"Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 маусымда № 32694 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 250-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 250-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау егер өндірушінің пайдалану жөніндегі нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, сақтау бөлмесіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 %-дан жоғары емес жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау процесінде жауапты тұлға айына бір реттен сиретпей дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қаптамасының (ыдысының) жағдайын және олардың сыртқы өзгерістерін көзбен қөру арқылы сапасын бақылауды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Дәрілік заттарды жылыту аспаптарының жанында сақтауға жол берілмейді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған стеллаждардан, тұғырлардан, шкафтардан, жылыту элементтерінен арақашықтық кемінде 1 метр болуы тиіс.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Айналысы туралы шешім әлі қабылданбаған, қайтарылған, жеткізуге жарамды санаттан алынған, жалған деген күдік бар, кері қайтарылған және қабылданбаған дәрілік заттар физикалық немесе басқа да сенімді баламалы тәсілмен (мысалы, электрондық) басқа өнімнен заңсыз қол жеткізуден қорғалған арнайы бөлінген орында (аймақта) оқшау сақталады.

      Өнімдер мен оларды сақтау орындарында нақты белгілер болады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Жоғары температура әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік заттар бөлмедегі (+15 - +250С), салқын (+8 - +150С) температурада сақталады. Кейбір жағдайларда сақтаудың анағұрлым төмен температурасы талап етіледі (2 - + 8 0С), бұл затбелгіде, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта, нормативтік құжатта көрсетіледі.";

      62-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады