"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 529 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32966 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірлері 3, 6 және 7 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

Құжатты жалпы тәртіпте 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей (өтінімді ресімдеу және дайындалған құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін (өтінімді ресімдеу және жеделдетілген қызмет үшін түбіртекті төлеу күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):
Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 1 (бір) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін;
облыс орталықтары үшін - жеделдіктің 1-санаты бойынша 3 (үш) жұмыс күніне дейін; жеделдіктің 2-санаты бойынша 5 (үш) жұмыс күніне дейін;
облыстардың қалалары және аудандары үшін – жеделдіктің 3-санаты бойынша 7 (жеті) жұмыс күніне дейін.
Құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      ";

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемдің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі

Көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетiледi.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (бұдан әрі - Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 615-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (көлемі 36 бет) бергенi үшiн 8 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК). Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн бергені үшін 0,2 АЕК құрайды.
Көлемі 24 бет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн - 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін) 48 бет - 12 АЕК. Бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін – 1 АЕК.
Салық кодексінің 622-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар:
Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;
үш дәрежелі Даңқ орденінің және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, "Алтын Қыран", "Отан" ордендерімен наградталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған;
"Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер немесе QR-code бойынша ХҚТ ТП арқылы жүзеге асырылады.
Жеделдетілген тәртіппен жеке куәлік және (немесе) паспорт берген кезде мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген қосымша төлем алынады. Белгіленген тарифтердің мөлшері "Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру бойынша көрсетілетін қызмет бағаларының прейскурантын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16576 болып тіркелген).
Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел дайындау бойынша қызметтер үшін төлем "АӨО" РМК-ның есеп шотына жүргізіледі.

      ";

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi;
Құжаттарды (формулярда ресімделген) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде жүзеге асырады, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi;
2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшісі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезек портал арқылы брондалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3) www.egov.kz- порталдында орналастырылған.

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 7 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде– сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшісі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тіркелген немесе уақытша келген (тұрған) орны бойынша жүзеге асырылады, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3) www.egov.kz - порталында
орналастырылған.

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      5-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттар осы қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару ресімделеді. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған жағдайда, Байқоңыр қаласына тұрақты тұруға көшуіне байланысты тіркеуден шығарылған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағы беріледі.";

      1-қосымшада:

      реттік нөмірлері 2, 4, 5 және 7 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, шетелдіктер мен босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуден шығару үшін; сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп таныған; тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша;
2) көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды; сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп таныған; тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару үшін;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы:
республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп таныған;
тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуден шығару үшін;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:
тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуден шығару үшін;
республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуден шығару үшін.

      ";

      "

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

қағаз түрінде:
- сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандарды тіркеуден шығару;
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін:
- тұрғын үйдің, саяжай құрылысының, адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын ғимараттың немесе үй-жайдың меншік иесінің өтініші бойынша тіркеуден шығару;
- республикадан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдарды тіркеуден шығару;

      ";

      "

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

"Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару. Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі оның мекенжайында тұрмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады. Байқоңыр қаласына тіркеуден шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағы беріледі.

      ";

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) Мемлекеттік корпорацияның - дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшісі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі асқа үзіліссіз және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады.
3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3)www.egov.kz-порталында орналастырылған.

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 7 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшісі түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде;
2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;
3) www.egov.kz – порталында
орналастырылған.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (А.Б. Аталықов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасы реттік нөмірі 6 жолдың үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады