"Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32824 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;

      39 және 39-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу үшін тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда Ведомствоға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінімді ұсынады.

      Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, толтырылады.

      Тіркелушінің (өтініш берушінің) порталдағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраным қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Ведомство кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      Тіркелуші (өтініш беруші) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Ведомство құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 10 жыл мерзімге пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісу немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісуден бас тарту туралы ұсынымдарды қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.

      Келісуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған кезде, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес пестицидті мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.

      Уәкілетті мемлекеттік органдармен келісулер мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидті ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданудан ықтимал тәуекелдердің болуы немесе болмауы және пестицидтің әсер етуші затының немесе пестицидтің өзінің Тізбеде және (немесе) Тізілімде болмауы тұрғысынан жүзеге асырылады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомство пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;

      2) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);

      3) балара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);

      4) пестицидті өндіруші немесе тіркелуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;

      5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмелері;

      6) қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының (нотариалды куәландырылған көшірмесі) электрондық көшірмесін қоса береді.

      Пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындыда "Еуразиялық экономикалық одақта санитарлық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөлімінің 17-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.

      Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке арналған тіркеу дерекнамасының материалдарын қарағаннан және уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) пестицидті мемлекеттік тіркеу және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы қорытынды;

      2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту.

      Келісуші уәкілетті мемлекеттік органдардың жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер анықталған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері тіркелушіге (өтініш берушіге) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындысы бойынша Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Нәтиже Ведомство басшысының не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында тіркелушінің (өтініш берушінің) "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.

      Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған электрондық өтінімді қарауды, пестицидті мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді, шешім қабылдауды және пестицидке тіркеу куәлігін ресімдеуді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларда белгіленген тиісті құжаттары бар электрондық өтінімді ұсынған күннен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомство жүзеге асырады.

      39-1. Тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кезде тіркелуші (өтінім беруші) электрондық нысанда портал арқылы Ведомствоға осы Қағидаларға 14-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кездегі өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Тіркеушінің (өтінім берушінің) тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласын кеңейтуге арналған құжаттарын қарау осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Пестицидті тіркеу куәлігінде оның қолданылу мерзімі, тіркеуші (өтініш беруші) туралы ақпарат, пестицидтің және оның әсер етуші затының саудадағы атауы, пестицидті қолдану регламенттері және пестицидті өндіруші көрсетіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. "Жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен, сондай-ақ, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өнімдеріне елеулі зиян келтіруге, фитосанитариялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған зиянды, аса қауіпті зиянды организмдер, карантиндік объектілер және бөтентекті түрлермен күресу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінен оларға қарсы тіркелген пестицидтері, тәуекелі төмен биологиялық препараттары жоқ зиянды немесе аса қауіпті зиянды организмдердің немесе карантиндік объектілердің және бөтентекті түрлердің анықталғаны туралы ақпарат болған кезде 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге рұқсат етіледі.

      Пестицидтерге уақытша тіркеуге алу үшін тіркелуші (өтінім беруші) электрондық нысанда портал арқылы Ведомствоға осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті уақытша тіркеуге арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу кезеңінде оны одан әрі мемлекеттік тіркеу үшін тіркелуші (өтініш беруші) осы Қағидаларға сәйкес, ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар, токсикологиялық бағалау жүргізеді.

      Алғаш рет анықталған карантиндік объектілермен күресу үшін әсер ету механизмі (түйіспелі, ішек, жүйелік және тағы басқа) әр түрлі ең көбі екі пестицидті уақытша тіркеуге рұқсат етіледі.

      Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 2 (екі) жыл мерзімге пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеуді келісу немесе пестицидті уақытша тіркеуді келісуден бас тарту ұсынымдарын қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.

      Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеуді және тіркелушіге (өтініш берушіге) пестицидке тіркеу куәлігін беру немесе пестицидті уақытша тіркеуден бас тарту және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу туралы шешімді қабылдаған кезде Ведомство пестицидтер тізіміне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.

      Пестицидке, тәуекелі төмен биологиялық препаратқа арналған уақытша тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі 2 (екі) жылды құрайды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Тіркелген пестицидтің рецептурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, оның өндірушісі ауысқан немесе қосылған кезде, тіркелуші (өтінім беруші) пестицидтің болжанып отырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелерден 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомстваға электронды түрде портал арқылы осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рецептурасы мен тіркелген пестицидті өндіру технологиясы сақтала отырып, оны өндіруші ауысқан немесе қосылған кездегі өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігін жою және оны пестицидке арналған жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру не өндірушіні ауыстырудан немесе қосудан бас тарту туралы және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігін жою және оны пестицидке арналған жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде қосымша пестицидтің жаңа өндірушісі қосымша көрсетіледі, Ведомство пестицидтер тiзiмiне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.

      Бұл ретте мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтің жаңа тіркеу және өндірістік сынақтары жүргізілмейді.

      Тіркелуші (өтінім беруші) ұсынған құжаттарды қарастыруды, шешім қабылдауды, пестицидке жаңа куәлік ресімдеу мен беруді Ведомство оларды ұсынған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Пестицидтердi қайта тiркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) порталда осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi қайта тiркеуге арналған өтiнiмді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Пестицидті қайта тіркеу осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Тiркелушi (өтінім беруші) ауысқан кезде тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға портал арқылы электронды түрде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелушiні (өтінім беруші) ауыстыруға арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Тiркелушiнің (өтінім берушінің) атауы өзгерген кезде тiркелуші (өтінім берушi) Ведомствоға портал арқылы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелушiнің (өтінім берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің күшін жою және оны жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру немесе тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстырудан немесе тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгертуден бас тарту туралы және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің күшін жою және қолданылу мерзімі мен жаңа тіркелуші (өтінім беруші), пестицидтің саудалық атауы, оның әсер етуші заты, пестицидті қолдану регламенттері туралы ақпаратты, сондай-ақ жаңа тіркеу нөмірі мен жаңа ресімдеу күнін бере отырып пестицидті өндіруші туралы ақпаратты көрсете отырып, оны жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде Ведомство пестицидтер тiзiмiне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.

      Бұл ретте пестицидті мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтің жаңа ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтары жүргізілмейді.

      Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қарастыруды, шешім қабылдауды, пестицидке жаңа тіркеу куәлігін ресімдеуді және беруді Ведомство олар ұсынылған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

      "57-1. Ведомство осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 15 маусымдағы
№ 232 бұйрығына
қосымша
  Пестицидтерді тіркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізу және
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
11-қосымша

"Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу" төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) пестицидке тіркеу куәлігін беру кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
2) тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) аясын кеңейту кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
3) пестицидтерді уақытша тіркеу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
4) рецептурасы мен оны өндіру технологиясын сақтай отырып, тіркелген пестицидті өндірушіні ауыстырған немесе қосқан кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;
5) пестицидті қайта тіркеу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні;
6) Тіркеуші (өтініш беруші) ауысқан кезде – 30 (отыз) жұмыс күні;
7) тіркеушінің (өтініш берушінің) атауы өзгерген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Пестицидке арналған тіркеу куәлігі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.​gov.​kz. ресми интернет-ресурсында орналастырылған

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылық тиімділігін бағалау бойынша ұсақ мөлдекті сынақтардың нәтижелері туралы есептің және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің биологиялық және шаруашылық тиімділігін бағалау бойынша өндірістік сынақтардың нәтижелері туралы есептің (бұдан әрі – пестицидтің ұсақ мөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер) электрондық көшірмелері;
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің қалдық мөлшерінің құрамын айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
5) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерге арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
6) рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
7) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме));
8) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі));
9) пестицидтегі әсер етуші затты анықтаудың талдамалық әдісінің электрондық көшірмесі. Тіркелуші (өтініш беруші) әдісті Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеуді жүргізеді;
10) Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық ортада пестицидтің (қажет болған жағдайда метаболиттердің) қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері;
11) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі пестицид құрамы нормативтерінің электрондық көшірмелері (өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтің ең жоғары жол берілетін деңгейі, су айдындарының суындағы пестицидтің шекті жол берілетін концентрациясы (бұдан әрі – ШЖК), жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтің әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейі, топырақтағы ШЖК (Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен немесе Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде бекітілген);
12) пестицидті өндіруші мен тіркеуші (өтініш беруші) арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі;
13) пестицидті өндіруші немесе тіркелуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
14) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмелері;
15) қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының электрондық көшірмесі;
Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін (тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) аясын кеңейту кезінде):
1) Қағидаларға 14-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласын кеңейтуге арналған өтінім;
2) пестицидтің ұсақ мөлдекті және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептердің электрондық көшірмелері;
3) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің өндірістік сынақтарын бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде пестицидтің қалдық мөлшерінің құрамын айқындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі;
5) тамақ өнімдерінде, ауыл шаруашылығы өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде пестицидтің (қажет болған жағдайда метаболиттердің) қалдық мөлшерін айқындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың электрондық көшірмелері (Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға жол беріледі);
6) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтердің құрамы нормативтерінің электрондық көшірмелері (өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтің ең жоғары жол берілген деңгейі, су айдындарының суындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК, жұмыс аймағының ауасындағы және атмосфералық ауадағы пестицидтің әсер етуінің шамаланған қауіпсіз деңгейі, топырақтағы ШЖК) (Қазақстан Республикасы немесе Украина, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен);
7) рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
8) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме));
9) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі));
10) Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді тасымалдау, сақтау, қолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымның электрондық көшірмесі;
11) Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдыстағы жапсырмасының қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар электрондық көшірмесі.
Пестицидтерді уақытша тіркеу үшін:
1) Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті уақытша тіркеуге арналған өтінім;
2) ғылыми-зерттеу мекемелерінің пестицидті анықталған зиянды немесе аса қауіпті зиянды организмдерге немесе карантиндік объектілерге қарсы тіркеу жүргізудің қажеттілігін талдай және негіздей отырып, төмен қауіпі бар биологиялық препаратты уақытша тіркеуді жүргізудің орындылығы туралы кемінде 2 (екі) ұсынымының болуы;
3) Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде осындай қолдану саласы бойынша (сол дақылда және сол зиянды организмдерге қарсы) пестицидтің, төмен қауіпі бар биологиялық препараттың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың болуы.
Тіркелген пестицидті өндірушіні оны өндірудің рецептурасы мен технологиясын сақтай отырып ауыстырған немесе қосқан кезде:
1) Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті өндірудің рецептурасы мен технологиясын сақтай отырып, тіркелген пестицид өндірушіні ауыстыруға немесе қосуға арналған өтінім;
2) Тіркеуші (өтініш беруші) мен пестицидті өндіруші арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісім (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірме), сондай-ақ тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар жаңа пестицидті өндірушіге берген пестицидті өндіруге арналған лицензия немесе рұқсат (Қазақстан Республикасының резиденті емес – тіркелушілер (өтініш берушілер) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері);
3) аккредиттелген (сертификатталған) зертханада жүргізілген, пестицид және оның әсер етуші заттарының (оның ішінде әсер етуші заттағы ілеспе қоспалар бойынша) құрамының тіркелген пестицид пен оның әсер етуші затының құрамының бірдейлігін растайтын зертханалық талдау деректері;
4) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда).
Пестицидті қайта тіркеу үшін:
1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті қайта тіркеуге арналған өтінім;
2) пестицидтерге бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерге арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
4) рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әсер етуші зат және пестицидтің препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындының электрондық көшірмесі (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
5) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірме));
6) балара шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (рұқсат беру құжаттары (аккредиттеу, сертификат) негізінде (Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға жол беріледі (нотариалды куәландырылған көшірмесі));
7) пестицидті өндіруші мен тіркеуші (өтініш беруші) арасындағы пестицидті өндіруге арналған лицензиялық келісімнің, сондай-ақ пестицидті өндірушіге тиісті уәкілетті органдар берген пестицидті өндіруге арналған лицензияның немесе рұқсаттың электрондық көшірмесі.
Тіркелуші (өтініш беруші) ауысқан кезде:
1) Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстыруға арналған өтінім;
2) тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстыру туралы хат, сондай-ақ пестицидті мемлекеттік тіркелуге құқықтардың жаңа тіркелушіге (өтініш берушіге) берілгенін немесе тіркелушінің (өтініш берушінің) қайта ұйымдастырылғанын растайтын құжаттар (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері);
3) жаңа тіркелуші (өтініш беруші) атынан пестицидті мемлекеттік тіркеу құқығын алғанын және пестицидтің саудадағы атауын, әсер етуші затты өндірушіні және пестицидтің препараттық нысанын өндірушіні, пестицидті пайдалану (қолдану) регламенттерін сақтағанын растайтын хат;
4) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
5) осы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген, жаңа тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан ресімделген құжаттар;
6) заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тіркелушілері (өтініш берушілері) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде (нотариалды куәландырылған көшірмесі).
Тіркелушінің (өтініш берушінің) атауы өзгерген кезде:
1) Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінім;
2) тіркелушінің (өтініш берушінің) атынан пестицидтің саудадағы атауын сақтай отырып, тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгерту туралы, әрекет етуші затты өндіруші және пестицидтің препараттық нысанын өндіруші хаты, пестицидті пайдалану (қолдану) регламенттерінің, сондай-ақ тіркелушінің (өтініш берушінің) атауының өзгергенін растайтын құжаттардың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары болмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелердің);
3) пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі (пестицидке тіркеу куәлігін қағаз түрінде алған жағдайда);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама – заңды тұлғалар үшін (нотариалды куәландырылған көшірмесі, Қазақстан Республикасыныңбейрезиденті– тіркеушілері (өтініш берушілері) үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған кезде).
Ведомство тіркелушіні (өтініш берушіні) (Қазақстан Республикасының резидентін) мемлекеттік қайта тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;
2) Тіркеуші (өтініш беруші) мемлекеттік қызметті алу үшін осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) тіркеушінің (өтініш берушінің) және (немесе) өзі ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтерді өндірудің (формуляциялаудың) химиялық құрамының, рецептурасының және технологиясының, ұсақ үлгілік және өндірістік сынақтарды жүргізу үшін мәлімделген пестицидтерді өндірудің (формуляциялаудың) химиялық құрамының, рецептурасының және технологиясының сәйкес келмеуі;
5) патент иелерінің пестицидтерге қатысты өнертабыстарға құқықтарын бұзу;
6) тіркеушіге (өтініш берушіге) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келесімнің болмауы.
Ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуге уәжді бас тарту үшін ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар жүргізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарттың болмауы негіз болып табылады.

10.

Өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады