Адамдарды құтқару үшін, аса қажет болған жағдайда, төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 13 маусымдағы № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 маусымда № 32788 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгілінген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
М. Пшембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 маусымдағы
№ 319 Бұйрықпен
бекітілген

Адамдарды құтқару үшін аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидалары

1-Бөлім. Жалпы ережелер.

      1. Осы төтенше жағдайлар аймақтарындағы ұйымдардың аса қажет болған жағдайда адамдарды, байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын құтқару үшін пайдалану қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану тәртібін айқындайды.

      Байланыс құралдары, көлік, мүлік және өзге де материалдық құралдар іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады.

      2. Аса қажеттілік жағдайлары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер төнген кезде басталады.

      3. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануды тұрақты штаттық негізде немесе ерікті бастамамен құрылатын авариялық-құтқару қызметтері мен авариялық-құтқару құралымдарының құтқарушылары жүзеге асырады.

      Құтқарушылардың төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалануы және қайтару мерзімі туралы шешімді төтенше жағдайларды жою басшысы қабылдайды және бұйрықтармен (өкімдермен) ресімделеді.

      4. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі негізінде құтқарушылар төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың басшыларынан байланыс құралдарын, көлікті, мүлікті және өзге де материалдық құралдарды қабылдап алады.

      5. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану осы ұйымдар қызметінің бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс.

      6. Төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлігін, мүлкін және өзге де материалдық құралдарын пайдалану үшін құтқарушылар ұйымдардың адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда қажетті байланыс құралдарының, көліктің, мүліктің және өзге де материалдық құралдарының тізбесін айқындайды.

      7. Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ұйым басшысымен бірлесіп осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылдап алу актісін, ал авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланылған мүлікті беру актісін екі данада жасайды.

  Адамдарды құтқару үшін және
аса қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар
аймағындағы ұйымдардың
байланыс, көлік құралдарын,
мүлкі мен өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
қағидаларына
1-қосымша
  Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
  ________________________________
  20____ ж. _____ ________________

Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қабылдап алу актісі

      Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ____________________________________________________________ Ұйым басшысы _______________________________________________________ "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес _______________________________________ ұйымынан адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына мынадай материалдық құралдар: байланыс құралдары ________________________________________________ көлік _______________________________________________________________ мүлік _______________________________________________________________ өзге материалдық құралдар ___________________________________________ қабылдап алғаны туралы осы актіні жасасты. Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі _________________________ Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ____________________________________________________________ (тегі, аты-жөні) Ұйым басшысы _______________________________________________________ (тегі, аты-жөні)

  Адамдарды құтқару үшін және
аса қажет болған жағдайда
төтенше жағдайлар
аймағындағы ұйымдардың
байланыс, көлік құралдарын,
мүлкі мен өзге де материалдық
құралдарын пайдалану
қағидаларына
2-қосымша
  Бекітемін
Төтенше жағдайларды жою
басшысы
  ________________________________
  20____ ж. _____ ________________

Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда материалдық құралдарды қайтарып беру актісі

      Авариялық-құтқару қызметінің немесе авариялық-құтқару құралымының басшысы ____________________________________________________________ Ұйым басшысы _______________________________________________________ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ______ ____________________________________________________________________ ұйымына адамдарды құтқару жұмыстарын орындау уақытына пайдаланылған мынадай материалдық құралдар: байланыс құралдары __________________________________________________ көлік _______________________________________________________________ мүлік _______________________________________________________________ өзге материалдық құралдар _____________________________________________ қайтарылатыны туралы осы актіні жасасты. Материалдық құралдардың техникалық жай-күйі __________________________ Материалдық-құтқару қызметі немесе авариялық-құтқару құралымының Басшысы ____________________________________________________________ (тегі, аты-жөні) Ұйым басшысы _______________________________________________________ (тегі, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады