Туындыларды пайдаланудың кейбiр түрлерi үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 маусымда № 32874 болып тіркелді

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған авторлық сыйақының мөлшерлемелері туындыларды оларда белгiленген пайдалану түрлерi үшiн ең төмен болып табылады деп белгiленсiн. Сыйақының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн тараптар авторлармен, олардың құқықтық мирасқорларымен не авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйыммен жасалатын авторлық немесе лицензиялық шартта белгiлейдi.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 400 Бұйрыққа
1-қосымша

Туындыларды көпшiлiк алдында орындау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері

р/с

Туындының түрі

Бiр туындыны немесе бағдарламаны көпшiлiк алдында орындағаны үшiн билеттердi сатудан түскен жалпы жиынтық соманың, шарт бойынша кепiлдi төлем сомаларының не кiрiстердiң өзге сомаларының пайызымен авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері

Көп актілі
туындылар

Бір актілі
туындылар

Төлтума драмалық туындылар

1.

Пьеса

проза түрiндегi:

11

5,5

пьeca авторына

9

3,5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

өлең түрiндегi:

13

6,5

пьeca авторына

11

4,5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

2.

Балаларға арналған пьеса

проза түрiндегi:

12

6

пьeca авторына

10

4

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

өлең түрiндегi:

13

7

пьeca авторына

11

5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

3.

Қуыршақпен орындалатын пьесалар

проза түрiндегi:

14

9

пьeca авторына

9

4

сценограф-суретшiге

3

3

костюм жөнiндегі cypeтшіге

2

2

өлең түрiндегi:

15

10

пьeca авторына

10

5

сценограф-суретшiге

3

3

костюм жөнiндегі cypeтшіге

2

2

Сахналаулар

4.

Авторлық құқықпен қорғалмайтын туындыларды сахналау:

7,5

5

сахналау авторына

3,5

2

әдеби туындының аудармашысына
(авторлық құқықпен қорғалмайтын әдеби туындыны сахналаған жағдайда)

2

1

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

5.

Авторлық құқықпен қорғалатын туындыны
сахналау:

10,5

5

әдеби туындының авторына

3

1

сахналау авторына

3,5

1

әдеби туындының аудармашысына (әдеби туындының авторлық құқықпен
қорғалатын аудармасын сахналаған жағдайда)

2

1

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

Драмалық аударма туындылар

6.

Авторлық құқықпен қорғалмайтын пьесалардың аудармалары:



проза түріндегі:

6,5

4

аудармашыға

3

1,5

аралық аударманың авторына (авторлық құқықпен қорғалатын аралық аударма пайдаланылған жағдайда)

1,5

0,5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

өлең түрiндегi:

7,5

4

аудармашыға

4

1,5

аралық аударманың авторына (авторлық құқықпен қорғалатын аралық аударма пайдаланылған жағдайда)

1,5

0,5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

7.

Авторлық құқықпен қорғалатын пьесаларды аудару



проза түрiндегi:

9,5

5,5

пьесаның авторына

2,5

1

аудармашыға

3,5

2

аралық аударманың авторына (авторлық құқықпен қорғалатын аралық аударма пайдаланылған жағдайда)

1,5

0,5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

өлең түрiндегi:

11,5

6,5

пьесаның авторына

3,5

1,5

аудармашыға

4,5

2,5

аралық аударманың авторына (авторлық құқықпен қорғалатын аралық аударма пайдаланылған жағдайда)

1,5

0,5

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

8.

Авторлық құқықпен қорғалатын
сахналаудың аудармасы

10,5

5

әдеби туындының авторына

2

0,5

әдеби туындының аудармашысына
(авторлық құқықпен қорғалатын әдеби туындының аудармасы сахналанған жағдайда)

1,5

0,5

сахналау авторына

2,5

1

сахналау аудармашысына

2,5

1

сценограф-суретшiге

1

1

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

1

Музыкалық-драмалық туындылар

9.

Опера:

18,5

8

композиторға

10

4

либретто авторына

5

2

хореографқа

1,5

1

сценограф-суретшiге

1

0,5

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

0,5

10.

Либреттосы аударылған опера:

18,5

8

композиторға

10

4

либретто авторына

2

1

либретто аудармашысына

2

1

либреттоны аралық аударған аудармашыға (авторлық құқықпен қорғалатын аралық аударма пайдаланылған жағдайда)

1

0,5

хореографқа

1,5

0,5

сценограф-суретшiге

1

0,5

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

0,5

11.

Балет:

15

7

композиторға

7

3

либретто авторына

2

1

хореографқа

4

2

сценограф-суретшiге

1

0,5

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

0,5

12.

Оперетта, музыкалық комедия, мюзикл:

12

5,5

композиторға

4,5

2

либретто авторына

4,5

2

хореографқа

1

0,5

сценограф-суретшiге

1

0,5

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

0,5

13.

Мәтiнi аударылған оперетта, музыкалық комедия, мюзикл:

12,5

6

композиторға

4,5

2

либретто авторына

2

1

либретто аудармашысына

2

1

либреттоны аралық аударған аудармашыға (авторлық құқықпен қорғалатын аралық аударма пайдаланылған жағдайда)

1

0,5

хореографқа

1

0,5

сценограф-суретшiге

1

0,5

костюм жөнiндегі cypeтшіге

1

0,5

14.

Драмалық туындыларды сүйемелдейтін музыка

1 (музыкамен сүйемелденетiн әрбiр актіге)

Концерттік, эстрадалық, цирк, би бағдарламалары

15.

Халық аспаптарына арналған симфониялық, вокалдық-симфониялық, камералық туындылардан концерт, хореографиялық концерт

7

16.

Концерттер, оның iшiнде эстрадалық және басқалар, айтыстар мен терме

4

17.

Цирк бағдарламасы

1,5

18.

Цирк бағдарламасында кемiнде бір дербес бөлiмнен тұратын пантомима, феерил, балет орындалғаны үшін

1 (осы қосымшаның 17-тармағы бойынша есептелiмдерге қарамастан әрбiр бөлім үшін)

19.

Цирк бағдарламасында кемiнде бір дербес бөлімнен тұратын сюжеттiк аттракцион орындалғаны үшін

1 (осы қосымшаның 17-тармағы бойынша есептелiмдерге қарамастан әрбiр бөлім үшін)

20.

Кемiнде бір дербес бөлiмнен тұратын цирк пантомимасын, феерияны, балетті, аттракционды сүйемелдеу үшiн арнайы жазылған төлтума музыка

0,5 (осы бағдарламаларды орындағаны үшін есептелiмдерге қарамастан әрбiр орындалғаны үшін бөлiм үшiн)

21.

Толық сюжеттi театрландырылған, эстрадалық, жаңа жылдық шырша қойылымдары

3

22.

Қуыршақ-марионеткалар спектакльдерiн (әдеби мәтiнсiз) және төлтума жанр әртiстерiнің (иллюзионистердiң, психоэкспериментшілердiң, экстрасенстердiң және соған ұқсастардан) өнер көрсетуiн сүйемелдейтін музыка үшін

0,5

23.

Мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларды (туындыларды орындаушы-әртiстердің көпшілік алдында орындауы да, фонограмманы көпшiлiк алдында орындауы да), ақы төлеп кiргенде:


1) би алаңдарында, дискотекаларда, клубтарда, дәмханаларда, мейрамханаларда, сауықханаларда және басқа да қоғамдық орындарда ақы төлеп кiргенде де, кепілдi төлем сомасынан да, оның iшінде мүшелiк жарналардың, клуб кәртішкелерінің құнынан және соған ұқсастардан;

4

2) көлікте (ұшақта, пойызда және басқа да көлік түрлерінде) орындағаны үшiн

0,001 (билеттердің құнынан)

24.

Ақы төлеп кiретiн көпшілiк ареналарда орындалатын мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларды спорт жарыстарын, спортшылардың өнер көрсетулерiн, ойын аттракциондарын, сән көрсетулерiн, көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдар, конкурстар және басқа да шаралар өткiзудi сүйемелдеу ретiнде орындағаны үшін

1 (бүкiл бағдарлама үшін)

Кинотеатрларда, бейнесалондарда және басқа қоғамдық орындарда дыбыс-бейнежазу туындыларын (кино, теле, бейнефильмдерді және соған ұқсастарды) көрсету кезiнде мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларды пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақы мөлшерлемелері

25.

Кинотеатрларда, бейнесалондарда және басқа қоғамдық орындарда дыбыс-бейнежазу туындыларын (кино, теле, бейнефильмдерді және соған ұқсастарды) көрсету кезiнде мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларды пайдаланғаны үшін

1

Тыңдаушылар үшiн кiру ақысыз болған кезде мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларды, әдеби туындыларды орындағаны үшiн авторлық сыйақы мөлшерлемелері

26.

Мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындыларды, әдеби туындыларды орындаушы-әртiстер де, техникалық құралдардың көмегiмен де (кез келген дыбыс тасығыштарының ойнатқыштары) ақысыз кiретiн
1) дискотекаларда
2) түнгi клубтарда
3) мейрамханаларда
4) дәмханаларда
5) кинотеатрларда, сауықханаларда, барларда, бистроларда, асханаларда, ашық алаңдарда, ойын аттракциондарында және басқа да қоғамдық орындарда орындағаны үшін

3 АЕК
3 АЕК
2 АЕК
1,5 АЕК
0,5 АЕК

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 400 Бұйрыққа
2-қосымша

Туындыларды көпшiлiкке хабарлау жолымен пайдаланғаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері

р/с

Туындыларды пайдалану түрі

Пайызбен алғандағы авторлық сыйақы мөлшерлемелері

1.

Жарыққа шыққан туындыларды эфирге хабарлағаны үшiн

1 % (кiрістің жалпы сомасынан)

2.

Жарыққа шыққан туындыларды кәбiл бойынша хабарлағаны үшiн

3 % (кiрістің жалпы сомасынан)

3.

Туындыларды жерсерiктiк телевизия арқылы хабарлағаны үшін

4 % (кiрістің жалпы сомасынан)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 400 Бұйрыққа
3-қосымша

Туындыларды қайта шығарғаны және (немесе) таратқаны үшiн авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері

р/с

Туындыларды пайдалану түрі

Авторлық сыйақы мөлшерлемелері

1.

Туындыларды дыбыстық жазуда шығару(көбейту) және (немесе) тарату

қайта дыбыстық жазудың әрбiр шығарылған данасының еркiн бағасынан (дыбыстық жазу тасушыларына жазылған туындылардың санына қарамастан) – 3 %

2.

Туындыларды ұялы (ұтқыр) телефондар үшiн әуен (рингтондар) ретiнде қайта шығару және тарату

туындыны пайдаланғаны үшін кiрiстен – 10 %

3.

Дыбыстық жазуларды және (немесе) дыбыс-бейнежазу туындыларының даналарын прокатқа (жалға) беру

1 АЕК

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 400 Бұйрыққа
4-қосымша

Дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығарғаны үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелері

р/с

Дыбыстау-бейнелеу туындыларды жеке мақсатта қайта шығару

Пайызбен алғандағы авторлық сыйақы мөлшерлемелері

1.

Қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтармен материалдық жеткізгіштерді дайындайтын адамдар төлеуге тиіс дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерін өткізу бағасынан)

0,35 %

2.

Қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштерді импорттайтын адамдар төлеуге тиіс дыбыстау-бейнелеу туындыларын автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығару (жабдықтар мен материалдық жеткізгіштер бірліктерінің кедендік құнынан)

0,35 %


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады