Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 16 маусымдағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 маусымда № 32847 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
М. Пшембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Төтенше жағдайлар
  министрінің міндетін атқарушы
  2023 жылғы 16 маусымдағы
  № 329 бұйрығымен
  бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 91) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 91) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптарды көздейді.";

      2. "Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 747 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12516 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға немесе кәдеге жаратылған тауарларды өткізуге нарядтар беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарызға беру тәртібінде материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Азаматтық қорғау туралы" Заңы) 12-1-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес қабылданатын мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімі және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру туралы алушымен шарт (келісім-шарт) негізінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 12-бабы 1-тармағының 45) тармақшасына сәйкес қабылданатын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-1-бабының 5-1-тармағына сәйкес қабылданатын әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және сауда қызметінің субъектілерімен нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі шарттың, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі аукцион жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растау негізінде жүзеге асырылады.

      Кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру кәдеге жарату қызметтерін көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Жою үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару кезінде наряд мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      13. Материалдық құндылықтарды гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд Комитет оларды шығаруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд Комитетке шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд Комитет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оларды шығаруға шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд Комитет әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның оларды шығаруға шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд кәдеге жарату көрсетілетін қызметін өнім берушімен шарт жасасқаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.

      Жою үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде беріледі.";

      3. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 139) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады