Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. "Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 90-6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды."
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар Кодекстің 163-1-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылатын және Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесінде көзделген көрсетілетін қызметтерді алу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері ақпараттандыру объектілерін пайдаланады, сондай-ақ деректерді машинада оқылатын түрде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне ұсынады.".
3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 9 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Тізбеге өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 27.09.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі
1. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері көрсететін міндетті қызметтердің тізбесі.
Р/с № | Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін міндетті қызметтер | Табиғи монополиялар субъектілері* |
1 | 2 | 3 |
1 | Магистральдық құбыржолдардың күзет аймағында жұмыстарды жүргізуге рұқсаттар беру |
Қызметін: |
2 | Магистральдық мұнай құбырының желілік құрылыстармен қиылысуын келісу |
Қызметін: |
3 | Құбыржолды қолданыстағы магистральдық құбыржолға қосуға арналған немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беру |
Қызметін: |
4 | Газбен жабдықтау үшін газ құбыры-бұру және газ тарату станциясын қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беру | Қызметін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар |
5 | Кен орнынан газ құбырын қосуға арналған техникалық шарттар беру | Қызметін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау аясында жүзеге асыратын заңды тұлғалар |
6 | Тұтынушылар объектілерін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның жылу желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беру | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
7 | Тараптардың теңгерімдік тиесілігінің және пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актісін беру | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
8 | Иесі өзгерген, меншік иесі ауысқан кезде бұрын берілген тараптардың теңгерімдік тиесілігінің және пайдалану жауапкершілігінің шекараларын бөлу актісін қайта ресімдеу | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
9 | Сәйкестік туралы декларацияға қол қою (сыртқы инженерлік коммуникациялардың сәйкестігі туралы декларацияға қол қою) | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
10 | Қайта жөнделген жабдықты жуу және тығыздау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қабылдау актісін беру, сондай-ақ дроссель құрылғыларын пломбалау | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
11 | Алдағы жылыту маусымына жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінің техникалық әзірлігі актісін беру | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
12 | Тұтынушының жазбаша өтініші бойынша жылу желісіне қосу/жылу желісінен ажырату | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
13 | Егер тұтынушы белгіленген тәртіппен пайдаланған жылу энергиясы үшін ақы төлемегені үшін ажыратылса, жылумен жабдықтау жүйесіне қосу | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
14 | Жылу тұтыну жүйесін жылумен сапасыз жабдықтау тұрғысынан қарап-тексеру (тұтынушының жазбаша өтініші немесе телефонограмма бойынша) | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
15 | Жылу жүйелерін гидравликалық сынау | Қызметін топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
16 | Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуына келісім беру |
Қызметін: |
17 | Уәкілетті органмен келісу бойынша жолаушылар тасымалын автоматтандырылған басқару жүйесіне қолжетімділікті ұсыну |
Қызметін: |
18 | Субъектінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесінің электр энергиясын коммерциялық есепке алудың интеграцияланған автоматты жүйесіне қосылуына арналған техникалық шарттар беру | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
19 | Сыртқы электрмен жабдықтау схемасын келісу | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
20 | Мамандандырылған автокөлік құралдарын және басқа да көлемді емес жүктерді 0,4-220 кВольт әуе желілерінің астынан өткізу | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
21 | Тұтынушылардың өтінімдері бойынша электр желілеріне қосу | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
22 | Электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
23 | Электр желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беру | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
24 | Қосымша қуаттылықты босатуды келісу | Қызметін электр энергиясын беру аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
25 | Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беру | Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
26 | Тұтыну объектілерін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беру | Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
27 | Су өлшеуіш торабының айналма сызығының тиекті арматурасында суды коммерциялық есепке алу аспаптарын пломбалау | Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
28 | Теңгерімдік тиесілігін бөлу шекарасының актісін беру (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің теңгерімдік тиесілгін және пайдалану жауапкершілігін бөлу шекаралары бойынша акт) | Қызметін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың аясында жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
29 | Реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға техникалық шарттар беру | Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар |
Ескертпе:
* міндетті қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне сәйкес айқындалады.
2. Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер тізбесі.
Р/с № | Квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер | Квазимемлекеттік сектор субъектілері |
1 | 2 | 3 |
1 | Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қызмет көрсету объектісі мен басқа да құрылыс түрлерін салуға жер учаскелерін таңдауды келісу | Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор |
2 | Телекоммуникация желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізуге техникалық шарттар беру | Телекоммуникация саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілері (байланыс желісін/құрылысын пайдаланатын ұйымдар) |
3 | Құрылыс жобаларын әзірлеу, сондай-ақ елді мекен аумағында инженерлік желілер мен телекоммуникация құрылыстарын жобалау бойынша техникалық шарттар беру | Телекоммуникация саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілері (инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер) |
4 | Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының бизнес-жоспарлары мен конкурстық құжаттамасының сараптамасы | Жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар |
5 | Концессиялық жобалардың, концессия шарттарының конкурстық құжаттамасының, концессиялық өтінімдердің сараптамасы | Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы, жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар |
6 | Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасы | Жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар |
7 | Нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен бөлінетін кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің экономикалық сараптамасы | Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы, жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар |
8 | Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы | Жергілікті атқарушы органдар сараптама жүргізуге уәкілеттік берген заңды тұлғалар |
9 | Ветеринариялық анықтама беру | Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар |