Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 маусымда № 32872 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 119 Бұйрықпен
бекітілген

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 5-тармақшасына сәйкес әзірленді, қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдаудың бірыңғай тәсілін айқындайды және оны бағалау үшін қолданылады.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Бұл ретте талдауды әдіснамалық сүйемелдеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдау қолдау шараларын алушылар бойынша алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындыcы бойынша сандық және сапалық әдістер арқылы жүргізіледі.

      4. Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдау объектілері мүдделі орталық мемлекеттік органдар, қаржылай емес қолдау операторлары қызметінің нәтижелері бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ресми түрде ұсынылған ақпарат болып табылады.

      5. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

      2) кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – жеке кәсіпкерлік субъектілері) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;

      3) қаржылай емес қолдау операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде құрылған кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыратын заңды тұлға, филиал немесе өкілдік;

      4) қаржылай емес қолдау шаралары – қолайлы және бәсекелес бизнес-орта құру, ақпараттық, консультациялық, консалтингтік, талдамалық, оқу-әдіснамалық, ұйымдастыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну арқылы кәсіпкерлік бастаманы және кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қолдау шаралары;

      5) қаржылай емес қолдау шараларын алушылар – жеке кәсіпкерлік субъектілері және кәсіпкерлік бастамасы бар халық;

      6) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шаралары

      6. Жеке кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларына мыналар ақпараттық, консультациялық, талдамалық, консалтингтік, оқу-әдіснамалық, ұйымдастырушылық көрсетілетін қызметтер жатады.

      7. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік туралы хабардар болуды арттыру мақсатында ақпаратты электрондық түрде орналастыру, түсіндірме сипатындағы бейнематериалдар мен баспа өнімдерін, оның ішінде әдістемелік құралдар мен ақпараттық бюллетеньдерді тарату арқылы ұсынылады.

      8. Консультациялық көрсетілетін қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қолдау шараларын алушылардың кең ауқымды мәселелері бойынша түсіндіру, ұсынымдар, кеңестер және кәсіби деңгейдегі консультациялардың өзге де нысандары түрінде ұсынылады.

      9. Талдамалық көрсетілетін қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылған анықтамалықтар, статистикалық жинақтар, талдамалық анықтамалар, ақпараттық хаттар, есептер, баяндамалар және қаржылай емес қолдау көрсететін операторлардың ресми сайттарында орналастырылған өзге де материалдар негізінде кәсіпкерлік дамуының жай-күйін дербес талдауды және айқындауды жүзеге асыру мақсатында ұсынылады.

      10. Консалтингтік көрсетілетін қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа басқарушылық, қаржылық, заңгерлік, кадрлық, технологиялық және өзге де мәселелерді шешу мақсатында түрлі салалар мамандарынан сараптамалық практикалық көмек көрсету арқылы ұсынылады.

      11. Оқу-әдістемелік көрсетілетін қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қолдау шараларын алушыларды оқыту, кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында, тиісті оқу-әдістемелік материалдарды пайдалана отырып, күндізгі және (немесе) онлайн нысандарда ұсынылады.

      12. Ұйымдастырушылық көрсетілетін қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа материалдық-техникалық ресурстарды өтеусіз негізде пайдалана отырып, ішкі немесе сыртқы нарықтарда өз ісін ұйымдастыруға немесе ілгерілетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады.

3-тарау. Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігіне сапалы әдіспен талдау жүргізу

      13. Іріктеп қарап-тексеру жүргізу арқылы тиімділікті сапалы әдіспен талдау, оның шеңберінде қаржылай емес қолдау шаралары бөлінісінде алушылардың 30 (отыз) пайызына дейін кездейсоқ тәртіппен іріктеледі.

      14. Іріктелген жиынтықтың әрқайсысының жеке және (немесе) командалық тиімділік деңгейін талдау ұсынылған гипотезаларды растау және (немесе) теріске шығару үшін телефон және (немесе) онлайн-сауалнама арқылы жүргізіледі. Гипотезалар мен сұрақтардың негізгі тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада берілген. Бұл ретте қаржылай емес қолдаудың нақты құралын іске асыруға тікелей қатысты қосымша гипотезаларды/мәселелерді пайдалануға жол беріледі.

      15. Алынған нәтижелер барлық жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа экстраполяцияланады (қолданылады).

4-тарау. Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігіне сандық әдіспен талдау жүргізу

      16. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін сандық әдіспен талдау қолдау шараларын алушылар қызметі тиімділігінің артуын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалу көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.

      17. Қаржылай емес қолдау шараларын ұсынудың тиімділігін талдау мақсатында есептеу үшін мынадай негізгі көрсеткіштері пайдаланылады:

      қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың жалпы санына үлес салмағы;

      қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде қаржылай және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық мемлекеттік қолдау алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау алған кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы;

      қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде рұқсат құжаттарын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған/тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы;

      қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде сыртқы нарықтарға шыққан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған/тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы;

      қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған/тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы;

      алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық түсімдерінің өсуі;

      алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек өнімділігінің өсуі;

      алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің өсуі;

      алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері санының өсуі.

      18. "Қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың жалпы санына үлес салмағы" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




- қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлес салмағы;

- қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде есепті кезеңде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны;

- қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың жалпы саны.

      19. "Қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде қаржылай және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық мемлекеттік қолдау алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау алған кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




- қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде қаржылай және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық мемлекеттік қолдау алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлес салмағы;

- есепті кезеңде қаржылай және мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны;

- есепті кезеңде қаржылай емес қолдау алған кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны.

      20. "Қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде рұқсат құжаттарын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған/тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




- қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде рұқсат құжаттарын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлес салмағы;

- есепті кезеңде қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде рұқсат құжаттарын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны;

- есепті кезеңде тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны.

      21. "Қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде сыртқы нарықтарға шыққан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған/тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




- қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде сыртқы нарықтарға шыққан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлес салмағы;

- есепті кезеңде қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде сыртқы нарықтарға шыққан кәсіпкерлік субъектілерінің саны;

- есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған/есепті кезеңде тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны.

      22. "Қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай емес қолдау шараларын алған/тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санына үлес салмағы" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




- қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі;

- есепті кезеңде қаржылай емес қолдау алу нәтижесінде инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің саны;

- есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған/есепті кезеңде тиісті мәселе бойынша қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны.

      23. "Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салық түсімдерінің өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




– салық түсімдерінің өсуі;

– есепті кезеңдегі салық түсімдері;

– алдыңғы кезеңдегі салық түсімдері.

      24. "Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің еңбек өнімділігінің өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




– еңбек өнімділігінің өсуі;

– есепті кезеңдегі еңбек өнімділігі;

– алдыңғы кезеңдегі еңбек өнімділігі.

      25. "Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кірістерінің өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




– кірістердің өсуі;

– есепті кезеңдегі кіріс;

– алдыңғы кезеңдегі кіріс.

      26. "Аылдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңде қаржылай емес қолдау шараларын алған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер санының өсуі" көрсеткішін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:




– жұмыскерлер санының өсуі;

– есепті кезеңдегі жұмыскерлердің саны;

– алдыңғы кезеңдегі жұмыскерлердің саны.

      27. Негізгі көрсеткіштерді есептеу үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайттарында орналастырылған статистикалық деректер және қаржылай емес қолдау операторларының және қаржылай емес қолдау шараларын ұсынатын ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылған ашық деректер пайдаланылады.

      28. Қаржылай емес қолдау шарасы бойынша айқын қарсы міндеттемелер болмаған немесе қолдау шарасын ұсынудың тиімділігін растау қажет болған жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган салыстырылатын ұқсас топтардың абсолютті ауытқуларын айқындауға қабілетті салыстырмалы талдауды пайдаланады. Қолдау шараларын алушылардың (А тобы) және қолдау алмаған А тобының өкілдеріне ұқсас сипаттамалары бар адамдардың (Б тобы) салыстырмалы іріктемелері салыстыруға жатады.

      Алынған нәтижелер қолдау шараларын алған барлық қатысушы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа экстраполяцияланады.

      29. Салыстырылатын топтардың мәндерін бір бірімен салыстыру үшін мынадай формула қолданылады:

      a= (A | S=1) - (A | S=0), мұндағы:

      А кәсіпкерлік субъектілерінің/кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың саны;

      S қаржылай емес қолдау шаралары;

      1-иә, 0-жоқ

      30. Бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін талдау мақсатында мынадай формула пайдаланылады:

      Ти б/ж = % ТН/% ҚИ х 100%, мұндағы:

      Ти б/ж бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі;

      % ТН тікелей нәтижеге қол жеткізу пайызы;

      % ҚИ бюджет қаражатын игеру пайызы.

5-тарау. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігіне жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша есептілік

      31. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қарашадан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдаудың қорытындысы бойынша есепті ұсынады.

      32. Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдаудың қорытындысы бойынша есеп кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.

      33. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдаудың қорытындысы бойынша ақпаратты осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.

      34. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігіне талдау жүргізудің қорытындысы бойынша нәтижелер кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету шарттарын түзету үшін дереккөз бола алады.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
және кәсіпкерлік бастамасы бар
халықты қаржылай емес
қолдау шараларының
тиімділігін талдауды жүзеге
асыру әдістемесіне
1-қосымша

Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдау шеңберінде жүргізілетін телефон және (немесе) онлайн-сауалнамаға арналған сұрақтар тізбесі

      1. Консультациялық көрсетілетін қызметтер

      № 1 тестіленетін гипотеза: "Егер адам бастапқыда бизнес ашқысы келсе, қаржылай емес қолдау шараларын алғаннан кейін ол өз ісін бастайды".

      № 2 тестіленетін гипотеза: "Жеке кәсіпкерлік субъектісі қаржылай емес қолдау шараларының консультациялық көрсетілетін қызметін алғаннан кейін өз қызметін жақсартуға тиіс".

Кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін

Кәсіпкерлер үшін

1.

Сіз _______ (көрсетілетін қызметтер операторының атауы) қандай мақсатпен жүгіндіңіз?
1) мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету және консультация беру;
2) бизнесті ашу және жүргізу, шарттардың, актілердің, шот-фактуралардың және жүкқұжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері жөнінде хабардар ету және консультация беру;
3) өтініштерді сүйемелдеу (лицензиялар мен рұқсат құжаттары, ЕДБ-ға құжаттар және т.б.);
4) өзге (атаңыз).

Сіз _______ (көрсетілетін қызметтер операторының атауы) қандай мақсатпен жүгіндіңіз?
1) мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету және консультация беру;
2) бизнесті жүргізу, шарттардың, актілердің, шот-фактуралардың және жүкқұжаттардың үлгілерін дайындау, отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарыққа ілгерілету мәселелері жөнінде хабардар ету және консультация беру және т.б.;
3) өтініштерді сүйемелдеу (рұқсат беру құжаттары, ЕДБ-дағы құжаттар, ШОБ тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету);
1) өзге (атаңыз).

2.

Сіздің өз сұрауыңыздың тақырыбы туралы бастапқыда қандай да бір түсінігіңіз/ұғымыңыз болды ма? (қолдау шаралары, бизнесті ашу және жүргізу рәсімі, лицензияларды, рұқсат құжаттарын алу, ЕДБ құжаттары және т. б. туралы бастапқы білім)
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ.

Консультация барысында алынған білім мен ұсынымдар сіздің сұрағыңызды шешу үшін қолданылды ма?
1) иә;
2) жоқ.

3.

Консультация барысында алынған білім мен ұсынымдар сіздің елдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысуыңызға ықпал ете алды ма? Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді аштыңыз ба?
1) иә;
2) жоқ.

"Иә" деп жауап берген жағдайда қаржылай емес қолдау операторының ұсынымдарын қалай қолдана алғаныңызды егжей-тегжейлі айтып беріңіз?
________

4.

"Иә" деп жауап берген жағдайда сіздің бизнес ашу жөніндегі шешіміңізге алынған консультацияның ықпалын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

"Жоқ" деп жауап берген жағдайда _______ (көрсетілетін қызмет операторының атауы) ұсынымдарын неге қолдана алмағаныңыз туралы егжей-тегжейлі айтып беріңіз?
1) консультацияда берілген ақпарат аз;
2) ЕДБ-мен байланысты проблемалар;
3) қолдау операторларымен байланысты проблемалар;
4) рұқсат құжаттарын алушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеумен байланысты проблема;
5) басқа________.

5.

"Жоқ" деп жауап берген жағдайда сізге бизнесті ашуға не кедергі болды?
1) ЭЦҚ болмауы;
2) бизнесті жүргізуге байланысты қорқыныш;
3) техникалық ақаулар;
4) ақша қаражатының болмауы;
5) басқа (атаңыз).

Егер сіз 3-сұраққа "иә" деп жауап берген жағдайда сіздің жеке тиімділігіңіз артты ма? Мысалы, сіздің кірісіңіз ұлғайды ма?
1) иә (шамамен қанша %);
2) жоқ (түсіндірме).

6.

Егер сіз 4-сұраққа "иә" деп жауап берген жағдайда сіздің жеке тиімділігіңіз артты ма? Мысалы, сіздің кәсіпкерлік қызметті жүргізуден түскен кірісіңіз ұлғайды ма?

"Иә" деп жауап берген жағдайда алынған консультацияның сіздің тиімділігіңіздің артуына ықпалын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз ?

      2. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер

      № 3 тестіленетін гипотеза: "Ақпараттық көрсетілетін қызметтер (электрондық түрдегі ақпарат, түсіндірме сипатындағы бейнематериалдар мен баспа өнімдері, оның ішінде әдістемелік құралдар мен ақпараттық бюллетеньдер) адамдарды бизнес ашуға ынталандыруға тиіс".

      № 4 тестіленетін гипотеза: "Халықтың көп бөлігі ақпараттық көрсетілетін қызметтердің бар екендігі туралы хабардар емес".


Кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін

1.

Сіз бизнесті ашу үшін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тегін консультация /түсіндірме алу мүмкіндігі туралы білесіз бе?
1) иә;
2) жоқ.

2.

"Иә" деп жауап берген жағдайда Сіз бұл туралы қандай дереккөзден білдіңіз?
1) баспа өнімдері: газеттер, буклеттер, өзге де үлестірме материалдар;
2) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама;
3) әлеуметтік желілердегі жарнамалар немесе бейнероликтер;
4) өзге ____________.

3.

Ақпараттың сізге қаншалықты пайдалы болғанын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

4.

Бейнероликтер туралы сөз қозғалғанда, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің нақты және табысты үлгілері сіздің жеке бизнесіңізді ашуға ынталандырды ма?
1) иә;
2) жоқ.

5.

1 "иә" деп жауап берген жағдайда cіз қандай қаржылай емес қолдау шараларымен таныссыз?
1) ақпараттық (құралдар атауын санамалау);
2) консультациялық (құралдар атауын санамалау);
3) консалтингтік (құралдар атауын санамалау);
4) оқу-әдістемелік (құралдар атауын санамалау);
5) талдамалық (құралдар атауын санамалау);
6) ұйымдастырушылық (құралдар атауын санамалау).

6.

Сіздің ойыңызша, бизнес үшін қандай шаралар пайдалы және қажет?
(санамалау)

7.

"Жоқ" деп жауап берген жағдайда сізге бизнесті ашуға не кедергі болды?
1) меншікті капиталдың болмауы;
2) бизнесті жүргізуге байланысты қорқыныш;
3) ақпараттың жеткіліксіздігі;
4) басқа (атаңыз).

8.

"Бизнесті ашқан" жағдайда сіз ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларын қолдандыңыз ба?
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ (түсіндірме).

9.

"Бизнес ашқан" жағдайда сіз сыртқы нарықтарға шығуды жоспарлап отырсыз ба?
1) иә (елді атаңыз және неліктен екенін айтыңыз);
2) жоқ (түсіндірме).

      3. Оқу-әдістемелік көрсетілетін қызметтер

      № 1 тестіленетін гипотеза: "Егер адам бастапқыда бизнес ашқысы келсе, қаржылай емес қолдау шараларын алғаннан кейін өз ісін жүргізуді бастайды".

      № 5 тестіленетін гипотеза: "Оқу-әдістемелік көрсетілетін қызметтер барлық ниет білдірген, оның ішінде бизнес жүргізуге қабілеті жоқ халыққа да ұсынылады".

      № 6 тестіленетін гипотеза: "Оқу-әдістемелік көрсетілетін қызметтер қаржыландыруға қол жеткізу тәсілі болып табылады".

Кәсіпкерлер үшін

Кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін

1.

Сіздің оқудағы мақсатыңыз қандай болды?
1) бизнес жүргізу бойынша жаңа дағдыларды игеру;
2) кірісті ұлғайту;
3) бизнесті әртараптандыру;
4) грантты немесе жеңілдетілген қаржыландыруды одан әрі алу үшін сертификат алу;
5) өзге ____________.

Сіздің оқудағы мақсатыңыз қандай болды?
1) өз ісімді жүргізу бойынша дағдыларды игеру;
2) грантты немесе жеңілдетілген қаржыландыруды одан әрі алу үшін сертификат алу;
3) өзге ____________.

2.

Сіз оқудың қорытындысы бойынша жаңа білім, дағдылар ала алдыңыз ба?
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ (түсіндірме);
3) ішінара.

Алған біліміңіз сіздің елдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысуыңызға ықпал ете алды ма? Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді аштыңыз ба?
1) иә;
2) жоқ.

3.

Егер 2 "иә" деп жауап берген жағдайда оқудан кейін сіздің кәсіпорныңыздың қандай көрсеткіштері өсуді көрсетті және ол шамамен қаншаға өсті?
1) пайда;
2) жұмыспен қамту;
3) инвестициялар;
4) өнім шығару;
5) өзге ____________.

"Иә" деп жауап берген жағдайда сіздің бизнес ашу туралы шешіміңізге оқудың ықпалын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз

4.

Практикалық оқыту сіздің кәсіпорыныңыз үшін қаншалықты пайдалы болғанын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

"Жоқ" деп жауап берген жағдайда сізге бизнесті бастауға не кедергі болды?
1) ЭЦҚ-ның болмауы;
2) бизнесті жүргізуге байланысты қорқыныш;
3) техникалық ақаулар;
4) ақша қаражатының болмауы;
5) басқа (атаңыз).

5.

Сіз гранттық/жеңілдетілген қаржыландыруға қатысуға өтінім бердіңіз бе?
1) иә;
2) жоқ (түсіндірме).

Сіздің ойыңызша, сіздің кәсіпкерлікке бейіміңіз бар ма?
1) иә;
жоқ.

6.


Сіз өз ісіңізді тәуекел етіп және өзіңізге мүліктік жауаптылық алып жүргізе аласыз ба?
1) иә;
2) жоқ.

7.


Сіз гранттық/жеңілдетілген қаржыландыруға өтініш бердіңіз бе?
1) иә;
2) жоқ (түсіндірме).

      4. Консалтингтік көрсетілетін қызметтер

      4-1. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

      № 7 тестіленетін гипотеза: "Сервистік қолдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын қысқартуға тікелей ықпал етеді".

1.

Төменде көрсетілген мамандандырылған сервистік қызметтердің қайсысын пайдаландыңыз?
1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
2) заң мәселелері және конкурстық (тендерлік) рәсімдер жөніндегі көрсетілетін қызметтер (рұқсат беру құжаттары, мемлекеттік сатып алу, тендерлерге қатысу, бизнесті тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттарды дайындау және т. б.);
3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер (даму институттарында сүйемелдеу, ЕДБ үшін құжаттама дайындау және т. б.);
4) маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер (баға саясатын, кредиттеуге арналған бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша, тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша консультациялар, бәсекелес ортаны талдау бойынша консультациялар).

2.

Сіз бұл көрсетілетін қызметке/қызметтерге алғашқы рет жүгініп отырсыз ба?
1) иә;
2) жоқ (санын нақтылаңыз).

3.

"Жоқ" деп жауап берген жағдайда көрсетілетін қызметті бірнеше рет пайдаланудың себебін атаңыз?
1) жеткілікті білім мен дағдылардың/жабдықтардың/мамандардың болмауы;
2) көрсетілетін қызметтің ыңғайлы болуына байланысты мәселені өз бетінше зерттеуге құлықсыздық;
3) басқа.

4.

Тегін сервистік мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді алғаннан кейін қосымша ақылы консультация алуға тура келді ме?
1) иә;
2) жоқ.

5.

Сізге кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді қаншалықты жиі алу қажет?
1) жылына 1 рет;
2) жарты жылда 1 рет;
3) тоқсан сайын;
4) өзге____________.

6.

Сервистік қолдау алғаннан кейін сіздің кәсіпкерлік қызметіңізде нақты оң өзгерістер байқала ма? Бар болса, қандай?
1) иә, _____________;
2) жоқ;
3) елеусіз өзгерістер.

7.

Бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде тиісті есептілікті толтыру көрсетілімі жүргізілді ме?
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ (түсіндірме).

      4-2. Кәсіпорынға басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту

      № 8 тестіленетін гипотеза: "Сыртқы консультанттарды тарту кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді".

1.

Сыртқы консультанттарды тарту жөніндегі көрсетілетін қызметке қандай мақсатпен жүгіндіңіз:
1) кәсіпорынды дамытудың нақты проблемаларын диагностикалау және айқындау үшін;
2) шешімдерді әзірлеу және нақты проблемаларды жою бойынша практикалық жұмыс үшін;
3) сыртқы консультанттың мамандануына сәйкес практикалық оқыту жүргізу үшін

2.

Әзірленген практикалық ұсынымдар/практикалық оқыту сіздің кәсіпорыныңыз үшін қаншалықты пайдалы болғанын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

3.

Сіз кәсіпорныңыздың проблемаларын талдау негізінде тартылған сарапшы әзірлеген практикалық ұсынымдарды жүзеге асыра алдыңыз ба?
1) иә (қандай?);
2) жоқ (неге?)_______________;
3) ішінара _____________________________.

4.

Сарапшылардың консультациясынан кейін сіздің кәсіпорыныңыздың қандай көрсеткіштері өсті және ол шамамен қаншаға өсті?
1) пайда;
2) жұмыспен қамту;
3) инвестициялар;
4) өнім шығару;
5) басқа _______________.

5.

Сіз кәсіпорныңызда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгіздіңіз бе?
1) иә;
2) жоқ.

6.

Тартылған сарапшының тәжірибесі мен білімінің арқасында сіздің кәсіпорын қызметкерлерінің құзыреті артты ма?
1) иә;
2) жоқ.

7.

Сіздің кәсіпорныңыз қазіргі уақытта жұмыс істеуге қабілетті ме және өзін-өзі ақтауда ма?
1) иә;
2) жоқ.

      4-3. Инвесторларды сервистік сүйемелдеу

      № 9 тестіленетін гипотеза: "Егер әлеуетті инвестор бастапқыда жобаға қаражат салғысы келсе, ол консультация алғаннан кейін инвестицияны жүзеге асырады".

1.

Сіз мемлекеттік қолдау алған фронт-офистің деңгейін атаңыз?
1) сыртқы;
2) орталық;
3) өңірлік.

2.

Сіз фронт-офиске жүгінген көрсетілетін қызметті атаңыз?
сыртқы деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің функциялары:
1) ақпараттық-консультациялық қолдау;
2) әлеуетті инвесторлардың Қазақстан Республикасына сапарларын ұйымдастыру;
3) болу еліндегі іскерлік қоғамдастықтарда инвестициялық ұсыныстарды ілгерілету;
4) елдік талдауды қалыптастыру үшін ақпарат жинау;
5) өзге.
орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-офистер субъектілерінің функциялары:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
2) инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру, бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізу;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру;
4) инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
5) өзге.

3.

Сізде бастапқыда инвестиция салғыңыз келетін жоба болды ма?
1) иә (жоба сипаттамасы);
2) жоқ.

4.

"Иә" деп жауап берген жағдайда алынған қызмет сізге осы жобаға инвестиция салуға көмектесті ме?
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ (түсіндірме).

5.

"Иә" деп жауап берген жағдайда алынған консультацияның инвестицияларды жүзеге асыруға ықпалын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

6.

"Жоқ" деп жауап берген жағдайда _______ (қызмет операторының атауы) ұсынымдарын неге қолдана алмағаныңыз туралы егжей-тегжейлі айтып беріңіз?
1) консультацияда берілген ақпарат аз;
2) инвестициялық жобалармен байланысты проблема;
3) басқасы.

      5. Талдамалық көрсетілетін қызметтер

      № 10 тестіленетін гипотеза: "Жарияланатын талдамалық материалдар кәсіпкерлік субъектілері қызметінің хабардарлығы мен тиімділігін арттыруға қабілетті".

      № 11 тестіленетін гипотеза: "Жарияланатын талдамалық материалдар кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың хабардарлығы мен бизнес ашуға деген тілегін арттыра алады".

      № 12 тестіленетін гипотеза: "Кәсіпкерлік субъектілері мен халықтың көп бөлігі талдамалық көрсетілетін қызметтердің бар екендігі туралы білмейді".

Кәсіпкерлік субъектісі /кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін

1.

Сіз бизнесті дамыту жөніндегі талдамалық материалды тегін пайдалану мүмкіндігі туралы білесіз бе?
1) иә;
2) жоқ.

2.

"Иә" деп жауап берген жағдайда Сіз бұл туралы қандай дереккөзден білдіңіз?
1) өз бетімше ізденіп;
2) таныстар арқылы;
3) әлеуметтік желілердегі ақпараттан;
4) өзге

3.

"Иә" деп жауап берген жағдайда сіз талдамалық деректердің сапасына қанағаттанасыз ба?
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ (түсіндірме).

4.

Сізге кәсіпкерлік саласында өзекті талдамалық деректерді алу қаншалықты жиі қажет?
1) ешқашан;
2) сирек (жылына 2 реттен аз);
3) кейде;
4) жиі.

5.

Кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған сұрақ
"Иә" деп жауап берген жағдайда талдамалық деректерді зерттеу барысында алынған білім сіздің елдегі кәсіпкерлікті дамытуға қатысуыңызға ықпал ете алды ма?
1) иә;
2) жоқ.

6.

5 "Иә" деп жауап берген жағдайда талдамалық материалдардың бизнесті ашу туралы шешім қабылдауға әсерін 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

7.

Кәсіпкерге арналған сұрақ
"Иә" деп жауап берген жағдайда талдамалық деректерді зерделеу барысында алынған білім сіздің бизнесіңіздің дамуына ықпал ете алды ма?
1) иә (түсіндірме);
2) жоқ (түсіндірме)

8.

Кәсіпкерге арналған сұрақ
7 "иә" болса, талдамалық материалдардың сіздің бизнесіңіздің тиімділігін арттыруға ықпалын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

      6. Ұйымдастырушылық көрсетілетін қызметтер

      6-1. Іскерлік байланыстарды кеңейту

      № 13 тестіленетін гипотеза: "Шетелдік тағылымдама кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді".

1.

Шетелдік тағылымдамадан өткеннен кейін Сіздің кәсіпорныңыздың тиімділігі артты ма?
1) иә;
2) жоқ;
3) елеулі емес.

2.

Іскерлік байланыстарды кеңейтуге қатысқаннан кейін Сіздің кәсіпорынның қандай көрсеткіштері өсуді көрсетті және қаншалықты?
1) өнім шығару;
2) жұмыспен қамтуды арттыру;
3) инвестицияны ұлғайту;
4) өзге ___________.

3.

Сіз шет елдерден технологиялар трансфертін жүзеге асыра алдыңыз ба?
1) иә (атаңыз);
2) жоқ.

4.

Сіз отандық немесе шетелдік кәсіпкерлермен келісімшарт жасадыңыз ба?
1) иә;
2) жоқ.

5.

Егер сіз алдыңғы сұраққа "иә" деп жауап берсеңіз, қалай ойлайсыз, осы жобаға қатысусыз отандық немесе шетелдік кәсіпкерлермен келісімшарт жасай алар ма едіңіз?
1) иә;
2) жоқ.

      6-2. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу.

      № 14 тестіленетін гипотеза: "Конкурстар өткізу кәсіпорын брендінің танымалдылығын арттыра алады".

Кәсіпкерлер үшін

1.

_________ (конкурс атауы) қатысу мүмкіндігі туралы қандай дереккөздерден білдіңіз ?
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан;
2) жергілікті атқарушы органнан;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
4) өзге_____________.

2.

_________ (конкурс атауы) ұйымдастырылу деңгейіне және өткізілу сапасына қаншалықты қанағаттанғаныңызды 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз?

3.

_________ (конкурс атауы) конкурсына қатысқаннан кейін Сіздің кәсіпорын брендінің танымалдығы артты ма?
1) иә;
2) жоқ;
3) әзірге білмеймін;
4) өзге__________.

4.

3 "иә" болса, конкурстан кейін сіздің кәсіпорынның танымалдығы қаншалықты артқанын 1-ден 5 балға дейін бағалаңыз.

5.

Сіз өзіңіздің таныс кәсіпкерлеріңізге _________ (конкурс атауы) қатысуға кеңес бересіз бе ?
1) иә;
2) жоқ;
3) әзірге білмеймін.

      Ескерту:

      * ЕДБ – екінші деңгейдегі банк;

      * ШОБ – шағын және орта бизнес;

      * ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
және кәсіпкерлік бастамасы бар
халықты қаржылай емес
қолдау шараларының тиімділігін
талдауды жүзеге асыру
әдістемесіне
2-қосымша

      Нысан

Қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдаудың қорытындысы бойынша есеп

      1. Жалпы ақпарат: есепті кезеңдегі қаржылай емес қолдау жүйесін талдау.

      2. Іріктемелі жиынтық бойынша есепті ақпарат: кездейсоқ іріктеу арқылы іріктемелі жиынтыққа түскен кәсіпкерлік субъектілерін (кәсіпкерлік санатын, салалық және өңірлік тиесілігін көрсете отырып) және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты (жасын, жынысын, өңірін көрсете отырып) талдау.

      3. Мынадай өлшемшарттар:

      алынған көрсетілетін қызметтердің және (немесе) консультациялардың тиімділігі;

      бизнесті ашуға/дамытуға/инвестициялауға қаржылай емес қолдау шараларын алушылардың бастапқы дайындығы;

      кәсіпкерлік субъектілерінің одан әрі дамуға қабілеті бойынша қолдау шараларын алушылардың бір бөлігіне телефон және (немесе) онлайн-сауалнама арқылы жүргізілетін тиімділікті сапалы әдіспен талдау жөніндегі ақпарат.

      4. Сандық әдіспен тиімділікті талдау бойынша ақпарат: құралдар бөлінісінде қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну шарттарынан туындайтын негізгі көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті статистикалық көрсеткіштерді іздеу және өңдеу.

      Үлгі:

      Қаржылай емес қолдау құралының атауы _____________________

      Сәйкес келетін түйінді индикаторды талдау.

      5. Бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі бойынша талдау мынадай ақпарат бойынша жүзеге асырылады: тікелей нәтиженің нақты мәні үлес салмағының бюджет қаражатының ұқсас арақатынасының жоспарлы салмағынан үлес салмағына арақатынасын талдау.

      Тиімділік қағидатына сәйкес салыстыру әдісімен бюджет қаражатының жұмсалуын бағалау қорытындылары бойынша бюджетті жұмсаудың тиімділігін одан әрі арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады.

      6. Қорытынды: түйінді тұжырымдар мен ұсынымдар.

      Мынадай:

      жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ұсынылатын қаржылай емес қолдау шараларының тиімділік деңгейі;

      операторлардың қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну сапасы;

      бюджет қаражатын жұмсау тиімділігінің деңгейі бөлігіндегі түйінді тұжырымдар.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа берілетін қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну шарттарын одан әрі жетілдіру бөлігінде ұсынымдар.

  Жеке кәсіпкерлік субъектілерін
және кәсіпкерлік бастамасы бар
халықты қаржылай емес
қолдау шараларының тиімділігін
талдауды жүзеге асыру
әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Қаржылай емес қолдау шараларын ұсынатын мемлекеттік органдар үшін есептік ақпарат

      1. Жалпы ақпарат:

      Мемлекеттік органның атауы: ___________________________.

      Тиімділік талдауы жасалған қаржылай емес қолдау құралдарының атауы: ______________________________________________. (санамалап жазыңыз)

      Қаржылай емес қолдау операторларының атауы: _______________________________________________________________. (санамалап жазыңыз)

      Есепті кезеңдегі әрбір құрал бөлінісінде қаржылай емес қолдау шараларын алушылардың саны.

      Тиімділікті талдаумен қамтылған кезең: 20 __ жыл.

      2. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның тиімділігіне жүргізілген талдаудың қысқаша сипаттамасы.

      Тиімділікті талдау кезінде қолданылатын әдістердің қысқаша сипаттамасы.

      Әрбір құрал бөлінісінде кездейсоқ іріктеу нәтижелері бойынша бақылау тобына кірген қаржылай емес қолдау шараларын алушылардың саны.

      3. Ұсынылған қаржылай емес қолдау шараларының тиімділігін талдау нәтижелері.

      Қаржылай емес қолдау құралының атауы____________________________________.

      Сапалық әдіспен тиімділікті талдау бойынша ақпарат: алушылардың телефон және (немесе) онлайн-сауалнамаларының нәтижелерін сипаттау, іріктеме топ сауалнамасының нәтижелерін экстраполяциялауды ескере отырып, қаржылай емес қолдау шарасының тиімділік нәтижелері.

      Сандық әдіспен тиімділікті талдау бойынша ақпарат: түйінді индикаторды талдау нәтижелерін сипаттау, іріктеме тобының сауалнама нәтижелерін экстраполяциялауды ескере отырып, қаржылай емес қолдау шарасы тиімділігінің қорытынды нәтижелері.

      Бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі бойынша талдау жөніндегі ақпарат: тікелей нәтиженің нақты мәні үлес салмағының бюджет қаражатының ұқсас арақатынасының жоспарлы салмағынан үлес салмағына арақатынасын талдау нәтижесін сипаттау.

      Салыстырмалы талдауды қолдана отырып, тиімділікті талдау бойынша қосымша ақпарат: екі салыстырмалы топты, қолдау шараларын алушыларды (А тобы) және қолдауды алмаған ұқсас сипаттамалары бар адамдарды (Б тобы) салыстыру нәтижелерінің сипаттамасы, іріктеме тобының сауалнамасы нәтижелерінің экстраполяциясын ескере отырып, қаржылай емес қолдау шарасы тиімділігінің қорытынды нәтижелері*.

      4. Қорытынды: қаржылай емес қолдау шарасының тиімділігін талдау нәтижелері бойынша алынған негізгі тұжырымдар және нәтижелілік пен тиімділікті арттыруға арналған ұсынымдар

      Ескертпе:

      * міндетті емес бөлік, өйткені кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бұл әдісті қажет болған жағдайда қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады