БҰЙЫРАМЫН:
1."Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 260 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23621 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің тізбесінде:
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
32 | Кальций карбиді | тСО2/тонна | 0,55 |
реттік нөмірі 51-жол мынадай редакцияда жазылсын:
51 | Байытылған көмір | тСО2/тонна | 0,007 |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 53-61-жолдарымен толықтырылсын:
53 | Құрғақ құрылыс қоспалары | тСО2/тонна | 0,005 |
54 | Құрама жем өндіруге арналған белсенді құрғақ қоспа | тСО2/тонна | 0,417 |
55 | Электрод өнімдері | тСО2/тонна | 0,176 |
56 | Газ-кальцийленген антрацит | тСО2/тонна | 0,120 |
57 | Шойын (қатты) | тСО2/тонна | 1,350 |
58 | Сутегі | тСО2/тонна | 10,974 |
59 | Хром гидрототығынан алынған пигментті хром тотығы | тСО2/тонна | 3,128 |
60 | Кептірілген концентрат | тСО2/тонна | 0,013 |
61 | Гипс өнімін (шлам) | тСО2/тонна | 0,486 |
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалауы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
З. Сулейменова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі