Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 42 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32832 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 42 Қаулыға
1-қосымша

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 15-бабының 2) тармақшасына және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару шартының шеңберінде жүзеге асырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға қолданылмайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баға белгілеу - пошта, электрондық немесе факсимильдік байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;

      2) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығы бар заңды тұлға;

      3) "таза" зейнетақы активтері - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелер (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндеттемелер және ұқсас міндеттемелер) шегерілгеннен кейінгі зейнетақы активтері;

      4) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган;

      5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым.

      3. Қағидалардың мақсаттары үшін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағалауымен қатар уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Moody's Investors Service және Fitch (Мудис Инвесторс Сервис және Фич) агенттіктерінің "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) белгіленген рейтингтік бағалауларды қабылдайды.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айрықша түрде міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, олар үшін міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың мүддесіне қызмет етеді.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару Әлеуметтік кодекстің 36 және 37-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін Қағидаларға "Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнының есебі" 1-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігінің құнын есептеуді жүргізеді.

      8. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.

      Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында белгіленеді.

      9. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің (бұдан әрі – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері) және ерікті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, инвестициялық басқаруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қабылданған зейнетақы активтерінің есебін жеке-жеке жүргізеді.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі есебінің жүйесінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінен және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының баланстан тыс шоттарында есепке алынуы арқылы жекеленеді және олардан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша өндіріліп алынбайды.

      10. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметін Әлеуметтік кодекстің 59-бабында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

2-тарау. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібі

      11. Зейнетақы активтері есебінен мәмілелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық шешімдер қабылдауға уәкілетті ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.

      12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында мынадай талаптар сақталған жағдайда жасалады:

      1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу бойынша мәмілелер Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық талдамалық жүйелерде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      2) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық талдамалық жүйелерде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күні қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төмен мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      3) негізгі борыш сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg (Bloomberg) немесе Reuters (Reuters) ақпараттық талдамалық жүйелерден сатып алуға және (немесе) сатуға арналған басып шығарылған баға белгілеулер бар не мұндай баға белгілеулер болмаған кезде үш түрлі қарсы серіктестерден кемінде үш баға ұсынысы бар. Егер қарсы серіктес осы қаржы құралына баға белгілемесе, қарсы серіктестің баға белгілеулердің жоқтығы немесе қаржы құралына баға белгілеуден бас тарту туралы хабарламасы мәміле жасасу туралы есепке (құжатқа) енгізіледі;

      4) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық (шетелдік) қаржы ұйымы осы мәміле бойынша қарсы әріптес болып табылады;

      5) туынды қаржы құралдарын қоспағанда, осы қаржы құралдары бойынша жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындамауынсыз мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізілім" қағидаты бойынша халықаралық (шетелдік) есептік-депозитарлық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

      13. Мына жағдайларды:

      1) эмитент инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын;

      2) басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыруды;

      3) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акцияларды сатып алу талабын;

      4) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сатуды;

      5) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін айырбастауды;

      6) қор биржасы мәмілені жасау кезінде сауда-саттық ашылмаған бағалы қағаздарды сатуды;

      7) эмитенттің меншікті бағалы қағаздарын сатып алуын жүзеге асыруды;

      8) Қазақстан Республикасының резидент- эмитенттері және Қазақстан Республикасының бейрезидент- эмитенттері шығарған (ұсынған), бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 12-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, саудаланатын қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелер жасауды;

      9) Қағидалардың 12, 25 және 26 -тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қайталама нарықта жасалатын мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдармен мәмілелер айрықша түрде ұйымдастырылған нарықта жасалады.

      14. Ерікті зейнетақы қоры олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген зейнетақы активтері есебінен борыштық бағалы қағаздар сатып алған кезде есеп айырысулар Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптар ескеріле отырып, "төлемге қарсы жеткізілім" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

      15. Ұйымдастырылған нарықтағы мәмілелерді, сондай-ақ Қағидалардың 12-тармағында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне кастодиандық қызмет көрсету шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелер мыналармен:

      1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының үлестес тұлғаларымен;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлеріне тиесілі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқарушылармен;

      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары шығарған акцияларды және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлерінің жарғылық капиталында қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылармен;

      4) Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғаларымен жасалмайды.

      16. Өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын, қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алмайды.

      17. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) және Қағидаларға 3-қосымшаның 2-тармағында айқындалған тізбеге кіретін қаржы құралдарын сатып алу бойынша мәмілелерді жасамайды.

      18. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша инвестициялық шешімдерді:

      1) эмитент дефолт болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін осы эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда);

      2) эмитенттің бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына аударылған;

      3) қор биржасы осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқтата тұрған күннен бастап қабылдамайды.

      19. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде сатып алу бойынша мәмілелерді қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.

      Зейнетақы активтері есебінен жасалатын "кері репо" мәмілелері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалады.

      Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" операцияларының нысанасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары болып табылады.

      20. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы Қағидаларда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін белгіленген пруденциялық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметін дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауын, олардың орындалуына жауапты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

      21. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептер береді. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      22. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Салымның сомасы мен ол бойынша сыйақының сомасы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына банк салымы шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен кешіктірмей есепке жатқызылады.

      23. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық шоттарына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің халықаралық (шетелдік) кастодиан-банктердегі корреспонденттік шоттарына және кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары – халықаралық (шетелдік) ұйымдардағы шоттарына келіп түсетін зейнетақы активтері ағымдағы міндеттемелер шегеріле отырып, ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты күнтізбелік отыз күн ішінде толық көлемде инвестициялауға жатады.

      24. Егер бағалы қағаздар Қағидаларға 3-қосымшаның талаптарына сәйкес келмегенде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жоғарыда көрсетілген оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде осындай бағалы қағаздарды сатады.

      25. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен туынды қаржы құралдармен мәмілелерді егер осы туынды қаржы құралдарының базалық активі зейнетақы активтерінің құрамына кірген жағдайда, хеджирлеу мақсатында ғана жасайды.

      26. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде көрсетілген мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес баға белгіленімі болған кезде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкала бойынша "В"-дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

      27. Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті инвестициялық портфелін дербес басқарса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерін инвестициялау саясатына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасалады.

      28. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен:

      "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын;

      инвестициялық портфельді басқарушыларды;

      брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

      консалтингтік немесе актуарлық қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғаларды құруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегіннен тыс та заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатыспайды.

      29. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен жасалмайды.

      30. Егер базалық актив ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінің құрамына кірген жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер хеджирлеу мақсатында ғана жасалады.

      31. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген талаптар сақталған кезде жасалады.

      32. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен мәмілелер Қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды және мына жағдайларды:

      1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 12-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріле саудаланатын, Қазақстан Республикасының резидент-эмитенттері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттері шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;

      2) Қағидалардың 30, 31, 32 және 33-тармақтарында көзделген талаптар ескеріле отырып жасалған туынды қаржы құралдармен мәмілелер жасасуды қоспағанда, ұйымдастырылған нарықта ғана жасалады.

      33. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде көрсетілген мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағам белгіленімі болған кезде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкала бойынша "В"-дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы
қорының және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы
қорларының
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнының есебі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын айдың әрбір бірінші аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын айдың әрбір бірінші аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын айдың әрбір бірінші аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептейді:



      Қi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің айдың әрбір бірінші аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша құны;

      ЗАi - осы күннің соңындағы жағдай бойынша осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып) есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      ШБi - осы күннің соңындағы жағдай бойынша осы қосымшаның 6-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып):

      ЗАі = ЗА (і-1) + Жi + Ti + Өі1 + Өi2- Еi + БПі + S, мұндағы:

      ЗА (i-1) - алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      Жi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен зейнетақы жарналары;

      Ti - инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні келіп түскен зейнетақы активтерінің аударымдары;

      Өi1 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Өi2 - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін уақтылы инвестицияламағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Еi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударымдар, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу үшін ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударымдар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының шотына қателесіп түскен зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан-банк келіп түскен күні осындай деп таныған қате келіп түскен сомаларды қоспағанда, қаржы құралдарына орналастырылмаған және міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың жеке шоттарына есептелмеген) қайтару бойынша міндеттемелер;

      БПi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есептелген комиссиялық сыйақыларының сомасын қамтитын және аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын есептеу үшін қабылданатын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бөлінбеген пайданың (өтелмеген зиянның) жинақталған сомасы;

      S - инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің соңындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:



      ШБ (і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;

      Қ(і-1) - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен немесе инвестициялық портфельді басқа басқарушылардан инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына зейнетақы активтері бастапқы түскен кезде зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің сенімгерлік басқаруға зейнетақы активтері келіп түскен күнге сәйкес келетін күннің басында белгіленген ағымдағы құны бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан екінші инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға беру кезінде зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі үзілмейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру күнінің басында белгіленген құны бойынша жүзеге асыруды жалғастырады.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының және
(немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Шартты зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігі құнының есебі

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын айдың әр аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша осы Қосымшаның 4-тармағына сәйкес жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан шартты зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігінің (бұдан әрі – шартты бірлік) ағымдағы құнының есебін жүргізеді.

      2. Соммалар шартты зейнетақы шотына түскен кезде келіп түскен сомма сомалар түскен күннің басындағы ағымдағы құн бойынша айқындалған шартты бірліктердің балама санында қайта есептеледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шартты зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару бойынша операцияларды есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.

      3. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және шартты зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есепке жатқызу, есептен шығару тәртібін қоса алғанда, шартты зейнетақы шоттарындағы өзге де түсімдерді (есептен шығаруларды) есепке алу бойынша операциялардың тізбесі және оларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ резервтік қорлардың шоттарындағы операциялардың көрсету тәртібі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шартты бірліктің ағымдағы құнын мынадай формула бойынша есептейді:



      Қі – айдың әр аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бір шартты бірлік құны;

      ЗАі - осы күннің аяғында осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      ШБі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 6-тармағына сәйкес есептелген шартты бірліктердің жалпы саны.

      5. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):

      ЗАi = ЗА (i-1) + Жi + Кi + Аi - Hi - Ксi, мұнда:

      ЗА (і-1) - алдыңғы күнтізбелік күннің аяғындағы жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      Жі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

      Кі - жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан қорының зейнетақы активтері бойынша осы күнге есептелген инвестициялық кірісі;

      Аі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің міндетті жарналарын уақтылы аудармағаны үшін осы күні алынған өсімпұл;

      Hi - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шотына қателесіп түскен зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару бойынша міндеттемелер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);

      КСі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы күнге есептелген комиссиялық сыйақысы.

      6. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы шартты бірліктердің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:



      ШБ (і-1) - осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы шартты бірліктердің жалпы саны;

      Қ (і-1) - осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы бір шартты бірліктің құны.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының және
(немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

3.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВ+"-тен "kzBВ-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі отыз алты айдан аспайтын мерзімдегі салымдар

5.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына номинирленген бағалы қағаздар.

6.

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің борыштық бағалы қағаздары

7.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар шетел эмитенттерінің борыштық бағалы қағаздары;
мөлшері мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті бас ұйымның не Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті бас ұйымның кепілдігіне эмитент шығарылымын жүзеге асыратын борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе олардың басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
Негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетел эмитенттерінің акциялары;
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылған шетел ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары

8.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" -тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар;
Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "стандарт" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың шетел валютасына номинирленген, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімнің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген борыштық бағалы қағаздары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары; эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында осы эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған бағалы қағаздар

9.

Осы тармақтың реттік нөмірі 8-жолында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі - ХҚЕС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;
2) осы жолдың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жасалған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген кезеңдердегі эмитенттің қаржылық есептілігін немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу жасау бойынша аудитордың есебін (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық топтамасын) ұсынған;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды

10.

Осы тармақтың реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті ХҚЕС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
2) осы жолдың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жасалған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген кезеңдердегі эмитенттің қаржылық есептілігін немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу жасау бойынша аудитордың есебін (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық топтамасын) ұсынған;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды

11.

Аралық және ашық пай қорларының пайлары

12.

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және бұл қауымдастықтың құжаттарында "Лондонның сапалы жеткізілімі" стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдар және он екі айдан аспайтын мерзімге орналастырылған, оның ішінде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттері

13.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, мына талаптарға сәйкес келетін ұйымдар шығарғанайналыс мерзімі үш жылдан аспайды;
шығару талаптарында мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайлары көзделмеген

14.

Осы қосымшада көрсетілген акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар

      2. Мынадай қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық көлемі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің 5 (бес) пайызынан аспайды:

1.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімнің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

2.

Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары

3.

Активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) пайлары (Exchange Traded Funds)

4.

Осы қосымшаның 1-тармағының 10-жолында көрсетілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар

  Қаулыға 2-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8815 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 33 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9317 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 болып тіркелген) Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 13-тармағы.

      4. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген) Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 68 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20923 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентті Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 31 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22229 болып тіркелген) Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентті Басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31848 болып тіркелген) 1-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады