Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 175/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32755 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 182-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшері айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі 2023 жылғы
9 маусымдағы № 175/НҚ
бұйрығына қосымша

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтеріне ақы төлеу мөлшері

Р/с

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы және сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Көрсетілетін қызметті алушы үшін мөлшері, ҚҚС-сыз, теңге

Көрсетілетін қызметті алушы үшін мөлшері, ҚҚС-пен, теңге

1.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, тууды мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілері жазбаларына, оның ішінде әке болуды (ана болуды) анықтауға, баланы асырап алуға, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1)

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу

1 құжат

Тегін

Тегін

2)

Қайтыс болған баланы және өмірдің бірінші аптасында қайтыс болған баланы мемлекеттік тіркеу

1 құжат

Тегін

Тегін

3)

Бір жасқа толған және одан да көп баланың тууын мемлекеттік тіркеу (мерзімін өткізіп ала отырып)

1 құжат

Тегін

Тегін

4)

Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу

1 құжат

Тегін

Тегін

5)

Тууды мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілері жазбаларына, оның ішінде атын, әкесінің атын, тегін өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1 құжат

1 725,00

1 932,00

6)

Ата-аналардың бірлескен өтініші негізінде әке (ана) анықталуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

Тегін

Тегін

7)

Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылған, анасы әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасынан ата-ана құқықтарынан айырылған не шектелген, анасының тұрғылықты жерін белгілеу мүмкін болмаған жағдайларда өзін баланың әкесі деп танитын адамның әкелігін (анасын) белгілеуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

Тегін

Тегін

8)

Әке болуды анықтау, сондай-ақ әке болуды анықтау фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі бойынша адамның әке (ана) болуын анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

Тегін

Тегін

9)

Әке болуды анықтау туралы бұрын шығарылған сот шешімінің, сондай-ақ әке болуды анықтау туралы акт жазбасының күшін жою туралы, жазбаны жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің күшін жою туралы сот ұйғарымын (қаулысын) алған кезде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

Тегін

Тегін

10)

Бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

Тегін

Тегін

11)

Сот бала асырап алу туралы бұрын шығарылған шешімге қосымша жаңа шешім шығарған жағдайда бала асырап алуға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

Тегін

Тегін

12)

Шетел азаматтары баланы асырап алған кезде дербес деректердің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркеу немесе тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу

1 құжат

6 900,00

7 728,00

2.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы азаматтық хал актілері жазбаларына, оның ішінде атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1)

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу

1 құжат

3 450,00

3 864,00

2)

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу актісіне, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1 құжат

1 725,00

1932,00

3)

Неке жасын төмендету қажет болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу

1 құжат

3 450,00

3 864,00

3.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына, оның ішінде атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

1)

Өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

1 құжат

6 900,00

7 728,00

2)

Жұбайын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін жұбайын кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

1 құжат

345,00

386,40

3)

2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шешімі шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

1 құжат

Сот шешіміне сәйкес

Сот шешіміне сәйкес

4)

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қолданыстағы актілік жазба толықтырылған жағдайда, 2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шешімі шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу

1 құжат

Сот шешіміне сәйкес

Сот шешіміне сәйкес

5)

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы, оның ішінде атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге байланысты азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1 құжат

1 725,00

1 932,00

4.

Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

1)

Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

1 құжат

Тегін

Тегін

2)

Сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою

1 құжат

Тегін

Тегін

5.

Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру

1)

Мүдделі тұлғалардың өтініші негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

1 құжат

1 725,00

1 932,00

2)

Сот шешімі негізінде азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру

1 құжат

1 725,00

1 932,00

6.

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар беру

1)

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабына сәйкес қайтыс болу туралы қайталама куәліктер беруді қоспағанда азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер беру

1 құжат

3 450,00

3 864,00

2)

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы "Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабына сәйкес қайтыс болу туралы анықтама беруді қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаларды қағаз жеткізгіште беру

1 құжат

1 035,00

1 159,20

3)

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы азаматтық хал актілерін электрондық нысанда мемлекеттік тіркеу туралы анықтамаларды, оның ішінде қайтыс болғаны туралы хабарламаларды беру

1 құжат

Тегін

Тегін

4)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап ету

1 құжат

1 725,00

1 932,00

5)

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап ету

1 құжат

3 450,00

3 864,00

7.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы жазба актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1)

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

1 құжат

Тегін

Тегін

2)

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу

1 құжат

1 725,00

1 932,00

8.

Азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

1)

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы азаматтық хал актісін тіркеу туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

1 құжат

Тегін

Тегін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады