Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 12 қазанда № 8815 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 42 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 42 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 15.03.2020 № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай қолданылу кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдері ұзартылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және нормалары 2013 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың 1-қосымшасын қоспағанда, 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 237 қаулысымен
бекітілді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы (бұдан әрі – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын сенімгерлікпен басқару шартының шегінде жүзеге асырылатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруға қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) баға белгілеу - пошта, электрондық немесе факсимильдік байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;

      2) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығы бар заңды тұлға;

      3) "таза" зейнетақы активтері - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелер (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндететмелер және ұқсас міндеттемелер) шегерілгеннен кейінгі зейнетақы активтері;

      4) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган;

      5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;

      6) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қағидалардың мақсатында уәкілетті органмен Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағасынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің де және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының да (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағалары танылады.

      Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық және (немесе) ұлттық шәкіл бойынша бірнеше рейтингілік баға бар болған кезде, есепке уәкілетті орган таныған рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша барынша жоғарғы рейтингілік бағасы есепке алынады.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры айрықша Қор салымшыларының (алушыларының) мүддесіне қызмет етеді.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 35 және 35-1-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін Қағидалардың "Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнының есебі" 1-қосымшасына сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.02.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігінің құнын есептеуді жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.

      Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында белгіленеді.

      7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіпте және талаптармен тартылатын ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің (бұдан әрі – ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері) және ерікті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, инвестициялық басқаруға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қабылданған зейнетақы активтерінің есебін жеке-жеке жүргізеді.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі есебінің жүйесінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінен және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының баланстан тыс шоттарында есепке алынуы арқылы жекеленеді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелері бойынша олар өндіріліп алынбайды.

2. Инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібі

      8. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің қызметін Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 52-бабында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      9. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен мәмілелерді ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.

      10. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында мына талаптарды сақтаған кезде, жасалады:

      1) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сатып алу бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең жоғарғы мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      2) акцияларды (депозитарлық қолхаттарды) сату бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде берілген ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналыста болатын халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәмілелерді жасау күнінде қалыптасқан осы қаржы құралы бойынша бағаның ең төмен мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;

      3) principal protected notesті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша мәмілелер Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдама жүйелерінде сатып алуға және (немесе) сатуға бағамның талдамасы бар болған не осындай бағамдар жоқ болған кезде, түрлі үш қарсы әріптестен кемінде үш бағам бар болған жағдайда жасалады. Егер қарсы әріптес осы қаржы құралына бағам бермесе, қарсы әріптестің бағамы болмауы не қаржы құралына баға беруден бас тартуы жөніндегі хабарламасы мәмілелерді жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі;

      4) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингі бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық (шетелдік) қаржы ұйымы осы мәміле бойынша қарсы әріптес болып табылады;

      5) туынды қаржы құралдарын қоспағанда, осы қаржы құралдары бойынша жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу бір тараптың қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы басқа тараптың ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындамауысыз мүмкін болмайтын "төлемге қарсы жеткізілім" қағидаты бойынша халықаралық (шетелдік) есептік-депозитарлық (Euroclear, Clearstream, Depository Trust & Clearing Corporation, Japan Securities Clearing Corporation ұқсас) жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

      11. Мына жағдайларды:

      1) эмитент инвестициялық портфеліндегі облигацияларды акцияларға айырбастауын;

      2) басымдықпен сатып алу құқығын жүзеге асыруды;

      3) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акцияларды сатып алу талабын;

      4) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сатуды;

      5) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемлерін айырбастауды;

      6) қор биржасы мәмілені жасау кезінде сауда-саттығын ашпаған бағалы қағаздарды сатуды;

      7) эмитенттің меншікті бағалы қағаздарын сатып алуын жүзеге асыруды;

      8) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер шығарған (ұсынған), бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп саудаланатын қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;

      9) Қағидалардың 10, 22 және 23-тармақтарында көзделген талаптарды ескеріп жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен қайталама нарықта жасалатын мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдармен мәмілелер айрықша тек қана ұйымдастырылған нарықта жасалады.

      12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен "principal protected notes" сатып алған кезде есеп айырысу Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген талаптарды ескеріп, "төлемге қарсы жеткізілім" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

      13. Ұйымдастырылған нарықтағы мәмілелерді, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне кастодиандық қызмет көрсету шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен жасалатын мәмілелер мыналармен:

      1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының үлестес тұлғаларымен;

      2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлеріне тиесілі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сенімгерлік басқарушылармен;

      3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушылары шығарған акцияларды және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ірі акционерлерінің жарғылық капиталында қатысу үлестерін сенімгерлік басқарушылармен;

      4) Қағидалардың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген сенімгерлік басқарушылардың үлестес тұлғаларымен жасалмайды.

      14. Өлшемдері қор биржасының акциялар нарығының индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын, қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алмайды.

      15. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалар шығарған (ұсынған) және Қағидалардың 2-қосымшасының 2-тармағында айқындалған тізбеге кіретін қаржы құралдарын сатып алу бойынша мәмілелерді жасамайды.

      16. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтері есебінен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша инвестициялық шешімдерді мына:

      1) эмитенттің дефолты (эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда);

      2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің "буферлік санаты" санатына аудару;

      3) қор биржасы бұл бағалы қағаздармен сауда-саттықты тоқта тұру күнінен бастап қабылдамайды.

      17. Мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру кезінде сатып алу бойынша мәмілелерді қоспағанда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің қатысуымен ұйымдастырылған нарықта жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.

      Зейнетақы активтері есебінен жасалатын "кері репо" мәмілелері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге жасалады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" операцияларының мәні болып табылады.

      18. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы Қағидаларда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры үшін пруденциялық нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметін дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауын, олардың орындалуына жауапты ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерін және орындалу мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді ұсынады. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.06.2020 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      19. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Салымның сомасы мен ол бойынша сыйақының сомасы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына банк салымы шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен кешіктірмей есепке алынады.

      20. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банктегі инвестициялық шоттарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкінің халықаралық (шетелдік) кастодиан-банктердегі корреспонденттік шоттарына және кастодиан-банктің халықаралық (шетелдік) депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - халықаралық (шетелдік) ұйымдардағы шоттарына келіп түсетін зейнетақы активтері ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты күнтізбелік отыз күн ішінде ағымдағы міндеттемелерді шегергенде толық көлемде инвестициялауға жатады.

      21. Егер бағалы қағаздар Қағидалардың 2-қосымшасының талаптарына сәйкес келмегенде, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде осындай бағалы қағаздарды сатады.

      22. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің есебінен туынды қаржы құралдармен мәмілелерді егер осы қаржы құралдарының базалық активі зейнетақы активтерінің құрамына кірген жағдайда хеджирлеу мақсатында ғана жасайды.

      23. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде аталған мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағамдар бар болған кезде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

      24. Егер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті инвестициялық портфелін дербес басқарса, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерін инвестициялау саясатына сәйкес инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық комитеті қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасалады.

      25. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры меншікті активтері есебінен мыналарды:

      "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын;

      инвестициялық портфельді басқарушыларды;

      брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;

      консалтинг немесе актуарлық қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлғаларды құруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы сияқты оның шегіндегі заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатыспайды.

      26. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен жасалмайды.

      27. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер хеджирлеу мақсатында ғана егер базалық активі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінің құрамына кірген жағдайда жасалады.

      28. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарды сақтаған кезде жасалады.

      29. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен мәмілелер Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды және мына жағдайларды:

      1) бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында Қағидалардың 10-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп саудаланатын, Қазақстан Республикасының резиденті эмитенттері және Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу-сату бойынша халықаралық (шетелдік) нарықтарда мәмілелерді жасауды;

      2) Қағидалардың 27, 28, 29 және 30-тармақтарында көзделген талаптарды ескеріп жасалған туынды қаржы құралдармен мәмілелерді жасасуды қоспағанда, айрықша ұйымдастырылған нарықта жасалады.

      30. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының ұйымдастырылмаған нарығында своп, опцион мен форвард мәмілелерін жасаған кезде аталған мәміле бойынша қарсы әріптес тиісті құралдар бойынша түрлі үш қарсы әріптестен үштен кем емес бағамдар бар болған кезде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы болып табылады.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының және
(немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының
қызметін жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнының есебі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      2. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебін жүргізеді.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны осы қосымшаның 4-тармағына сәйкес есептеледі.

      4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептейді:

      ЗАi Қі = ---------, мұндағы: ШБi

      Қi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша құны;

      ЗАі – осы күннің соңындағы жағдай бойынша осы қосымшаның 5-тармағына сәйкес (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып) есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      ШБі – осы күннің соңындағы жағдай бойынша осы қосымшаның 6-тармағына сәйкес есептелген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):

      ЗАі = ЗА (і-1) + Жi + Ti+ Өі1 + Өі2 – Еі + БПі+ S, мұндағы:

      ЗА (і-1) – алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      Жі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен зейнетақы жарналары;

      Ti – инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан алынған зейнетақы активтерінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні келіп түскен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдары;

      Өі1 – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Өі2 – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін уақтылы инвестицияламағаны үшін осы күні алған өсімпұл;

      Еi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударымдар, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу үшін ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударымдар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының шотына қателесіп түскен зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан-банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және салымшылардың жеке шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда) қайтару бойынша міндеттемелер;

      БПi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кіріс сомасын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының есептелген комиссиялық сыйақыларының сомасын қамтитын және аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын есептеу үшін қабылданатын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бөлінбеген пайданың (өтелмеген зиянның) жинақталған сомасы;

      S – инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің соңындағы зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:

      Жi + Ti + Өі1 + Өі2 +S - Еі ШБі = ШБ (і -1) + ---------------------------------------, мұндағы: Қ(і-1)

      ШБ (і-1) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;

      Қ(і-1) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының осы күннің алдындағы соңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен немесе инвестициялық портфельді басқа басқарушылардан инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына зейнетақы активтері бастапқы түскен кезде зейнетақы активтерінің шартты бірлігі құнының есебі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің сенімгерлік басқаруға зейнетақы активтері келіп түскен күнге сәйкес келетін күннің басында белгіленген ағымдағы құны бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан екінші инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға беру кезінде зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі үзілмейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру күнінің басында белгіленген құны бойынша жүзеге асыруды жалғастырады.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының және
(немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
1-1-қосымша

Шартты зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігі құнының есебі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры айдың әрбір күнтізбелік күннің аяғында жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан шартты зейнетақы міндеттемелерінің шартты бірлігі құнының есебін (бұдан әрі – шартты бірлік) жүргізеді.

      2. Шартты бірлік құнының есебі бір жүз теңгеден басталады.

      3. Соммалар шартты зейнетақы шотына түскен кезде келіп түскен сомма сомалар түскен күннің басындағы ағымдағы құн бойынша айқындалған шартты бірліктердің балама санында қайта есептеледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шартты зейнетақы шотынан сомаларды есептен шығару бойынша операцияларды есептен шығару күнінің басындағы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша жүзеге асырады.

      4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және шартты зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару операциялары бойынша инвестициялық кірісті есепке жатқызу, есептен шығару тәртібін қоса алғанда, шартты зейнетақы шоттарындағы өзге де түсімдерді (есептен шығаруларды) есепке алу бойынша операциялардың тізбесі және оларды жүргізу тәртібі, сондай-ақ резервтік қорлардың шоттарындағы операциялардың көрсету тәртібі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шартты бірліктің ағымдағы құнын мынадай формула бойынша есептейді:

      Зi1

      Қi = -------------, мұнда

      Шбі

      Қі – осы күннің аяғындағы бір шартты бірлік құны;

      ЗАі - осы күннің аяғында осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      ШБі - осы күннің аяғында осы қосымшаның 7-тармағына сәйкес есептелген шартты бірліктердің жалпы саны.

      6. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мына формула бойынша есептеледі (Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып):

      ЗАi = ЗА (i-1) + Жi + Кi + Аi - Hi - Ксi, мұнда:

      ЗА (і-1) - алдыңғы күнтізбелік күннің аяғындағы жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны;

      Жі – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы күні түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

      Кі - жұмыс берушінің міндетті жарналары есебінен қалыптасқан қорының зейнетақы активтері бойынша осы күнге есептелген инвестициялық кірісі;

      Аі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің міндетті жарналарын уақтылы аудармағаны үшін осы күні алынған өсімпұл;

      Hi – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан осы күнге есептелген зейнетақы төлемдері және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шотына қателесіп түскен зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтару бойынша міндеттемелер (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және оған қызмет көрсететін кастодиан банк түскен күні қателесіп түскен деп таныған, қаржы құралдарына орналастырылмаған және жеке тұлғалардың шартты зейнетақы шоттарына есепке алынбаған сомаларды қоспағанда);

      КСі - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы күнге есептелген комиссиялық сыйақысы.

      7. Осы айдың әрбір күнтізбелік күнінің аяғындағы шартты бірліктердің жалпы саны мына формула бойынша есептеледі:

      Жi + Аi – Hi

      ШБi = ШБ (i -1) + -------------------------------, мұнда

      Қ(i-1)

      ШБ (і-1) - осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы шартты бірліктердің жалпы саны;

      Қ (і-1) - осы күннің алдындағы күнтізбелік соңғы күннің аяғындағы бір шартты бірліктің құны.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бір шартты бірліктің құны туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) осы қосымшаның нысанына сәйкес электрондық нысанда ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      9. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органға жетілдірілген анықтаманы және анықтамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып жазбаша түсіндірмені ұсынады.

  Нысан

      ______________________________________________________ жылға

      (айдың атауы) (күнтізбелік жылды цифрмен белгілеу)

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шартты зейнетақы міндеттемелерінің бір шартты бірлігінің құны туралы анықтама

Күні

Зейнетақы жарналары, келіп түсті

Зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін алынған өсімпұл

Төлемдер, есепке алынды

Зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны үшін зейнетақы жарналарын қайтару бойынша міндеттеме және (немесе) алынған өсімпұл

Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы

"Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Шартты бірліктер1 саны

Зейнетақы активтерінің 2 бір шартты бірлігінің құны

Зейнетақы активтері бойынша бір күнде есептелген инвестициялық кіріс

8

9

10


Атауы
_____________________________
_____________________________

Мекенжайы
_____________________________
_____________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы _______________________________

      Орындаушы ______________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)            қолы

      Бас бухгалтер (не оның орнындағы адам)

      ______________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)            қолы

      Бірінші басшы (не оның орнындағы адам)

      ______________________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)            қолы

      1 Үтірден кейін нақты үш белгіге дейін.

      2 Үтірден кейін нақты жеті белгіге дейін.

  Бірыңғай жинақтаушы
зейнетақы қорының және
(немесе) ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорларының қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:

Қаржы құралының атауы

1.

Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

3.

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

4.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВ+"-тен "kzBВ-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі отыз алты айдан аспайтын мерзімдегі салымдар

5.

Standard & Poor's агенттігінің "АА-"-тен төмен емес халықаралық рейтінгі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына номинирленген бағалы қағаздар.

6.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтінгі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел мемлекеттерінің борыштық бағалы қағаздары

7.

Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар шетел эмитенттерінің борыштық бағалы қағаздары;
мөлшері мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар шығарылымының толық көлеміне сәйкес келетін, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті бас ұйымның не Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резиденті бас ұйымның кепілдігіне эмитент шығарылымын жүзеге асыратын борыштық бағалы қағаздар;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе олардың басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
Негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін шетел эмитенттерінің акциялары;
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылған шетел ұйымдарының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары

8.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар;
Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "стандарт" санатының талаптарына сәйкес келетін акциялары немесе Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғалардың шетел валютасына номинирленген, "Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген акциялары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімнің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген борыштық бағалы қағаздары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шетел валютасына номинирленген және "Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;
эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге міндеттемелеріне айырбастау мақсатында осы эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау аясында шығарылған бағалы қағаздар

9.

Осы тармақтың реттік нөмірі 9-жолында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards - IFRS) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептілік стандарттарына (General Accepted Accounting Principles - GAAP) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес жасайды;
2) осы жолдың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жасалған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген кезеңдердегі эмитенттің қаржылық есептілігін немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу жасау бойынша аудитордың есебін (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық топтамасын) ұсынған;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды

10.

Осы тармақтың реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының ұйымдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған, мына талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар:
1) борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
2) осы жолдың 1) тармақшасының талаптарына сәйкес жасалған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдар тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
3) борыштық бағалы қағаздар эмитенті аудиторлық есеппен расталған, қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген кезеңдердегі эмитенттің қаржылық есептілігін немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу жасау бойынша аудитордың есебін (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық топтамасын) ұсынған;
4) борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
5) борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (тапсыру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды

11.

Аралық және ашық пай қорларының пайлары

12.

Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және бұл қауымдастықтың құжаттарында "Лондонның сапалы жеткізілімі" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған бағалы металдар және он екі айдан аспайтын мерзімге орналастырылған, оның ішінде Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттері

13.

Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, мына талаптарға сәйкес келетін ұйымдар шығарған рrincipal protected notes:
айналыс мерзімі үш жылдан аспайды;
рrincipal protected notes шығару талаптарында қандай да бір мемлекеттің, эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолт жағдайлары көзделмеген

14.

Осы қосымшада көрсетілген акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар

      2. Мынадай қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық көлемі ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің 5 (бес) пайызынан аспайды:

1.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімнің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының шетел валютасына номинирленген және "Астана" Халықаралық Қаржы Орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

2.

Басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімі "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторының талаптарына сәйкес келетін аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;

3.

"Standard & Poor's principal stability fund ratings" "ВВВm-"-тен төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-"-тен төмен емес халықаралық рейтінгтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары

4.

Осы қосымшаның 1-тармағы 12-бағанында көрсетілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады