"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
8) Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) формуляр – нөмірі мен штрихты коды бар қатаң есептегі баспаханалық бланк, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізілетін ақпаратты тасымалдағыш болып табылады және одан әрі берілген құжаттармен жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында пайдаланылады.
3) электрондық формуляр – жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін нөмірі мен штрихты коды бар бланк, "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" (бұдан әрі – ХҚТ ТП) ақпараттық жүйелесі арқылы ресімделеді және толтырылады;
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі – ЭЦҚ);
5) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
7) дактилоскопиялық тіркеу – дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі;
8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Жеке тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесімен (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.
Қазақстан Республикасының халқына жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілері осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қабылдау және паспорттарын, жеке куәліктерін беру көрсетілетін қызметті алушылардың тұрақты тіркелген орны бойынша, сондай-ақ нақты болатын жері бойынша (эксаумақтық қағидат бойынша) паспорттың және (немесе) жеке куәліктің жоғалуына, оларды жарамдылық мерзімінің өтуіне, неке қию (бұзу) бойынша тегін өзгертуге, одан әрі пайдалануға жарамсыздығына, құжаттардың түр өзгерісіне байланысты ауыстыру, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алғаш рет алуына, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі негізінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алғаш рет алуына байланысты жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжаттандырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ХҚТ ТП ақпараттық жүйесінен алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар дайындауға электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда ХҚТ ТП арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетілген жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.
Көрсетілетін қызметті алушыда туу туралы куәліктің түпнұсқасы не оның цифрлық нысаны болмаған кезде туу туралы мәліметтерді, сондай-ақ туу туралы актілік жазбаға енгізілген өзгерістерді, толықтыруларды және түзетулерді растауды көрсетілетін қызметті беруші интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде (2020 жылғы 20 қыркүйекте іске асырылған) "АХАЖ" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінен алынатын туу туралы актілік жазба бойынша ХҚТ ТП-да алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өтінішті қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны не жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру келесі жұмыс күні Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде – ішкі істер органдарының кенттік басқармасы (бөлім), қалалық, аудандық, (қаладағы) аудандық көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі – КҚҚб) қызметкері:
деректер базасы бойынша тексеруді (жеке басын сәйкестендіру, тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы), "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 492-бабы бірінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығаруды, Кодекстің 492-бабы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері бойынша әкімшілік хаттама жасауды;
Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегi № 730 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелді) Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте көрсетілетін қызметті алушы келісімімен дактилоскопиялық тіркеуді (дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқан жағдайда қызметкер ХҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеуге көшеді).
ХҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеуді, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпаратты (фотосуреттер мен қолдар) жинау кезеңіне жіберуді;
электрондық формулярды толтыруды және ЭЦҚ-ны куәландыруды;
дербес кодты, күнін және формулярды толтырған кезде қол қоюды (тергеу қамауындағылардың және бас бостандығынан айыру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдардың болатын орны бойынша шығумен, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын ауыстыруына байланысты өтініш білдірген ҚР азаматтарына, сондай-ақ туу туралы куәліктің негізінде 18 жастан асқан адамдарға, ХҚТ ТП болмаған кезде, ХҚТ ТП-мен байланыс арналары істен шыққан немесе олардың құрал-жабдықтары істен шыққан жағдайда ресімделеді) жүзеге асырады.
Электрондық формулярды тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті және әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұлды төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы қалауы бойынша қызметті жеделдетіп дайындауға төлем төлеуі мүмкін.
Екінші деңгейдегі банктерден нақты уақыт ("онлайн") режимінде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындау үшін қабылданған төлемдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – "АӨО" РМК) келіп түседі.
Мемлекеттік қызметті формулярмен алған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жеделдетіп бергені үшін төлем туралы құжатты формулярға қоса ұсынады;
аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелту үшін 3 данада тізілімді қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екінші және үшінші формулярмен бірге облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚҚБ) жолданады. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚҚБ-ға ХҚТ ТП арқылы тізілім жасалмай беріледі.
КҚҚБ қызметкерлері ХҚТ ТП арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ қағаз тасымалдағышта формулярларды "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес дұрыстығы және толтырудың негізділігіне тексерісті жүзеге асырады.
Деректер базасында бар электрондық формулярларда қамтылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған, ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, ХҚТ ТП-ға қайта ресімдеу үшін оны орындаусыз қайтарады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағында көзделген негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін жеделдіктің 1-санаты бойынша ресімдеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын тыңдау туралы хабардар етіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға пысықталғаннан кейін электрондық формулярды жолдау не егер көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Толтыру дұрыс және негізді болған жағдайда электрондық формулярлар ХҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3 данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екінші және үшінші аудандық тізіліммен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі - КҚҚК) жолданады.
КҚҚК қызметкерлері КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді формулярлардың кіріс жиынтық тізілімдерін есепке алу кітабына тіркейді, формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеруді, деректер базасы бойынша іздестіруде болу мәніне тексеруді жүзеге асырады.
Толтыру дұрыс және негізді болған жағдайда, сондай-ақ іздестіру есебі бойынша болмаған кезде электрондық формулярлар "АӨО" РМК-ға жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне жолданады.
Жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдермен бірге номенклатуралық іске тігіледі, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы КҚҚК қолтаңбасымен расталады және 1 жұмыс күні ішінде "АӨО" РМК-ға формулялардың аудандық тізілімімен бірге жолданады.
"АӨО" РМК келіп түскен электрондық формуляларға тексерісті жүзеге асырады және электрондық формулярға енгізілген, оның ішінде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындауға ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен сәйкес келмеуі, графикалық ақпарат (фотосурет және қолтаңба) сапасыз жасалғаны анықталған кезде қателерді түзету үшін ТП кезеңіне қайтарылады.
Бұзушылық болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы жолданады:
1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлекеттік корпорацияға;
2) жалпы тәртіпте дайындалғандар – КҚҚБ-ға.
Жалпы тәртіпте дайындалған құжаттарды облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция бөлімдерінің көші-қон қызметі бөліністеріне дейін жеткізуді курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырады.
КҚҚБ қызметкері жолдауға тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске тігеді және дайындалған құжаттар тізілімін дайын құжаттармен және формулярмен бірге КҚҚб-ға жолдайды.
КҚҚ бөлімі қызметкері дайындалған құжаттар тізілімін дайын құжаттармен бірге тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талапта белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:
1) Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді тіркеу талоны негізінде;
2) Мемлекеттік корпорациядағы көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
формулярдан бөлінетін жеке басын куәландыратын құжатты алуға түбіртек негізінде (қағаз тасымалдағышта ресімдеу кезінде).
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 27.11.2024 № 930 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.7. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және (немесе) паспортын дайындауға тексеру уақыты, оның ішінде электрондық формулярларды пысықтаудан кейін:
КҚҚ бөлімі және КҚҚБ деңгейінде тексерген кезде, алдыңғы деңгейден келіп түскен күннен бастап жеделдетіп дайындау бойынша 1 жұмыс күнін, жалпы тәртіпте – 2 жұмыс күнін;
жеделдетіп дайындау кезінде 1 жұмыс күнін, жалпы тәртіпте дайындау 2 жұмыс күнін құрайды;
электрондық формулярды пысықтағаннан кейін "АӨО" РМК-да құжат өндіріске түскен күннен бастап 1 жұмыс күн ішінде дайындалуға жатады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
8-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
10. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.".
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 30.06.2023 № 529 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау: |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
Құжатты жалпы тәртіпте 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей (өтінімді ресімдеу және дайындалған құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемдің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі |
Көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетiледi. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары): |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайда. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға қажет болған жағдайда олардың келісімімен мемлекеттік қызмет көрсету және дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, болатын жеріне барып және 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы жүгіну жолымен қағаз тасымалдағышта толтырып жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілері
Жеке басты куәландыратын құжаттарды басып шығарудың тиісті сапасын және құжаттандырылатын адамның биометриялық деректері бойынша сәйкестендірілуін қамтамасыз ету үшін құжаттандыру үшін ұсынылатын фотосуреттер төменде сипатталған талаптарға сәйкес болуы қажет.
Құжатта келтірілген фотосуреттер үлгілері фотосуреттің талап етілетін сапа өлшемдерін көрсетеді және жеке басты куәландыратын электрондық құжаттарды басып шығару үшін ұсынылатын фотосуреттердің жарамдылығын анықтау үшін қажет. Фотосуретке түсу құжаттар тапсырылғанға дейін 6 айдан кешіктірілмей жасалынады.
Фотосурет бiр негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдiсiмен орындалады, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсiрiлген, бейтарап бет көрінісімен және аузы жабық түскен болып жасалады. Компьютерлiк сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшiрме әдiсiмен дайындалған суреттердi пайдалануға жол берiлмейдi. Сонымен қатар, құжатталатын адамның бірегей нысанды киімде түскен суретіне жол берілмейді.
Діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты басты жабуды қоспағанда, фотосуретке бас киіммен түсуге жол берілмейді, бұл жағдайда бет иектің төменгі жағынан бастап маңдайға дейін ашық болады, бас киімнің көлеңкесі бетке түсуіне жол берілмейді.
Фотосуреттің көлемі: биіктігі 45 мм, ені 35 мм. Суретте иектің төменгі нүктесінен бастың төбесіне дейін, сондай-ақ беттің шеткі сол сызығынан бастап оңғы шетіне дейін бет-бейнесінің белгілері фотода анық бейнеленеді. Бет-бейне фотосуреттің 70-80% орналасады, бұл иектің төменгі нүктесінен төбеге дейін 32-36 мм құрайды.
Егер суретке түсірілетін адамның шашы қалың болса, иектің төменгі нүктесінен бастың ең жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктігі жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес болады. Бастың жоғарғы нүктесін анықтау қиындық тудырған жағдайда 27 мм кем және 40 мм артық емес биіктікке жол беріледі. Шаш жеткілікті көлемде болғанда, бас (шашты қоса алғанда) фотосуретте толық көрсетілінеді.
СУРЕТКЕ ТҮСІРУ КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕЛЕР
1. АНЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ТҮСТІҢ АЙҚЫНДЫҒЫ
● Фотосурет айқын және анық.
● Бет-бейнесінің барлық белгілері анық көрінеді.
2. ЖАРЫҚТАНДЫРУ
● Суретке түсіру кезінде бет-бейнесін жарықтандыру біркелкі.
● Бет-бейнесінің қандай да бір бөліктерін ағартудан немесе қараңғылаудан, сондай-ақ "қызыл көз" әсерін болдырмау.
● Жарықтандырудың табиғи түсі қолданылады, көк немесе қызыл реңкті түстерге жол берілмейді.
3. ФОН
● Бір түсті және ашық фон қолданылады, сұр түсті фонды пайдалану ұсынылады, көк түсті фон болмауы керек.
● Бет-бейнесі мен шаш фонның түсімен қарама-қарсы және одан айқын көрінеді. Егер суретке түсірілетін адамның шашы ақшыл болса, онда фон сұр түстің орташа өңді, ал егер қара болса, ашық сұр түстер таңдалады. Фонда қандай да бір суреттер мен өрнектерге жол берілмейді.
● Суретте суретке түсірілетін адамның бейнесі ғана болады (бөгде адамдар немесе заттар болуына жол берілмейді). Суретте көлеңкенің болуына жол берілмейді.
4. ФОТОСУРЕТТІҢ САПАСЫ
● Фотосуреттің өлшемдері: 3,5*4,5 см., 413*531 (пиксель); мөлшері: 30 кб-қа дейін; тереңдегі: 24 бита;
● Фотосурет (әсіресе цифрлық фотоаппаратпен түсіргенде) 300 dpi ең аз рұқсат етілген жоғары сапалы күңгірт қағазға басып шығарылады (қағаз формулярда ресімдеу кезінде);
● Фотосурет бейтарап түсте болады және терінің табиғи реңін береді;
● Суретте сынықтар, ластанулар немесе сызаттар болуға жол берілмейді. Көркем ретушь және өзге де айла-шарғыларға жол берілмейді;
● Объектив телекамераға қатысты 90-130 мм қысқа телеобъективке сәйкес.
5. БЕТ-БЕЙНЕ КЕЙПІ және ҚАЛПЫ
● Басты қисайтуға немесе бұрылуына жол берілмейді (мысалы, жартылай профильдік фото)
● Фотосуретке түсуші камераға тік қарауы және оның беті бейне кейпі бейтарап және аузын жауып камераға тура қарайды. Көзді сығырайтпау немесе адырайтпау керек.
● Түсірілім жоғарыдан, төменнен немесе жанынан емес алдыңғы жақтан анық түсіріледі.
6. КӨЗҚАРАС БАҒЫТЫ• Фотосуретке түсуші камераға тік қарайды. Көзі ашық, анық көрінеді, шашпен көздердің жабылуына жол берілмейді.
7. КӨЗІЛДІРІК
● Көздер анық көрінеді, шағылыстырғыш және күннен қорғайтын көзілдіріктерге жол берілмейді.
● Денсаулық тұрғысынан өң берілген көзілдірік рұқсат беріледі. Көзілдіріктің құрсауы көзді жаппайды.
8. БАСТЫ ЖАБУ
● Суретке бас киіммен түсуге рұқсат етілмейді.
● Діни не медициналық себептер бойынша басты жабуға жол беріледі. Бұл жағдайда беті иектің төменгі жағынан маңдайына дейін ашық күйде қалады.
● Бас киім көлеңкесінің бетке түсуіне жол берілмейді.
9. БАЛАЛАР
● Балаларға қатысты мынадай нормалар қолданылады:
- бет-бейнесінің биіктігі фотосуреттің 50-80% алынады, яғни иектің төменгі нүктесінен бастың төбесіне дейін 22-36 мм;
- егер суреттегі баланың шашы тым қалың болса, иектің төменгі нүктесінен төбесіне дейінгі ара қашықтықтың талаптарға сәйкес болуына назар аудару қажет;
- егер бастың жоғарғы нүктесін анықтау қиын болса, биіктігі кемінде 17 мм. және 40 мм артық болмауы тиіс;
10. 6 ЖАСҚА дейінгі БАЛАЛАР
● Осы бөлім 6 жасқа дейінгі балалар үшін "Балалар" бөлімінде келтірілген балаларды суретке түсіру қағидаларынан бастың қалпына (бұл ретте бастың және иықтың алдыңғы жағдайы бойынша осындай талаптар болады) бет-бейнесі-бейнесі, көз әлпеттеріне, көзқарас бағытына, сондай-ақ бет-бейнесінің суреттің ортасына орналасуына қатысты ауытқуларды реттейді.
Суреттерге қойылған барлық талаптар халықаралық ICAO стандарттарына сәйкес әзірленген
https://www.kdmid.ru/content/cnslfunk_doc/Требования%20к%20фотографии%20по%20стандарту%20ICAO.pdf
1. Қолтаңба үлгілерін сканерлеуге қойылатын талаптар.
Қолтаңба үлгілерін сканерлеу үшін:
1. Осы құжаттың соңғы бетін басып шығарыңыз;
2. Жиектеменің ортасына (қолтаңба сызығы жиектеменің шетінен шығып кетпеуі тиіс) қолтаңба қойыңыз (жіңішке жазатын қара маркер/фломастерді пайдалана отырып);
2.1. Қолтаңба бойынша ұсынымдар:
Сызықтың қалыңдығы 1мм кем | Айқын емес қолтаңбаны сканерлеуге жол берілмейді. Сызықтың қалыңдығы 1 мм тең болуы тиіс. |
Сызықтың қалыңдығы 2 мм тең | |
Жоғарғы шекараға өте жақын | Қолтаңбаның жиектеменің жоғары шетіне жақын орналасуына жол берілмейді |
Төменгі шекараға өте жақын | Қолтаңбаның жиектеменің төменгі шетіне жақын орналасуына жол берілмейді. |
Қолтаңба жиектеменің ортасында орналастырылады, бұл ретте жиектеменің шетіне дейін кемінде 0,5 см қалады. |
3. Алынған қолтаңбаның үлгілерін сканерлеңіз (А4 форматындағы парақтың өзін сканерлеңіз);
4. Сканерленген файлды JPEG форматында сақтаңыз;
5. Осы файлды графикалық ақпаратты редакциялау үшін пайдаланылатын бағдарламалар көмегімен ашыңыз;
6. Бірінші кемінде 550 нүктені алу үшін енін орнату қажет, содан кейін жиектеменің үстіңгі және төменгі шет жақтарын қиып алу қажет. Нәтижесінде Сізде кемінде 550 х 124 нүкте мөлшерімен қолтаңба үлгісі болады.
6.1. Дайындау бойынша ұсынымдар
"Суреттерді өзгертуді" таңдаңыз | |
Одан әрі оң жағында пайда болған мәзірде "Суреттерді өзгертуді" таңдаңыз | |
| |
Қорытындысында "Жаңа мөлшер" бірінші ұяшығында ең кемінде 550 тең болуы тиіс | |
Одан әрі "ОК" басыңыз және "Суретті өзгертуді" басыңыз (6.1-тармаққа суретті қараңыз). Содан кейін "Қиындыны" таңдаңыз | |
| |
Қорытындысында Сізде мөлшері кемінде 550 х 124 нүктелі қолтаңбаның электрондық данасы болады. Бұл ретте бастапқы жиектеменің шеті болмайды. | |
___________________________________________________ |
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Кімге: _____________________________
(уәкілетті органның атауы)
Мекенжай бойынша тұрақты тіркелген
____________________________________
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
____________________________________
Өтініш
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20 ___ ж. "______" ___________
__________________________қолы
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Тіркеу пунктінің коды |
Тіркеу талоны | Талонның штрих-коды мен нөмірі Штрих-код и номер талона |
ИИН / ЖСН: |
Негіздеме-құжат / Основание: | |
Тапсыруға жататын құжаттар / |
_________________________________________
Өтінім туралы мәлімет / Сведения о заявке
Өтінім түрі / Вид Заявки Тапсырыс/Заказ
_________________________________________
Тіркелген күні / Дата регистрации |
Тіркеу қызметкері/Сотрудник регистрации | |
Тіркеу пунктінің мекенжайы |
Анықтама телефоны |
1414 |
Жеке басты куәландыратын құжаттар өтінім бергеннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қалаған кезде қосымша төлемге құжаттарды жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі бар:
Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін: 1-санаттағы жеделдік – 1 жұмыс күні (қызмет құны – 3 372 теңге), 2-санаттағы жеделдік – 2 жұмыс күні (қызмет құны – 1 771 теңге), облыс орталықтары үшін: 1-санаттағы жеделдік – 3 жұмыс күні (қызмет құны – 3 372 теңге), 2-санаттағы жеделдік – 5 жұмыс күні (қызмет құны – 1 771 теңге), облыстардың аудандары мен қалалары үшін: 3-санаттағы жеделдік – 7 жұмыс күні (қызмет құны – 678 теңге). Өтінімді ресімдеу күні және жеделдік санатына төлем жасаған күн құжаттарды беру мерзіміне кірмейді.
Ескерту: Жеке басты куәландыратын құжаттарды жедел түрде дайындау мерзімі талонда өңірге байланысты көрсетіледі.
Документы, удостоверяющие личность, выдаются в срок не позднее 15 рабочих дней со дня подачи заявки. При желании услугополучателя, за дополнительную оплату возможно ускоренное изготовление документов:
Для городов Астана, Алматы, Актобе, Шымкент: 1 категория срочности – 1 рабочий день (стоимость услуги - 3 372 тенге) 2 категория срочности – 2 рабочих дня (стоимость услуги – 1 771 тенге) для областных центров: 1 категория срочности – 3 рабочий день (стоимость услуги – 3 372 тенге) 2 категория срочности – 5 рабочих дня (стоимость услуги – 1 771 тенге) для районов и городов областей: 3 категория срочности – 7 рабочих дней (стоимость услуги – 678 тенге) День оформления заявки и день оплаты за категория срочности не входят в срок выдачи документов.
Примечание: Сроки изготовления документов, удостоверяющих личность в ускоренном порядке отображаются в талоне в зависимости от региона.
"Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) | |
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) | |
_________________________ | |
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып, сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарына – "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), портал, ақпараттандыру объектілері (екінші денгейдегі банктердің ақпараттандыру жүйелері) (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы көрсетеді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілген тұрақты тіркеуге келісімді ресімдеумен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтарына Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) арқылы жүргізеді.
4. Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтерді түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының азаматтары Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жеріне тіркелу мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе ақпараттандыру объектілеріне жүгінген кезде ЖСН және пароль бойынша авторизацияланады, қызметті таңдайды, осы сұрау салудың деректерін қалыптастырады және сұрау салуды өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады (қол қояды).
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы меншік иесінің "жеке кабинетіне" түседі, ол ЭЦҚ қол қою арқылы оның жылжымайтын мүлік объектісіне көрсетілетін қызметті алушының тіркелуін растау/бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде сәйкессіздік болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту және Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде жолданады.
Жаңа тұрғылықты жеріне тіркелген кезде Қазақстан Республикасының халқын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасында мәртебе беріледі.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 493-бабының негізінде азаматтарды бір мекенжай бойынша, онда іс жүзінде тұрмайтын көптеген тіркеу фактілері анықталған жағдайда, осы мекенжай бойынша адамдарды тіркеу адамдардың тұруы (болуы) үшін пайдаланылатын тұрғын үйдің, саяжай құрылысының, ғимараттың немесе үй-жайдың меншік иесі (жалдаушысы) оларды тіркеуден шығару шаралар қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпаратты ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
6-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция органдарына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау: |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған, көрсетілетін қызметті беруші (босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) арқылы - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | Электронды, қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде– сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ пайдалануы портал, ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық сұрау салуды беру жолымен мемлекеттік қызметті алу кезінде көзделеді. |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кімге /Кому: ______________________ ____________________________ ____________________________ (ішкі істер органның атауы/ наименование органа внутренних дел) |
Тіркеуге келісім
Мен/біз үй иесі/-лері (жалға беруші) /Я/мы собственник/-и (наниматель)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және ЖСН /Ф.И.О.(при его наличии) и ИИН)
тіркеуге қоюға қарсы емеспін /не возражаю против регистрации:
ИИН/ЖСН ________________ Негіздеме-құжат / Основание ______
Тегі/Фамилия ________________ Құжаттық № / № документа ____
Аты/Имя _________________ Берілген күні / Дата выдачи _______
Әкесінің аты(ол болған жағдайда)
/Отчество(при его наличии) ________ Берген орган / Орган выдачи ___
Туған кезі/ Дата рождения_____________ Туған жері/ Место рождения ____
Тіркеу әрекеті / Регистрационное действие
____________________________________________________
(заңды мекенжайды ауыстыруды тіркеу / тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу)
Себебі / причина ____________________________________________
Тіркеу мекенжайы/ Адрес регистрации Бұрынғы тіркеу
мекенжайы/Прежний адрес регистрации
Ел/Страна ____________ Ел / Страна ____________
Облыс / Область ____________ Облыс / Область ____________
Аудан / Район ____________ Аудан / Район ____________
Елді мекен / Нас. Пункт Елді мекен / Нас. Пункт
Елді мекеннің орналасқан жері / Елді мекеннің орналасқан жері /
Р-н нас. пункта Р-н нас. пункта
Көше / Улица _______________ Көше / Улица ____________
Үй / дом корпус пәтер/кв Үй / дом корпус пәтер/кв
____ ____ ____ ____
Келу күні / Дата прибытия _______ Кету күні / Дата убытия __________
Тіркелетін адамның қолы /Подпись регистрируемого лица _______________
Байланыс телефоны/Контактный телефон ____________________________
Тұрғын үй иесі/-лерінің қолы/-дары/Подпись/-и собственника/-ков: ________, _______________.
Байланыс телефондар/Контактные телефоны: _____________________
"Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _______________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)_____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару мемлекеттік қызметі көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
3) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
5) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, портал және ақпараттандыру объектілері (екінші денгейдегі банктердің ақпараттандыру жүйелері) (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) арқылы;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін – Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушімен "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП) арқылы;
босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін - көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасы азаматтары жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді;
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді;
босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттар осы қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару ресімделеді. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған жағдайда, Байқоңыр қаласына тұрақты тұруға көшуіне байланысты тіркеуден шығарылған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағы беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгіну кезінде ЖСН және пароль бойынша порталда авторизацияланады, қызметті таңдайды, сұрау салудың деректерін құрастырады және өзінің ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландырады (қол қояды).
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" оның мекенжайы бойынша тұрмаған адамдарды тіркеуден шығару туралы хабарлама түрінде жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде сәйкессіздіктер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетудің мүмкін еместігі туралы және Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, сот тұрғын үй-жайды пайдалану құқығынан айырылған деп танылғандар, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 9-тармағымен көзделген.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.06.2023 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.6. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
6-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.06.2023 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау: |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші арқылы (босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны |
қағаз түрінде: |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) мәліметтерді енгізу жолымен тіркеуден шығару. Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі оның мекенжайында тұрмаған адамдар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушынының "жеке кабинетіне" жолданады. Байқоңыр қаласына тіркеуден шығару кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағы беріледі. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілдіктері көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адамы жүгінгенде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды олардың заңды өкілдері жүргізеді. |
"Қазақстан Республикасының | |
халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен |
|
шығару" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) |
|
________________________ | |
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалған.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 4-қосымша |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
3) Бірыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету мәселелері бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөніндегі ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
5) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабы) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.4. Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар ұсыну кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушыға ұсынған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығы және дұрыс ұсынған жағдайда "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасына (бұдан әрі– ЖТ МДБ) сұрау салуды "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО ЫАЖ) арқылы жолдайды.
ЖТ МДБ-дан шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді сұрау салуды өңдеу 15 минут ішінде жүзеге асырылады, мәліметтер бар болған жағдайда шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес электрондық түрінде береді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгіну кезінде ЖСН және пароль бойынша порталда авторизацияланады және сұрау салудың деректерін құрастырады, ЭЦҚ таңдайды, ЭЦҚ арқылы сұрау салуды куәландырады (қол қояды).
Сұрау салу қабылдау туралы хабарлама-есеп және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Дұрыс емес мәліметтер анықталған жағдайда КҚҚб-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының мекенжай мәліметтерін түзетуді жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабының 9-тармағымен көзделген.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.6-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын аумақтық полиция органдарына және Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2021 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.06.2023 № 529 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде – 15 (он бес) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) түрде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді электрондық түрде беру |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу жолдары | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшісі түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушылардың: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелер |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қағаз тасымалдағышта толтыра отырып жүргізеді. |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) |
|
________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 781 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1. ________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Құжатты электрондық үкімет порталы қалыптастырған | Бірегей нөмір |
Документ сформирован порталом электронного правительства | Уникальный номер |
Алу күні | |
Дата получения |
"Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтер" |
Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының № 370 Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз тасымалдағыштағы құжатпен бірдей.
Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 № 370 ЗРК от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
Штрих-кодта "ЖТ" МДБ алынған және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған деректер жазылады.
*штрих-код содержит данные, полученные из ГБД ФЛ и подписанные электронно-цифровыми подписями: Министерства юстиции Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 5-қосымша |
"Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халқын уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
6) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), портал және ақпараттандыру объектілері (екінші денгейдегі банктердің ақпараттандыру жүйелері) (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы көрсетеді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда берілген уақытша тіркеуге келісімді ресімдеумен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері "Халыққа қызмет көрсету орталығы" біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) арқылы жүзеге асырады.
4. Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтерді түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының азаматтары Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы порталға немесе ақпараттандыру объектілеріне жүгінген кезде ЖСН және пароль бойынша авторизацияланады, қызметті таңдайды, осы сұрау салудың деректерін қалыптастырады және сұрау салуды өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады (қол қояды).
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы тұрғын үй иесінің "жеке кабинетіне" түседі, ол ЭЦҚ қол қою арқылы оның жылжымайтын мүлік объектісіне көрсетілетін қызметті алушынының тіркелуін растау/бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде сәйкессіздік болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту және Мемлекеттік корпорацияға жүгіну қажеттігі туралы хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу туралы хабарлама түрінде жолданады.
Уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу, бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығарылмай жүзеге асырылады.
Тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйелерінде мәртебе беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
6-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау: |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | Электронды, қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде– сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануы портал, ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық сұрау салуды беру жолымен мемлекеттік қызметті алу кезінде көзделеді. |
"Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кімге /Кому: ______________________ ____________________________ ____________________________ (ішкі істер органның атауы/ наименование органа внутренних дел) |
Тіркеуге келісім
Мен/біз үй иесі/-лері (жалға беруші) /Я/мы собственник/-и (наниматель)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және ЖСН /Ф.И.О.(при его наличии) и ИИН)
тіркеуге қоюға қарсы емеспін /не возражаю против регистрации:
ИИН/ЖСН ________________ Негіздеме-құжат / Основание _______
Тегі/Фамилия ________________ Құжаттық № / № документа _____
Аты/Имя _________________ Берілген күні / Дата выдачи _________
Әкесінің аты(ол болған жағдайда)
/Отчество(при его наличии) ___________ Берген орган / Орган выдачи ___
Туған кезі/ Дата рождения_____________ Туған жері/ Место рождения ____
Тіркеу әрекеті / Регистрационное действие
____________________________________________________
(заңды мекенжайды ауыстыруды тіркеу/ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу)
Себебі / причина ________________________________________
Тіркеу мекенжайы/ Адрес регистрации Бұрынғы тіркеу
мекенжайы/Прежний адрес регистрации
Ел/Страна ____________ Ел / Страна ____________
Облыс / Область ____________ Облыс / Область ____________
Аудан / Район ____________ Аудан / Район ____________
Елді мекен / Нас. Пункт Елді мекен / Нас. Пункт
Елді мекеннің орналасқан жері / Елді мекеннің орналасқан жері /
Р-н нас. пункта Р-н нас. пункта
Көше / Улица _______________ Көше / Улица ____________
Үй / дом корпус пәтер/кв Үй / дом корпус пәтер/кв
____ ____ ____ ____
Келу күні / Дата прибытия _______ Кету күні / Дата убытия __________
Тіркелетін адамның қолы /Подпись регистрируемого лица ___________________ ____________
Байланыс телефоны/Контактный телефон ____________________________
Тұрғын үй иесі/-лерінің қолы/-дары/Подпись/-и собственника/-ков: ______,
___.
Байланыс телефондар/Контактные телефоны: _____________________
"Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _______________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 6-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) –жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда берілген тұрақты тіркеуге келісімін ресімдеумен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП) арқылы жүзеге асырады.
4. Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтерді түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсынады.
5. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жеріне тіркелу мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Жаңа тұрғылықты жеріне тіркелген кезде бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
6-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі -шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған
көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс
күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім
не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым
жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік
корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік
корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде– сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www. mvd. gov. kz сайтында орналастырылған. |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кімге /Кому: ______________________ ____________________________ ____________________________ (ішкі істер органның атауы/ наименование органа внутренних дел) |
Тіркеуге келісім
Мен/біз үй иесі/-лері (жалға беруші) /Я/мы собственник/-и (наниматель)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезінде) және ЖСН /Ф.И.О.(при его наличии) и ИИН)
тіркеуге қоюға қарсы емеспін /не возражаю против регистрации:
ИИН/ЖСН ________________ Негіздеме-құжат / Основание ______
Тегі/Фамилия ________________ Құжаттық № / № документа _____
Аты/Имя _________________ Берілген күні / Дата выдачи ________
Әкесінің аты(ол болған жағдайда)
/Отчество(при его наличии) ___________ Берген орган / Орган выдачи __
Туған жылы/ Дата рождения___________Туған жері/ Место рождения ____
Тіркеу әрекеті / Регистрационное действие
_____________________________________________________
(заңды мекенжайды ауыстыруды тіркеу/тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу)
Себебі / причина _________________________________________
Тіркеу мекенжайы/ Адрес регистрации Бұрынғы тіркеу
мекенжайы/Прежний адрес регистрации
Ел/Страна ____________ Ел / Страна ____________
Облыс / Область ____________ Облыс / Область ____________
Аудан / Район ____________ Аудан / Район ____________
Елді мекен / Нас. Пункт Елді мекен / Нас. Пункт
Елді мекеннің орналасқан жері / Елді мекеннің орналасқан жері /
Р-н нас. пункта Р-н нас. пункта
Көше / Улица _______________ Көше / Улица ____________
Үй / дом корпус пәтер/кв Үй / дом корпус пәтер/кв
____ ____ ____ ____
Келу күні / Дата прибытия _______ Кету күні / Дата убытия __________
Тіркелетін адамның қолы /Подпись регистрируемого лица ______________
Байланыс телефоны/Контактный телефон _____________________________
Тұрғын үй иесі/-лерінің қолы/-дары/Подпись/-и собственника/-ков: ______,
_______________.
Байланыс телефондар/Контактные телефоны: _____________________
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _______________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 7-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Бұйрық 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша болатын (тұратын) жері бойынша уақытша тіркеу мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетіледі.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда берілген уақытша тіркеуге келісімді ресімдеумен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП) арқылы жүзеге асырады.
4. Жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсынады.
5. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне уақытша тұратын жеріне тіркелу мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығарылмай жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағымен көзделген.
6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
6-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады. |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Уақытша тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің –дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде– сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорация филиалдарының кезекші бөлімдерінде, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www. mvd. gov. kz сайтында орналастырылған. |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кімге /Кому: ______________________ ____________________________ ____________________________ (ішкі істер органның атауы/ наименование органа внутренних дел) |
Тіркеуге келісім
Мен/біз үй иесі/-лері (жалға беруші) /Я/мы собственник/-и (наниматель)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және ЖСН /Ф.И.О.(при его наличии) и ИИН)
тіркеуге қоюға қарсы емеспін /не возражаю против регистрации:
ИИН/ЖСН ________________ Негіздеме-құжат / Основание ______
Тегі/Фамилия ________________ Құжаттық № / № документа _____
Аты/Имя _________________ Берілген күні / Дата выдачи ________
Әкесінің аты(ол болған жағдайда)
/Отчество(при его наличии) __________ Берген орган / Орган выдачи ___
Туған күні/ Дата рождения_____________ Туған жері/ Место рождения ____
Тіркеу әрекеті / Регистрационное действие
_____________________________________________________
(заңды мекенжайды ауыстыруды тіркеу / тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу)
Себебі / причина _________________________________________
Тіркеу мекенжайы/ Адрес регистрации Бұрынғы тіркеу
мекенжайы/Прежний адрес регистрации
Ел/Страна ____________ Ел / Страна ____________
Облыс / Область ____________ Облыс / Область ____________
Аудан / Район ____________ Аудан / Район ____________
Елді мекен / Нас. Пункт Елді мекен / Нас. Пункт
Елді мекеннің орналасқан жері / Елді мекеннің орналасқан жері /
Р-н нас. пункта Р-н нас. пункта
Көше / Улица _______________ Көше / Улица ____________
Үй / дом корпус пәтер/кв Үй / дом корпус пәтер/кв
____ ____ ____ ____
Келу күні / Дата прибытия _______ Кету күні / Дата убытия __________
Тіркелетін адамның қолы /Подпись регистрируемого лица ______________
Байланыс телефоны/Контактный телефон _____________________________
Тұрғын үй иесі/-лерінің қолы/-дары/Подпись/-и собственника/-ков: _______,
_______________.
Байланыс телефондар /Контактные телефоны: __________________________
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _______________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2. ________________________________________;
3. ________________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. . (ол болған жағдайда) _____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә. . (ол болған жағдайда) /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 8-қосымша |
"Босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Бұйрық 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.02.2024 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
3) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсыну кезінде көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетеді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда берілген уақытша есепке келісімді ресімдеумен мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын тексереді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есеп "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметі көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағымен көзделген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
"Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі |
1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут ішінде; |
4 | Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Уақытша тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне (ХҚТ ТП АЖ) енгізуі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуы туралы жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда алу тәсілі | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін). |
| Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі. |
Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінгенде (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге өкілеттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде: |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бас тарту негіздемелері | Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жағдайында. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауына байланысты. |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www. mvd. gov. kz сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Қызметті алу кезінде жеке тұлғаларда цифрлық құжаттар сервисі арқылы жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсыну мүмкіндігі бар. |
"Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан | |
Кімге /Кому: ______________________ ___________________________ ___________________________ (ішкі істер органның атауы/ наименование органа внутренних дел) |
Уақытша есепке алуға келісім
Мен/біз үй иесі/-лері /Я/мы собственник
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезінде) және ЖСН /Ф.И.О.(при его наличии) и ИИН)
есепке қоюға қарсы емеспін /не возражаю против постановки на временный учет:
ИИН/ЖСН ________________ Негіздеме-құжат / Основание _______
Тегі/Фамилия ________________ Құжаттың № / № документа _____
Аты/Имя _________________ Берілген күні / Дата выдачи _________
Әкесінің аты(ол болған жағдайда)
/Отчество (при его наличии)_____________ Берген орган / Орган выдачи ___
Туған күні/ Дата рождения_____________ Туған жері/ Место рождения ____
Есепке қою әрекеті / Действие постановки на учет
____________________________________________________
(заңды мекенжайды ауыстыруды есепке қою / тұрғылықты жері бойынша
уақытша есепке қою)
Себебі / причина ____________________________________________
Есепке қою мекенжайы/ Адрес постановки на учет
Бұрынғы есепке қою мекенжайы/Прежний адрес постановки на учет
Ел/Страна ____________ Ел / Страна ____________
Облыс / Область ____________ Облыс / Область ____________
Аудан / Район ____________ Аудан / Район ____________
Елді мекен / Нас. Пункт Елді мекен / Нас. Пункт
Елді мекеннің орналасқан жері / Елді мекеннің орналасқан жері /
Р-н нас. пункта Р-н нас. пункта
Көше / Улица _______________ Көше / Улица ____________
Үй / дом корпус пәтер/кв Үй / дом корпус пәтер/кв
____ ____ ____ ____
Келу күні / Дата прибытия _______ Кету күні / Дата убытия __________
Есепке қойылатын адамның қолы/Подпись лица, поставленного на учет
Байланыс телефоны/Контактный телефон _____________________________
Тұрғын үй иесі/-лерінің қолы/-дары/Подпись/-и собственника/-ков: ______,
_______________.
Байланыс телефондар /Контактные телефоны:_________________________.
Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 06.08.2024 № 611 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан | |
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _______________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талабында көзделген тізбеге сәйкес мерзімі өткен құжаттарды, құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2. _____________________________;
3. _____________________________________.
Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (Мемлекеттік корпорацияың қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________
Телефоны______________________
Алдым: Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" _________.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11624 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 945 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12607 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 13 қаңтарда жарияланған).
4. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13145 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 29 ақпанда жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13489 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 13 сәуірде жарияланған).
6. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 ақпандағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13572 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 11 сәуірде жарияланған).
7. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 292 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13726 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 15 шілдеде жарияланған).
8."Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 945 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 111 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14965 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылы 11 сәуірде жарияланған).
9. "Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда он алты жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 сәуірде № 300 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15192 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылы 13 маусымда жарияланған).
10. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 879 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16172 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 8 қаңтарда жарияланған).
11."Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16343 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 20 ақпанда жарияланған).
12. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 524 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17537 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылы 16 қазанда жарияланған).
13. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18127 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 11 қаңтарда жарияланған).
14. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18253 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 8 ақпанда жарияланған).
15. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 208 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18417 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 14 сәуірде жарияланған).
16. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 620 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19035 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 23 шілдеде жарияланған).
17. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 740 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19337 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 5 қыркүйекте жарияланған).
18. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 1038 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылы 6 желтоқсанда жарияланған).