БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30570 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 2-1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларында және одан өту шарттарында, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-1-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібін және оны өткеру шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына кіретін адамдар алғашқы кәсіптік даярлық шеңберінде оқуды оқу орталықтарында, ал тағылымдаманы аумақтық органдарда, мемлекеттік мекемелерде өтеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген кезеңдерден өту кандидаттың таңдауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде және жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат немесе оның электрондық нысаны болған кезде жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Іріктеу өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі - хабарландыру) аумақтық органдардың, Академияның интернет-ресурстарында орналастырылады. Бұл ретте хабарландыру бір мезгілде қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Мемлекеттік мекемелердің хабарландыруы аумақтық органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларында санамаланған іріктеу кезеңдерін жүргізу үшін аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің жанынан іріктеу комиссиялары құрылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Іріктеу комиссиясының мүшелері болып аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің кадр қызметтерінің (бұдан әрі - кадр қызметтері) бастықтары, сондай-ақ өзіндік қауіпсіздік, дене шынықтыру даярлығын жүзеге асыру бойынша функция жүктелген қызметтерінің, орналасуға іріктеу өтетін бос лауазымдары бар құрылымдық бөлімшенің қызметіне жетекшілік ететін аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің аппаратының өкілдері тағайындалады.";
18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін және оның ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жалысын:
"23. Кандидат мынадай құжаттарды қолма-қол ұсынады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы тапсырады:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығын растайтын жүргізуші куәлігінің немесе оның электрондық нысанының көшірмесін;";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) спорттық разрядтың бар екендігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда).";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Кандидаттарды полиграфологиялық зерттеу "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Күні, уақыты және оны өткізу орны көрсетілген әңгімелесу өткізу кестесі, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді қабылдау аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі (еркін нысанда) аумақтық органдардың, Академияның интернет-ресурстарында және аумақтық органның, мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендтерінде, жалпы қолжетімділік орындарында орналастырылады. Мемлекеттік мекемелерде әңгімелесу өткізу кестесі, сондай-ақ әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі аумақтық органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.";
41-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Іріктеу комиссиясы әрбір жарияланған лауазым бойынша сұрақтар тізімін қалыптастырады. Сұрақтар тізімі жария етілмейді.";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін іріктеу комиссиясының мүшелері осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысанда әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидаттарды бағалау парағындағы (бұдан әрі – кандидатты бағалау парағы) әр сұрақ бойынша ұпай береді.
45. Әңгімелесу барысында әңгімелесу жүргізу қабілетін көрсетпеген кандидат (комиссияның кем дегенде бір мүшесінен әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидаттарды бағалаудан 0 балл алған) әңгімелесуден өтпеген болып есептеледі және алғашқы кәсіптік даярлықтан одан әрі өтуге жіберілмейді.";
47-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) орта басшы құрам лауазымдарына кандидат тұлғалар үшін - тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың орташа саны ("Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14317 болып тіркелген) талаптарына сәйкес берілген мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификат деректері негізінде) (бұдан әрі - № 1 бұйрық);";
49-тармақтың жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"салмақтық мәні әңгімелесу нәтижелері бойынша балдардың қорытынды санына тең болып қабылданады (әңгімелесу нәтижелері бойынша балдардың қорытынды саны бағалау парақтарымен айқындалған әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидаттарды бағалауларды қосу және қорытынды сомманы комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады);";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Іріктеу комиссиясы іріктеудің нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсыну;
2) кандидаттарды ведомстволық деректер банкіне (бұдан әрі - Деректер банкі) енгізуге ұсыну.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шешім іріктеудің барлық кезеңінен өткен және бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары көрсеткішін жинаған кандидаттарға қатысты қабылданады.
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері тең болған жағдайда, іріктеу қомиссиясының осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген шешімін алған кандидат болып, дене шынықтыру даярлығы бойынша ең көп балл жинаған кандидат есептеледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген шешім іріктеудің барлық кезеңінен өткен, бірақ бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткішін (дене шынықтыру даярлығы бойынша балл) осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген кандидаттардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерімен (дене шынықтыру даярлығы бойынша баллдарымен) салыстырғанда төмен жинаған қалған кандидаттарға қатысты қабылданады.
Дегенмен, медициналық куәландыру анықтамасын, психофизиологиялық зерттеу қорытындысын, полиграфологиялық зерттеу қорытындысын, сондай-ақ мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификатты және құқық қорғау қызметі лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу нәтижелері бойынша қорытындыны (орта басшы құрам лауазымдарына) іске асыру мерзімдері іріктеу комиссиясымен шешімдер қабылдау кезінде жарамды болуы тиіс.
Бұрын іріктеуден өтпей қалған және қайта іріктеуге қатысқан адамдар, егер іске асыру мерзімі өтпеген медициналық куәландыру анықтамасы, психофизиологиялық зерттеу қорытындысы, полиграфологиялық зерттеу қорытындысы бар болған жағдайда, осы Қағидалардың 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген іріктеу сатыларынан өтпейді.";
мынадай мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:
"51-1. Кандидаттардың Деректер банкінде болу мерзімі оларды енгізген күннен бастап бір жылдан артық емес болып табылады.
Деректер банкіне енгізілген кандидаттар, оларды енгізген күннен бастап бір жылдың ішінде олардың келісімімен алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуден өткізбестен жолданады.
Кандидаттың оны алғашқы кәсіптік даярлыққа жолдау туралы ұсыныстан бас тартуы және/немесе осы тармақта көзделген Деректер банкінде болу мерзімінің өтуі оны Деректер банкінен алып тастауға негіздер болып табылады.
Дегенмен, медициналық куәландыру анықтамасын, психофизиологиялық зерттеу қорытындысын, полиграфологиялық зерттеу қорытындысын, сондай-ақ мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы сертификатты және құқық қорғау қызметі лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу нәтижелері бойынша қорытындыны (орта басшы құрам лауазымдарына) іске асыру мерзімдері кандидатты алғашқы кәсіптік даярлыққа жолдау кезінде жарамды болуы тиіс.
Жоғарыда санамаланған құжаттардың іске асыру мерзімі өтіп кеткен жағдайда, кандидаттар оларды алғашқы кәсіптік даярлыққа жолдағанға дейін жаңартуды қамтамасыз етеді.
Аумақтық органның, мемлекеттік мекеменің кадр қызметі қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін осы Қағидаларға сәйкес іріктеу нәтижесінде жинаған олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін көрсете отырып жүргізеді.";
54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Іріктеу комиссиясының шешімі қабылданғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде аумақтық органның, Академияның интернет-ресурсында іріктеу комиссиясының шешімі және алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылған және Деректер банкіне енгізілген кандидаттардың тізімі (еркін нысанда) орналастырылады. Іріктеу комиссиясының шешімі, алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылған және Деректер банкіне енгізілген кандидаттардың тізімі мемлекеттік мекемелерде аумақтық органдардың интернет-ресурсында орналастырылады.
55. Іріктеу комиссиясының хатшысы іріктеу комиссиясының шешімі енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кандидаттарға іріктеу комиссиясымен қабылданған шешімдер туралы өтініште көрсетілген байланыс телефондарының нөмірлері және/немесе электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы хабарлайды.";
57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Кадр қызметтері іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен кандидаттардың осы Қағидалардың 23-тармағының 2), 2-1), 3), 5), 6), 7) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттардан тұратын оқу істерін қалыптастырады.
Оқу істерін, сондай-ақ іріктеу материалдарын (дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың жиынтық ведомосы, әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидатты бағалау парағы, кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағы, іріктеу комиссиясының шешімі) қабылдау комиссиясының қарауына ұсынудың толықтығын, анықтығын және уақтылығын іріктеу комиссиясы және аумақтық органның, мемлекеттік мекеменің кадр қызметі қамтамасыз етеді.
58. Аумақтық орган, мемлекеттік мекеме іріктеу нәтижелері бойынша алғашқы кәсіптік даярлық басталғанға дейін жеті күн бұрын оқу орталықтарына кандидаттардың оқу істерін, полиграфологиялық зерттеулер мен ӘДК нәтижелерін, сондай-ақ іріктеу материалдарын (дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырудың жиынтық ведомосін, әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидатты бағалау парағын, кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағын, іріктеу комиссиясының шешімін) қоса бере отырып, оларды алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдау туралы мәселені шешу үшін түсуін қамтамасыз етеді.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Қабылдау комиссиясы кандидаттардың оқу істерін, сондай-ақ іріктеу материалдарын зерделеу негізінде бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) оқуға қабылдауға ұсыну;
2) оқуға қабылдауға ұсынбау;
3) оқу ісін және іріктеу материалдарын пысықтауға жіберу.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылданғаннан кейін тыңдаушылармен осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт жасалады.
Келісімшартқа келесі тараптармен қол қойылады:
1) Академиядан – Академия бастығымен не оның міндеттерін атқарушылармен, немесе сенімхат негізінде – оқу орталықтарының бастықтарымен;
2) аумақтық органдардан, мемлекеттік мекемелерден – аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің бастықтарымен не олардың міндеттерін атқарушылармен.
Сенімхатты беру Қазақстан Республикасының Азматтық кодексінің 167-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Тыңдаушыларды алғашқы кәсіптік даярлық шеңберінде оқытудың мерзімі ТЖМ келісу бойынша Академиямен оқу бағдарламалары мамзұнына сәйкес айқындалады.";
95-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Оқу орталықтары тыңдаушылардың оқу істерін олар тағылымдамадан өту үшін кеткен сәттен бастап екі күн мерзімде аумақтық органдарға, мемлекеттік мекемелерге жібереді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Тағылымдама аяқталған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешітірмей аумақтық органдар, мемлекеттік мекемелер Академияның қызметтік электрондық почтасына осы Қағидаларға 11-1-қосымшадағы нысанға сәйкес міндетті арнайы тексерудің оң қорытындысын алуға байланысты тыңдаушымен тағылымдаманың аяқталғандығы туралы хабарландыру (бұдан әрі - хабарландыру) жолдайды.";
104-тармақ алып тасталсын;
105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Академия хабарландыру түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алғашқы кәсіптік даярлығының аяқталуына байланысты тыңдаушыларды оқудан шығару туралы бұйрыққа Академия бастығы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және өзінің интернет-ресурсында алғашқы кәсіптік даярлықтың аяқталғандығын растайтын осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысанда сертификаттарды (электрондық форматта) орналастырады.";
Қағидаларға 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 10-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 11-1-қосымшамен толықтырылсын;
Қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
С. Шарипханов |
Нысан
Кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау парағы
Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________
Кандидат үміткер лауазымы _____________________________
№ | Сұрақтар | Балл |
1 | Бейінді сұрақ (БС) | |
2 | Ситуациялық сұрақ (СС) | |
3 | Мотивациялық сұрақ(МС) | |
4 | Қарым-қатынас дағдыларының деңгейін анықтауға бағытталған сұрақ (ҚС) | |
Кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау (ӘБ): |
_________________________________
(іріктеу комиссия мүшесінің қолы) _________________________________________________________________
(іріктеу комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) "__" _______ 20__ жыл.
Ескертпе:
0-ден 5 баллға дейін қойылады
қарым-қатынас дағдыларының деңгейін анықтауға бағытталған сұрақтар қатардағы және кіші басшы құрамдағы лауазымдарға кандидат кандидаттарға қойылады
1-сұраққа жауап (бейінді):
0 балл-кандидат сұраққа жауап берген жоқ
1 – 2 балл-кандидат қойылған сұрақтың тақырыбы туралы жалпы түсінікке ие
3 – 4 балл-кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын жақсы меңгерген
5 балл – кандидат қойылған сұрақтың тақырыбын толық меңгерген
2-сұраққа жауап (ситуациялық):
0 балл – кандидат жауап бермеді
1 – 2 балл-кандидат жағдайға қолайсыз көзқарасты сипаттады
3 – 4 балл-кандидат жалпы дұрыс тәсілді сипаттады, бірақ іс-қимылдардың толық алгоритмін ұсынбады
5 балл – кандидат дұрыс тәсілді сипаттап, іс-әрекеттің негізделген алгоритмін ұсынды
3-сұраққа жауап (мотивациялық):
0 балл – кандидат жауап бермеді
1-2 балл-кандидаттың негіздемесі әлсіз дәлелденген, дәйексіз, кандидаттың алдағы жоспарлары туралы анық түсінігі жоқ
3 – 4 балл-кандидаттың негіздемесі дәлелденген, бірақ нақты мақсаттары көрсетілмеген
5 балл – кандидаттың негіздемесі, дәлелденген, қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге бағытталған
Қарым-қатынас дағдылары:
0 балл – кандидат әңгіме жүргізу қабілетін көрсеткен жоқ
1 балл – кандидат әңгімені шектеп жүргізеді, жетекші сұрақтарға жауап бермейді
2 балл-кандидат әңгімелесуді шектеулі жүргізеді, кейде жетекші сұрақтарға жауап береді
3 балл-кандидат әңгімені шектеп жүргізеді, бірақ жетекші сұрақтарға жауап береді
4 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша әңгімелесуді оңай жүргізеді
5 балл – кандидат кәсіби тақырып бойынша еркін әңгіме жүргізеді, кез келген тақырыптағы сұрақтарға оңай жауап береді.
Кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
БС+СС+МС+ҚС/4 = ӘБ (қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына)
онда,
ӘБ - кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау;
БС – бейінді сұрақ бойынша балл;
СС – ситуациялық сұрақ бойынша балл;
МС – мотивациялық сұрақ бойынша балл;
ҚС - қарым-қатынас дағдыларының деңгейін анықтауға бағытталған сұрақ бойынша балл.
БС+СС+МС/3 = ӘБ (орта басшы құрам лауазымдарына)
онда,
ӘБ - кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау;
БС – бейінді сұрақ бойынша балл;
СС – ситуациялық сұрақ бойынша балл;
МС – мотивациялық сұрақ бойынша балл.
Нысан
Кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағы
___________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), кандидат үміттенетін лауазым)
Білім деңгейі |
Әскери қызметке қатынасы | Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша бағалау k3 | Спорттық разряд k4 | Кандидатты әңгімелесу нәтижелері бойынша бағалау k5 | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||||||||
орта | орта білімнен кейінгі | жоғары | жоғары оқу орнынан кейінгі | мерзімді әскери қызметке шақыруды босату немесе кейінге қалдырудың болуы | әскери - техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлықтан өту | мерзімді әскери қызметті немесе запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша азаматтардың әскери даярлығын өткеру | азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлаудан өту | қанағаттанарлық | жақсы | өте жақсы | спорттық разрядтың болмауы | спорт шеберіне кандидат және одан жоғары | әңгімелесу нәтижелері бойынша балдардың қорытынды санына |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ |
кестенің жалғасы
Тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың орташа саны k6 |
Жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері | Кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші | |||||||||||
6 | 7 | 8 | |||||||||||
5-тен 8-ге дейін | 9-дан 12-ге дейін | 13 және одан жоғары | бастамашылық | коммуникативтілік | аналитикалық | ұйымшылдық | стратегиялық ойлау | көшбасшылық | әдептілік | сапаға бағдарлану | тұтынушыға бағдарлану | сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік | КБҚК |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | ВЗ | |
Ескертпе: КБҚК-кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші; k1 – "білім деңгейі" критерийі бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің салмақты мәні; k2 - кандидаттың "әскери қызметке қатынасы" өлшемі бойынша бәсекеге қабілеттілігінің салмақты мәні; k3 – "дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша бағалау" өлшемі бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің үлестік мәні; k4 – "спорттық разряд" критерийі бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің салмақтық мәні; k5 – "әңгімелесу нәтижелері бойынша кандидатты бағалау" критерийі бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің салмақтық мәні; k6 – "тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың орташа саны" критерийі бойынша кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің салмақтық мәні; k7 – кандидаттың "жеке қасиеттерін бағалау нәтижелер"" өлшемі бойынша бәсекеге қабілеттілігінің салмақтық мәні; В3 - салмақтық мәні.
Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына түсетін адамдар үшін кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парағының 6 (тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың орташа саны) және 7 (жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері) бағандары толтырылмайды.
Іріктеу комиссиясының төрағасы ________________ _____________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Іріктеу комиссиясының мүшелері ________________ _______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________ ________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
________________ _______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Іріктеу комиссиясының хатшысы ________________ __________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Кандидаттың бәсекеге қабілеттілігін
бағалау парағымен танысты ______________ ________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Нысан
Келісімшарт
(алғашқы кәсіптік даярлықтан өту туралы)
қала ______________ "____" ______ 20__ жыл.
Осы алғашқы кәсіптік даярлықтан өту туралы келісімшарт ___________________ мекенжайы бойынша орналасқан, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің білім беру ұйымының атынан Жарғы (сенміхат) негізінде әрекет ететін __________ (лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бұдан әрі "ТЖМ білім беру ұйымы" деп аталатын (бірінші жақтан), кандидатты алғашқы кәсіптік даярлық щеңберінде ТЖМ білім беру ұйымына оқуға жолдаған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органының/мемлекеттік мекемесінің атынан Ереже (сенімхат) негізінде әрекет ететін ________ ( лауазымы, арнаулы (әскери) атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бұдан әрі "аумақтық орган/мемлекеттік мекеме" деп аталатаын (екінші жақтан) және алғашқы кәсіптік даярлық щеңберінде ТЖМ білім беру ұйымына оқуға қабылданған__________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН) бұдан әрі "тыңдаушы" деп аталатын, ______ мекенжайда тұратын тұлғамен (үшінші жақтан) төмендегілер туралы жасалған:
1 тарау. Келісімшарттың мәні
1. ТЖМ білім беру ұйымы алғашқы кәсіптік даярлықтың білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушыны ______________(қызмет бағытының атауы) оқытуды ұйымдастыру бойынша өзіне міндеттемелер алады.
2. Аумақтық орган/мемлекеттік мекеме оқу аяқталғаннан кейін тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру және ол аяқталғаннан кейін аумақтық органда, мемлекеттік мекемеде алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен қызметінің бағыты бойынша лаузымға тағайындау туралы міндеттемелерді өзіне алады.
Тағылымдаманы ұйымдастыру мерзімдері: міндетті арнайы тексерудің оң қорытындысын алғанға дейін, бірақ кемінде бір ай.
3. Тыңдаушы алғашқы кәсіптік даярлықтың білім беру бағдарламаларына сәйкес білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеру және алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде (бұдан әрі - ТЖМ), оның ведомстволарында, аумақтық органдарында, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде кемінде үш жыл қызмет өткеру жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады.
2 тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. ТЖМ білім беру ұйымы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімшартты өзгертуге және бұзуға;
2) тыңдаушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеуге, оны тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тартуға;
3) ТЖМ білім беру ұйымының мүлкіне тыңдаушының келтірген зияны үшін ақшалай қаражатты өндіріп алуға құқылы.
5. ТЖМ білім беру ұйымы:
1) тыңдаушыны "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ТЖМ нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес білім алу шарттарымен қамтамасыз етуге;
2) оқу үшін жағдай жасауға;
3) тыңдаушының оқу/жеке ісіне оны оқытуға арналған шығыстар туралы анықтама (еркін нысанда) қоса беруге;
4) тыңдаушыны алғашқы кәсіптік даярлық шеңберінде оқыту қорытындысы бойынша емтиханды сәтті тапсырғаннан соң аумақтық органға/мемлекеттік мекемеге тағылымдамаға жіберуге міндетті.
6. Тыңдаушы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімшартты өзгертуге және бұзуға;
2) қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін оқу және тұру жағдайларына құқылы.
7. Тыңдаушы:
1) білім беру бағдарламасы бойынша оқу және кәсіптік қызметтің барлық түрлерін адал меңгеруге;
2) қызметтік тәртіпті сақтауға;
3) ТЖМ білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарауға;
4) еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларының және санитариялық-гигиеналық нормалардың талаптарын орындауға;
5) өзінің лауазымдық жағдайына сәйкес оған сеніп тапсырылған, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
6) адамдардың өмірі мен денсаулығына, ТЖМ білім беру ұйымы мен білім алушылардың мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы хабарлауға;
7) отбасылық жағдайы өзгерген, оның немесе жақын туыстарының қылмыстық жауаптылыққа тартылған, олардың қайсысы шетелге тұрақты тұруға кеткен жағдайларда бұл туралы тікелей бастыққа үш күн мерзімде баянатпен баяндауға;
8) тағылымдамаға жіберілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның өтетін жеріне келуге;
9) ТЖМ-де, оның ведомстволарында, аумақтық органдарында, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде алғашқы кәсіптік даярлық аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл қызмет етуге;
10) осы Келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ТЖМ, оның ведомстволарында, аумақтық органдарында, ведомстволық мемлекеттік мекемелерінде одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан, немесе үлгерімсіздігіне және (немесе) тәртіптің бұзылуына байланысты, сондай-ақ өз қалауы бойынша ТЖМ білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, оны даярлауға жұмсалған даярлау, тамақтануға және тұруға бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
8. Аумақтық орган/мемлекеттік мекеме:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімшартты өзгертуге және бұзуға;
2) тыңдаушы Қазақстан Республикасының "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 16-бабы 1-тармағының 1), 5), 8), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларының, 17-бабы 1-тармағының 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының және 3-тармағының талаптарын бұзған және/немесе сақтамаған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу және оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға;
3) үлгерімсіздігіне және (немесе) тәртіптің бұзылуына байланысты ТЖМ білім беру ұйымынан шығарылған, осы Келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ТЖМ, оның ведомстволарында, аумақтық органдарында, ведомстволық мемлекеттік мекемелерінде одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда даярлауға жұмсалған даярлау, тамақтануға және тұруға бюджет қаражатын өндіріп алуға құқылы.
9. Аумақтық орган, мемлекеттік мекеме:
1) тағылымдаман өту орны мен тағылымдама жетекшісі – тәлімгерді анықтауға;
2) тағылымдамадан өту кезеңінде еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың және санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;
3) тыңдаушы алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен қызмет бағыты бойынша алғашқы кәсіптік даярлығы аяқталғаннан кейін лауазымға тағайындауға міндетті.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
10. Тараптардың осы келісімшартта көзделген өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін олар заңнамаға сәйкес жауапты болады.
11. Осы Келісімшарттың 7-тармағының 9) немесе 10) тармақшаларын орындамағаны үшін тыңдаушы алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде мемлекетке даярлауға, тамақтануға және тұруға жұмсалған бюджет қаражатын өтейді.
Ұстауға жататын сома алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен әрбір мерзімге пропорционалды түрде есептеледі.
4-тарау. Дауларды шешу тәртібі
12. Осы Келісімшартты орындау барысында туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдерді әзірлеу мақсатында тікелей қарайды.
13. Тараптар келіссөздері, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібімен шешіледі.
5-тарау. Бой бермейтiн күш пен тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс мән-жайлар туындаған жағдайларда келісімшарттың қолданылуы
14. Су тасқыны, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс әрекеттері сияқты бой бермейтiн күш орын алған жағдайларда, сондай-ақ тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс мән-жайлар және келісімшарт жасалғаннан кейін туындаған жағдайларда тараптардың жауапкершілігі туындамайды.
15. Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс мән-жайлар болып билік және басқару органдарының осы Келісімшарт бойынша тараптардың кемінде біреуінің міндеттемелерін орындауын мүмкін етпейтін актілер шығаруы деп танылады.
16. Тараптардың міндеттемелерді орындауы және олардың салдары осы Келісімшарттың 14 және 15-тармақтарында көзделген жағдайлардың қолданылу мерзіміне сәйкес түрде ауыстырылады.
6-тарау. Келісімшарттың қолдану мерзімі, талаптарын өзгерту тәртібі және оны бұзу
17. Осы Келісімшарт тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және тыңдаушының ТЖМ, оның ведомстволарында, аумақтық органдарында, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде алғашқы кәсіптік даярлығы аяқталғаннан кейін үш жыл қызмет еткеннен кейін өзінің қолданысын тоқтатады.
18. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
19. Келісімшарт тараптардың келісімі немесе тараптардың бірінің бастамасы бойынша, сондай-ақ келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда бұзылады.
20. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар 3 данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасасады. Бір данасы ТЖМ білім беру ұйымында қалады, екіншісі тыңдаушының оқу/жеке ісіне қосу үшін тиісті аумақтық органға/мемлекеттік мекемеге жолданадыі, үшінші данасы тыңдаушыға беріледі.
ТЖМ білім беру ұйымы |
Аумақтық орган/мемлекеттік мекеме: |
Тыңдаушы: |
Нысан
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы |
Хабарландыру
Осымен Сізге міндетті арнайы тексерудің оң нәтижесін алуға (ұлттық қауіпсіздік органдары хатының нөмірі, күні) байланысты ______________ лауазымына (лауазымның атауы) тыңдаушы ___________________ (тыңдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) тағыламдамадан өтуді аяқтағаны туралы хабарлаймыз.
Аумақтық органның/мемлекеттік мекеменің бастығы
Лауазымы, атағы, Т.А.Ә.
Нысан
КАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАFДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІНІҢ М. FАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫК КОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫ (бiлiм беру уйымыныңатауы) |
СЕРТИФИКАТ
_________________________________________________________берілді
Teri, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
ол _______________________________________________________________
(оқудан өткен мерзімі)
__________________________________________________ санаты бойынша
(санат атауы)
____________________________________________________________________
(оқудан өткен орны, оқудың түрі)
_______________________________
емтихан бағасы
____________________________________________________________________
тағылымдамдан өткен орны мен мерзімі
| ||||||||||
Академия бастығы________________________________________ | ||||||||||
Көкшетау қаласы 202_ жыл | Тіркеу №______________ | |||||||||