Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32663 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескетпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының 2023 жылғы
26 мамырдағы № 28
Қаулыға 1-қосымша

Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға (бұдан әрі – ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      2. Қағидаларда Кодексте көрсетілген мағынада қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру тәртібі мен мерзімдері

      3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға (бұдан әрі – салымшы) зейнетақы активтерін ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген, электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған ИПБ-ні таңдау туралы өтініш береді.

      4. БЖЗҚ мына:

      1) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;

      2) салымшының жеке басын куәландыратын құжат ИПБ-ні таңдау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;

      3) сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, егер салымшының ИПБ таңдау туралы өтініште көрсетілген және ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтініш берілген күні салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан асқан не оның жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінен асқан;

      4) егер салымшының ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, ИПБ таңдау туралы өтініште көрсетілген және ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтініш берілген күні ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының мөлшерінен асқан жағдайларда, ИПБ-ні таңдау туралы өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

      5. Салымшының ИПБ-ні таңдау туралы өтініші (өтініштері) негізінде зейнетақы активтерін Кодекстің 37-бабы 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында ИПБ-ні таңдау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірнеше ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беруге жол беріледі.

      6. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруді зейнетақы жинақтарының ИПБ-ні таңдау туралы өтініште көрсетілген сомасына сәйкес келетін сомада ИПБ-ні таңдау туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.

      7. БЖЗҚ-ның кастодиан банкі БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аударуға төлем тапсырмасын алған кезде операциялық 1 (бір) күн ішінде ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін есепке алуға және сақтауға БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан банк арасында үшжақты шарт жасалған ИПБ-нің кастодиан банкіндегі (бұдан әрі – ИПБ-нің кастодиан банкі) БЖЗҚ-ның шотына салымшының зейнетақы жинақтарын аударады.

3-тарау. Зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беру тәртібі мен мерзімдері

      8. Салымшы зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беру мақсатында БЖЗҚ-ға жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген, электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған ИПБ-не өзгерту туралы өтінішті береді.

      9. БЖЗҚ мына:

      1) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;

      2) салымшының жеке басын куәландыратын құжат ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;

      3) зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш берудің жылына бір реттен жиі емес мерзімі сақталмаған жағдайларда, ИПБ-ні өзгерту туралы өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

      10. БЖЗҚ зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беруді ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде салымшының зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруында болатын ИПБ-ні зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар ете отырып, ИПБ-ні өзгерту туралы өтініште көрсетілген зейнетақы активтерінің тиісті сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.

      11. ИПБ-нің кастодиан банкі БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін аударуға төлем тапсырмасын алған кезде операциялық 1 (бір) күн ішінде басқа ИПБ-нің кастодиан банкіндегі БЖЗҚ-ның шотына салымшының зейнетақы жинақтарын аударады.

4-тарау. Зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға беру тәртібі мен мерзімдері

      12. Салымшы зейнетақы жинақтарын ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару мақсатында БЖЗҚ-ға жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген, электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтінішті береді.

      13. БЖЗҚ мынадай жағдайларда:

      1) салымшы (алушы) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (жерлеуге, мұрагерлеріне) туралы БЖЗҚ-ға өтініш не соттың заңды күшіне енген шешімі келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Кодекстің 220-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 1-1-тармағында, 221-бабының 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда;

      3) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      4) зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, ИПБ-ға зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабарлай отырып, зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.08.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. БЖЗҚ мына:

      1) салымшының жеке басын куәландыратын құжат зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;

      2) Қағидалардың 13-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін 2 (екі) жылдан ерте емес болатын зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш беру мерзімі сақталмаған жағдайларда, зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ИПБ-нің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтарудан бас тартады.

      15. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруды зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес келетін сомада зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш негізінде жүзеге асырады.

      16. ИПБ-нің кастодиан банкі БЖЗҚ-дан салымшының зейнетақы жинақтарын қайтаруға төлем тапсырмасын алған кезде операциялық 1 (бір) күн ішінде БЖЗҚ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына салымшының зейнетақы жинақтарын аударады.

  Қаулығы 2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 21 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22200 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22663 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 66 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29609 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады