"Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығы мен "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 35586 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаларға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындауға өтініш берген жағдайда өтінішке жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы қол қойылады немесе куәландырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат жібереді (өтініш берушінің өзі жеке жүгінген кезде қолхат қағаз форматта беріледі).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтініш беруші бір жолғы жәрдемақыларды тағайындауға портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және өтініште көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на сұрау салу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан өтініш беруші өзі жүзеге асырады.

      Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды портал арқылы жүзеге асырған өтініш беруші электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және оны "Е-макет" автоматтандырылған ААЖ-ға жібереді.

      Біржолғы төлемдерді тағайындауға портал арқылы келіп түскен төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

      1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

      2) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау фактісінің болмауы;

      3) көрсетілген қайтыс болған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

      4) адамның қайтыс болған күніне жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны алушы ретінде оның мәртебесі;

      5) жерлеуге арналған біржолғы төлем алуға зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен үш жылдан кешіктірілмей жүгіну.

      Көрсетілген параметрлер бойынша тексеру нәтижесі оң болған жағдайда өтініш өңдеуге арналған "Е-макет" ААЖ кіріс хабарламалар журналына ауыстырылады.

      Портал арқылы біржолғы төлемдерді тағайындауға жүгінген өтініш берушіге электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.

      Портал арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындауға өтініштерін тіркеудің электрондық журналында автоматты түрде тіркеледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті алушының келісімін алған жағдайда "Е-макет" ААЖ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға азаматтардың өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналында өтінішті автоматты түрде тіркеуді жүзеге асырады, содан кейін өтініш берушіге уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілген параметрлер бойынша тексеруден өтпеген жағдайда "Е-макет" ААЖ өтініш берушіге электрондық өтінімнің қабылданбағаны туралы хабарламаны автоматты түрде ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Жерлеуге берілетін біржолғы төлем ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) немесе "Е-макет" ААЖ порталы арқылы автоматты түрде тағайындаған жағдайда:

      осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ЭІМ және жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау туралы шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады, көрсетілетін қызыметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы шешімнің электрондық жобасын бекітеді;

      ЭІМ-да тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қалыптастырады;

      "ОДҚ" ААЖ-да төлем үшін шешімнің электрондық жобасын қоюды автоматты түрде жүзеге асырады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 171-бабы 4-тармағының бірінші абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қараудың тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін жәрдемақы тағайындау үшін жүгіну кез келген уақытта жүзеге асырылады.

      Жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгіну күніне дейін немесе Заңға сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың автоматтық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ):

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "АХАЖ" (азаматтардың хал актілерін жазу) АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне – кәмелетке толмаған балаға (балаларға) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы мәліметтері бойынша;

      "Төрелік" автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйесінде – бала (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі бойынша;

      "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры" АЖ-ға – мүгедектік белгілеу туралы мәліметтердің болуына сұрау салуды қалыптастырады.

      Өтініш электрондық не қағаз түрінде беріледі, оған қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы куәландырылады.

      АЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.

      Электрондық құжаттар цифрлық құжаттардың сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы электрондық қолхат жібереді (өтініш берушінің өзі жеке жүгінген жағдайда қолхат қағаз форматта беріледі).";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы келіп түскен жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға келісімін алған жағдайда "Е-макет" ААЖ осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың тағайындауға өтініштерін (өтінімдерін) тіркеудің электрондық журналында өтінішті автоматты түрде тіркеуді жүзеге асырады, содан кейін өтініш берушіге уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарлама жіберіледі.

      "Е-макет" ААЖ көрсетілген параметрлер бойынша тексеруден өтпеген жағдайда өтініш берушіге электрондық өтініштен бас тарту туралы хабарламаны автоматты түрде ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Портал және "Е-макет" ААЖ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы келіп түскен өтініштер бойынша жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау кезінде автоматты түрде:

      осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы шешімнің ЭІМ және электрондық жобасын қалыптастырады, көрсетілетін қызыметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы шешімнің электрондық жобасын бекітеді;

      ЭІМ-да тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда, мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қалыптастырады.

      "ОДҚ" ААЖ-да төлеуге шешімнің электрондық жобасын қоюды автоматты түрде жүзеге асырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жәрдемақы тағайындау мерзімі Мемлекеттік корпорацияда барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап немесе Заңға сәйкес проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.

      Жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға портал немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жүгінген жағдайда жәрдемақы тағайындау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайды.

      Жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға өтініш берген күнге дейін немесе Заңға сәйкес проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімде тағайындалады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.";

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 230-бабы 3-тармағының екінші абзацына, Заңның 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қараудың тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті автоматтық жүйеге (бұдан әрі – АЖ):

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;

      "АХАЖ" (азаматтардың хал актілерін жазу) АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);

      "Төрелік" автоматтандырылған ақпараттық талдамалық жүйеге – бала (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі бойынша;

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесіне – кәмелетке толмаған балаға (балаларға) қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілерді және орта (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта), оның ішінде арнайы және мамандандырылған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушыларды оқыту туралы мәліметтер бойынша;

      "ҚР ҒЖБМ ЖББП" АЖ-ға (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы ақпараттық жүйесі) – оқыту туралы мәліметтер бойынша сұрау салуды қалыптастырады.

      Өтініш электрондық не қағаз түрінде беріледі, оған қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы куәландырылады.

      Электрондық құжаттар цифрлық құжаттардың сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.

      АЖ-дағы мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында тізбеленген құжаттардан өзге:

      1) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны немесе адамды хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп тану туралы соттың шешiмін;

      2) асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды) белгілеу туралы куәлік және тағы басқалар) ұсынады.

      Қажет болған жағдайда (олардың бар-жоғына қарай) мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының анықтамасы (егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе);

      2) егер он сегіз бен жиырма үш жас шамасындағы асырауындағы адамдар академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын күндiзгi оқу бөлiмiнде оқыса, онда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі).

      Бұл ретте білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған немесе сырттай оқу нысанына ауыстырылған жағдайларда, білім беру ұйымының басшысы жәрдемақы алушының тұрғылықты жерi бойынша Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшесiн хабардар етедi;

      3) қамқоршы немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;

      4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтама;

      5) әскери қызметшiнiң, ішкi iстер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет өткеру кезінде алған жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруы салдарынан қаза болғаны немесе қайтыс болғаны туралы анықтама.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтініш қабылдап алатын маман осы өтінішті қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге құжаттарының қабылданғаны туралы электрондық қолхат жібереді (өтініш берушінің өзі жеке жүгінген жағдайда қолхат қағаз форматта беріледі).";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жәрдемақы тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе Заңға сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайды.

      Асыраушысына айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы жәрдемақы тағайындауға құқығы туындаған күннен бастап, бiрақ оны тағайындауға барлық қажетті құжаттармен өтiнiш жасалған күнге дейiн немесе Заңға сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзiм үшін тағайындалады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      34. Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.";

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығына
1-қосымша
  Республикалық бюджет
қаражатынан жерлеуге арналған
біржолғы төлемді тағайындау
және жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

"Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі

1

 
Көрсетілетін
қызметті беруші атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы – 3 (үш) жұмыс күні;
Портал немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы – 1 (бір) жұмыс күні.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде, проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет) қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы ұсынылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

7

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, өтініш берушінің жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі және жексенбі, және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекен жайлары мынадай интернет ресурстарда орналастырылған:
1) Министрлік www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін көрсетілетін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариаты куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны (заңды тұлғалар үшін) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін) (сәйкестендіру үшін);
2) қайтыс болу туралы куәлік немесе басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостильмен куәландырылған қайтыс болу фактісін растайтын құжат (салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады).
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, қайтыс болу туралы куәлікті немесе қайтыс болу фактісін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Порталға:
жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға өтініш;
жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Құжаттарды ұсыну оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген құжаттарды берген кезде портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жәрдемақы тағайындау үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы немесе жерлеуді жүзеге асырған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді немесе дара кәсіпкердің патентін (заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін), қайтыс болғаны туралы куәлік жайлы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы тізбеге сәйкес белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжат қызметі мобильді қосымшада және пайдаланушының ақпараттық жүйелерінде рұқсаты бар пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістерін пайдалана отырып тіркелуден өту қажет. Одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде ол әрі қарай пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығына
2-қосымша
  Мүгедектігі бойынша
мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар мөлшерін
есептеу (анықтау), оларды
тағайындау, төлеу, тоқтата тұру,
қайта есептеу, қайта бастау,
тоқтату және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта қарау
қағидаларына 3-қосымша

"Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау үшін;
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызыметті беруші, портал және ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы 7 (жеті) жұмыс күні.
Портал немесе ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (проактивті қызмет) арқылы жалпы ауруға шалдығу немесе жұмыста мертігу себептері салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға жүгінген жағдайда – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы хабардар етуі үшін 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;
порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
көрсетілетін қызметі берушіде – күту уақыты талап етілмейді.
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде және (немесе) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін проактивті түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік кодекстің 171-бабы 4-тармағының екінші абзацымен бекітілген Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (анықтау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 13-қосымшаға сәйкес нысанда жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама.
Байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет) қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы ұсынылады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

7

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау графигі: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызметінсіз көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті порталы арқылы брондауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрлік – www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі
2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті аушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және мынадай құжаттар ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) мүгедектік бойынша анықтама. Болуына қарай мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:
1) Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;
2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;
3) госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
4) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде). Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенде, қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжатты ұсынады.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына сәйкес (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 16116 тіркелген) шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса талап етілмейді.
Порталға: мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін – мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауға өтініш портал арқылы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында;
мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бірреттік құпиясөзді беру жолымен немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы алады.
Проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау үшін:
көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну.
Жеке басты куәландыратын, мүгедектікті растайтын құжат, Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі, Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі, госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама), неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы (қамқоршы) тегін өзгерткен кезде) құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған себептерді жойғанда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік қызмет мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды проактивті қызмет тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті берушіде мемлекеттік қызмет:
1) тиісті өңірдің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінің (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында және (немесе) медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснама және бақылау бөлімдерінің) орналасқан жері бойынша;
2) көшпелі отырыстарда: көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты (тіркелген) жеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер базасында; мамандандырылған мекемелерде емделіп жатқан орны бойынша; көрсетілетін қызметті алушының барған жері бойынша түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында; үйде, стационарда – егер адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға келе алмайтын болса;
3) сырттай – куәландырылатын адам тасымалдауға келмейтін және/немесе қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде стационарлық емделуде жүрген болса, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілінің келісімімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" айқындалған құжаттарды ұсыну негізінде көрсетеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшалар мен пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшаларда және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде кейін пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығына
3-қосымша
  Асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін
есептеу (айқындау), оны
тағайындау, төлеу, тоқтата тұру,
қайта есептеу, қайта бастау,
тоқтату және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта қарау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Білім беру ұйымының бұрыштама мөртабаны берiлген күнi, шығыс №______

      Білім беру ұйымының анықтамасы

      Азамат ____________________________________________________________

      (бiлiм алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылын көрсете отырып,

      ЖСН) ол iс жүзiнде __________________________________________________

      (оқу орнының толық атауы және мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

      ______________________________________ сыныбының/курсының оқушысы

      болып табылады

      Топтың, литердің атауы, топ коды___________________________________

      Оқыту түрі______________________________________________________

      Анықтама 20___/20___ оқу жылына жарамды.

      Анықтама талап ету орыны бойынша ұсыну үшiн берiлдi.

      Білім беру ұйымындағы оқу мерзiмi ___ жылғы оқу кезеңi ___ жылғы "___" ____ -нан (-нен) ___ жылғы "__" ______ дейiн.

      Ескертпе: анықтама өтініш беру кезінде жарамды.

      Білім беру ұйымының мөрi басылатын орын

      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы немесе электрондық цифрлық қолдаңба)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығына
4-қосымша
  Асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін
есептеу (айқындау), оны
тағайындау, төлеу, тоқтата тұру,
қайта есептеу, қайта бастау,
тоқтату және тағайындау
(тағайындаудан бас тарту)
туралы шешімді қайта қарау
қағидаларына
3-қосымша

"Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжатты (құжаттарды) ұсыну қажеттігі туралы хабардар етуі үшін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады;
порталда жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ақпараттық жүйеге электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде, проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Әлеуметтік кодекстің 230-бабы 4-тармағында көделген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама.
Байланыс абоненттік құрылғысы арқылы (проактивті қызмет) қызмет көрсету кезінде қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы ұсынылады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі

7

Көрсетілген қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілген қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "электрондық кезек тәртібінде", жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті порталы арқылы броньдауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш берген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі келесі жұмыс күні жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Министрлік www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) Мемлекеттік корпорация - www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті аушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі қандас куәлігі) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) асыраушының қайтыс болуы туралы куәлік немесе хабарлама немесе адамды хабар ошарсыз кетті деп (қайтыс болды) тану туралы соттың шешімі;
3) асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын (тууы туралы, некеге тұру, некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік).
Болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдардың (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе) анықтамасы;
2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндізгі оқу бөлімінің оқушылары болып табылса, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);
3) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;
4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билеті не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы;
5) әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжат.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын немесе немерелерін күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметін тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кітапшасын, ол болмағанда Мемлекеттік корпорация ақпараттық жүйелерден адамның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы және автоматтандырылған ақпараттық жүйеден міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) әлеуметтік төлемдердің аудару фактісінің болмауы туралы мәліметтерді сұрайды.
Құжаттарды ұсыну, оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкін болса, талап етілмейді.
Егер заңдар мен халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 тіркелген) сәйкес шет мемлекеттің құзыретті мекемесі берген немесе куәландырған не осы тұлғаға арнайы уәкілеттік берілген, оның құзыреті шегінде және ол белгілеген нысан бойынша шет мемлекеттің ресми мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен (заңдастыру немесе апостильдеу) өткеннен кейін ғана қабылданады.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
Порталда: асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін – асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға өтініш Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
асыраушысынан айырылуы жағдайына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бірреттік құпиясөзді беру жолымен немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болғанда іске асырылған интеграция арқылы алады.
Жеке басты куәландыратын құжат, қайтыс болғаны туралы куәлік, асырауындағының қайтыс болған адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (тууы туралы, некеге тұру, некені бұзу, әкелігін анықтау (аналығын) туралы куәлік), азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдардың анықтамасы (егер туу туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе), егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндізгі оқу бөлімінің оқушылары болып табылса, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының анықтамасы (жыл сайын беріледі) туралы мәлімет, қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билеті не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы жайлы мәлімет, әскери қызметшінің, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерінің қазасы немесе өлімі қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызметін өткеру кезінде жарақат алу, контузияға ұшырау, мертігу, ауру салдарынан болғанын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ұсынылған құжаттардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда, көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.

10

Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды проактивті қызмет тағайындау қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша ұсынылады, оны көрсету үшін ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 77 77 арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ 1414 бірыңғай байланыс орталығы, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бірреттік құпиясөзді пайдаланумен "eGov mobіle" мобильді қосымшасында тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжаттардың сервисі мобильдік қосымшалар мен пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильдік қосымшаларда және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде кейін пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады