"Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 мамырда № 32556 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) титан, магний және алюминий электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;";

      3-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) феррохромдарды электр тәсілімен үздіксіз өндіретін ірі металлургиялық кәсіпорындардың объектілері.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, ҮЭО тізбесіне енгізілген объектілер үшін осы объектінің жүктемесін 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын көлемде жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу сақталады.

      Бұл ретте жүйелік оператор қажет болған жағдайда жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосылған жүктеме көлемін ұлғайту жағына қарай қайта қарайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады