"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32775 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген скринингтік зерттеулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.

      Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.";

      Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 280 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11267 болып тіркелген) және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15620 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрллігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 112 Бұйрығына
қосымша
  Скринингтік зерттеулерді
жүргізу тәртібіне, көлемі
мен кезеңділігіне
1-қосымша

Халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерінің көлемі

Скринингтік зерттеулердің мақсатты тобы және түрі

Скринингтік зерттеулер көлемі

Қызметтер пакетінің атауы

1

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

ТМККК

Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу немесе жанаспайтын пневмотонометрия

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау

Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыста)

Консультация: Кардиолог

МӘМС

Консультация: Эндокринолог

Консультация: Офтальмолог

Ауыл халқының қосымша скринингтері үшін халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

Мақсатты топ

Скринингтік зерттеулер көлемі

Қызметтер пакетінің атауы

2

Жылына 1 рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-29 жастағы ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер, фельдшер

Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау

Қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеидтерді талдағышта анықтау немесе Қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеидтерді қол әдісімен анықтау

Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыста)

Консультация: Кардиолог

МӘМС

3

Жылына 1 рет Қант диабетін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер

Экспресс әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау немесе Қан сарысуындағы жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді қол әдісімен анықтау

Қандағы гликозилденген гемоглобинді анализаторда анықтау

МӘМС

Қалқанша безінің УДЗ

Консультация: Эндокринолог

4

Глаукоманы ерте анықтауға жылына 1 рет скринингтік зерттеуге жататын 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер

Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу (1 көз)

Консультация: Офтальмолог

МӘМС

5

50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер жылына 1 рет тыныс алу органдарының ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер

Диагностикалық флюорография (1 проекция)

Консультация: Фтизиатр

Кеуде қуысының шолу органдарының рентгенографиясы (1 проекция)

МӘМС

Кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы

Консультация: Онколог

6

Асқазан-ішек жолы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер жылына 1 рет

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер

Қан сарысуындағы жалпы билирубинді анализаторда анықтау немесе Қан сарысуындағы жалпы билирубинді қол әдісімен анықтау

ТМККК

Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) талдағышта анықтау немесе Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) қол әдісімен анықтау

Қан сарысуындағы аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) талдағышта анықтау немесе Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) қол әдісімен анықтау

Фиброэзофагогастродуоденоскопия

МӘМС

Гепатобилиопанкреатиялық аймақтың УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр)

Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)

Скринингтік жаппай бейне колоноскопия

Консультация: Гастроэнтеролог

7

Созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, жылына 1 рет

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер

Қан сарысуындағы креатининді анализаторда анықтау немесе Қан сарысуындағы креатининді қол әдісімен анықтау

Анализаторда несептің жалпы талдауын зерттеу (несеп тұнбасының жасушалық элементтерінің санын есептей отырып, физикалық-химиялық қасиеттері) немесе несептің жалпы талдауын зерттеу қол әдісімен анықтау

МӘМС

Бүйректі, қуықты қалдық несепті анықтаумен УДЗ

Консультация: Уролог

Консультация: Нефролог

8

Қуықасты безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеуге жататын 55 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер 2 жылда 1 рет

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер

Қан сарысуындағы жалпы простатқа тән антигенді (ПСА) ИФТ-әдісімен анықтау

МӘМС

Қуық асты безі мен қуықтың қалдық несепті анықтаумен трансабдоминалды УДЗ және (немесе) қуық асты безінің трансректалды УДЗ

1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу

Консультация: Хирург

Консультация: Уролог

9

Сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер

Консультация: Акушер-гинеколог

МӘМС

Кенес (2 рентгенограмманы оқу): Рентгенолог

Консультация: Онколог/Онколог-хирург

Консультация: Маммолог

Сүт бездерін УДЗ

Мақсатты маммография (1 проекция)

Стереотаксикалық бақылаудағы пункциялық / аспирациялық биопсия

Трепанобиопсия

1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу 3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды зерттеу

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Мейіргер, фельдшер немесе акушер

Маммография (4 сурет)

Қысқартуларды ашып-жазу:

ТМККК

-

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

ИФТ

-

Имунноферменттік талдау

МӘМС

-

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

ПТА

-

Простатаға тән антиген

УДЗ

-

Ультрадыбыстық зерттеу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады