ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРAМЫН:";
Көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбеcінен) қосу (шығару) қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбеге) қосу (шығару) тәртібін айқындайды.
2. Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбеcінен) қосуды (шығаруды) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
2 тарау. Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу
3. Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тізбеге қосу туралы өтініш негізінде Комитет жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес Тізбеге қосу туралы өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге берілген лицензия немесе байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлғамен шарт;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша акт;
3) меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат (бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік объектілеріне (ғимаратқа, құрылысқа, үй-жайға) меншік құқығын немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат (бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
5) ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификат ҚР СТ ISO/IEC 27001-2015 "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері";
6) ақпараттың шығып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге арналған лицензия, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.
4. Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу бір мезгілде мынадай:
1) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтініштің және құжаттардың көшірмелері болу;
2) осы бұйрықпен бекітілген фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес;
3) ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде қабылдау, өңдеу және мемлекеттік кірістер органдарына беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешеннің демонстрациясын жүргізуді қамтамасыз ету, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде қабылдау, өңдеу және мемлекеттік кірістер органдарына беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешеннің өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналары бар жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері бойынша шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
5. Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді Комитет өтініш қабылданған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Заңды тұлғаны Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны тізбеге енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ заңды тұлғаға алдын ала ұстаным білдіруге мүмкіндік беру үшін шешімді тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы заңды тұлғаны хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама, өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және Комитет заңды тұлғаны Тізбеге енгізу не енгізуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте заңды тұлғаның өтінішхаты болған жағдайда тыңдау рәсімі жүргізілмеуі мүмкін.
Комитет өтінішті қарау нәтижелері бойынша заңды тұлғаны қосу (енгізуден бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбеге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
Тізбе Комитеттің ресми интернет-ресурсында қосу (енгізуден бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырылады.
6. Заңды тұлға осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайда, Комитет заңды тұлғаны Тізбеге енгізу туралы өтініш қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша бас тартуды ұсынады.
Комитеттің бас тартуы анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда заңды тұлғаны Тізбеге енгізу туралы өтінішті қайта беруге өтініш берушіні шектемейді.
3-тарау. Фискалдық деректер операторларын тізбеcінен шығару
7. Фискалдық деректер операторын тізбеден шығаруды Комитет мынадай жағдайларда:
1) фискалдық деректер операторының осы бұйрықпен бекітілген фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) Салық кодексінің 91-бабында айқындалған тәртіппен фискалдық деректер операторы әрекетсіз деп танылған, не банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
3) егер фискалдық деректер операторының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылса:
сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238 және 245-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;
іздеуде жүрген жеке тұлға болса;
болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам не оның Қазақстан Республикасының аумағында болуының рұқсат етілген мерзімі аяқталса;
4) фискалдық деректер операторының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбеcінен алып тастау туралы өтініш берсе;
5) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан фискалдық деректер операторын алып тасталса жүзеге асырады.
8. Фискалдық деректер операторын тізбеден шығару туралы шешімді Комитет осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген жағдайлардың біріне сәйкессіздік анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
9. Фискалдық деректер операторын Тізбеcінен алып тастау туралы ақпарат алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Тізбеcінен шығару туралы шешім қабылданғаннан кейін заңды тұлға:
1) Тізбеcінен шығару туралы шешім алынған күннен бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды тоқтатады;
2) Тізбеcінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей пайдаланушыларды хабардар етеді;
3) фискалдық деректер операторының серверінде фискалдық деректердің жойылуын және олардың резервтік көшірмелерін қамтамасыз етеді;
4) фискалдық деректерді жою туралы актіні қоса бере отырып, фискалдық деректерді жою туралы жазбаша нысанда Комитетке хабарлайды.
4-тарау. Қорытынды ережелер
11. Фискалдық деректер операторының Тізбесіне (тізбеcінен) қосу (шығару) мәселелері жөніндегі Комитеттің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбеге) қосу (шығару) қағидаларына 1-қосымша |
нысан
____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) |
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосу туралы өтініш
Фискалдық деректер операторының тізбесіне қосуды сұраймын, растау құжаттарының көшірмелерінің тізбесіне:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензия немесе байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлғамен шарт;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне сынақтардың нәтижелері бойынша акті;
3) меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат не жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану құқығын растайтын құжат (бұл ретте бағдарламалық-аппараттық кешенді уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік объектілеріне (ғимаратқа, құрылысқа, үй-жайға) меншік құқығын немесе уақытша пайдалану құқығын растайтын құқық белгілейтін құжат (бұл ретте жылжымайтын мүлік объектісін уақытша пайдалану мерзімі Тізбеге енгізуге өтініш берген күннен бастап үш жылдан кем емес уақытты құрауы тиіс);
5) ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес сертификат ҚР СТ ISO/IEC 27001-2015 "Ақпараттық технология. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері";
6) ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы өз қызметін ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы, не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс туралы шарт қоса беріліп отыр.
Мен, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенді деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарымен өзара іс-қимыл хаттамасына сәйкес өзара іс-қимылды растайтын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және мемлекеттік кірістер органдарына жедел режімде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешенін көрсетуге дайын екендігімді растаймын.
Басшы ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
20__ жылғы "__" ____________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "__" ______________
_______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбеге) қосу (шығару) қағидаларына 2-қосымша |
нысан
____________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің деректемелері) |
Фискалдық деректер операторының тізбеcінен шығару туралы өтініш
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
байланысты фискалдық деректер операторының тізбесінен шығаруды сұраймын.
Басшы ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
20__ жылғы "__" ______________
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "__" ______________
_______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
Фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптары
Фискалдық деректер операторы бір мезгілде мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғаны айқындайды:
1) уәкілетті орган берген байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензия немесе байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлғамен шарт негізінде қызметті жүзеге асыратын;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, өңдеуді және беруді жүзеге асыратын техникалық құралдарды орналастыру үшін пайдаланылатын меншік құқығындағы не уақытша пайдалану құқығындағы жылжымайтын мүлік объектілері (ғимарат, ғимарат, үй-жай);
3) меншік құқығында не уақытша пайдалану құқығында ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына қабылдауға, өңдеуге және беруге арналған бағдарламалық-аппараттық кешені бар;
4) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша актісі бар;
5) ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын қолданатын;
6) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;
7) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын әзірлеушілер, өндірушілер және жеткізушілер үшін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының үлгілеріне тестілеу және сынақтар жүргізуге арналған сынақ алаңы бар;
8) тәулік бойы тегін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілерге ақпараттық және техникалық қолдауды қамтамасыз ететін консультациялық-ақпараттық қызмет;
9) домендік атауы фискалдық деректер операторына тиесілі интернет-ресурсы бар;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес келетін деректерді өңдеу орталығында (орталықтарында) орналасқан бағдарламалық-аппараттық кешені бар;
11) ақпараттың ағып кетуінің техникалық арналарын және жедел-іздестіру іс-шараларына арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар не қолданыстағы ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығымен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы шарт.