Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32978 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 186 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-тармағына және 5-бабының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:

      2 – тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) интернаттық ұйымдар:

      мектеп-интернат;

      әскери мектеп-интернат;

      жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

      тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;

      санаториялық мектеп-интернат;";

      9-тармақтың 1) тармақшасында орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      9-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы;".

      2. "Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14223 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларында:

      3-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) – балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйым;".

      3. "Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15514 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 104) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1.Осы Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 104) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.";

      14-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, сондай-ақ, оқытылмайтын, жалпы білім беретін ұйымдарда жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы балалар анықталған жағдайда оларды тәрбиелеу және білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың орта білім алуы бойынша шараларды қабылдайды;".

      4. "Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 382 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21172 болып тіркелді):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидаларында:

      17-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "баспаналарға, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына орналастыру.".

      5. "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығында (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22857 болып тіркелген):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      6. "Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29288 болып тіркелді):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 112) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 112) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі - психологиялық қызмет) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.".

      7. "Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31180 болып тіркелді):

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі қызметтің тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге асыратын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағанды құқықтық, әлеуметтік, дене бітімі, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық жағынан қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

      3) әлеуметтік бейімделу – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады