қолданылу мерзіміне беру;
2) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес 4-інші қауіпсіздік деңгейінен төмен емес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі (ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді) немесе сынау актісінің болуы.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
А. Оразбек |