БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 72-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу (бұдан әрі – бірыңғай кадастр) тәртібін айқындайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сипатқа тән геологиялық, тау-кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық параметрлерді есепке алу үшін жер қойнауын пайдаланушылар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан, осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мынадай объект түрлеріне паспорт жасайды:
1) пайдалы қазбалардың қоры мен ресурстарын бағалаудағы өзгерістер туралы мемлекеттік есепке енгізілген пайдалы қазбалардың ресурсы мен қоры бар кен орындары;
2) пайдалы қазбалардың қоры мен ресурстарын бағалаудағы өзгерістер туралы мемлекеттік есептен шығарылған пайдалы қазбалардың кен орындары, ресурстары мен қорлары;
3) ірі кен орындарының геологиялық және кеңістік тұрғысынан оқшауланған учаскелері;
4) пайдалы қазбалардың, ең болмаса, бір денесінің (кенжатының) болуы белгіленген қатты пайдалы қазбалар көріністері;
5) барлық жерасты сулары түрлерінің, сондай-ақ көпдебитік бұлақтар түрінде берілген кен орындары, емдік балшықтардың кең орындары;
6) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және барлауға жер қойнауын пайдалану құқығы берілген келешегі бар іздеу жұмыстары учаскелері;
7) мұнай, газ көріністері;
8) техногендік минералдық түзілімдер;
9) жер қойнауы кеңістігінің объектілері.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Объектілердің паспорттары мына жағдайлардың бірі:
1) кен орындарын геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде пайдалы қазбалар көріністері табылған;
2) Қазақстан Республикасының қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияда (бұдан әрі – ҚМК) пайдалы қазбалардың қорлары бекітілген немесе қайта бекітілген;
3) Қазақстан Республикасының қорлары жөніндегі орталық комиссияда пайдалы қазбалардың қорлары бекітілген немесе қайта бекітілген;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссияда пайдалы қазбалардың қорлары бекітілген немесе қайта бекітілген;
5) Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексі (бұдан әрі – KAZRC) бойынша құзыретті тұлға есепті жасаған;
6) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша барлау жұмыстары аяқталған сәттен бастап, бір айдан кешіктірмей;
7) кен орындарын игеру, пайдалы қазбаларды байыту және минералдық шикізатты металлургиялық қайта жасау кезінде қалдықтарды қоймаға жинап қойған жағдайда, жыл сайын жасалады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жер қойнауы учаскесінде жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде жерасты суларының көрінісі анықталған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар меншік нысанына және қаржыландыру көздеріне қарамастан, осы Қағидаларға 12, 13, 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есепке алу карточкасын жасайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Жер қойнауы учаскесінде жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде геохимиялық элементтердің шашырау ореолдары, геофизикалық ауытқулар, геофизикалық құрылымдар анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу парағы және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру үшін ұсынылған геофизикалық (геохимиялық) ауытқулар (құрылымдар) тізімі жасалады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Одан әрі геологиялық барлау жұмыстары немесе пайдалану үдерісінде, санаттардың сенімділік дәрежесінің нормативтік қателіктері шегінде, пайдалы қазбалар ресурстарының және (немесе) баланстық қорларының расталмауын жер қойнауын пайдаланушы дербес ресімдейді, ал өнеркәсіп санаттары қорларынан жиырма пайыздан асатын шегеру белгісі бар ресурстар және (немесе) қорлар расталмаған жағдайда, қорларды мемлекеттік есепке алуға түзетулер енгізуге барланған пайдалы қазбалардың қорын игеру тиімділігі туралы мемлекеттік сараптама қорытындысы немесе KAZRC-ге сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның есебі болған кезде жол беріледі.
Өнеркәсіптік маңызын жойған, техникалық-экономикалық немесе тау-кен техникалық себептер бойынша игеру орынсыз, кейінгі геологиялық барлау жұмыстары мен игеру кезінде нормативтік қателіктердің расталмауы артып кететін пайдалы қазбалардың қорын есептен шығару жер қойнауын мемлекеттік сараптау немесе KAZRC-ге сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның есебі негізінде жүзеге асырылады.
Кен орнын жою немесе консервациялау кезінде игерілген пайдалы қазбалардың қорларын есептен шығару немесе пайдалану экономикалық тұрғыдан орынсыз немесе техникалық және технологиялық тұрғыдан мүмкін емес, бірақ одан әрі рентабельді қорларға ауыстырылуы мүмкін, рентабельді емес қорлар тобына ауыстыру жер қойнауын мемлекеттік сараптау немесе KAZRC-ге сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның есебі негізінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі