Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 199/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 маусымда № 32889 болып тіркелді

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-1-бабы 1-тармағы 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 21 маусымдағы
№ 199/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 27-1-бабының 1-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тiркелген cол мәліметтер;

      2) дербес деректерді жинау – дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер;

      3) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;

      4) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;

      5) дербес деректердi өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер.

2-тарау. Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тәртібі

      3. Меншік иесі және (немесе) оператор дербес деректерді жинау және өңдеу басталғанға дейін дербес деректерді пайдалану тұрғысынан өздері жүзеге асыратын міндеттерге талдау жүргізеді.

      Ағымдағы қызметті жүзеге асыру кезінде меншік иесі және (немесе) оператор қажеттілігіне қарай дербес деректерді пайдалану тұрғысынан өздері жүзеге асыратын міндеттерге қайта талдау жүргізеді, соның негізінде олар жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесіне өзгерістер енгізіледі.

      4. Жүргізілген талдау негізінде меншік иесі және (немесе) оператор осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттер шеңберінде оларды жинау және өңдеу мақсаттарын көрсете отырып, өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындайды.

      Мақсаттар бірмәнді, заңды болып табылады және меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге сәйкес келеді.

      Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге қатысты мазмұны мен көлемі артық болып табылатын дербес деректер олар жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесіне енгізілмейді.

      5. Меншік иесі және (немесе) оператор өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне қол жеткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қамтамасыз етеді.

  Меншік иесінің және
(немесе) оператордың өздері
жүзеге асыратын міндеттерді
орындау үшін қажетті және
жеткілікті дербес деректердің
тізбесін айқындау қағидаларына
қосымша

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

Р/с №

Міндеттер, оның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы

Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары

Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы

Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады