Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 284-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 шiлдеде № 33123 болып тіркелді.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2023 жылғы 17 шілдедег
№ 284-НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына, сондай-ақ "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарына сәйкес әзірленді.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған діни қызмет саласында жұмыс істейтін объектілерді (ғибадат үйлерді (ғимараттарды) (бұдан әрі – ғибадат үйлері (ғимараттары)) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру мәселелерін нақтылайды.

      3. Осы Нұсқаулық бір мезгілде (сыйымдылығы) 200 (екі жүз) және одан да көп адамға арналған ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қолданылады.

      Осы Нұсқаулық діни білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

      Діни білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалуы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығына сәйкес қамтамасыз етіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген).

      4. Нұсқаулық діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшыларының, діни қызметшілердің, ғибадат үйлері (ғимараттары) персоналының жұмысына, сондай-ақ ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалу жағдайын зерделеу, тексеру және бағалау кезінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне қолдануға арналған.

      Ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін зерделеу, тексеру және бағалау құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер жасауға бөгет келтірмеуге тиіс.

      5. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) пайдалану кезінде меншік нысанына қарамастан Талаптардың, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың сақталуы қамтамасыз етіледі.

      6. Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылары ғибадат үйінің (ғимаратының) терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адамды (адамдарды) тағайындайды.

      7. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) алғашқы ден қою шаралары – терроризм актісінің қатері немесе жасалғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды уақтылы хабардар етуге бағытталған, объект персоналы және күзет қызметі субъектісінің қызметкерлері қабылдайтын бірінші кезектегі іс-шаралардың, сондай-ақ терроризм актісінің ықтимал салдарын барынша азайту және жою (шұғыл (алғашқы) ден қою күштерінің алғашқы және тергеу әрекеттерін жүзеге асыруына көмек көрсету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және басқалары) жөніндегі іс-қимылдардың кешені;

      2) бейнебақылау жүйесі - бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтау құралдарының, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;

      3) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      4) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      5) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      6) діни қызметші – діни, уағыздаушылық қызметке тиісті діни бірлестік уәкілеттік берген адам;

      7) жарықтандыру жүйесі – тәуліктің қараңғы уақытында бейнебақылау жүйесі үшін жарықтандырудың қажетті деңгейін және объектідегі адамдар мен көлік құралдарын көруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдар жиынтығы;

      8) күзет қызметінің субъектілері – бұл Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері және жеке күзет ұйымдары;

      9) объектілердің персоналы – объектінің, оның ішінде оның жалға алынған алаңдарында қызметін жүзеге асыратын басшылары, жұмысшылары, қызметкерлері;

      10) объектінің периметрі – құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес объектінің шекарасы;

      11) терроризмге қарсы қорғалу паспорты – объект туралы жалпы және инженерлік-техникалық мәліметтер қамтылатын, оның терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін көрсететін және террористік тұрғыдан осал объектідегі терроризм актілерінің алдын алу, жолын кесу, барынша азайту және (немесе) салдарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға арналған ақпараттық-анықтамалық құжат;

      12) хабардар ету жүйесі – террористік тұрғыдан осал объектідегі тұлғаларды төтенше жағдайлар (авария, өрт, дүлей апат, шабуыл, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы жедел хабардар етуге (жарықпен және (немесе) дыбыстық хабарлауға) арналған техникалық құралдар жиынтығы.

      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының терроризмге және діни қызметке қарсы іс-қимыл салаларындағы және діни бірлестіктердегі заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 01.07.2024 № 280-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ғибадат үйлерінің (ғимараттарның) аумағында терроризм актілерін жасауға кедергі келтіретін жағдайлар жасауға (олардың жасалу қатерін азайтуға), ықтимал террористік қатерлердің салдарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға бағытталған.

      Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) қорғау шараларын ұйымдастыру алдын алу, сараланған тәсіл, барабарлық және кешенділік қағидаттарына негізделеді.

      9. Ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуы мыналарға бағытталған жағдайлар жасаумен:

      1) терроризм актілерін дайындау және (немесе) жасау белгілерін анықтау, оған күдікті адамдар мен заттарды анықтау мәніне жағдайды бақылау жөнінде шаралар қолдану;

      2) ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) терроризм актілерін жасау әрекеттерінің алдын алу және жолын кесу, оған мыналар жөнінде шаралар қабылдау:

      террористік сипаттағы ықтимал қатерлердің сипаты мен ерекшелігін нақтылау;

      террористік қатерлердің неғұрлым ықтимал сценарийлерін модельдеу және оларға ден қоюдың тиісті алгоритмдерін әзірлеу;

      терроризм актісін жасауға ықпал ететін ықтимал себептер мен жағдайларды айқындау және оларды жою;

      келушілер мен көлік құралдарына қол жеткізудің белгіленген тәртібін тұрақты бақылауды ұйымдастыру;

      діни қызметшілер мен ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) персоналында қауіпсіздік мәдениетін, терроризмге қарсы сананы қалыптастыру;

      терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық іс-шараларды бақылау;

      3) ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) ықтимал террористік қатерлердің салдарларын барынша азайту және жою бойынша мына шаралар қабылдау:

      террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге ден қою алгоритмдерін әзірлеу;

      діни қызметшілер мен ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) персоналын терроризм актісін жасау кезіндегі және одан кейінгі әрекеттеріне қатысты тиісті даярлау;

      уәкілетті органдарды уақтылы хабардар етуді ұйымдастыру;

      ғибадат үйінің (ғимаратының) терроризмге қарсы қорғалу паспортын уақтылы жасау, өзекті жай-күйде ұстау және оны тиісінше сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

      10. Ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы ұйымдастырады.

      11. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) бұйрығымен терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін адам айқындалады.

      Ғибадат үйінің (ғимаратының) терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге жауапты қызметкерді таңдау және тағайындау соңғысының терроризмге қарсы қызметінің ерекшелігіне неғұрлым сәйкес келетін құзыреті мен лауазымдық міндеттері ескеріле отырып жүргізіледі.

      Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) пайдаланатын басшысымен өзге заңды негізде тиісті бұйрық шығарылады, қызметкердің функциясы лауазымдық міндеттерге енгізіледі.

2-тарау. Өткізу режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      12. Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылары діни қызметшілердің, ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы мен келушілерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қажет болған жағдайда ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) діндарлардың құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар бөгетсіз жүргізу (жасау) құқықтарын сақтай отырып, оның ерекшелігіне сәйкес өткізу режимін белгілейді.

      Өткізу режимін қамтамасыз ету үшін діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылары "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар жеке күзет ұйымдарымен күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

      13. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар жеке күзет ұйымдарымен шарт жасасу кезінде ғибадат үйінің (ғимаратының) терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі мынадай іс-шараларды:

      1) ғибадат үйін (ғимаратын) күзетуді;

      2) ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағында құқыққа қарсы ниеттері бар адамдарды, сондай-ақ діндарлардың діни мақсаттағы заттарды өз қалауы бойынша пайдалану құқығын сақтай отырып, оларды сату үшін пайдаланылуы мүмкін құралдар мен заттарды анықтауды;

      3) жеке күзет ұйымы қызметкерлерінің ғибадат үйінде (ғимаратында) орнатылған инженерлік-техникалық қорғау құралдарын тиісінше пайдалануды қамтамасыз етуін көздеу қажет.

      14. Ғибадат үйін (ғимаратын) терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету, өткізуді бақылау тәртібін ұйымдастыру мақсатында мыналар:

      1) келушілер үшін қолжетімділікті шектемей, ғибадат үйлеріндегі (ғимаратындағы) үй-жайлар;

      2) ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстарды бөгетсіз жүргізу (жасау) құқықтарын сақтай отырып, келушілер үшін қолжетімділігі шектеулі ғибадат үйлеріндегі (ғимаратындағы) үй-жайлар орнатылады.

      15. Өткізу режимін ұйымдастыру тәртібі "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмеуге тиіс.

3-тарау. Профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      16. Профилактикалық және оқу іс-шаралары діни қызметшілер мен ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) персоналына ғибадат үйінің (ғимаратының) негізгі ерекшеліктері, терроризм актісі жасалған жағдайда ықтимал салдарлар, терроризм актілерін болғызбау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі туралы ақпараттарды жеткізу мақсатында жүргізіледі.

      17. Профилактикалық және оқу іс-шараларын (бұдан әрі – іс-шаралар) діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылары немесе терроризмге қарсы қорғау талаптарын сақтауға жауапты адам құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тарта отырып ұйымдастырады.

      Іс-шаралар жеке немесе діни қызметшілер тобымен және ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналымен нұсқаулар, сабақтар (практикалық және теориялық) түрінде өткізіледі.

      18. Ғибадат үйлерінде (ғимараттарда) профилактикалық іс-шара ретінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтар діни қызметшілер мен ғибадат үйлерінің (ғимараттарының), сондай-ақ оларда күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің (олар болған жағдайда) персоналын бағалауға, терроризм актісін жасауға кедергі келтіруге, салдарларды барынша азайтуды және жоюды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізеді (эксперименттер).

      19. Іс-шаралар діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналын күдікті адамдар мен заттарды анықтау жөніндегі іс-қимылдарға, терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қаупі жағдайында залалды болғызбау немесе азайту жөніндегі іс-қимылдарға, оның салдарларынан қорғау тәсілдеріне, келушілерді, діни қызметшілер мен персоналды ғибадат үйінен (ғимаратынан) қауіпсіз және уақтылы эвакуациялауға оқытуды қамтамасыз етеді.

      20. Теориялық іс-шаралар (дәрістер) барысында нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген талаптар, нұсқаулар, іс-қимыл алгоритмдері туралы, ғибадат үйінің (ғимаратының) ерекшеліктері туралы қажетті ақпарат жеткізіледі.

      Практикалық іс-шаралар барысында діни қызметшілер, ғибадат үйі (ғимараты) персоналының және күзет қызметі субъектілерінің (қажет болған жағдайда):

      1) қауіпсіз және кедергісіз эвакуация жүргізу жөніндегі;

      2) терроризм актісі қатері төнген жағдайдағы;

      3) ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағында күдікті адамдар мен заттар, сондай-ақ терроризм актілерін жасаудың өзге де сценарийлер анықталған кездегі іс-қимылы пысықталады.

      Практикалық және теориялық іс-шаралар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тақырыптар бойынша жылына кемінде бір рет кезеңділікпен өткізіледі.

      21. Нұсқау өткізу сипаты мен уақыты бойынша жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.

      Жоспарлы нұсқау жылына кемінде бір рет өткізіледі.

      Жоспардан тыс нұсқауды діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары не өткізілетін оқу-жаттығуларға, жаттығуларға және эксперименттерге тартылған мемлекеттік органдардың өкілдері мынадай жағдайларда:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) террористік қауіптілік деңгейі енгізілген аумақта болған кезде;

      2) терроризм актісін жасаудың ықтимал қатері туралы ақпараттың болған кезде;

      3) оқу-жаттығуларға, жаттығуларға, эксперименттерге дайындық кезінде жүргізеді.

      Жоспардан тыс нұсқау жеке немесе діни қызметшілер тобымен және ғибадат үйінің (ғимаратының) персонал тобымен жүргізіледі. Жоспардан тыс нұсқаудың мазмұны оны жүргізу қажеттілігін тудырған себептер мен жағдайларға байланысты әрбір нақты жағдайда айқындалады.

      Практикалық және теориялық іс-шаралар, жоспарлы нұсқаулар діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      22. Нұсқаулар мен іс-шараларды өткізу туралы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы қорғау жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу журналында жазба жүргізіледі не хаттама немесе анықтама (қатысушылардың едәуір саны (20 (жиырма) адамнан астам) болған жағдайда) жасалады.

      23. Іс-шаралар өткізу туралы негізгі есептік құжаттар мыналар болып табылады:

      1) терроризмге қарсы дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізуді есепке алу журналы;

      2) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша терроризмге қарсы бағыттағы нұсқауларды өткізу кестесі.

4-тарау. Террористік көріністерге ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      24. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл терроризм актісін (актілерінің) профилактикалау және алдын алу, діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналын, ғибадат үйінің (ғимаратының) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды оқыту және даярлау, ғибадат үйі (ғимараты) аумағында терроризм актісі (актілері) қатер төнген немесе жасалған жағдайда ғибадат үйінің (ғимаратының) іс-қимылға дайындығын айқындау мақсатында ұйымдастырылады.

      Діни қызметшілер мен ғибадат үйі (ғимараты) персоналының терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимылы терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қатерлеріне ден қоюға, терроризмге қарсы түрлі деңгейдегі оқу-жаттығуларды, жаттығуларды, эксперименттерді, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды дайындау мен өткізуге дайындықты қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты негізде ұйымдастырылады.

      25. Терроризмге қарсы комиссиямен өзара іс-қимыл ғибадат үйі (ғимараты) үшін террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерді нақтылау жолымен профилактикалық және оқу іс-шараларын жоспарлау кезеңінде белгіленеді.

      26. Ғибадат үйі (ғимараты) аумағындағы террористік сипаттағы неғұрлым ықтимал қатерлерге, ғибадат үйінің (ғимаратының) ерекшеліктеріне сүйене отырып, осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада келтірілген террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге ғибадат үйі (ғимараты) адамдарының түрлі топтарының іс-қимыл алгоритмдері әзірленеді.

      27. Бұл алгоритмдер уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізілетін практикалық іс-шаралар, сондай-ақ терроризмге қарсы әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды, жаттығу іс-шараларын дайындау және өткізу, діни қызметшілер мен ғибадат үйі (ғимараты) персоналының іс-қимылын бағалау барысында пысықталады.

      28. Терроризмге қарсы әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізу, діни қызметшілер мен ғибадат үйі (ғимараты) персоналының іс-қимылын бағалау қорытындылары бойынша тиісті жоспарларға, кестелер мен алгоритмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      29. Террористік көріністерге ден қою мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын терроризм актілерін дайындау фактілері мен белгілері туралы уақтылы хабардар ету және оларға жол бермеуге бағытталған шараларды іске асыру болып табылады.

      30. Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылары терроризм актісін (актілерін) жасау немесе жасау қатерлеріне ден қоюға дайындықты қамтамасыз ету шеңберінде бастапқы ден қою алгоритмдерін:

      1) терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі туралы Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарын дереу хабардар етуі бойынша;

      2) уәкілетті мемлекеттік органдардан терроризм актісінің (актілерінің) жасалуы немесе жасалу қаупі туралы ақпарат алған кезде әзірлейді.

      31. Діни бірлестіктердің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге де заңды негізде пайдаланатын басшылары ғибадат үйіне (ғимаратына) терроризм актісінің жасалу қатері немесе жасалуы туралы (оның ішінде жасырын сипаттағы) ақпарат алған кезде ақпаратты дереу жеке өзі немесе олар уәкілеттік берген адам өзінің иелігіндегі байланыс құралдары арқылы аумақтық ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарына, сондай-ақ діни қызмет саласындағы мемлекеттік органға жеткізеді (қайталайды).

      32. Террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы немесе өзге де лауазымды адамдары мынадай қауіпсіздік шараларын қолданады:

      бейнебақылау және хабардар ету жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру және қамтамасыз ету;

      діни қызметшілермен және ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналымен терроризм актісінің жасалу немесе жасау қатері кезіндегі іс-қимылдар жөніндегі нұсқаулар өткізу;

      шұғыл эвакуациялау мәселелерін пысықтау;

      терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, жедел штабтармен және күзет қызметі субъектілерімен (қажет болған жағдайда) бірлескен іс-қимылдарды пысықтау.

5-тарау. Террористік тұрғыдан осал ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеуге және оның айналымына қойылатын талаптар

      33. Ғибадат үйін (ғимаратын) террористік тұрғыдан осал объектілерге бастапқы жатқызу кезінде оның басшысы ғибадат үйін (ғимаратын) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізу туралы тиісті хабарлама алғаннан кейін 45 (қырық бес) күн ішінде ғибадат үйінің (ғимаратының) терроризмге қарсы қорғалу паспортын (бұдан әрі – паспорт) әзірлеуге шаралар қабылдайды.

      Паспорт "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада әзірленеді.

      34. Паспорт қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтитын құжат болып табылады және оны әзірлеу кезінде қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа қойылатын заңнама талаптарын сақтау қажет.

      35. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысымен паспортты әзірлеуге, оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты адам (адамдар) тағайындалады.

      36. Әзірленген паспорттың жобасы ғибадат үйінің (ғимаратының) орналасқан жері бойынша аумақтық ішкі істер органының басшыларымен жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде келісіледі.

      Паспорт жобасын келісу мерзімі паспорт үлгілік паспортта көрсетілген лауазымды адамға келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      Келісуші адамнан паспорттың жобасына ескертулер болған жағдайда, пысықтау мерзімі қайтарылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды, ал қайта қайтарылған кезде 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.

      37. Келісілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде паспортты ғибадат үйінің (ғимаратының) басшысы бекітеді (оның ішінде оны жаңарту кезінде).

      38. Паспорттың бірінші данасы (түпнұсқасы) әзірленіп, бекітілгеннен кейін оның сақталуына және паспорттың деректерін уақтылы жаңартуға жауапты адамда сақталуға тиіс.

      Паспорт қызметтік іс жүргізуде міндетті түрде тіркелуге жатады. Құжаттың бірінші данасында құжаттың көшірмелері кімге жіберілгені және олар қандай нөмірлерге тіркелгені туралы ақпарат жазылады.

      39. Терроризм актілерінің салдарын жоюға және азайтуға тартылған органдарға паспортты уақтылы беруді қамтамасыз ету мақсатында паспортқа құжаттарды 2 (екі) данада уақытша беру актісі жасалады.

      40. Құжаттарды уақытша беру актісінің бір данасы паспортпен бірге терроризмге қарсы операцияға басшылықты жүзеге асыратын жедел штабқа беріледі. Тізімдеменің екінші данасы паспортты сақтауға жауапты адамда қалады.

      41. Паспорттың екінші данасы мен электрондық нұсқасы (PDF форматында электрондық ақпарат жеткізгіште) ол бекітілген немесе түзетілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде сақтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      42. Паспорт:

      1) меншік құқығы;

      2) діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге де заңды негізде пайдаланатын басшысы;

      3) ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы;

      4) ғибадат үйінің (ғимаратының) негізгі мақсаты;

      5) егер ғибадат үйінің (ғимаратының), іргелес аумақ құрылысының жалпы алаңы мен периметріне немесе күрделі жөндеу, ғимараттарды (құрылыстар мен құрылысжайларды) және инженерлік жүйелерді қайта құру аяқталғаннан кейін конструкциясы (өзгерістер енгізілсе) өзгерген жағдайда түзетуге жатады.

      43. Өзгерістер түзету үшін негіздер туындағаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде енгізіледі.

      Паспортты әзірлеу, оған түзетулер енгізу мерзімдері ұлғайған кезде діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) пайдаланатын басшы өзге заңды негізде терроризмге қарсы комиссияға тиісті өтінішпен жүгінеді.

      Паспортта сақтауға жауапты қызметкер діни бірлестік, олардың филиалдары мен өкілдіктері басшысының немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының немесе паспортқа қол қоюға уәкілетті адамның қолымен куәландырылған өзгерістердің себептері мен күндерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы белгілер енгізеді. Өзгерістер орын алған паспорт элементтері ғана ауыстырылуға жатады.

      Діни бірлестік, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының қолы қойылған тиісті өзгерістер туралы ақпарат бір мезгілде паспорттың электрондық нұсқасын ауыстыра отырып, паспорттың екінші данасына іске қосу үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына жіберіледі.

      44. Паспорт:

      1) 5 (бес) жылда кемінде бір рет;

      2) паспорт мәтіні тармақтарының жартысынан астамына түзетулер енгізген жағдайда толық ауыстыруға жатады.

      45. Паспорт тиісті акт жасала отырып, комиссиялық тәртіппен жойылуға жатады.

      Акт ұйымда қалады және паспортқа жауапты адамда сақталады.

      Актінің көшірмесі паспорттың екінші данасын сақтау орны бойынша жіберіледі.

6-тарау. Террористік тұрғыдан осал ғибадат үйлерін (ғимараттарын) инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға қойылатын талаптар

      46. Ғибадат үйлері (ғимараттары) хабардар ету жүйесімен, бейнебақылау жүйесімен жарақтандырылады.

      47. Бейнебақылау жүйесі ғибадат үйіндегі (ғимаратындағы) және оның аумағындағы жағдайға бақылау жүргізу, сондай-ақ рұқсатсыз кіру фактісін көзбен шолып растау, жағдайды бағалау және бұзушылардың іс-әрекеттерін тіркеу мақсатында орнатылады.

      48. Бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің минималды техникалық шарттарына сәйкес келеді.

      49. Ғибадат үйінде (ғимаратында):

      1) ғибадат үйі (ғимараты) орналасқан аумақтың периметрі;

      2) ғибадат үйінде (ғимаратында) адамдар көп жиналатын орындары;

      3) бас және қосалқы кіру есіктері (болған жағдайда) бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

      50. Бейнебақылау жүйесі:

      1) визуалды ақпаратты телекамералардан техникалық құралға немесе алынған ақпаратты жинаудың, өңдеудің, көрсетудің және тіркеудің техникалық құралдарының жиынтығына беруді;

      2) автоматтандырылған режимдегі жұмысты;

      3) нақты уақыт режимінде ғибадат үйіндегі (ғимаратындағы) жағдайды бағалау мүмкіндігін;

      4) 30 тәуліктен кем емес мерзімде ақпаратты сақтауды;

      5) ғибадат үйі (ғимараты) аумағының периметрі бойынша орнатылған бейнебақылау жүйесін Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалған тәртіппен және шарттарда Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қосылуды қамтамасыз етеді.

      51. Ғибадат үйлері (ғимараттары) діни қызметшілерді, ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы мен келушілерді штаттан тыс жағдайдың туындауы (терроризм актісінің жасалу қатері немесе жасалуы және туындаған салдарлар туралы) туралы жедел хабардар ету және олардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында хабардар ету жүйелерімен және құралдарымен жарақтандырылады.

      52. Діни қызметшілерді, ғибадат үйлерінің (ғимаратының) персоналы мен келушілерді хабардар ету мыналарды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың:

      1) адамдар үнемі немесе уақытша болатын ғибадат үйінде (ғимаратында), ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағында дыбыстық және жарық сигналдарын беру;

      2) діни қызметшілердің, персоналдың және ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қауіптің сипаты, қажеттілік пен эвакуациялау жолдары, басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялау көмегімен жүзеге асырылады.

      53. Хабарлағыштардың саны және олардың қуаты адамдар үнемі немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етеді.

  Діни қызмет саласында жұмыс
істейтін террористік тұрғыдан
осал объектілердің (ғибадат
үйлерінің (ғимараттарының)
терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша

Іс-шара тақырыптарының нұсқалары

 

р/с

Тақырыптардың атаулары

Барлығы сағат

Оның ішінде

Дәрістер

Практикалық іс-шаралар

Жаттығулар

Діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы үшін

1.

Террористік тұрғыдан осал ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) ерекшеліктері, терроризм актісі жасалған жағдайда ықтимал салдарлары





2.

Жарылғыш заттарды тану және жарылыс қаупі кезінде өзін-өзі ұстау қағидалары





3.

Ғибадат үйі (ғимараты) маңында қоғамдық тәртіпсіздіктер туындаған және адамдарды кепілге алу қаупі туындаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету





4.

Террористік акт жасау қатері төнген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету





5.

Жасалған террорлық шабуыл кезіндегі басшылардың іс-қимылы





6.

Ғибадат үйі (ғимараты) миналанғаны туралы анонимді қоңырау алған кездегі іс-қимыл тәртібі





7.

Ғибадат үйі (ғимараты) миналанғаны туралы ауызша хабар алған кездегі іс-қимыл тәртібі





Жұмысқа алғаш қабылданған діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы үшін

8.

Ғибадат үйіндегі (ғимаратындағы) қауіпсіздік шараларының негізгі талаптары





9.

Ғибадат үйіне (ғимаратына) террористік акт жасалған жағдайда ықтимал қауіптілігі





10.

Ғибадат үйіне (ғимаратына) шабуыл жасау кезіндегі іс-қимыл тәртібі





  Діни қызмет саласында жұмыс
істейтін террористік тұрғыдан
осал объектілердің (ғибадат
үйлерінің (ғимараттарының)
терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша

Терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын есепке алу
ЖУРНАЛЫ

      ________________________________
(ұйымның атауы)
(титул беті)

      Терроризмге қарсы дайындық жөніндегі оқу іс-шараларын өткізуді есепке алу
№ _ журнал

      Журналды жүргізуді бастау күні 20____ ж. "____" ____________

      Журналды жүргізудің аяқталу күні 20____ ж. "____" ____________

      (ішкі жағы)

      1-бөлім. Нұсқаулар


р/с

Нұсқауды өткізу күні

Нұсқау алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы

Нұсқау түрі: жоспарлы/ жоспардан тыс

Нұсқау жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы

Нұсқау алушының қолы

Нұсқау өткізген адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7




































      Ескертпе:

      1) жоспарлы нұсқаулар барысында діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналына терроризм актісі болған жағдайда барлық ықтимал жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері жеткізіледі, ал жоспардан тыс нұсқаулардың тақырыбы өткізілетін оқу-жаттығулардың, жаттығулар мен эксперименттердің тақырыбына байланысты болады;

      2) терроризмге қарсы бағыттағы өткізілетін жоспарлы нұсқауларды құжаттамалық ресімдеуді қолмен жазу тәсілімен де, аралас – қолмен және баспа тәсілімен де жүзеге асыруға жол беріледі. 3, 4 және 5-бағандарды баспа түрінде толтыруға жол беріледі (егер нұсқауды сол бір қызметкер жүргізсе), журналдың қалған бағандарын нұсқауды тыңдаған адам өзі толтырады;

      3) өткізу күні толық көрсетіледі (күні, айы және жылы);

      4) діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналымен жоспардан тыс нұсқау жүргізу қажет болған жағдайда оны да осы журналда құжаттайды, ал "нұсқау түрі" бағанда "жоспардан тыс", "№ _ телефонграмма бойынша", "террористік қауіптілік деңгейі бойынша" жазба қоюға жол беріледі.

      2-бөлім. Іс-шаралар


р/с

Іс-шараны өткізу күні

Іс-шараның тақырыбы

Оқу сұрақтары

Қатысқан жұмыскерлер саны

Іс-шараны өткізген адамның қолы

1

2

3

4

5

6































      Ескертпе: іс-шаралардың тақырыбы мен оқу сұрақтары жалпы сипатта емес, нақты көрсетілген.

  Діни қызмет саласында жұмыс
істейтін террористік тұрғыдан
осал объектілердің (ғибадат
үйлерінің (ғимараттарының)
терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
3-қосымша
  "Бекітемін"
Ұйым басшысы
______________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
20__ ж. "__"_________

20__ жылға арналған
_______________________________________________________
(құрылтай құжаттарына сәйкес объектінің атауы)
діни қызметшілермен және ғибадат үйінің (ғимаратының)
персоналымен терроризмге қарсы бағыттағы нұсқаулар өткізу
кестесі


р/с

Тақырыптың атауы

Жаттықтырушы ауысым

Өткізу күні

Ескертпе

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





      Ұйымдағы терроризмге қарсы қызмет үшін жауапты болып тағайындалған адамның лауазымы ______________________

      тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған кезде)

      Ескертпе: егер мекеме жұмыскері (қызметкері) қандай да бір себептермен (науқастану, демалыс) нұсқау жүргізу кезінде болмай қалса, онымен тақырыпты зерделеу ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін кез келген күні жеке жүргізіледі.

  Діни қызмет саласында жұмыс
істейтін террористік тұрғыдан
осал объектілердің (ғибадат
үйлерінің (ғимараттарының)
терроризмге қарсы қорғалуын
ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулыққа
4-қосымша

Ғибадат үйінің (ғимаратының) түрлі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге іс-қимыл алгоритмдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ғибадат үйінің (ғимаратының) түрлі адамдар тобының террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі –Алгоритм) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және терроризм актісін жасау қаупі төнген жағдайларда ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды басқару мақсатында әзірленген және олардың алдын алуға және жоюға бағытталған.

      Террористік қатерлердің алдын алу адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, террористік қатерді жүзеге асыру қаупін және терроризм актісінің жасалуын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдау ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) жұмыс істеу орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Терроризм актісі жасалған жағдайда діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы, діни қызметшілері, персоналы және күзет қызметінің субъектілері (қажет болған жағдайда) жасалған терроризм актісі туралы құқық қорғау және арнаулы органдарды дереу хабардар етеді, діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы ғибадат үйіндегі (ғимаратындағы) адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз етеді.

      Террористік қызметті ықтимал дайындау мен жүзеге асырудың негізгі белгілері:

      мінез-құлқында террористік шабуыл жасалуы мүмкін ғибадат үйінің (ғимаратының) жақын маңындағы жағдайды зерделеп жүргені байқалатын, объектінің қызметіндегі белгілі бір нәрселерге жоғары немесе негізсіз себептен қызығушылық танытқан адамдардың пайда болуы;

      ғибадат үйіне (ғимаратына) күдікті адамдардың бірнеше рет келуі және олардың фото- және бейнетүсірілім жүргізуі;

      техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдардың жертөлелерге түсіп, шатырастына көтерілуі;

      ғибадат үйінің әкімшілігі, діни қызметшілері мен персоналына жалған ақпарат хабарлау.

      Террористік шабуылдың үлгілік сценарийлерін алдын ала талдау негізінде оларды төтенше жағдайларды дамытудың әрбір фазасында қолайлы, оң жағына өзгерту мақсатында нақты бастапқы, аралық және қорытынды жағдайларға тиімді әсер етуге мүмкіндік беретін іс-шаралар кешенін әзірлеу және нақты уақыт режимінде іске асыру маңызды.

      Түрлі жағдайларды алдын ала пысықтау Ғибадат үйіндегі (ғимаратындағы) түрлі орталарда жүрген адамдардың террористік сипаттағы ықтимал қатерлерге қарсы іс-қимыл алгоритмін, оның ішінде қысылтаяң жағдайлардағы іс-қимылдарды реттейтін мекенжай нұсқаулықтары мен жаднамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға басшылықты олардың басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

      3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар олардың туындау ықтималдығы мен олардан келтірілуі мүмкін залалды ескере отырып жүргізіледі.

      Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды орындау қолданыстағы заңнамада белгіленген құзыреті шегінде діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшыларына жүктеледі.

2-тарау. Ғимаратта және оған іргелес аумақта терроризм актісінің жасалу қатері туындаған кезде діни қызметшілердің, ғибадат үйі (ғимараты) персоналының және күзет қызметі субъектілерінің (қажет болған жағдайда) іс-қимыл тәртібі

      4. Тәртіп ғибадат үйінде (ғимаратында) және оған іргелес аумақта терроризм актісінің жасалу қатері туындаған кезде діни қызметшілер, ғибадат үйі (ғимараты) персоналының және күзет қызметі субъектілерінің (қажет болған жағдайда) іс-қимылын жүйелейді және синхрондайды.

      Бұл тәртіпті діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйін (ғимаратын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы әрбір қызметкерге жеткізеді.

      5. Ғибадат үйіне (ғимаратына) және оған іргелес аумаққа терроризм актісінің жасалу қатері туындаған кезде жедел іс-қимылдар қабылдау үшін:

      күдікті затты табу;

      телефон арқылы немесе жазбаша түрде қоқан-лоққы көрсету;

      діни қызметшілер, персонал мен келушілерге қарулы шабуыл жасау;

      террористердің діни қызметшілерді, персонал мен ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілерді кепілге алуы;

      атыс;

      ғибадат үйінің (ғимаратының) жарылуы;

      өрт;

      ғимараттың қирауы негіз болып табылады.

      6. Жоғарыда аталған жағдайларда діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы, діни қызметшілері, ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы және күзет қызметі субъектілері (қажет болған жағдайда) болған оқиға туралы:

      ішкі істер органдарының "102" арнасына, "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне;

      діни қызмет саласындағы уәкілетті органға дереу хабарлайды.

1-параграф. Күдікті зат табу

      7. Күдікті зат деп иесіз сөмке, пакет, жәшік, қорап, күдікті дыбыстар (шертулер, тықылдау) және ерекше иістер (бадам, хлор, аммиак) шығаратын сымдары бар ойыншық түсініледі.

      Бұл зат жарылғыш құрылғы немесе улы химикаттармен, биологиялық агенттермен (қауіпті инфекциялардың қоздырғыштары, күйдіргі, шешек, туляремия сияқты) толтырылған пакет болуы мүмкін.

      8. Қауіпті немесе күдікті затты тапқан адам шұғыл ден қою қызметтері келгенге дейін заттан қауіпсіз қашықтықта болуы және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болуы қажет.

      9. Күдікті зат табылған жағдайдағы басшының іс-қимылы:

      Діни қызметшілер мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы қатарынан қоршау қою;

      қауіпті немесе күдікті зат табылған жерге шұғыл ден қою қызметтерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету (ішкі істер органдарының бөлімшелері, жедел медициналық көмек қызметтері, өрт сөндіру қызметтері, жедел-құтқару қызметтері);

      діни қызметшілерді, персонал мен ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілерді эвакуациялау жөнінде шаралар қабылдау.

      10. Ғибадат үйі (ғимараты) діни қызметшілері мен персоналының күдікті зат табылған кездегі іс-қимылы:

      күдікті заттың табылғаны туралы діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылығына хабарлау;

      ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілерді күдікті заттан қауіпсіз қашықтыққа (100 метрден алыс) ауыстыру (апару), олжаға жақындамау, қол тигізбеу, ашпау және орнын ауыстырмау;

      күдікті затты тапқан адамдарға шұғыл ден қою қызметтері келгенге дейін қауіпсіз қашықтықта болуға және болған жағдайға қатысты айғақтар беруге дайын болуы тиіс;

      иесіз заттың ықтимал иесін анықтау мақсатында айналадағы адамдарға сауалнама жүргізу;

      заттың жанында радиобайланыс құралдарын, оның ішінде ұялы телефонды да пайдаланудан бас тарту;

      күдікті заттың анықталған уақыты мен орнын тіркеу;

      күдікті заттың сыртқы түрін мен оның табылу мән-жайларын сипаттауға дайын болу;

      дүрбелең туғызбау үшін не болғанын білуі тиіс адамдардан басқа ешкімге жарылыс қаупі туралы хабарламау;

      күдікті зат пен қауіпті аймаққа бөгде адамдардың кіруін шектеуді қамтамасыз ету;

      ғибадат үйіне (ғимратына) келушілерді қауіпті аймаққа іргелес аумақтан эвакуациялауды ұйымдастыруға жәрдем көрсету;

      қажет болған жағдайда қорғанысты қамтамасыз ететін заттардың артына (ғимараттың бұрышы, бағана, ағаш, автомашина) тығылу, бақылау жүргізу;

      ғибадат үйінен (ғимаратынан) шығып кету, мүмкін болмаған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін және қажетті қашықтықтағы заттардың артына тығылу қажет.

      Жарылғыш құрылғы немесе жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылған кезде эвакуация мен қоршау ұсынылатын аймақтар:

      Граната – 50 метр;

      салмағы 200 грамм тротил құты – 45 метр;

      жару құрылғысы – кемінде 200 метр;

      0,33 литр сыра банкісі – 60 метр;

      дипломат (кейс) – 230 метр;

      жол шабаданы – 350 метр;

      жеңіл автомашина – кемінде 600 метр;

      микроавтобус – 920 метр;

      жүк машинасы (фургон) – 1240 метр.

      11. Ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің іс-қимылы:

      үрейленбеу, барлық жерде ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналын тыңдау;

      күдікті затты ұстамау, ашпау және жылжытпау;

      қажет болған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін заттардың артына тығылу (ғимараттың бұрышы, бағана, ағаш, автомашина);

      ғибадат үйінен (ғимаратынан) шығып кету, мүмкін болмаған жағдайда қорғауды қамтамасыз ететін және қажетті қашықтықтағы заттардың артына тығылу қажет.

2-параграф. Телефон арқылы немесе ауызша қоқан-лоққы жасалуы

      12. Телефон жарылғыш салынған құрылғылар туралы, адамдарды кепілге алу, қорқытып алу және бопсалау туралы ақпаратты қамтитын хабарламалар келіп түсетін арна болып табылады.

      Мұндай бірде-бір сигналды, оның ішінде ауызша келіп түскен сигналды назардан тыс қалдырмау. Әңгімені сөзбе-сөз есте сақтау және оны қағазға түсіруге тырысу.

      Сөйлесу фактісі мен оның мазмұнын таратпау, ақпаратқа ие адамдардың санын барынша шектеу.

      13. Телефон арқылы немесе ауызша қоқан-лоққы алушының (ғибадат үйінің (ғимаратының) басшысы, діни қызметшісі және персоналы) іс-қимылы:

      Әңгіме барысында қоңырау шалушының немесе әңгімелесушінің жынысын, жасын және сөйлеу ерекшеліктерін белгілеу;

      дауыс (қатты немесе тыныш, төмен немесе жоғары);

      сөйлеу қарқыны (жылдам немесе баяу);

      айтылымы (айқын, бұрмаланған, тұтығу, сақаулану, акцентпен немесе диалектімен);

      сөйлеу әдеті (әдепсіз, келемеждеп, былапыт сөздермен).

      Телефон арқылы қоқан-лоққы кезінде дыбыстық фонға назар аудару маңызды (автомашиналардың немесе теміржол көлігінің шуы, теле- немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар), қоңырау сипаты (қалалық, қалааралық).

      Әңгіменің нақты басталу уақыты мен ұзақтығын айқындап қою керек.

      Қалай болғанда да, әңгіме барысында мынадай сұрақтарға жауап алуға тырысу:

      бұл адам қайда, кімге, қандай телефон арқылы қоңырау шалып тұр (телефон арқылы қоқан-лоққы кезінде)?

      Ол нақты қандай талаптар қояды?

      Жеке талап қояды ма немесе делдал ретінде әрекет етеді ме және кейбір адамдар тобын білдіреді ме?

      Қандай жағдайда ол немесе олар өз жоспарынан бас тартуға келіседі?

      Онымен қалай және қашан байланысуға болады?

      Бұл қоңырау туралы кімге хабарлай аласыз немесе хабарлауыңыз керек?

      Шешімдер қабылдау немесе қандай да бір іс-қимыл жасау үшін қоңырау шалушыдан барынша мүмкіндігінше көбірек уақыт алуға тырысыңыз.

      Мүмкіндігінше әңгімелесу процесінде немесе әңгімелесу аяқталғаннан кейін дереу ішкі істер органдарының "102" арнасына немесе "112" бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне және ғибадат үйінің (ғимаратының) басшылығына (діни қызметші мен ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы телефон арқылы немесе ауызша қоқан-лоққы алған жағдайда) хабарлаңыз.

3-параграф. Жазбаша нысандағы қоқан-лоққы жасалуы

      14. Қоқан-лоққы алушының жазбаша нысандағы іс-қимылы (басшысы, діни қызметшілері мен ғибадат үйінің (ғимаратының), персоналы):

      мұндай құжатты алғаннан кейін, оған барынша мұқият болыңыз. Мүмкіндігінше оны таза, тығыз жабылған пластик пакетке салып, бөлек қатты папкаға салу керек;

      оған саусақ іздерін қалдырмауға тырысу;

      егер құжат конвертпен келсе – оны тек сол немесе оң жағынан ашып, шеттерін қайшымен мұқият кесу;

      бұл жағдайда бәрін сақтау: мәтіні бар құжаттың өзі, кез келген тіркеме, конверт және қаптама, ештеңені тастамау;

      құжаттың мазмұнымен таныс адамдардың шеңберін кеңейтпеу.

4-параграф. Қарулы шабуыл жасалуы

      15. Ғибадат үйіне (ғимаратына) қарулы шабуыл жасалған кезде өзін-өзі оқшаулау үшін шаралар қабылдау, қауіпті аймақтан дереу шығып кету.

      Жасырынып, террористердің кетуін күту және мүмкін болған жағдайда ғимараттан шығып кету.

      16. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуыл жасау фактісі мен мән-жайлары туралы дереу хабардар ету;

      адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (эвакуация, ішкі кедергілерді оқшаулау, штаттан тыс жағдай туралы хабарлау);

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың келген өкілдерімен өзара іс-қимыл.

      17. Діни қызметшілер мен ғибадат үйі (ғимараты) персоналының іс-қимылы:

      жағдайды бағалау, ғибадат үйінен (ғимаратынан) келушілермен бірге қалай шығып кетуге болатыны туралы нақты жоспар ойластыру;

      ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілермен бірге қауіпсіз эвакуациялану;

      заттар мен сөмкелерді қалдыру;

      қолды жасырмау, оларды назарда ұстау.

      Ғибадат үйінен (ғимаратынан) кету мүмкіндігі болмаған жағдайда:

      өзіңіз тұрған үй-жайдан (кабинеттен, бөлмеден) тез шығып қарап, ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілерді сыртқы қабырғалардың сенімділігі жағдайында осы үй-жайға (кабинетке, бөлмеге) жіберу;

      есікті мықтап жабу, абзалырақ – кілтпен жабу;

      терезелерді жабу, барлық перделерді түсіру немесе жабу;

      сізді көре алмайтындай қабырғалардың жанына орналасқан маңызды;

      осы үй-жайда ең қауіпсіз орынды табу (кабинетте, бөлмеде);

      жарықты және компьютерлердің мониторларын өшіріңіз, ұялы телефондарды дыбыссыз сигналға қою;

      тыныштықты қамтамасыз ету;

      мүмкіндігінше осы үй-жайда (кабинетте, бөлмеде) орналасқан ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы мен келушілердің аты-жөндерін білу;

      дәлізде тұрғандардың барлығы дереу жақын маңдағы бөлмеге (кабинетке, бөлмеге) өтіп, жарықты сөндіру;

      діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылығын, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы шабуыл жасау фактісі туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

      18. Ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің іс-қимылы:

      үрейленбеу, барлық жерде ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналын тыңдау;

      ғибадат үйінен (ғимаратынан) байқатпай шығып кету, мүмкін болмаған жағдайда қауіпсіз жерге жасырыну;

      есікті жауып бұғаттау, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің келуін күту;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды, персоналды, ғибадат үйі (ғимараты) басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

5-параграф. Адамдарды кепілге алуы

      19. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      адамдардың қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін жағдайларды ұйымдастыру;

      кепілге алынғаны туралы құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;

      адамдарды кепілге алғандардан талаптарын анықтауға тырысу;

      терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан келген өкілдермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

      20. Діни қызметшілер мен ғибадат үйі (ғимараты) персоналының іс-қимылы:

      мүмкіндігінше ғибадат үйінен (ғимаратынан) байқатпай шығып кету;

      мүмкіндігінше ғибадат үйінен (ғимаратынан) адамдарды шығару немесе үй-жайға тығылу, есікті бұғаттау, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері келгенге дейін сол жерде бола тұру;

      мүмкіндігінше кез келген қолжетімді тәсілмен және өз қауіпсіздігін кепілдендірілген қамтамасыз ету шартымен құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға кепілге алған адамдардың (саны, қару-жарағы, жасы, аты-жөні) басып алу мән-жайлары туралы хабарлау;

      өз бастамасы бойынша келіссөздерге шықпау.

      21. Ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің іс-қимылы:

      үрейленбеу, шыдамдылық сақтап және өзін-өзі ұстай білу;

      қауіпсіз орынды табуға тырысу;

      тұтқындалу туралы хабарлама алғаннан кейін құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдар әрекет ете бастайды және босату үшін қажет нәрсенің барлығын жасайтындығын есте сақтау;

      кепілге алынған адамдарды қару қолдануға итермелейтін және адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу;

      еркінен айыруға, қорлауға және кемсітуге төзу, кепілге алған адамдардың көзіне қарамау, арандатушылықпен әрекет етпеу;

      кез келген іс-әрекетті орындау үшін (отыру, тұру, ішу, дәретханаға бару) рұқсат сұрау;

      жарақаттанған жағдайда, қозғалмауға тырысу, осылайша қан жоғалтуды азайту.

      22. Адамдарды кепілге алу кезіндегі жалпы іс-қимыл тәртібі:

      кепілге алынған адамдарды дене күшін немесе қару қолдануға итермелеуі мүмкін әрекеттерге жол бермеу;

      өз мінез-құлқымен назар аудартпау;

      егер қашудың сәттілігіне толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспау;

      адамдарды кепілге алған адамдар туралы мүмкіндігінше көп ақпаратты есте сақтау (саны, қару-жарағы, әсіресе сыртқы келбеті, дене бітімі, сөйлеу екпіні, әңгіме тақырыбы, темпераменті, мінез-құлық мәнері);

      тұрған жерді (қамалған) анықтауға тырысу;

      мүмкіндік болған жағдайда, кез келген қолжетімді байланыс тәсілін пайдалана отырып, өмірге қауіп төндірмей, сақтық таныта отырып, болған оқиға туралы құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлауға тырысу;

      жарақат алған жағдайда өзіне алғашқы көмек көрсетуге тырысу;

      терезелерден, есіктерден алыс орындарда болу.

      Кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі операцияны жүргізу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      төмен қарап еденге жату, мүмкін болса қабырғаға жабысып, басты қолмен жабу және қозғалмау;

      құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қарай жүгірмеу немесе олардан қашпау, өйткені олар сізді қылмыскер ретінде қабылдауы мүмкін;

      мүмкін болса еciк ойығынан және терезелер ұңғысынан алыс болу керек.

6-параграф. Атыс кезінде

      23. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      адамдардың қауіпсіздігі үшін барынша мүмкін жағдайларды ұйымдастыру;

      атыс туралы құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға дереу хабарлау.

      24. Діни қызметшілер, ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы мен келушілерінің іс-қимылы:

      сыртта атыс кезінде терезе жанында тұрмау, ол пердемен жабылған болса да;

      терезенің ернек тақтайы деңгейінен жоғары көтерілмеу;

      сыртта атыс кезінде жерге жатып, еңбектеп тасаға баруға тырысу (ғимараттың бұрышы, гүлзар, аялдама), егер жақын жерде мұндай нәрсе болмаса, басты қолмен жауып, тіктеліп жату.

      Бәр тынышталғанда бағытты өзгертіп, жоғары көтеріле аласыз және діттеген жеріңізге жете аласыз.

7-параграф. Ғибадат үйі (ғимараты) жарылған кезде

      25. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      адамдардың қауіпсіздігі үшін барынша ыңғайлы жағдайларды ұйымдастыру;

      құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды жарылыс туралы дереу хабардар ету.

      26. Діни қызметшілердің, персоналдың және ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің іс-қимылы:

      еденге жату, шыны шкафтардың, витриналар мен терезелердің жанында болмауға тырысу;

      бөлмелер арасын бөлген жерлер, төбелер, люстралар үлкен қауіп төндіретіндіктен, негізгі қабырғалардың астына жасырыну;

      баспалдақ алаңына шықпау, қосылып тұрған электр құралдарына қол тигізбеу;

      қараңғыда қаласаңыз да, сіріңке жақпаңыз – газдың шығуына байланысты жарылыс болуы мүмкін;

      ғибадат үйінен (ғимараттан), әсіресе баспалдақпен түсу керек болса, арқаны қабырғаға тақай, жүріп шығу керек. Еңкейіп, басыңызды қолыңызбен жабыңыз – жоғарыдан қирандылар төгілуі мүмкін.

      Көшеге шыққаннан кейін ғимараттан алыстап, құлауы мүмкін ернеулер мен қабырғаларды бақылау. Тез және мұқият бағдарлану керек, өйткені ғибадат үйі (ғимараты) құлаған кезде дүрбелең тудыратын қалың шаң бұлт көтеріледі.

8-параграф. Террористер шабуыл жасаған кезде

      27. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      адамдардың қауіпсіздігі үшін барынша ыңғайлы жағдайларды ұйымдастыру;

      ғибадат үйінің (ғимаратының) аумағында күдікті адамның немесе адамдар тобының анықталғаны туралы құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ақпаратты дереу беру;

      құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне анықтау және ұстау уақытын қысқартуы мүмкін күдікті адам туралы барынша толық ақпарат беру;

      адамдарды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      28. Діни қызметшілердің, персоналдың және ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің іс-қимылы:

      ғимараттан байқатпай шығу немесе үй-жайға тығылу, есікті бұғаттау, құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің келуін күту;

      мүмкіндігінше құқық қорғау және/немесе арнаулы мемлекеттік органдарды, діни қызметшілерді, ғибадат үйі (ғимараты) персоналын, діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшылығын қарулы шабуылдың фактісі мен мән-жайлары туралы кез келген тәсілмен хабардар ету.

      29. Террористің сыртқы белгілері мынадай болуы мүмкін:

      ауа райына сәйкес келмейтін, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының элементтерін жасыруға мүмкіндік беретін киім;

      қолдан жасалған жару құрылғысының киімнен шығып тұратын элементтері, сымдар, тумблерлер, ажыратқыштар;

      қолында қару немесе жарылғыш құрылғыны жасыруға болатын үлкен сөмкелердің болуы;

      тасымалданатын заттарға абай болу, оларды денеге қысып ұстау және әлсін-әлсін оларды еріксіз сипалап қарау;

      форма талабына сәйкес келмейтін (шеврондардың болмауы, форманың төменгі және жоғарғы бөліктері түсінің, бас киімнің сәйкес келмеуі) камуфляж киімді пайдалану.

9-параграф. Өрттің шығуы (жарылыстың болуы)

      30. Діни бірлестік, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      бұл туралы дереу 101 нөмірі бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызметке телефон арқылы немесе 112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметке хабарлау;

      адамдарды құтқару және эвакуациялау, өртті бастапқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау шараларын қабылдау;

      өртке қарсы автоматты қорғау жүйелерінің (өрт кезінде адамдарды хабардар ететін) жұмысқа қосылуын тексеру;

      қажет болған жағдайда электр қуатын өшіру (өрттен қорғау жүйелерін қоспағанда);

      ғимарат үй-жайларындағы өрттің және түтіндеудің алдын алуға ықпал ететін басқа да іс-шараларды орындау;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі келгенге дейін өртті сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асыру (ғибадат үйінің (ғимаратының) ерекше ерекшеліктерін ескере отырып);

      ғибадат үйінің (ғимаратының) өрт сөндіруге қатысатын діни қызметшілер мен персоналының қауіпсіздік талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыру және өрт ошағына кіру және өртке қарсы сумен жабдықтау үшін ең қысқа жолды таңдауға көмек көрсету.

      Өрт сөндіру бөлімшесі келгеннен кейін діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысы өрт сөндіру бастығына ғимараттың, іргелес құрылыстар мен құрылысжайлардың конструкциялық ерекшеліктері, сақталатын заттардың саны мен өрт қауіпті қасиеттері және өртті табысты жою, қауіпсіздік үшін қажетті басқа да мәліметтер туралы хабардар етеді.

      31. Діни қызметшілер мен ғибадат үйі (ғимараты) персоналының іс-қимылы:

      ғибадат үйінің (ғимаратының) мекенжайын, өрттің шыққан жерін, өзінің тегі мен атын, лауазымын атай отырып, басшылыққа, сондай-ақ, мемлекеттік өртке қарсы қызметке 101 нөмірі бойынша телефон арқылы немесе 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке дереу хабарлау;

      ғибадат үйінің (ғимаратының) хабардар ету жүйесін іске қосу және өрт тұтанып жатқаны туралы хабардар ету;

      электр құралдары мен жабдықтарды токтан ажырату;

      өртті бастапқы өрт сөндіру құралдарымен оқшаулау және сөндіру шараларын қабылдау;

      шыдам мен сабыр сақтап, үрейге жол бермей, шығу, сондай-ақ, мүмкіндігінше ғимараттан басқа адамдарды өрт кезінде эвакуациялаудың бекітілген жоспарына сай шығару;

      мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кездесуін ұйымдастыру, оларға ғибадат үйіне (ғимаратына) кіретін, өрт гидранттарының люктерін орналасқан жерлерді көрсету, эвакуациялау жоспары мен жоспардан өрт шыққан жерді көрсету;

      өрт сөндірушілер келгеннен кейін ішкі істер органдары қызметкерлері келгенге дейін аумақты қоршап, оған сөндіруге қатыспайтын адамдардың кіруіне тыйым салу қажет;

      мүмкіндігінше ғибадат үйінен (ғимаратынан) өзіңізбен бірге шыққан адамдардың атын айтып, түгендеуді жүзеге асыру және оның нәтижелері туралы ғибадат үйінің басшысына баяндау.

      32. Ғибадат үйіне (ғимаратына) келушілердің іс-қимылы:

      өрт туралы дабылды естіп, ғибадат үйі (ғимараты) персоналының нұсқауы бойынша ғимараттан эвакуациялау жоспарына сай шығып кету;

      эвакуация кезінде үрейге бой алдырмау, дүрлікпеу және итермелеспеу;

      қатты түтіндеген кезде міндетті түрде тыныс алу органдарын қорғау құралдарын пайдалану;

      жан-жаққа қашпай, эвакуациялау жоспарында көрсетілген жиналатын жерге жиналу қажет.

10-параграф. Ғимараттың қирауы

      33. Діни бірлестіктің, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің немесе ғибадат үйлерін (ғимараттарын) өзге заңды негізде пайдаланатын басшысының іс-қимылы:

      ғибадат үйінің (ғимаратының) хабардар ету жүйесін іске қосып, оның қирағаны және іс-қимыл тәртібі туралы хабардар ету;

      қирау нәтижесінде пайда болған өртті бастапқы өрт сөндіру құралдарымен оқшаулау мен сөндіру шараларын қабылдау;

      адамдарды дереу эвакуациялауды ұйымдастыру;

      эвакуациялау барысында кіріп-шығатын жерлерде дүрлігу мен бір-бірін итеріп таптауды болдырмау;

      мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды қарсы алуды ұйымдастыру, оларға ғибадат үйіне (ғимаратына) кіретін, өрт гидранттарының люктерін орналасқан жерлерді көрсету, эвакуациялау жоспары мен жоспардан өрт шыққан жерді көрсету;

      өрт сөндірушілер келгеннен кейін ішкі істер органдары қызметкерлері келгенге дейін аумақты қоршап, оған авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылмаған адамдардың кіруіне тыйым салу қажет;

      ғимараттан қауіпсіз қашықтықтан жиналатын жер белгілеу;

      эвакуацияланған адамдардың аттарын атап, түгендеуді ұйымдастыру.

      34. Діни қызметшілер, ғибадат үйінің (ғимаратының) персоналы мен оған келушілердің іс-қимылы:

      ғимараттан мүмкіндігінше тез кетуге тырысу;

      ғимараттан шығатын кезде баспалдақпен түсу;

      эвакуация кезінде дүрлікпеу, бір-бірін итеріп таптамау;

      мүмкіндігіне қарай зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;

      көшеге шыққаннан кейін ғимараттарға жақын жерге тұрмау, ашық жерге, эвакуациялайтын орындарға өту;

      ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ең қауіпсіз орынға: қабырғалардың саңылаулары мен бұрыштары, қаңқаның белдемелері астына жетіп алу;

      мүмкін болса, үстелдің астына тығылу – ол құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды;

      терезелер мен электр құрылғыларынан алыс болу.

      35. Қиранды астында қалған адамдардың іс-қимылы:

      терең демалу, үрей мен қорқынышқа бой алдырмау;

      етбетке аунап, барынша қауіпсіз жерге жетуге тырысу (қирандының бұрыштары);

      тұла бойды тексеру, мүмкіндігінше өзіңізге алғашқы көмек көрсету;

      абайлап, айналадағы бос орынды барынша кеңейтуге тырысу;

      металдан жасалған затпен біркелкі ырғақта ұра отырып, сигнал беру;

      тар болса да, шығатын саңылау байқағанда, бойды бос ұстап, шынтақпен денеге қысып, өтуге тырысу;

      үміт үзбеу және көмек күту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады