"Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32762 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақтан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 208 бұйрығымен бекітілген Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тізілімінде 2021 жылдың 22 шілдесінде № 23659) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидаларында:

      17 – тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда берілсін:

      "17. I санаттағы объектіден жерүсті су объектісіне немесе жергілікті жердің бедеріне (буландырғыштар мен жинақтағыштардың тоғандарын қоспағанда) бұрылатын сарқынды сулардың шығарылымдары мынадай параметрлермен мониторингтің автоматтандырылған жүйесімен жарақтандыруға жатады:";

      29 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда берілсін:

      "2) әрбір 20 минут ішінде осы Қағидаға берілген 3 – қосымшаға сәйкес нысанда орташаланған ластаушы заттар шығарындыларын (концентрацияларын) өлшеу нәтижелері туралы ақпаратты осы Қағиданың 3 – қосымшасына сәйкес нысанда беру. Беру SOAP сервисінің көмегімен заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы немесе JSON форматы немесе REST сервис арқылы жүзеге асырылады.";

      Өндірістік экологиялық бақылау жүргізу кезінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін жүргізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 3 – қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 8 маусымдағы
№ 185 бұйрығына
қосымша
  Өндірістік экологиялық
бақылау жүргізу кезінде
қоршаған ортаға эмиссиялар
мониторингінің
автоматтандырылған
жүйесін жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың ығарындыларын өлшеуге негізделген нәтижелер

Шығарынды көзі

Уақыттың ағымдағы мәні

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив

Нақты көрсеткіш

Оттегінің концентрациясы немесе артық ауа коэффициенті

Бөлінетін газдардың температурасы

Артық қысым (сирету)

Ылғалдылық

су буының концентрациясы

бөлінетін газдар ағынының жылдамдығы

газ-ауа қоспасының көлемі

атауы

нөмірі

Күні, айы, жылы

Сағат, минуты, секунды





мг/м3

г/с

мг/м3

г/с

%

0С

кПа

%

мг/м3

м/с

нм3

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

















Алау қондырғыларындағы шығарындылар мониторингінің нәтижелері

Шығарынды көзі

Уақыттың ағымдағы мәні

Ластаушы заттардың атауы

Газ шығының көлемі

Тығыздығы

Газдың құрамы

атауы

нөмірі

Күні, айы, жылы

Сағат, минуты, секунды

м3/час, м3

кг/м3

в мольных %

1

2

3

4

5

6

8

9









Ағынды суларды өлшеуге негізделген нәтижелер

Объектінің атауы

Төгу орнының координаттары (су шығару№)

Уақыттың ағымдағы мәні

Көрсеткіштердің атауы

Нормативтер / фондық көрсеткіштер

Нақты нәтиже

1

2

3

4

5

6

7









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады