"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
|
2023 жылғы 19 шілдедегі № 319 бұйрығына қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
1) ұлттық зерттеу университеті;
2) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
3) зерттеу университеті;
4) университет;
5) академия;
6) институт;
7) оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище).