Республикалық бюджет қара жатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32925 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасында Әлеуметтік кодексінің 242-бабы 5-тармағына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе ебек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 256 Бұйрығына
1-қосымша

Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 242-бабы 5 тармақшасына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасын сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) АХАЖ АЖ – "Азаматтардың хал актілерін жазу" ақпараттық жүйесі;

      3) "Е-макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" ААЖ) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды электрондық тағайындау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      4) "БХТ" АЖ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      5) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;

      6) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;

      7) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Әлеуметтік кодекспен белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;

      8) өтініш беруші – республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген жеке тұлға, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;

      9) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      10) республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (көрсетілетін қызметті беруші) (бұдан әрі – жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық аумақтық бөлімшелері;

      11) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган

      12) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      13) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      14) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      15) электрондық іс макеті (бұдан әрі –ЭІМ) – Мемлекеттік корпорацияда Е-макет ААЖ қалыптастыратын республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлем (бұдан әрі – жерлеуге арналған біржолғы төлем) алушының электрондық іс макеті.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға, Мемлекеттік корпорацияға және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      4. Қайтыс болған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды (бұдан әрі – алушы) алушыны жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға өтініш берушінің Жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

      2) портал арқылы;

      3) проактивті қызмет арқылы жүзеге асырылады (ұялы байланыс абоненттік құрылғысы).

      Төлем тағайындау бойынша проактивті қызметтер көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.

2-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асыру тәртібі

      5. Өтініш беруші жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға Мемлекеттік корпорация арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындауға өтініш берген кезде жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болған кезде өтініште қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.

      6. Құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – АЖ) сұрау салулар қалыптастырады:

      Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры АЖ.

      "ОДҚ" АЖ қайтыс болған алушы туралы мәліметтерді растауға, төлемді тағайындау, сондай-ақ алушыны жерлеуге біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

      "АХАЖ" АЖ-да алушының қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша.

      Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.

      7. Жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға АЖ мәліметтер болмаған кезде өтінішке қоса беріледі:

      1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) немесе дара кәсіпкердің (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) патенті;

      2) алушының қайтыс болғаны туралы хабарлама немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат.

      Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсынған кезде нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне аудармасының дұрыстығын куәландырады.

      8. Жерлеуге арналған біржолғы төлем мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес регламенттелген.

      9. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының, сондай-ақ АЖ-дан алынған мәліметтердің толықтығын тексереді, осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.

      10. Өтініш беруші құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды өтініш берушіге тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат дереу беріледі.

      11. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде жерлеуге біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш, егер жерлеуге біржолғы төлем алуға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей келіп түссе, осы Қағидаланың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтардың төлем тағайындау туралы өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.

      12. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

2-параграф. Портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру тәртібі

      13. Өтініш беруші бір жолғы жәрдемақыларды тағайындауға портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на сұрау салу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан өтініш беруші өзі жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және Е-макет автоматтандырылған АЖ жібереді.

      Бір жолғы төлемдерді тағайындауға портал арқылы келіп түскен төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

      1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

      2) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау фактісінің болмауы;

      3) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

      4) оның қайтыс болған күніне жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алушы мәртебесі,;

      5) зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен үш жылдан кешіктірілмей жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға жүгіну.

      Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда өтініш өңдеуге арналған Е-макет кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады.

      Біржолғы төлемдерді тағайындауға портал арқылы жүгінген өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

      Портал арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындауға өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.

3-параграф. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызметтер арқылы жүзеге асыру тәртібі

      14. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезінде өтініш беру талап етілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушыны айқындау үшін "Е-макет" ААЖ арқылы қайтыс болу туралы акт жазбасын тіркеуге өтініш білдірген адам туралы мәліметтерді алуға АХАЖ АЖ-ға не қайтыс болған адамның денесін алып кеткен адам туралы мәліметтерді алу үшін БХТ АЖ -ға сұрау салу бастамашылық етіледі.

      Мемлекеттік органдардың АЖ-дан қажетті мәліметтерді алған кезде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін порталда тіркеу кезінде "Е-макет" ААЖ арқылы жерлеуге біржолғы төлем тағайындау және қарым-қатынас тілін таңдау мүмкіндігі туралы sms-хабарға бастамашылық жасалады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан басқа да қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы банктік шоттың нөмірін растау немесе ұсыну туралы sms-хабар жібереді.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға келісім алған күн проактивті қызмет арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға жүгінген күн болып есептеледі.

      16. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі электрондық мәліметтерден тұратын электрондық өтінімді тіркейді, шешімнің электрондық жобасымен ЭІМ қалыптастырады және оны ЭЦҚ-мен куәландырады.

3-тарау. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі

      17. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға ЭІМ және электрондық шешім жобасын қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалы бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, есептеудің және ЭІМ мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешім қабылдау үшін жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган электрондық құжаттармен келіп түскен электрондық шешім жобасын қарайды, олар жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      18. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіні көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама арқылы біржолғы төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      Жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы sms-хабарламалар осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша sms-хабарламалар журналында тіркеледі.

      Порталда жерлеуге біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жіберіледі.

      19. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешімінің негізінде олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатына өтінімді, сондай-ақ 11-қосымшаға сәйкес тізім-ведомосін қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      20. Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемді аударуды жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      21. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

      22. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      23. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

      24. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      25. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

      26. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаның көрсетілетін қызметті берушісі әкімшілік процедура қатысушысының әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігіне) қарсы болған лауазымды тұлғасына ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдау жүргізеді.

      27. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      28. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      29. Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемдердің тағайындалған сомаларын уәкілетті мемлекеттік органға ұсынылатын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.

      30. Уәкілетті мемлекеттік орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.

      31. Уәкілетті мемлекеттік орган төлеуге арналған бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде бюджет қаражатын Мемлекеттік корпорацияға аударуды жүзеге асырады.

      32. Төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға енгізілуге тиіс.

      33. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлеу графигіне сәйкес жәрдемақыны төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ жәрдемақыдан ұстап қалуларды қалыптастырады.

      34. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеуді Мемлекеттік корпорация жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті органдағы банк шоттарына енгізі арқылы жүзеге асырады.

      35. Алушыларға жерлеуге арналған біржолғы төлемді төлеу бойынша өзара қарым-қатынас, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде регламенттеледі.

      36. Жәрдемақыны төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      37. АЖ олардың тағайындалуына сәйкес АЖ үзіліссіз жұмыс істеуі мен өзектілігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті мемлекеттік органның АЖ берілетін деректердің толықтығын, дәйектілігін, өзектілігі мен уақтылығын қамтамасыз етеді.

      Ақпараттық өзара іс-қимыл ЭЦҚ қолдана отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы Бірыңғай көлік ортасы арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған көлік ортасы есебінен де, сол сияқты техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар есебінен де қамтамасыз етіледі.

      38. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингін АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді автоматтандырылған режимде енгізуді қамтамасыз етеді.

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________

      (мекенжайы бойынша тұрады, телефоны)

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы бойынша тұрған)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауды сұраймын.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлемді _______________________ банк филиалының № ______, "Қазпочта" акционерлік қоғамының №______ банк шотына аударуды сұраймын.

      Шот типі: дербес шот ______________ карта шоты_______________________

      Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін

      Өзін банк шотының иегері және екінші денгейдегі банктердегі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті банк операцияларының түрлеріне лицензиясы бар ұйымдарда, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтың бөлімінде банк шотының нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жол берілмейді.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1




2








      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      үй телефоны ____________ ұялы телефон ________________ Е-maіl__________

      Өтініш берген күні: 20__ жылғы "_____" ________________________________

      Өтініш берушінің қолы _______________________________________________

      Азамат_________________________________________________________

      өтініші № __ болып тіркелді, құжаттар қабылданған күн 20__жылғы "__"____ __________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

"Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш қабылдау жолымен жүргізіледі;
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут. Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық және ішінара
автоматтандырылған), проактивті және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Порталда жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

7

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, өтініш берушінің жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі және жексенбі, және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30.дейін Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекен жайлары мынадай интернет ресурстарда орналастырылған: 1) Министрлік www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі; 2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін ұсынылған құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) (сәйкестендіру үшін);
2) қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
порталға:
жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш; жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжат қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушының ақпараттық жүйелерінде рұқсаты бар пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістерін пайдалана отырып тіркелуден өту қажет. Одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде ол әрі қарай пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

ҚОЛХАТ

      өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
_____________________________________________________
(төлемнің түрі)

      20 ___ жылғы "___" ______________

      Азамат _____________________________________ _________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні _____ жылғы "___" ____________

      Жүгінген күні 20__ жылғы "___"____________________________________

      Орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесі бойынша өтінішті тағайындау, төлеу немесе

      беру фактісі расталады ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Электрондық тіркеу журналы
азаматтардың тағайындау (қайта есептеу) туралы өтініштер

      ______________________________________
(төлемнің түрі)

Өтініштің №

Тіркеу күні

Жүгіну күні

Бөлімше коды

Істің №

Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Төлем түрі

Маман

Шешімнің /тағайындаудан бас тарту күні

Жәрдемақының мөлшері

Тағайындау күні

Тағайындау түрі





























  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге
арналған біржолғы төлемді
тағайындау және жүзеге
асыру қағидаларына
5-қосымша

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындауға
өтініш

      Азамат ______________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: ______ жылғы "___" ___________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________

      Жерлеуге біржолғы төлем тағайындауды сұраймын:

      ____________________________________________________________________

      (қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туған күні)

      ____________________________________________________________________

      (мекен жайы бойынша тұрған)

      Мемлекеттік органдарды растау:

      Қайтыс болған адам туралы мәліметтер:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

ЖСН

Туған күні

Қайтыс болған күні

Өлім туралы акт жазбасының №

Қайтыс болуды тіркеу күні (акт жазбасы)

АХАТ бөлімінің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

      Өтініш берушінің деректері:

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________

      Құжат сериясы: ___________ Құжат нөмірі: __________ кіммен берілді:____________

      Берілген күні "____"____________ ______ жыл

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы __________________________________________________

      Банк шоты № ___________________________________________________

      Шот түрі: бет ___________ карточкалық шот __________________ Екінші деңгейдегі банктің

      деректемелері:

      БИК ________________________________________________________________

      ЖСК________________________________________________________________

      БСН________________________________________________________________

      Байланыс деректері:

      Үй телефоны ___________ ұялы ____________ E-mail_____________

      Өтініш беруші туралы мәліметтерді

      Қазақстан Республикасы Әділет минитсрлігі (бұдан әрі - ҚР Әділетмині) растайды_________

      (ҚР Әділетмині ЭЦҚ)

      Өтініш берушінің банктік деректемелері екінші деңгейлі банктерімен (бұдан әрі – ЕДБ) расталады

      ______(ЕДБ ЭЦҚ)

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      Берілген деректердің дұрыстығы үшін құқықтық жауаптылықта боламын

      Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан

      төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк

      шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ мұндай шоттағы ақшаға үшінші тұлғалардың

      өндіріп алуға жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.

      Өтініш берушінің қолы / ЭЦҚ / sms-хабарламалар _________________________________

      Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:____._____________._______ жыл

      ______ сағат _______ минут ________ секунд _______

      Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:

      ____._____________._______ жыл _____ сағат ____ минут _______ секунд

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

______________________________________
тағайындау (қайта есептеу) (төлемнің түрі) туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналы

Өтініштің №

Тіркеу күні

Жүгіну күні

Бөлімше коды

Істің №

Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Төлем түрі

Маман

Шешімнің /тағайндаудан бас тарту күні

Жәрдемақының мөлшері

Тағайындау күні

Тағайындау түрі





























  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

      Коды _________________

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________________

      облысы бойынша департаментінің

      20__ жылғы "___" __________ № _________ шешімі

      Қайтыс болған алушы ісінің № ___________

      1. Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)

      Азамат (заңды тұлға) ______________________________________________________

      (алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/заңды тұлғаның атауы)

      Өтініш берген күні 20__ жылғы "_______" ___________ №_______________

      Азамат _______________________________________________________________

      (қайтыс болған алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      қайтыс болған күні 20__ жылғы "___" _________

      Ұлы Отан соғысына қатысушы болған/болған жоқ (қажетінің асты сызылсын)

      Жерлеуге арналған бiржолғы төлем _____________________ жылғы "____"___________

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің ____-бабының ________-тармағына

      сәйкес тағайындалсын.

      Жерлеуге арналған біржолғы төлемнің мөлшері _________________________________ теңге

      _______________________________________________________________ теңге

      (сомасы жазбаша)

      2. Жерлеуге арналған біржолғы төлемін тағайындаудан бас тартылсын

      ________________________________________________________________________________

      (негіздеме)

      М.О.

      Департамент басшысы ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Маман _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      Мемлекеттік корпорация

      филиалының директоры___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация

      филиалының маманы________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация

      бөлімшесінің бастығы______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация

      бөлімшесінің маманы________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Sms-хабарлар журналы
_______________________________________ (төлемнің түрі)

      Мемлекеттік корпорацияның ____________ бөлімшесі бойынша

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Істің №

Төлемнің түрі

sms-хабарлама жіберу күні

Телефон нөмірі

Маман



















  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

      ______________________________________
(Мемлекеттік корпорация филиалы)

Өтінім

      _____________________________________________________
(төлемнің түрі)

      20 ___ жылғы "___" ______________ №_____________

Р/с №

Қайтыс болған зейнеткердің (жәрдемақы алушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Банктің атауы

Банк шотының №

Төлеу тәсілі

Аудандық бөлімшенің №

Төленетін сома


















Жиыны:








Барлығы:







      _____________________

      (қолдары)

      ______________________

      (қолдары)

      ______________________

      (қолдары)

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
Біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________
(Мемлекеттік корпорация филиалы)

Өтінім

      ____________________________________________
(төлемнің түрі)

      20__ жылғы "___" _________ № ______________

      (Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер үшін)

Р/с №

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің коды

Аудан, қала

Заңды тұлғаның деректемелері

Заңды тұлғаның атауы

Қайтыс болған адамдардың саны

Ағымдағы айға қажеттілік

Жерлеуге арналған ақшалай қаражатқа жалпы қажеттілік

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жеке сәйкестендіру коды





















Жиыны
















      Мемлекеттік корпорация

      филиалының директоры____________________________________________

      Бас бухгалтер _______________________________________________________

      Бөлім бастығы ____________________________________________________

      Орындаушы________________________________________________________

  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

      20__ жылғы "___" ____________ жерлеуге біржолғы

      төлемді төлеуге ________ облысы (қалалар) ________ ауданының

      жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушылардың

      № _______ тiзiм-ведомосі

Р/с №

Зейнетақы ісінің нөмірі

Қайтыс болған адамның деректері

Жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы

Жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасы

Салт-жора қызметтерін көрсету шартының № және күні

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

1









2









      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы __________________________

  Бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы, "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 15106 болып тіркелген).

      3. Бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 163 бұйрығы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 20605 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 424 Бұйрығы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 25259 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 396 бұйрығы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 29905 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады