Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32955 болып тіркелді.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының индустрия

      және инфрақұрылымдық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 274 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оныоблыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оныоблыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;

      2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) жұмыс күшi – жұмыспен қамтылған және жұмыссыз халық;

      4) кәсіптік оқыту - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексте көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары шеңберінде жаңа мамандықтарды (кәсіптерді), дағдыларды меңгеру және біліктілікті арттыру мақсатында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды қамтитын оқыту;

      5) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      6) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

      7) тәуелсіз жұмыскер – дара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын, акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооперативтің мүшелерін қоспағанда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті өзі дербес, кіріс алу мақсатында, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыратын жеке тұлға;

      8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.

      9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

      11) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;

      12) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;

      13) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.

2-тарау. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны өңірлер арасында бөлу тәртібі

      4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшінің санына проценттік қатынаспен белгіленеді және:

      1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;

      3) еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотаны қамтиды.

      5. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс берушілерге тартуға рұқсат етілген және тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті санын айқындайды.

      6. Жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады.

      Бірден астам әкімшілік-аумақтық бірлік қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін, жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін жұмысқа орналастыру орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдарға жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады.

      7. Жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімдерін мына талаптарды:

      1) өңірдегі жұмыс күшіне сұранысты, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды, ұлттық жобалар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыру шеңберінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен;

      2) жұмыссыз адамдар санының болжамын және жұмыскерлердің межелі босатылуын, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін кәсіптер мен мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары түлектерінің санын;

      3) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз адамдарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндігін;

      4) өткен жылы шетелдік жұмыс күшін пайдалану тиімділігін бағалауды және алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшінің болжамды қажеттігін ескере отырып жинақтайды.

      8. Жергілікті атқарушы органдар 15 қазаннан кешіктірмей шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарын ескере отырып жинақталған жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімді шығарады.

      9. Комиссияны еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелер құрады. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдарының, білім беру, кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшенің, өңірлік кәсіпкерлер палатасының және қауымдастықтардың (келісу бойынша), облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің (келісу бойынша) өкілдері кіреді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін қабылдаудан Комиссия мынадай негіздемелер бойынша толықтай немесе ішінара бас тартады:

      1) еңбек ресурстарының есебінен, оның ішінде жұмыссыз азаматтарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, сондай-ақ жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді шетелдік жұмыскерлерді тарту болжанатын кәсіптер мен мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру арқылы жұмыс күшінің қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;

      2) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде өткен және ағымдағы жылдары шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту тәртібін бұзудың жойылмауы;

      3) шетелдік жұмыскерлерді тартуды көздейтін жұмыс берушілерде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзудың жойылмауы, оның ішінде өткен және ағымдағы жылдары жұмыскерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болуы.

      11. Жергілікті атқарушы органдар жазбаша түрде Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерге олардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін қарау нәтижелері туралы хабарлайды.

      12. Алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар 1 қарашаға дейін алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыскерлерді тартуға жұмыс берушілердің қажеттілігі ескеріле отырып жинақталған шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      13. Қажет болған жағдайда мүдделі орталық мемлекеттік органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып, аумағында шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін жергілікті атқарушы органдармен келісілген, алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға қалыптастырылған ұсыныстарды тиісті негіздемесімен бірге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға 1 қарашаға дейінгі мерзімде енгізеді.

      14. Еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квота алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) тарту арналған өтінімнің негізінде қалыптастырылады.

      15. Алдағы жылға (жылдарға) жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушілерді үй шаруашылығында жұмыстарды орындауға (қызметтер көрсетуге) тартуға қажеттілікті жергілікті атқарушы органдар 10 қазанға дейін:

      1) өңірдегі жұмыс күшіне, оның ішінде көзделетін жұмыс орындарын құру есебінен сұранысты;

      2) жұмыссыз адамдар санының және жұмыскерлердің межеленген босатылу болжамын;

      3) жергілікті атқарушы органдардың өткен жылы еңбекші көшіп келушілерді тартуының тиімділігін және алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілердің болжамды қажеттілігін бағалауды ескере отырып айқындайды.

      16. Жергілікті атқарушы органдар алдағы жылға (жылдарға) еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілікті қалыптастырады және 1 қарашаға дейін еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған өтінімдерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      17. Шетелдік жұмыс күші шығатын елдер бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде белгіленеді.

      Шығу елдері бойынша квотаны жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасқан кезде жүргізілген еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жай-күйінің болжамын ескере отырып қалыптастырады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      18. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы және мүдделі орталық мемлекеттік органдар ұсынған шетелдік жұмыс күшіне және еңбекші көшіп келушілерге арналған өтінімдер негізінде алдағы жылға (жылдарға) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастырады.

      19. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган 1 қаңтарға дейінгі мерзімде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді және оныоблыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөліп, ол бөлінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес қабылданған шешімді өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      20. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бөлу:

      1) жұмыс берушілердің қажеттілігі, сондай-ақ мүдделі орталық мемлекеттік органдардың шетелдік және маусымдық жұмыскерлер санаттары бөлінісіндегі ұсыныстары негізінде қалыптастырылған, жергілікті атқарушы органдар ұсынған өтінімдерге сәйкес шығу елдері бойынша;

      2) жергілікті атқарушы органдар ұсынған еңбекші көшіп келушілерді тарту қажеттілігіне сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға жүзеге асырылады.

      21. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген квота мүдделі мемлекеттік не жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында шегінде қайта бөлуді жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар, астана
арасында бөлу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  ____________________________
  ____________________________
  (облыстың, республикалық
  маңызы бар қаланың, астананың
  уәкілетті органының атауы)
  кімнен _____________________
  ____________________________
  ____________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы
  немесе жеке тұлғаның (тегі,
  аты, әкесінің аты (болған
  жағдайда), заңды мекенжайы)

20__ жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім

Р/с №

Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)

20__ жылға арналған шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік

1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

Маусымдық шетелдік жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7

      Жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары,

      келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың

      негіздемесі:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

______________________________
(жұмыс беруші болып табылатын
ұйым басшысының лауазымы)


Мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, егер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болады)

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар, астана
арасында бөлу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен
  __________________________
  __________________________
  __________________________
  (жергілікті атқарушы
  органның толық атауы)

20__ жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім

Р/с №

Ұйым (толық атауы, заңды мекен жайы)

Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік)

20__ жылға шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік

1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

Маусымдық жұмыскерлер

Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, қажеттіліктің негіздемесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
квота белгілеу және оны
облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар, астана
арасында бөлу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен
  _________________________
  (жергілікті атқарушы
  органның толық атауы)

20__ жылға еңбекші көшіп келушілерге арналған өтінім

Ағымдағы жылы тартылатын еңбекші көшіп келушілердің саны (бірлік)

20__ жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға қажеттілік

Қажеттіліктің негіздемесі

1

2

3

  Қазақстан Республикасына
шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған квотаны белгілеу және
оны облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар, астана
арасында бөлу қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрлігіне
  кімнен ___________________
  __________________________
  __________________________
  (жергілікті атқарушы
  органның толық атауы)

Шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 20__ жылға арналған өтінім

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны

20__ жылға арналған шетелдік жұмыскерлердің санаттары бойынша

1-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

2-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

3-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

4-санат (кәсіптер мен мамандықтар бөлінісінде)

Маусымдық шетелдік жұмыскерлер

1

2

3

4

5

6

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады