"Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32747 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 13) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 263 бұйрығымен
бекітілген

Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 13) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 87) тармақшасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметі білім беруді, оның ішінде оқу процесін жүзеге асыру және тиімді ұйымдастыру үшін жоспарлы және ғылыми-негізделген жағдайлар жасауға бағытталған әдістемелік жұмысқа негізделген.

      жоспарлы және ғылыми-негізделген шарттылығы, оның ішінде оқу процесін тиімді ұйымдастыру және білім беруді жүзеге асыруға бағытталған.

      3. Әдістемелік жұмыс оқу процесін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, профессорлық-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруға, ЖЖОКБҰ-дағы оқу жұмысының барлық нысандарының, түрлері мен тәсілдерінің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

      4. Әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты оқу процестерін студенттерге бағытталған білім беруді, оқытуды және бағалауды дамытуға ықпал ететін оқу құжаттарымен және педагогикалық әзірлемелермен қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

      1) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету;

      2) оқу құжаттарын (білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын), сондай-ақ әдістемелік жұмыстар мен құралдарды әзірлеу;

      3) жаңа әдістемелер мен қолданыстағы әдістерді жетілдіру, оқыту стратегияларын, білім беру процесінің құралдарын енгізу.

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту және онлайн-оқыту қоса алғанда, инновациялық технологиялар мен оқыту нысандарын дамыту;

      5) білім алушылардың оқу жетістіктерін, дағдылары мен құзыреттерін бағалау жүйесін әзірлеу және дамыту;

      6) оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру;

      7) педагогтің шығармашылық ойлауын дамытуға, оның біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға негізделген педагогикалық ұжымның әдістемелік әлеуетін ұдайы жетілдіру.

      6. ЖЖОКБҰ-да әдістемелік жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі:

      1) оқу-әдістемелік жұмыс;

      2) ғылыми-әдістемелік жұмыс.

2-тарау. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны

      7. Оқу-әдістемелік жұмыс – білім алушылардың танымдық және дамып келе жатқан мақсаттарына қол жеткізу үшін оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-тәрбие материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ЖЖОКБҰ-ның қызметі.

      8. Оқу-әдістемелік жұмыс оқу процесін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіруге, оған ғылыми-әдістемелік жұмыстарды орындау нәтижесінде әзірленген ұсынымдарды енгізуге, профессорлық-оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыруға, оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін пайдалануға бағытталған.

      9. Оқу-әдістемелік құжаттамаға білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқу пәндерінің бағдарламалары (силлабустар), кәсіптік практикалар, өндірістік және ғылыми тағылымдамалар, қорытынды аттестаттау, әдістемелік әзірлемелер мен құралдар жатады.

      10. ЖЖОКБҰ-ның оқу-әдістемелік жұмысына кіреді:

      1) білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын әзірлеу;

      2) оқу пәндері (силлабустар) бойынша жұмыс бағдарламаларын жасау, қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      3) білім алушыларды оқыту мен білімін бақылаудың автоматтандырылған құралдарын оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдар мен бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және оқу процесіне енгізу;

      4) оқу сабақтарын ұйымдастыру бойынша құжаттарды: оқу пәндерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін, оның ішінде оқытушының басшылығымен әдістемелік құралдарды, аралық тапсырмаларды тапсыру кестесін жасау;

      5) оқу сабақтарын өткізу үшін қажетті оқу-бағдарламалық құжаттаманы: оқулықтар мен оқу құралдарын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі оқу құралдарын, дәрістер конспектілерін, тапсырмаларды, тестілерді, жаттығуларға, зертханалық және курстық жұмыстарға тапсырмаларды, курстық және дипломдық жұмыстарға (жобаларға) арналған құралдарды, оқу құралында жаңа технологияларды қолдану жөніндегі әдістемелік әзірлемелерді дайындау кредиттік оқыту технологиясын, қашықтықтан оқытуды, онлайн-оқытуды және басқа да оқу-әдістемелік құжаттарды қамтиды;

      6) кәсіптік практикаларды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету, оларға жеке тапсырмаларын әзірлеу;

      7) оқу пәндерін оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз ету карталарын қалыптастыру, қазіргі заманғы ақпараттық-кітапханалық жүйелерді енгізу;

      8) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау бойынша бақылау-өлшеу және әдістемелік материалдар әзірлеу;

      9) сабақтарға бақылау арқылы қатысу, сабақтарға өзара қатысу, көрсету, ашық және сынақ сабақтарын өткізу арқылы оқыту сапасын қамтамасыз ету;

      10) көрнекі оқу құралдарын (макеттер, модельдер, демонстрациялық стендтер және т. б.) жобалау және дайындау;

      11) оқу процесіне ғылыми, ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын (оқытудың автоматтандырылған жүйелері, виртуалды зертханалық практикум, дәрістердің тұсаукесерлері, компьютерлік тестілеу және т. б.) енгізу;

      12) оқытушылардың біліктілігін арттыру шеңберіндегі әдістемелік жұмыс.

      11. Ғылыми-әдістемелік жұмыс – ЖЖОКБҰ-ның оқу процесін ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделеу және жалпылау, ғылыми гипотезаларға, зерттеулерге және тәжірибені талдауға негізделген педагогикалық процестерді, технологиялар мен өлшемдерді ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін жетілдіру жөніндегі қызметі.

      12. Ғылыми-әдістемелік жұмыс оқыту процесін перспективті дамытуға, оның мазмұны мен оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу процесін ұйымдастырудың жаңа ұстанымдарын, заңдылықтарын, әдістерін, нысандары мен құралдарын іздеуге бағытталған.

      13. Ғылыми-әдістемелік жұмыс білім беру процесін жетілдірудің стратегиялық бағыттарын әзірлеу үшін жүргізіледі.

      14. Ғылыми-әдістемелік жұмыс қамтиды:

      1) озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату және білім беруді ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      2) еңбек нарығын зерттеу, еңбек нарығында сұранысқа ие маңызды кәсіби құзыреттер банкін құру;

      3) Ұлттық біліктілік шеңберінің дескрипторларына және кәсіптік стандарттар талаптарына сәйкес жалпы білім беру бағдарламасы, модульдер, оқу пәндері бойынша оқыту нәтижелерінің жобаларын тұжырымдау;

      4) кадрларды даярлаудың жеке және кәсіптік маңызы бар қасиеттеріне қойылатын талаптарды қалыптастыру;

      5) пәндер тізбесі мен мазмұнын келісу мақсатында кадрлар даярлаудың логикалық сызбалары мен технологиялық карталарын жасау;

      6) оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын ескере отырып, жаңа мазмұн шеңберінде пәндердің жаңа оқу бағдарламаларын құру және іске асырылатын оқу бағдарламаларын жаңғырту тұжырымдамаларын әзірлеу;

      7) университетте әдістемелік қызметтің барлық түрлерін регламенттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеу;

      8) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сараптама жасау;

      9) оқыту сапасын, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін талдау;

      10) түлектерді қорытынды аттестаттауға қойылатын жалпы талаптарды тұжырымдау;

      11) білім беру процесінің оқу әдебиеттерімен және ғылыми-әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыз етілуіне мониторингті жүзеге асыру;

      12) жалпы университеттің, оның құрылымдық бөлімшелерінің, нақты оқытушылардың білім беру қызметінің сапасын бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      13) жаңа білім беру технологияларын, оның ішінде қашықтықтан оқыту және онлайн-оқытудың әртүрлі түрлерін әзірлеу;

      14) оқулықтар мен оқу құралдарын, ғылыми-әдістемелік мақалалар мен баяндамаларды жазу және басып шығаруға дайындау;

      15) оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми-әдістемелік мақалалар мен баяндамаларды ғылыми редакциялау, рецензиялау және сараптау;

      16) оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, вебинарлар ұйымдастыру және өткізу;

      17) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, инновациялық білім беру жүйелерін құру мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар мен жобаларды орындау және олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

      18) ғылыми іргелі және қолданбалы жобаларды, коммерцияландыру жөніндегі жобаларды, жоғары білім беру саласындағы инновациялық және стартап жобаларды әзірлеу және сүйемелдеу;

      19) Нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

3-тарау. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі және ғылыми-әдістемелік жұмыс

      15. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ЖЖОКБҰ-да қабылданған басқару құрылымына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, әдістемелік жұмысты басқару функциялары: іс-шараларды болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты бақылау және түзету болып табылады.

      16. ЖЖОКБҰ-да оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа тікелей басшылықты академиялық (оқу) және (немесе) ғылыми жұмысқа жетекшілік ететін проректор (бірінші басшының орынбасары) немесе оның міндеттерін орындайтын (алмастыратын) тұлға жүзеге асырады.

      17. ЖЖОКБҰ-да оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру алқалық және ашықтық қағидаттарына негізделеді.

      18. ЖЖОКБҰ құрылымдық бөлімшелерінің, алқалы басқару органдарының атауын, олардың бағыныстылығын және оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады