Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 1 маусымдағы № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 маусымда № 32679 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.05.2024 № 158 (ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.57 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растау нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 22 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Ә. Тамабек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және

      интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 1 маусымдағы
№ 212 бұйрығына
1-қосымша

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың нысаналы мақсатын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің (бұдан әрі – Шешім) 7-тармағы 7.1.57 тармақшасына сәйкес әзірленді және тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін айқындайды.

2- тарау. Тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібі

      2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған, 350 000 (үш жүз елу мың) тонна көлемінде әкелінетін құрақ қанты шикізатының (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1701 13; 1701 14 субпозициялар) нысаналы мақсатын растауды жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасында өндірістік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатына растауды алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың нысаналы мақсатына растауды алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінімге:

      келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыру жоспарланған;

      декларациялауға жататын тауарлардың төленуін растайтын төлем құжаттары көшірмелері қоса беріледі.

      4. Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын не аудармашының қолының түпнұсқалылығы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды түрде куәландырылуы қажет.

      5. Өтінім берушінің бірінші басшысы не уәкілетті адам өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол түрде немесе уәкілетті орган кеңсесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде беріледі.

      Өтінім және өтінімге қоса берілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күні беріле отырып, қабылданады және тіркеледі, құжаттарды қарауды тікелей жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) жолданады.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауды беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Құрылымдық бөлімше өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) өтінімнің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінім берушіге хабарлама жібереді, онда ұсынылған өтінім қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді. Хабарлама өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады.

      Өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер өтінім беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестендірмеген жағдайда, уәкілетті орган өтінім беруші өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға өтінімді одан әрі қараудан нақты бас тарту себептері көрсетілген уәжді бас тартуды жолдайды.

      7. Өтінім бойынша оң шешім қабылданған жағдайда құрылымдық бөлімше осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган басшысы не оның міндеттерін атқарушы тұлға қол қойған тауарлардың нысаналы мақсатын растау жобасын дайындайды.

      Тауарлардың нысаналы мақсатын растау өтінім берушіге тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі немесе уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      8. Шешімнің 7-тармағының 7.1.57 тармақшасына сәйкес тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізаты тек оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға жол беріледі. Шешімнің 7-тармағының 7.1.57 тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті пайдалана отырып әкелінетін құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қант тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылуы және (немесе) сатылуы мүмкін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерге шығарылмайды.

      Шешімнің 7-тармағының 7.1.57 тармақшасында көзделген тарифтік жеңілдікті қолдана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарылған, кедендік рәсімдеуге жатқызылған құрақ қанты шикізатын пайдалануға және (немесе) иелік етуге шектеулер құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйымның қоймасына келіп түскенге дейін қолданыста болады, бірақ ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес осындай тауарлар шығарылған күннен бастап 1 жылдан аспауы тиіс. Қабылдау актісінің немесе осындай тауарларды қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі тауарлардың ұйымның қоймасына келіп түскенін растайтын құжат болып табылады.

      9. Өтініш беруші өтінімді қарастыру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-тармағына сәйкес шағымданады.

  Тауарлардың нысаналы
мақсатын растау қағидаларына
қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатын растауды алуға арналған өтінім

      _________________ _________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуі туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7-тармағы 7.1.57 тармақшасына сәйкес_______________ тонна мөлшерінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 1701 13 және 1701 14 субпозицияларындағы құрақ қанты шикізатын әкелуге тарифтік жеңілдікті бөлуді, сондай-ақ әкелінетін құрақ қанты шикізатының нысаналы мақсатын растауды беруді сұрайды.

      Тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қанттың тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана пайдаланылатына және (немесе) өткізілетініне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына қайта жіберілмейтініне кепілдік беремін.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-бөлігіне сәйкес кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатынынан хабардармын.

Өтінім беруші


Қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышы бойынша коды)


Өтінім берушінің орналасқан мекенжайы (заңды мекенжайы)


Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы


Өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) нөмірі


Келісімшарттың (шарттың) күні


Тауар өткізілетін кеден органы


ЕАЭО СЭҚ ТН коды


Тауардың атауы


Өлшем бірлігі


Саны


Төлемнің валюта бірлігіндегі бағасы


Төлем валютасындағы сома


Өндіруші


Өндіруші ел


Құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдейтін ұйым


      Басшы _________________________________ ___________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      20__ жылғы "____" ____________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 1 маусымдағы
№ 212 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Тауарлардың нысаналы мақсатын растау

      ___________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________________________сәйкес (келісімшарттың (шарттың) деректемелері, оның негізінде құрақ қанты шикізатын әкелу жүзеге асырылатын) әкелетін________________________________________________________ ________________________________________________________________ ___________________________________________________________ (тауардың атауы, саны, келісімшарт (шарт) валютасындағы құны)

      өндірістік өңдеуге арналған.

      Министр _____________ ____________________________________ (қолы) (аты-жөні, тегі) Мөр орны 20__ жылғы "____" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады