"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 193 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 89 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 мамырда № 32630 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12674 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі – жекелеген мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндіріс паспорты бар заңды тұлға болып табылатын мұнай өнімдерін өндірушілер;

      2) балл – тәуелді есептеудің сандық өлшемі;

      3) болмашы бұзушылықтар – белгіленген нысан бойынша мұнай мен газ конденсатын қабылдау жөніндегі ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсынбауға байланысты бұзушылықтар;

      4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      5) елеулі бұзушылықтар – алдыңғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алғашқы статистикалық деректерді немесе бастапқы әкімшілік деректерді ұсынбау, екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтамау түрінде анықталған бұзушылықтар;

      6) қуаты аз мұнай өнімдерін өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз жүз мың тоннадан кем шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;

      7) мұнай өнiмдерi – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиация және дизель отыны, мазут, жол битумы;

      8) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) өрескел бұзушылықтар – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін сақтамауына не одан ауытқуына, өндірістік қуаттар көрсеткіштерінің сәйкессіздігіне, мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарының орындалмауына, мұнай берушілерге қол жеткізудің тең жағдайларын бермеуге, уәкілетті органның келісімінсіз технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату жөніндегі тыйымды сақтамауға, қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтамауға, растайтын құжаттарсыз мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сондай-ақ қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтамауға, резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар және (немесе) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен мұнай өнімдерін өндіру бойынша салынған тыйымды сақтамауға, екі және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуымен, мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуымен байланысты бұзушылықтар;

      10) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      11) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      12) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      13) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      14) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары.

      10 және 11-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері.

      11. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 ұпайға дейінгі диапазонға қалпына келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC, мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      ЅР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы Өлшемшарттардың 10-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЅРз = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,7,

      мұнда:

      ЅРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.

      Бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЅРн = (ЅР2 х 100 / ЅР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      ЅР = ЅРе + ЅРш,

      мұнда:

      ЅРт – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ЅРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅРш – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызуға негіз болып табылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) орташа тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      3) төмен тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдылығына және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығына сүйене отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      XI – субъективті өлшемшарттар көрсеткіші,

      Wi – XI субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің үлес салмағы хі,

      N – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      Субъектілер (объектілер) бойынша есептелген R көрсеткіші бойынша мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Мұнай өнімдерін өндірушілерге қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді.

      Талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігін жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау органы ең көбі жылына бір рет айқындайды.

      Алынатын мәліметтерді талдау және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына екі рет есепті жылдың бірінші мамырына дейін және бірінші желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген жағдайда, соңғы бару арқылы профилактикалық бақылау аяқталған күннен кейінгі күннен бастап жүргізілетін талдау басталғанға дейінгі кезең талданатын кезең болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымша мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіруді бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 2-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

      реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

4

Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мынадай мәліметтер ұсыну:
1) мұнайдың және мұнай өнімдерінің қозғалысы жөніндегі тәуліктік ақпарат;
2) мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
3) мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар түрлерін тиеп-жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
4) мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпарат;
5) мұнай өнiмдерiн тиеп-жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат.



      ";

      реттік нөмірі 11-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

11

Мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсыну



      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға қажетті мынадай мәліметтер ұсыну:
1) мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің қозғалысы жөніндегі ай сайынғы ақпарат;
2) мұнай өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат.



      ";

      реттік нөмірі 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

6

Мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсыну.



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуы бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 89 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 193 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
  Мұнай өнiмдерiнің жекелеген
түрлерін өндіруді бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Мұнай өнімдерін өндірушілерге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерден басқа) қатысты талаптарды бұзу дәрежесі


п/п

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік қуаттары көрсеткіштерінің, оның негізгі сипаттамаларының өндіріс паспортында белгіленген көрсеткіштер мен сипаттамаларға сәйкестігі

Өрескел

2

Мұнайды және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу жоспарын орындау

Өрескел

3

Технологиялық қондырғылардың жоспарлы- алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекіту үшін ұсыну және оның сақталуы бойынша міндетін орындау

Өрескел

4

Мұнай өнімдерін өндірушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға әкімшілік есепке алу нысаны бойынша мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингі үшін қажетті мәліметтер ұсыну:
1) мұнайдың және мұнай өнімдерінің қозғалысы жөніндегі тәуліктік ақпарат;
2) мұнай өнімдерін жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
3) мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар түрлерін тиеп-жөнелту жөніндегі тәуліктік ақпарат;
4) мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ай сайынғы ақпарат;
5) мұнай өнiмдерiн тиеп-жөнелту жөніндегі ай сайынғы ақпарат.

Елеулі

5

Мұнай берушіде сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шығарылған жерін, және берілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаты (сапа паспорты) бар болу шартымен мұнай берушілерге шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну

Өрескел

6

Қайта өңдеу мақсатымен қабылданған (сатып алынған) шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

7

Екі немесе одан да көп мұнай өнімдерін өндірушілердің мұнай өнімдерін өндіру үшін бір ғана жабдықты пайдалануы бойынша тыйымды сақтау

Елеулі

8

Сатып алынатын (қабылданатын) шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің шыққан жерін, сондай-ақ мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің сапасын растайтын құжаттар болмаған кезде, мұнай берушілерден шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін сатып алу, сондай-ақ қайта өңдеуге қабылдау бойынша тыйымды сақтау

Өрескел

9

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз, авариялық жағдайдың дереу алдын алу қажеттігі туындаған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

10

Мұнай өнімдері өндірісін резервуарларды есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай не ақауы бар есепке алатын бақылау аспаптарымен және (немесе) мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдері өндірісінің көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын есепке алатын бақылау аспаптарымен жүзеге асыру бойынша салынған тыйымды сақтау

Өрескел

11

Мұнайды және газ конденсатын қабылдау бойынша ай сайынғы ақпарат туралы есепті ұсыну

Болмашы

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 29 мамырдағы
№ 89 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 193 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  Мұнай өнімдерінің жекелеген
түрлерін өндіруді бақылау
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда) cубъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

1

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялық қондырғылардың жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін сақтамау не одан ауытқу

Есептілікті және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

бақылау субъектісіне (объектісіне) бара арқылу профилактикалық бақылау тізіміне енгізу

0

1 және оданда көр бұзушылық

0 %

100 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады