"Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 27-4/136-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 11 шiлдеде № 33053 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 287 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14690 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығының 15-тармағының 27)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:".

      осы бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өрттерді тазарту жөніндегі кесілерді қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салынсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің төрағасы
Н. Кылышбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады