Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14690 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 28.04.2018 № 17-5-6/119 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығының 15-тармағының 27)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 05.07.2023 № 27-4/136-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өрттерді тазарту жөніндегі кесілерді қоспағанда, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі майқарағай екпелерінде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салынсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 05.07.2023 № 27-4/136-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағыныстағы мекемелері:

      1) сүректі түбірімен босатудың жыл сайынғы мөлшеріне өтінімдер қалыптастыру кезінде қылқан жапырақты екпелерде санитариялық мақсатта ағаш кесуді жүргізуге тыйым салынғанын ескерсін;

      2) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қолдансын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 28.04.2018 № 17-5-6/119 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары осы бұйрықтың іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) майқарағай екпелерінің түбірлі тамырқұлақты жұқтыру дәрежесін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының міндетін атқарушы
М. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады